Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Мемлекеттің салық салу саясаты.




Салық саясаты -мемлекеттің экономикалық саясатының бір бөлігі. Салық негізін, мөлшерлемесін, жеңілдіктерін және шегерімдерін өзгерту жолымен іске асырылады. Салық саясаты экономикаға мемлекеттің араласуы нәтижесінде мемлекеттік бюджетті қалыптастырады және жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) ауқымымен, экономиканың жеке секторларына салық шараларын қолдану дәрежесімен айқындалады. Қазақстанда жаңа салық жүйесі қатаң саяси, экономикалық және құрылымдық өзгерістер жағдайында қалыптасты. Салық жүйесінің өзгертілуі Салық кодексінде қарастырылған, ол, жалпы мемлекеттік мүдде мен жеке меншік мүдделерінің теңдестірілуін қамтамасыз ететін, кәсіпкерлікті дамытуға, инвестициялық қызметті жандандыруға, еліміздіңұлттық байлығын молайтуға, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға, салықтың санын азайтуға және жалпы салық ауыртпалығын азайтуға септігін тигізетін ұтымды салық жүйесін құру міндетін шешуге бағытталған.

2. Жер салығыЖер салығы – тұрақты не уақытша пайдалануға берілген жер телімі (жер үлесі) үшін заң жүзінде бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер. Жер салығының негізгі мақсаты — экономикалық тәсілмен жер қорын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету және бюджетке түсім түсіру арқылы жер қорын сақтау, жердің құнарлылығын, сапасын жақсарту шараларын қаржыландыру. Жер салығын салу нысаны жер телімі (жер үлесі) болып табылады. Жер салығының мөлшері салық салынған жердің сапасына, құнарлылығына және оның орналасуына байланысты дифференциалды түрде жердің бір шаршы метріне, немесе бір гектарына есептеліп бекітіледі. Салықтың базалық мөлшері республика заңымен бекітіледі. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге, өнеркәсіп және да басқа өндіріс саласындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары бір гектарға шаққанда бонитет балына бара-бар сарапталып бекітіледі.Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкаларыкөлемі 0,50 гектарға дейін қоса алғанда - 0,01 гектар үшін 20 теңге; көлемі 0,50 гектардан асатын алаңға - 0,01 гектар үшін 100 теңге. Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық мөлшерлемелері алаңның бір шаршы метріне шаққанда мынадай мөлшерде белгіленеді:

Алматы 28,95 0,96  
Астана 19,30 0,96  

3. Қазыналық зердесі бар бақылау-кассалық машиналарын қолдану.Салық бақылауы – заңды және жеке тұлғалардың салықтар мен алымдарды дұрыс төлеуін бақылауға алу. Салық бақылауын жүзеге асыру тәртібі ҚР Салық кодексінде (бірінші бөлім) баяндалған, мұнда оның нысандары, салық төлеушілерді есепке алу және есепке қою, қайта есепке алу және есептен шығару тәртібі, банктің салық төлеушілердің есебімен байланысты міндеттері, ұйымдарды, тіркейтін ұйымдардың, жеке кәсіпкерлер мен жеке тұлғалардың міндеттері, сондай-ақ салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері, өз әрекеттері үшін жауапкершілігі, кеден органдары мен Салық бақылауын қамтамасыз ететін уәкілетті органдардың өкілеттігі мен жауапкершілігі айқындалған.Салық бақылауының неғұрлым тиімді нысаны – салық тексеруі, яғни салық заңнамасының сақталуын, салықтар мен алымдардың дұрыс есептелуін, олардың бюджетке толық және уақтылы төленуін, жеңілдіктердің негізді түрде қолданылуын тексеру. Тексерудің сипаты мен жүргізілу тәсіліне қарай салық тексеруі камералдық және көшпелі тексеру түрлеріне бөлінеді. Камералдық салық тексеруі – бухгалтерлік есеп-қисапты, салық мағлұмдамаларын, салықты есептеу мен төлеу үшін негіз болып табылатын салық төлеуші берген басқа да құжаттарды зерделеу мен талдау негізінде тікелей салық органы барлық салық төлеушіге жүргізетін бақылау. Ол салық органыныңорналасқан жері бойынша жүзеге асырылады. Көшпелі салық тексеруі салық органы басшысының (оның орынбасарының) шешімі негізінде салық қызметі органының жылдық жұмыс жоспарына және тексерудің тоқсандық кестелеріне сәйкес жүргізіледі. Қажет болған жағдайда белгіленген кестеден тыс жүргізілуі де мүмкін (салық төлеуші ұйымның қайта құрылған немесе таратылған, салық заңнамасының өрескел бұзылуы жайында ақпарат алынған жағдайда). Әдетте, салық төлеуші орналасқан жерде жүргізіледі.

Билет


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 130; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты