Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Бонустар, роялти




1.Рейганомика - 1981 жылы АҚШ-тың президенті Рональд Рейганның міндет атқарудың алдында айтқан әлуметтік-экономикалық бағдарламасы, АҚШ-та және шет елдерде кең таралды.

Ұсыныс экономикасы теориясы. 1970-1980-жылдары танымал болған бұл бағыттың негізін салған болып американ экономисі Артур Лаффер (1941 жылы туылған) табылады. Бұл теория 1970-жылдары орын алған энергетикалық дағдарыстан кейнстік талдау әдістері негізінде нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің айтарлықтай әлсіреуіне байланысты орын алды. Табысқа салынатын жоғары салық кәсіпкердің белсенділігінің төмендеуіне, басқа да жағымсыз факторларға әкеледі. Осы проблемаларды американ экономисі Артур Лаффер 80-шы жылдардың басында зерттеп келесі қорытындыға келді: табыс салығы өсімінің жоғары болуы қай бір елде болмасын оның өндірісінің тоқырауына, инфляция деңгейінің тереңдеуіне және халық байлығының төмендеуіне әкеледі. А.Лаффер салықтардың бюджетке түсуі және оның мөлшері арасындағы тәуелділікті зерттеген. Графиктегі мұндай көріністі «Лаффер қисығы» деп атайды. Лаффер қисығы – бұл бюджетке түсетін салықтық түсімдердің салық мөлшер-лемесінің деңгейіне тәуелділігін сипаттайтын қисық сызық. Салықтың нөлдік деңгейі кезінде мемлекет қазынасына ешқандай салықтық түсімдер түспейді. Салық мөлшерелемесінің 50%-ға (кейбір әдебиет көздерінде 35%-ға дейін) дейін өсуі кезінде бюджетке түсетін салықтық түсімдер максимум деңгейіне жетеді, ал салық мөлшерлемесінің одан әрі артуы енді бюджеттік түсімдерді төмендетеді. Бұл кәсіпкерлік қызметке деген ынтаны төмендетеді (себебі салықтың жоғары мөлшерлемесі кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындар өздерінің тапқан табыстарының едәуір бөлігін мемлекет қазынасына аударуға мәжбүр болады). Өз кезегінде, кәсіпкерлер банкроттыққа ұшырайды, соның салдарынан олар салықтан жалтарып және өз табыстарының бір бөлігін жасырып «көлеңкелі» бизнеске кетуі мүмкін. 100%-дық салық мөлшерлемесі кезінде экономикалық қызмет толығымен тоқтайды. Лаффер қисығы 14.1-суретте көрсетілген.
Сонымен, Лаффер әсері – бұл кәсіпкерлік табысқа салынатын салықтар-дың тым жоғары болуына байланысты инвестициялық белсенділіктің жоғалуы мен еңбекке ынтаның төмендеуі салдарынан ресми экономиканың көлеңкелі экономикағаөтуі.Ординат бойында салық мөлшерлемесі (R), абцисс бойында мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдері (Y) бейнеленген. Онда салық мөлшерлемесі белгілі деңгейге дейін (R1) көтерілгенде мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдері (Y1) молаяды. Ал салық мөлшерлемесі одан жоғарлағанда мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдер азаяды, өйткені еңбек етуге және кәсіпкерлік қызметке ынта төмендейді, кәсіпкерлердің көпшілігі «көлеңкелі экономикаға» кетеді.

.3.Жер қойнауын пайдаланушылар төлейтін салықтар мен арнаулы төлемдерге: үстеме пайда салығы; экспортталынатын ішкі мұнайға салынатын рента салығы; бонустар; роялти; өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі жатады.Бонустар жер койнауын пайдаланушының тіркелген төлемдері болып табылады. Жер койнауын пайдалануға арнап жасалған контракттың түрлері мен шарттарына қарай жер қойнауын пайдаланушы үшін бонустардың мынадай түрлері белгіленуі мүмкін: қол қойылатын бонус және коммерциялық табу бонусы. Қол қойылатын бонус жер қойнауын пайдаланушының контракт аумағында жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу үшін алған біржолғы тіркелген төлемі болып табылады. Қол қойылатын бонус төлеушілері Қазақстан Республикасының жер койнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер койнауын пайдалану құқығын алу конкурсының жеңімпазыболған немесе жер койнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер негізінде жер койнауын пайдалану құқығын алған, сондай-ак Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жер койнауын пайдалануға арналған мынадай контракттардың бірін:1. барлауға арналған контрактты; 2. пайдалы казындыларды өндіруге арналған контрактты жасаскан жеке немесе заңи тұлға болып табылады.Қол койылатын бонустың бастапқы мөлшері жер қойнауын пайдалануға жасасқан әрбір контракт үшін айлық есептік көрсеткіштің еселенген мөлшерлерінде жеке белгіленеді. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурс өткізілгенге дейінгі қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері құзырлы органның конкурстық комиссиясының шешімі бойынша ұлғайтылуы мүмкін.
Қол қойылатын бонустың бастапқыдан төмен емес сомадағы түпкілікті мөлиіерін жер койнауын пайдалану құқығын алуға өткізілген конкурстық нәтижелері бойынша конкурстық комиссияның шешімі немесе жер койнауын пайдаланушымен тура келіссөздер жүргізу нәтижелері бойынша құзырлы орган белгілейді және ол жер койнауын пайдалануға арналған контрактқа кіріктіріледі. Қол койылатын бонус бюджетке салық төлеушінің тұрғылықты орны бойынша мынандай мерзімдерде: белгіленген соманың елу пайызы - салық төлеушіні Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен конкурс жеңімпазы деп жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде,қалған белгіленген елу пайызы жер қойнауын пайдалануға арналған контракт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей төленеді.
Коммерциялық табу бонусын контракт аумағындағы пайдалы казындыларды әрбір коммерциялық табу үшін, соның ішінде бастапқыда белгіленген алынатын пайдалы казындылар корларын ұлғайтуға алып келетін кен орындарың қосымша барлау жүргізу барысындағы, табу үшін жер; койнауын пайдаланушы төлейді. Коммерциялық табу бонусының салық салу объекті пайдалы қазындылар қорларының нақты көлемі болып табылады. Коммерциялық табу бонусынын сомасы салық салу объектінің, салық базасы мен мөлшерлемелерінің негіз шие айқындалады. Коммерциялық табу бонусы салық базасының 0,1 пайыз мөлшерлемесі бойынша төленеді.Роялти (ағылш. royalty — төлемақы) — лицензиялық келісім затын пайдалану құқығы үшін лицензиат (сатып алушы) сатушыға (лицензиарға) төлейтін тұрақты төлем (сыйақы). Атап айтқанда, пайдалы қазбаларды өндіру және техногенді түзілімдерді өңдеу барысында жер қойнауын пайдалану құқығы үшін; авторлық құқықтарды‚ патенттерді‚ бағдарламалық қамтамасыз ету‚ үлгілерді‚ тауар белгілерін‚ ноу-хауды‚ өнеркәсіптік сауда немесе ғылыми-техникалық жабдықты‚ кинофильмдерді‚ бейнефильмдерді‚ дыбыстық жазбаларды және қуатты пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін төленетін дүркіндік төлем.Оның мөлшері лицензиялық өнімнің пайдасынан, құнынан (бағасынан, өзіндік құнынан) алынған пайыз есебімен немесе оның бір өлшеміне шаққандағы есеппен айқындалады. “Роялти” термині табиғат ресурстарын қазып алу құқығы үшін, соның ішінде концессия шартына сәйкес қазып алу құқығы үшін пайдаланушы (концессионер) жерді немесе жер қойнауын меншіктенушіге аударатын төлемақы ретінде де қолданылады.[1] Мұндай төлемақы шикізаттың құнына енгізіледі, оның мөлшері өндірілген немесе өткізілген пайдалы қазбалар құнының пайызы есебімен, кейде тіркелген сома түрінде есептеледі. Роялти кәсіпкерлік қызметтен алынғантабыс болып табылады және резиденттер үшін 30%-дық мөлшерлеме бойынша, бейрезиденттер үшін 20%-дық мөлшерлеме бойынша салық салынады. Роялтиді жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қазбалардың барлық түрлері бойынша жеке-жеке төлейді. Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарттарды роялти, әдетте, ақшалай түрде төлеу белгіленеді. Келісім-шарттар бойынша қызметті жүзеге асыру барысында, тараптардың қосымша келісім негізінде роялтиді төлеудің ақшалай түрі белгіленген мерзімде ақшалай түріне балама төлем жасауына, яғни заттай нысанында төлеуіне болады, бірақ ол уақытша сипатта болады. Пайдалы қазбаларды жүзеге асырып жатқан және жер қойнауынан апатты минералды қоспаларын алушылар да салық төлеуші болып табылады. Роялтидің деңгейі салық салынатын объектісіне, салық базасына және мөлшерлемесіне байланысты анықталады. Роялти көмірқышқылы қалқап жүретін шкаласы бойынша пайыздық мөлшерлемесі белгіленеді, яғни өндірілетін өнім көлеміне тәуелді анықталады, ал ол кезде мына екі әдістің бірін пайдаланады: - контрактіде қаралған қызметінің барлық кезеңінде өндірілетін көмірқышқылдық көлемінен алынады; - контракт бойынша әрбір жылда өндірілетін өнімнің көлемінен алынады. Алтын, қолакүміс тағы басқа қымбат металлдар мен тастарды өндірген кезде роялтидің тұрақты мөлшерлемесі алынады. Жер астындағы суларға роялти төленбейді.


 

 

Билет

1. Прогрессивті, пропорционалды және регрессивті салық


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 178; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты