Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Стеме пайда салық төлеушілері




3. Мүлік салығын есептеу әдісі

1-сұрақ.Роялти (ағылш. royalty — төлемақы) — лицензиялық келісім затын пайдалану құқығы үшін лицензиат (сатып алушы) сатушыға (лицензиарға) төлейтін тұрақты төлем (сыйақы). Атап айтқанда, пайдалы қазбаларды өндіру және техногенді түзілімдерді өңдеу барысында жер қойнауын пайдалану құқығы үшін; авторлық құқықтарды‚ патенттерді‚ бағдарламалық қамтамасыз ету‚ үлгілерді‚ тауар белгілерін‚ ноу-хауды‚ өнеркәсіптік сауда немесе ғылыми-техникалық жабдықты‚ кинофильмдерді‚ бейнефильмдерді‚ дыбыстық жазбаларды және қуатты пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін төленетін дүркіндік төлем. Оның мөлшері лицензиялық өнімнің пайдасынан, құнынан (бағасынан, өзіндік құнынан) алынған пайыз есебімен немесе оның бір өлшеміне шаққандағы есеппен айқындалады. “Роялти” термині табиғат ресурстарын қазып алу құқығы үшін, соның ішінде концессия шартына сәйкес қазып алу құқығы үшін пайдаланушы (концессионер) жерді немесе жер қойнауын меншіктенушіге аударатын төлемақы ретінде де қолданылады.[1] Мұндай төлемақы шикізаттың құнына енгізіледі, оның мөлшері өндірілген немесе өткізілген пайдалы қазбалар құнының пайызы есебімен, кейде тіркелген сома түрінде есептеледі. Роялти кәсіпкерлік қызметтен алынғантабыс болып табылады және резиденттер үшін 30%-дық мөлшерлеме бойынша, бейрезиденттер үшін 20%-дық мөлшерлеме бойынша салық салынады.

Роялтиді жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қазбалардың барлық түрлері бойынша жеке-жеке төлейді. Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарттарды роялти, әдетте, ақшалай түрде төлеу белгіленеді. Келісім-шарттар бойынша қызметті жүзеге асыру барысында, тараптардың қосымша келісім негізінде роялтиді төлеудің ақшалай түрі белгіленген мерзімде ақшалай түріне балама төлем жасауына, яғни заттай нысанында төлеуіне болады, бірақ ол уақытша сипатта болады. Пайдалы қазбаларды жүзеге асырып жатқан және жер қойнауынан апатты минералды қоспаларын алушылар да салық төлеуші болып табылады. Роялтидің деңгейі салық салынатын объектісіне, салық базасына және мөлшерлемесіне байланысты анықталады. Роялти көмірқышқылы қалқап жүретін шкаласы бойынша пайыздық мөлшерлемесі белгіленеді, яғни өндірілетін өнім көлеміне тәуелді анықталады, ал ол кезде мына екі әдістің бірін пайдаланады: - контрактіде қаралған қызметінің барлық кезеңінде өндірілетін көмірқышқылдық көлемінен алынады; - контракт бойынша әрбір жылда өндірілетін өнімнің көлемінен алынады. Алтын, қолакүміс тағы басқа қымбат металлдар мен тастарды өндірген кезде роялтидің тұрақты мөлшерлемесі алынады. Жер астындағы суларға роялти төленбейді.
2-сұрақ. Үстеме пайда салығы —1) төтенше салық түрлерінің бірі. Әдетте бюджеттің қатты тапшылығы кезінде алынады. Салық айқын қазыналық сипатта болады және жетпейтін қаржы ресурстарынтолтыру құралдарының бірі. Төлемшілері ел аумағында коммерциялық қызметті жүзеге асырушы заңды тұлғалар (корпорациялар);

· 2) салыстырмалы түрде жақсырақ табиғи жағдайдағы қызметтен немесе өндірілген өнімді нарықтың салыстырмалы түрде жақсырақ жағдайында өткізуден алынған қосымша пайда үшін төлем. Үстеме пайда салығы салу объектісі — жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңіндегі әрбір жекелеген келісімшарт бойынша алған таза табысының сомасы.

Өнімді бөлу туралы келісімшарттар, кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты суларын ендіруге, сондай-ақ барлау мен өндіруге байланысты емес жерасты кұрылыстарын салуға және пайдалануға жасалған келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратындарды қоспағанда, жер койнауын пайдаланушылар осы келісімшарттар пайдалы қазбалардың басқа түрлерін өндіруді көздемеген жағдайда үстеме пайда салығын төлеушілер болып табылады. Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеніндегі әрбір жекелеген келісімшарт бойынша таза табысынын бір бөлігі үстеме пайда салығын салу объектісі болып табылады.

Жер қойнауын пайдаланушының салык кезеңіндегі әрбір жекелеген келісімшарт бойынша салық кезеңінің аяғына көзделген шегерімдер сомасының 20% пайызынан асатын бөлігі салық базасы болып табылады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 125; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты