Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Салықтардың мәні және олардың негізгі түрлері




1. Салық салу - бұл табысты және қайнар көздері мемлекеттік құралдарды толтыру үшін реттеуші құрал. Мемлекет пайда болысымен тарихи салық та пайда болды. Салық салу элементтері: Субъект, объект, салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірлігі салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқы мен міндеттері, - салықтың төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары.Салық субъекті(салық төлеуші) дегеніміз – заң бойынша салық төлеу міндеті жүктелген жеке және заңды тұлғалар.Салық объектісі – табыс, мүлік, еңбек ету түрі, қызмет көрсету, ақшамен жасалатын операциялар, мүлікті басқаға беру, табиғи қорларды пайдалану, қосылған құн, айналым және т.б.Салық көзі – салық салынатын табыс.Салық ставкасы немесе бәсі өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері.Ставкалар тұрақты немесе процентпен белгіленеді.Тұрақты ставкалар салық объектісінен түсетін табыстың мөлшеріне байланыссыз, өлшем бірлігіне тұрақты соммамен тағайындалады.Проценттік ставкалар үш түрге бөлінеді: үдемелі немесе прогрессивті; регрессивті және пропорционалды..Салық төлеу мерзімі – салық төленетін уақыт.Салық төлеу тәртібі – белгіленген мерзімде салықты төлеген кезде алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенін, яғни төлеу кезінде белгілі бір дәйектілікті белгілейді.Салық қызметінің негізгі міндеттері мыналар:- салық заңдарының орындалуын қамтамасыз ету, оның тиімділігін зерделеу; - заңдардың, салық салу мәселелері жөнінде басқа мемлекеттермен жасалатын шарттардың жобаларын әзірлеуге қатысу; - салық төлеушілерге олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, салық заңдары мен салық салу жөніндегі нормативті актілердегі өзгерістер туралы салық төлеушілерге уақтылы хабарлап отыру.Таза ұлттық өнім – өндірілген өнімнің өнім шығару барысында тозған өндіріс құрал-жабдығын ауыстыру (амортизация) үшін қажет бөлігін шегеріп тастағандағы жалпы ұлттық өнім. Демек, жалпы ұлттық өнім – брутто болса, Таза ұлттық өнім – нетто. Жалпы ұлттық өнім капиталдың тозымпұлын шегеріп тастағандағы жалпы ұлттық табысқа тең, ал таза ұлттық өнім таза ұлттық табысқа тең. Таза ұлттық өнім – өнім көлемінің неғұрлым жетілдірілген көрсеткіші, өндірістің осы жылғы таза көлемінің өлшеуіші. Таза ұлттық өнім жалпы ұлттық өнім сияқты жер, капитал, жұмыс күші, басқарушылық машық-дағды сияқты ресурстардың көмегімен жасалады. Ресурстардың ұлттық өнімді жасауға қосылған ағымдағы үлесі пайдаға салынатын жанама салықты шегергендегі Таза ұлттық өнімді көрсетеді. Пайдаға салынатын жанама салықтарды қоспағанда қоғамның ұлттық табысын құрайды. Ұлттық табыс Таза ұлттық өнімді жасаудың ресурстарды жұмсау тұрғысынан қаншаға түсетінін көрсетеді, өнімнің ағымдағы көлемінің оны жасауға пайдаланылған экономикалық ресурстардың нарықтық бағасын айқындайды.

2.Шаруа қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі бірыңғай жер салығын төлеу негізінде бюджетпен есеп айырысудың айырықша тәртібін көздейді және акцизделетін өнімдерді өндіру, ұқсату және сату жөніндегі қызметті қоспағанда, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, өзі өндірген ауыл шаруашылық өнімдерін ұқсату және оны өткізу жөніндегі шаруа қожалықтары қызметіне қолданылады.Шаруа қожалықтары осы арнаулы салық режимін немесе салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібін дербес таңдауға құқылы.Шаруа қожалықтары арнаулы салық режимін 20 ақпанға дейін таңдау керек, таңдап алынған арнаулы салық режимі салық кезеңі ішінде өзгертуге жатпайды.20 ақпаннан кейін құрылған шаруа қожалықтары Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін алған күні АСР қолдану құқығына өтініш береді.Күнтізбелік жыл бірыңғай жер салығы бойынша салық кезеңі болып табылады Шаруа қожалықтары салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің мынадай түрлерін: Қызметтен түскен шаруа қожалықтарының табысынан ЖТС, ҚҚС, Жер салығы, Көлік құралдарына салынатын салық, Мүлік салығын төлеушілер болып табылмайды. Жер учаскесін бағалау құны бірыңғай жер салығын есептеу үшін негіз болып табылады. Бірыңғай жер салығын есептеу жер учаскесін бағалау құнына 0,1% ставканы қолдану жолымен жүргізіледі. Бірыңғай жер салығын төлеу жер учаскесі орналасқан жер бойынша тиісті бюджетке екі мерзімде:

ü Ағымдағы төлем ағымдағы салық кезеңінің 20 қазанынан кешіктірілмейтін мерзімде, жалпы сомасының бөлігінен кем емес мөлшерде төленеді;

ü Бірыңғай жер салығы бойынша түпкілікті есеп айырысу есепті кезеңнен кейінгі салық кезеңінің 20 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі.

20қазаннан кейін құрылған бірыңғай жер салығын төлеушілер есепті жылдан кейінгі жылдың 20 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде ағымдағы есепті кезең үшін төлеуге тиісті жалпы салық сомасын енгізеді. Бірыңғай жер салығын төлеушілер жылсайын ағымдағы салық кезеңінің 15 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде жер учаскелері орналасқан жердегі салық органдарына өткен салық кезеңі үшін бірыңғай жер салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларация тапсырады.Бірыңғай жер салығын төлеуші осы арнаулы салық режимін қолданған бірінші жылдың 15 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде мынадай құжаттарды: Ағымдағы кезеңі үшін бірыңғай жер салығы бойынша ағымдағы төлем есебін; Нотариат немесе селолық атқарушы органдар куәландырған жер пайдалануға құқық беретін құжаттардың көшірмелері;Жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган берген жер учаскесін бағалау құнын анықтайтын актінің нотариат немесе селолық атқарушы органдар куәландырған көшірмесін;әлеуметтік салық сомаларын есептеу үшін қажетті деректерді міндетті түрде көрсете отырып, қызметкерлерді алдағы салық кезеңінде жалдау туралы мәліметтер табыс етеді.Таратылған немесе қайта ұйымдастырылған кезде бірыңғай жер салығын төлеуші қызметті тоқтату немесе қайта ұйымдастыру туралы өтінішті салық органына бергеннен кейін 15 күн мерзімде өткен салық кезеңі үшін декларация тапсыруға міндетті. Бірыңғай жер салығын төлеушілер шаруа қожалығының басшысы және мүшелерін қоса алғанда, әрбір қызметкер үшін АЕК-ң 20%-қ ставкасы бойынша әлеуметтік салық сомасын ай сайын есептеп отырады. (1қызметкерге 1030(1АЕК)*20%=206 әлеу.салық)

4. Салықтар – мемлекет белгiлеген белгiлi бiр мөлшерде жүргізілетiн, қайтарымсыз және баламасыз сипаттағы бюджетке бiржақты тәртiпте төленетiн мiндеттi ақшалай және заттай төлемдер. Салық төлеушi – бюджетке салық және басқа да мiндеттi төлемдердi төлеушi болып табылатын тұлға. Салық салу объектісіне қарай салықтар: тікелей ж/е жанама.Тікелей салық-р – табыстарға н/е мүлік-ге тікелей белгіленген салық-р. Оларға – айлықтан, пайдадан, жылжымайтын мүліктен, жерден, көліктен алынатын салықтыр.Жанама салықтар – тауарлар мен көр-ген қызмет-ң бағасы арқылы алынатын салықтыр. Оған ҚҚС, акциз жатады.Жалпы салықтар- бюд/ке түскен соң ешқандай дербессіз жалпы мақсатта жұмсалады. Оларға жеке табыс салығы, корпоративтік табыс салығы, ҚҚС, акциздер. арнайы салықтар- бюд/ке түскен соң алдын-ала белгіленген міндеттер б/ша нақтылы шараларға жұмсалады, мысалы әлеу/к салық. Қазақстан Республикасында салық жүйесі туралы заңға сәйкес салықтың мынандай түрлері қолданылады:А) жалпымемлекеттік салықтар;Б) жалпыға бірдей міндетті жергілікті салықтар мен алымдар; В) жергілікті салықтар мен алымдар. Республиканың салық жүйесі бүгінгі танда 11 жалпымемлекеттік, 10 жалпыға бірдей жергілікті салықтар мен алымдар және 17 жергілікті салықтар мен алымдардан тұрады.Жалпы мемлекеттік салықтарға мыналар жатады: қосылған құнға салынатын салық, пайдаға салынатын салық, акциздер, бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан алынатын салық, экспорт пен импортқа салынатын салық, кеден тарифі мен баж салығы, пайдалы қазбалар қазбаларды геологиялық барлау және геологиялық іздестіру жұмыстарына байланысты шығындарды өтеуге жұмсалатын алым, тіркелген төлемдер, транспорт құралдарына салынатын салық, автотранспорт құралдарының Қазақсатан Республикасына келіп кіргені үшін төленетін ақы (басқа мемлекеттер осындай ақы енгізген жағдайда), заңды ұйымдардың, шетел азаматтарынан және азаматтығы жоқ адамдардан алынатын табыс салығы, мемлекеттік баж салығы, колхозшылардың еңбегіне ақы төлеу қорына салынатын салық.Жалпыға бірдей міндетті жергілікті салықтар мен алымдарға: жер салығы, жеке адамдардың мүлкіне салынатын салық, орман табысы, су үшін төленетін ақы, табысқа салынатын салық, кәсіпкерлік қызметттің субъектілері ретінде тіркелмеген азаматтардан алынатын алым, заңды ұйымдарды мемлекеттік тіркеуден өткізгені үшін алынатын алым, елтаңбалық алым, мұрагерлік және сыйға тарту тәртібімен ауысқан мүлікке салынатын салық жатады.Жергілікті салықтар мен алымдарға мыналар жатады: курорттық аймақта өндірістік мақсаттағы объектілер құрылысына салынатын салық, курорттық алым, азаматтардан алынатын мақсатты алым, жарнамаға салынатын салық, автотранспорт құралдарын, есептеу техникасы және жеке компьютерлерді қайта сатуға салынатын салық, автотранспортты аялдауға қойғаны үшін алынатын алым, жергілікті символиканы пайдалану құқы үшін алым, ипподромда ат жарысына қатысқаны үшін алынатын алым, ат жарысындағы ұтысы үшін алынатын алым, ипподромдарда тотализатор ойынына қатысушы адамдардан алынатын алым, тауар биржаларында және валютаны сату және сатып алу кезінде жасалған мәмлелерден алынатын алым, аукциондық сатудан алынатын алым, кино-телетүсірімдер өткізу құқы үшін алынатын алым, ит иелерінен алынатын алым, спиртті ішімдіктермен сауда-саттық жасау хұқы үшін алынатын лицензиялық алым, жергілікті аукциондар өткізу және лотереялар ойнату хұқы үшін алынатын лицензиялық алым. Жалпымемлекеттік салықтар Республика заңдарының негізінде орталық өкіметпен мемлекеттік бюджетке аударылады. Жергілікті салықтар тиісті территорияның жергілікті басқару органдарымен алынып жергілікті бюджетке түседі.Халықаралық статистикада салықтарды тікелей және жанама деп бөлінеді. Тікелей салықтар табысқа және мүлікке салынады. Мысалы, ондай салықтарға табыс салығы, пайдаға салынатын салық және т.б. жатады.

Билет


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 165; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты