Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Бап. Төлеушілер




1. Мынадай:

1) жеке меншік құқығындағы;

2) тұрақты жер пайдалану құқығындағы;

3) бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектілері бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушілер болып табылады.

2. Заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері жер салығын төлеушілер (бұдан әрі - заңды тұлғалар) ретінде қарастырылады.

3. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе мыналар:

1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер;

2) мемлекеттік мекемелер;

3) уәкілетті мемлекеттік органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;

4) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің ата-анасының біpeyі:

тұрғын-үй қоры, соның ішінде, оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелері;

үй маңындағы жер учаскелері;

өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын жүргізу, бағбандық үшін берілген және құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, саяжай құрылысына арналған жер учаскелері;

гаражға арналған жер учаскелері бойынша;

5) тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелері және үй маңындағы жер учаскелері бойынша – «Ардақты ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар;

6) тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелері бойынша - жеке тұратын зейнеткерлер;

7) діни бірлестіктер жер салығын төлеушілер болып табылмайды.

4. Осы баптың 3-тармағының 3)-7) тармақшаларында аталған салық төлеушілер пайдалануға немесе жалға берілген жер учаскелері бойынша салық төлеушілер болып табылады.

Жер салығының мөлшері салық салынған жердің сапасына, құнарлылығына және оның орналасуына байланысты дифференциалды түрде жердің бір шаршы метріне, немесе бір гектарына есептеліп бекітіледі. Салықтың базалық мөлшері республика заңымен бекітіледі. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге, өнеркәсіп және да басқа өндіріс саласындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары бір гектарға шаққанда бонитет балына бара-бар сарапталып бекітіледі. Бонитет балы 50-ден 100-ге дейін және 100-ден жоғарғы мөлшермен сарапталады. Елді мекендердің жерлеріне салынатын базалық салық мөлшері алаңның бір шаршы метріне бекітіледі. Жергілікті өкілетті органдар өзінің шешімдерімен жер телімдеріне бекітілген базалық мөлшерді төмендете алады. Бірыңғай жер салығын төлеушілер, мемл. бюджет есебінен қаржыландырылатын ұйымдар, салық режимінің екінші үлгісі бойынша салық салу жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушылар, уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары, Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілген адамдар, мүгедектер, сондай-ақ, бала кезінен мүгедектердің ата-анасының біреуі, діни бірлестіктер жер салығын төлеуден босатылуы мүмкін. Қазақстанда бірыңғай жер салығын 1999 жылдан бастап шаруа (фермер) қожалықтары төлейді. Бірыңғай жер салығын есептеу үшін жер телімінің бағалау құнын білу керек. Мұны анықтау Қазақстан Республикасының “Жер туралы” заңында (2001) белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Бірыңғай жер салығын есептеу жер телімін бағалау құнына 0,1 пайызды ставканы қолдану жолымен жүргізіледі.

Билет


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 116; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты