КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Сұрақ. Қаржы лизингі1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үш жылдан асатын мерзімге жасалған лизинг шарты бойынша мүлікті беру, егер ол мынадай талаптардың біріне жауап берсе: 1) лизинг шартында мүліктің лизинг алушының меншігіне берілуі және (немесе) лизинг алушыға мүлікті тіркелген баға бойынша сатып алу құқығының берілуі белгіленсе; 2) қаржы лизингінің мерзімі қаржы лизингі бойынша берілетін мүліктің пайдалы қызмет мерзімінің жетпіс бес процентінен асып кетсе; 3) қаржы лизингінің бүкіл мерзімі үшін лизингтік төлемдердің ағымдағы (дисконтталған) құны қаржы лизингі бойынша берілетін мүлік құнының тоқсан процентінен асып кетсе, қаржы лизингі болып табылады. Мұндай беру салықтық есепке алу мақсатына орай лизинг алушының мүлікті сатып алуы ретінде қарастырылады. Бұл ретте лизинг алушы – лизинг затының иесі ретінде, ал лизингтік төлемдер лизинг алушыға берілген кредит бойынша төлемдер ретінде қарастырылады. 2. Егер лизинг шартында лизинг алушының қаржы лизингінің мерзімін ұзарту құқығы белгіленсе, онда қаржы лизингінің мерзімі іс жүзінде ұзарту жүзеге асырылған мерзімді ескере отырып айқындалады. 3. Қаржы лизингіне (лизинг бойынша) берілген (алынған) мүліктің құны лизинг шартын жасасу күні бойынша айқындалады. Лизинг алушының негізгі құрал, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер ретінде алуына жататын лизинг нысанасы қаржы лизингі бойынша берілетін мүлік болып табылады. 4. Мыналар салық салу мақсатында қаржы лизингі деп танылмайды: 1) мынадай: лизинг алушы Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес банкрот деп танылған және Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелімінен шығарылған; лизинг алушы – жеке тұлға соттың күшіне енген шешімі негізінде хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп жарияланған, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған, оған І, ІІ-топтардағы мүгедектік белгіленген, сондай-ақ лизинг алушы – жеке тұлға қайтыс болған; лизинг алушыда өндіріп алуды қолдануға болатын мүліктің, оның ішінде ақшаның, бағалы қағаздардың немесе табыстың болмауына байланысты лизинг берушіге атқару құжатын қайтару туралы сот орындаушысының қаулысы заңды күшіне енген және оның мүлкін, оның ішінде ақшасын, бағалы қағаздарын немесе табысын анықтау жөнінде сот орындаушысы қабылдаған, Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында көзделген шаралар нәтижесіз болған; лизинг алушының мүлкіне, оның ішінде ақшасына, бағалы қағаздарына немесе табысына лизинг берушінің өндіріп алуды қолдануынан бас тарту туралы сот шешімі заңды күшіне енген; лизинг шарты бұзылғаннан (лизинг шарты бойынша міндеттемелер тоқтатылғаннан) кейін лизинг нысаналары мынадай: лизинг төлемдерінің сомасы мен лизинг мерзіміне арналған талаптарды қоспағанда, бұзылған лизинг шартында (ол бойынша міндеттемелер тоқтатылған лизинг шартында) көзделген талаптардың қайталама лизинг шартында сақталуы; қайталама лизинг шарты бойынша лизинг төлемдерінің жалпы сомасы бұзылған лизинг шарты (ол бойынша міндеттемелер тоқтатылған лизинг шарты) бойынша лизинг төлемдерінің өзімен лизинг шарты бұзылған (өзімен лизинг шарты бойынша міндеттемелер тоқтатылған) лизинг алушыдан алынуға жататын (алынған) лизинг төлемдері сомасына азайтылған жалпы сомасына сәйкес келу талаптарын сақтай отырып қайталама лизингке берілген; мүлік кемінде үш жыл мерзімге қайталама лизингке берілген жағдайлардан басқа осындай шарттар жасасу күнінен бастап үш жыл өткенге дейін олар бойынша лизинг шарттары бұзылған (лизинг шарты бойынша міндеттемелер тоқтатылған) жағдайдағы лизингтік мәмілелер; 2) лизинг шарты қолданылуының бірінші жылында олар бойынша лизингтік төлемдер сомасы (шарт бойынша және (немесе) іс жүзіндегі) лизинг нысанасы құнының 50 процентінен астамын құрайтын лизингтік мәмілелер; 3) лизинг шартын жасасу күнінен бастап үш жыл өткенге дейін олар бойынша лизинг алушыны қайта ұйымдастырумен байланыстыларынан басқа лизинг алушыны ауыстыру болған лизингтік мәмілелер; 4) мүлікті қосалқы лизингке беру жөніндегі мәмілелер.
|