Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Жылдық жиынтық табыс: түсінігі, құрылымы.




Билет

Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.Салықтар – мемлекет белгiлеген белгiлi бiр мөлшерде жүргізілетiн, қайтарымсыз және баламасыз сипаттағы бюджетке бiржақты тәртiпте төленетiн мiндеттi ақшалай және заттай төлемдер. Салық төлеушi – бюджетке салық және басқа да мiндеттi төлемдердi төлеушi болып табылатын тұлға. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Кодексінің 55-б. сәйкес Қазақстан Республикасында мынадай: 1) салықтар: корпоративтік табыс салығы; жеке табыс салығы; қосылған құн салығы; акциздер; экспортқа рента салығы; жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары; әлеуметтік салық; көлік құралы салығы; жер салығы; мүлік салығы; ойын бизнесі салығы; тіркелген салық; бірыңғай жер салығы; 2) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер: мемлекеттік баж; алымдар; тіркеу алымдары; автокөлік құралының Қазақстан Республикасы аумағымен жүргені үшін алым; аукционнан алынатын алым; жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым; телевизия және радио тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым; азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін алым; мыналар: жер учаскесін пайдаланғаны үшін; үстіңгі көздерден су ресурсын пайдаланғаны үшін; қоршаған ортаға эмиссия үшін; жануарлар әлемін пайдаланғаны үшін; орманды пайдаланғаны үшін; ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін; радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін; қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін; кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін; сыртқы (көрінетін) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақылар қолданылады. Халықаралық шарттарды қолдану мақсаттары үшін қосылған құн салығы, акциздер - жанама салықтар деп танылады. Салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде және республикалық бюджет туралы заңда айқындалған тәртіппен тиісті бюджеттердің кірістеріне түседі. 2. Амортизация түсінігі, мөлшері, топтары.

Амортизация – бұл қызмет мерзімі ішінде активтің амортизацияланатын құнын жүйелі бөлу түрінде тозудың құнмен көрсетілуі, басқалай айтсақ, есептелген амортизация сомасы белгілі бір кезең ішінде пайдаланған немесе тұтынған негізгі құралдардың құнын көрсетеді. Амортизацияланатын құн пайдалы қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін сыныққа, қалдықтарға айналатын қосалқы бөлшектердің болжанатын құны ретінде негізгі құралдардың түсуі кезінде анықталатын бастапқы құн мен жою құны арасындағы айырманы білдіреді. Амортизациялық жарналар (аударымдар) әрбір есепті кезең үшін өнімдердің тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің элементі және шығысы ретінде танылады.Амортиз-ң ақшалай сипаты. Амортизациялық аударым негізгі қордың тозығын толтыру үшін осы қорлар құнынның бір бөлігін аударып отыру.Амортиз-қ айналым мөлшері олардың қызмет мөлшерінен есепке алғанда бастапқы негізігі қорлар құнының амортиз-қ мөлшерімен анықталады. Амортизациялық аударымды өтелім мөлшеріне және өзінің балансында тұрған негізгі құрал-жабдықтардың баланстық құнына сәйкес кәсіпорын ай сайын жасап отырады. Өтелім мөлшері мемлекет белгілеген негізгі қорлардың құнын өтеудің жылдық проценті болып табылады және өтелім мөлшерінің жылдық сомасын анықтайды. Басқаша айтқанда, өтелім мөлшері – бұл жылдық амортизациялық аударымның негізгі өндірістік қорлардың құнына процент есебіндегі қатынасы.Амортизациялық аударымның мөлшері олардың қызмет есепке алғанда бастапқы (баланстық) негізгі қорлардың құны амортизацияның мөлшерімен анықталады.

3. Корпоративті табыс салығы.Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы ҚР Салық Кодексінің81 бабына сәйкес корпоративтік табыс салығын төлеушілер болып мыналар табылады: мемлекеттікмекемелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары,сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметінтұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстар алатын резидент емес заңды тұлғалар.Корпоративтік табыс салығы бойынша салық салу объектілері:

1) салық салынатын табыс;

2) төлем көзінен салық салынатын табыс;

3) Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы.

Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады. Корпоративтік табыс салығы үшін 1 қаңтар — 31 желтоқсан аралығындағыкүнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.Салық төлеушілер корпоративтік табыс салығын төлеуді орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.Корпоративтік табыс салығын төлеуші салық төлеушілер корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді бюджетке салық кезеңі ішінде, салық кезеңіне сәйкес айқындалған мөлшерде әр айдың 25-інен кешіктірмей, әрбір ай үшiн енгізуге міндетті.Салық төлеуші салық кезеңінің қорытындысы бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша төлемді декларация табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүзеге асырады.Корпоративтік табыс салығы корпорациялардың табысына салынатын тікелей салық. Сондай-ақ бюджеттің реттеуші кірісі болып табылады.

 

Билет

Жылдық жиынтық табыс: түсінігі, құрылымы.

Жылдық жиынтық табыс – салық төлеушінің жылдық табысы‚ оған жөнелтілген өнім‚ орындалған жұмыстар‚ көрсетілген қызметтер және салық төлеуші алуға тиіс (алған) заттар үшін үшінші бір тұлғаларға өзара есеп айырысу тәртібімен немесе тіке және жанама шығыстарды өтеу үшін жіберілген ақшалай немесе басқа да қаражат кіреді. Резиденттердің Жылдық жиынтық табысы ел аумағында да‚ шетелде де барлық көздерден алынған табыстарынан тұрады. Бейрезиденттердің Жылдық жиынтық табысы ел ішіндегі көздерден алынған табыстардан тұрады.

2. Әлеуметтік салық.Әлеуметтік салықтар – нысаналы мақсаттағы тікелей салық түрі. Әлеуметтік салықтар әлеуметтік мақсаттағы бюджеттен тыс нысаналы қорлардың, зейнетақы қорларының, әлеуметтік сақтандыру, жұмыспен қамту қорларының негізгі көзі болып табылады. Резидент-заңды тұлғалар мен бейрезиденттер үшін белгіленген төлемді қоспағанда, жұмыс берушінің қызметкерлерге белгіленетін кірістер түрінде төлейтін шығыны, ал жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар үшін төлеушілердің өздерін қоса алғанда, қызметкерлер саны салық төлеу объектісі болып табылады. Әлеуметтік салық 1999 жылдан бұған дейін қолданылып келген әлеуметтік қорларға: зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру, халықты жұмыспен қамту қорларына аударылатын сақтық жарналары аударымдарының орнына енгізілген. Дара кәсіпкерлер, жекешенотариустар, адвокаттар, Қазақстан Республикасының заңи тұлға-резиденттері, сондай-ақ Қазақстанда қызметін тұрақтымекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер әлеуметтік салық төлеушілер болып табылады. 2009 жылдан бастап әлеуметтік салық 11 пайыздық мөлшерлеме бойынша есептеледі. Арнаулы салық режімін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар, өзі үшін Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төленетін күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінде және әрбір жұмыскер үшін айлық есептік көрсеткіштің бір еселенген мөлшерінде, ал тірек-қимыл мүшесі бұзылған, есту, сөйлеу, көру қаблетінен айрылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдар 4,5 пайыз мөлшерлеме бойынша әлеуметтік салық төлейді. Жұмыс берушінің материаядық, әлеуметтік игіліктер немесе өзге де материалдық пайда түрінде жұмыскер-резиденттерге берген табыстарды қоса алғайда, жұмыс беруші төлейтін ақшалай немесе заттай нысандағы кез келген табыстар түріндегі оның, жұмыскер-бейрезиденттерге төлейтін шығыстары, сонымен бірге шетелдік персоналдың табыстары аталған төлеушілер үшін әлеуметтік салық салу объекті болып табылады.

3. Жер салығы.Жер салығы – тұрақты не уақытша пайдалануға берілген жер телімі (жер үлесі) үшін заң жүзінде бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер. Жер салығының негізгі мақсаты — экономикалық тәсілмен жер қорын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету және бюджетке түсім түсіру арқылы жер қорын сақтау, жердің құнарлылығын, сапасын жақсарту шараларын қаржыландыру. Жер салығын салу нысаны жер телімі (жер үлесі) болып табылады. Жер салығының мөлшері салық салынған жердің сапасына, құнарлылығына және оның орналасуына байланысты дифференциалды түрде жердің бір шаршы метріне, немесе бір гектарына есептеліп бекітіледі. Салықтың базалық мөлшері республика заңымен бекітіледі. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге, өнеркәсіп және да басқа өндіріс саласындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары бір гектарға шаққанда бонитет балына бара-бар сарапталып бекітіледі.Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкаларыкөлемі 0,50 гектарға дейін қоса алғанда - 0,01 гектар үшін 20 теңге; көлемі 0,50 гектардан асатын алаңға - 0,01 гектар үшін 100 теңге. Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық мөлшерлемелері алаңның бір шаршы метріне шаққанда мынадай мөлшерде белгіленеді:

Алматы 28,95 0,96  
Астана 19,30 0,96  

Билет


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 311; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты