КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Леуметтік салық: түсінігі, ставкасы1-сұрақ. Амортизация – бұл қызмет мерзімі ішінде активтің амортизацияланатын құнын жүйелі бөлу түрінде тозудың құнмен көрсетілуі, басқалай айтсақ, есептелген амортизация сомасы белгілі бір кезең ішінде пайдаланған немесе тұтынған негізгі құралдардың құнын көрсетеді. Амортизацияланатын құн пайдалы қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін сыныққа, қалдықтарға айналатын қосалқы бөлшектердің болжанатын құны ретінде негізгі құралдардың түсуі кезінде анықталатын бастапқы құн мен жою құны арасындағы айырманы білдіреді. Нарықтық қатынастар жағдайында амортизациялық аударымның мөлшері кәсіпорынның экономикасына елеулі қосылысын білдіреді. Бірінші жағына, амортизациялық аударымның тым жоғары деңгейі өндіріс шығындарының мөлшерін көбейтеді, осыған орай өнімнің бәсекеге жарамдылығы төмендейді, алатын пайдасының мөлшері де азаяды. Сол себепті кәсіпорынның экономикалық дамуының ауқымды деңгейі қысқарады. Қ бқ — Қ ж Қ бқ х М қ
2-сұрақ. Кеден тарифтік жүйесі көптеген элементтерді қамтиды. Кедендік тарифтік шаралар дегеніміз – сыртқы экономикалық қызметті реттеуге бағыталған және мемлекеттік органдармен заңға көрсетілген реттерде жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық, экономикалық, құқықтық шаралардың жиынтығы. «Кеден тарифтері және баж» туралы ҚР-ның Заңы 1991 ж. 24 желтоқсанда белгіленді. — Төлеушілер, кедендік төлемдерді есептеу, төлеу, қайтару және өндіріп алу тәртібі, сондай-ақ кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер ҚР-ның кеден кодексімен айқындалады. Кедендік төлемдер ставкаларының мынадай түрлері бар: 1. Салық салынатын тауарлардың құнына процентпен есептелінетін – адваларлық ; 2. Салық салынатын тауарлардың бірлігі үшін белгіленген мөлшерде есептелінетін – ерекшелікті; 3. Кедендік төлемдер ставкаларының аталған екі түрін де ұштастыратын – құрамдас болып бөлінеді. Қазақстан Республикасының кедендік төлемдеріне толықтай тоқталып өтетін болсаң: 1. Кедендік баждар. Кедендік баждар тауарларды кедендік режимдерде декларациялау кезінде төленеді, бұларға орналастыру жағдайы Қазақстан Республикасының кедендік тарифіне сәйкес кедендік баждар төлеуді белгілейді. Кедендік баждардың ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейлі және оларресми жарияланғаннан кейін күнтізбеліп отыз кү өткен соң күшіне енеді. 2. Кедендік алымдар. Кедендік алымдарға: Кедендік ресімдеу үшін кедендік алым; кедендік ілесіп алып жүру үшін кедендік алым; тауарларды сақтау үшін кедендік алым жатады. Көрсетілген іс-әрекеттерді орындағаны үшін кеден органдары шығындарының құны кеден алымдарының мөлшерін айқындау үшін негіз болып табылады. 3. Алымдар Кеден органдары алатын алымдарға: лицензия бергені үшін алым; кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын бергені үшін алым жатады. Осы белгіленген алымдардың бірінші тармағын алымдар мөлшерін ҚР-сы Үкіметі айқындайды. 4. Алдын ала шешім үшін төлемақы. Тауарлардың жіктемесіне, шығарылған елін және құнын айқындау әдіснамасына қатысты алдын ала шешім қабылдағаны үшін ҚР-ның үкіметі белгіленген мөлшерде алдын-ала шешім үшін төлемақы алынады. 3-сұрақ. Әлеуметтік салықтар – нысаналы мақсаттағы тікелей салық түрі. Әлеуметтік салықтар әлеуметтік мақсаттағы бюджеттен тыс нысаналы қорлардың, зейнетақы қорларының, әлеуметтік сақтандыру, жұмыспен қамту қорларының негізгі көзі болып табылады. Салық салу нысаны – еңбек міндеттерін орындағаны үшін төлемнің алуан түрлері. Әлеуметтік салықтар азаматтарды мемлекеттік әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуымен байланысты дүниеге келді. Заңды және жеке тұлғалар төлейтін әлеуметтік салықтар мөлшерлемесінің ара қатынасы нақты бір елдегі қалыптасқан экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайларға байланысты. Мыс., АҚШ-та жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмыскерлер Зейнетақы қорына бірдей мөлшерде – 9%-дан төлейді. Қазақстанда 10%-дан аударады. Әлеуметтік ты төлеушілер – елдің резидент-заңды тұлғалары, сондай-ақ елде қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар. Резидент-заңды тұлғалар мен бейрезиденттер үшін белгіленген төлемді қоспағанда, жұмыс берушінің қызметкерлерге белгіленетін кірістер түрінде төлейтін шығыны, ал жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар үшін төлеушілердің өздерін қоса алғанда, қызметкерлер саны салық төлеу объектісі болып табылады.[1][2] Әлеуметтік салық 1999 жылдан бұған дейін қолданылып келген әлеуметтік қорларға: зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру, халықты жұмыспен қамту қорларына аударылатын сақтық жарналары аударымдарының орнына енгізілген. Аударымдардың жиынтық мөлшерлемесі еңбекке ақы төлеу қорының 28% мөлшерінде белгіленді, ал төленетін жарналардың сомасы өндіріс шығындарына жатқызылды. Әлеуметтік салықтан түсетін түсімдер мемлекеттік бюджетте 6,2%-ды (2008 ж.) құрады. Дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар, Қазақстан Республикасының заңи тұлға-резиденттері, сондай-ақ Қазақстанда қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер әлеуметтік салық төлеушілер болып табылады. Заңи тұлға-резиденттің шешімі бойынша оның құрылымдық белімшелері әлеуметтік салық төлеушілер ретінде карастырылуы мүмкін. Әлеуметтік салық бойынша салықтық есептемені есептеуді,төлеуді және табысетуді: ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңи түлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін; оңайлатылған мағлұмдама негізінде шағын бизнес субъектілері үшін; патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін; шаруа немесе фермер қожалықтары үшін салық заңнамасында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып арнаулы салық режімдерін колданатын төлеушілер жүргізеді. Жұмыс берушінің материаядық, әлеуметтік игіліктер немесе өзге де материалдық пайда түрінде жұмыскер-резиденттерге берген табыстарды қоса алғайда, жұмыс беруші төлейтін ақшалай немесе заттай нысандағы кез келген табыстар түріндегі оның, жұмыскер-бейрезиденттерге төлейтін шығыстары, сонымен бірге шетелдік персоналдың табыстары аталған төлеушілер үшін әлеуметтік салық салу объекті болып табылады. Егер жұмыскерге күнтізбелік ай үшін есептелген табысының жалпы сомасы Республиқалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай күнтізбелік айдың соңғы күні колданыста болған жалақынын ең төмен мөлшерінен төмен әлеуметтік салық салу объекті жалақының ең төменгі мөлшері негізінде анықталады.
|