КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Бап. Салық заңнамасының жариялылығы принципіСалық салу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға тиіс. 2-сұрақ. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін қарастырсақ, өте салмақты орын алатынын көреміз. Өйткені осы салада материалдық өндіріс пайда болады, яғни жаңадан өнім жасалып айналысқа жіберіледі. Оның бәрі жалпы түрде ұлттық табыстан көрсетеді, ал ұлттық табыс мемлекеттік бюджеттің қайнар көзі болып табылады- себебі ұлттық табыс – салықтың көзі. Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы салық жүйесінің құрамының бір бөлігі болып табылады. Бұл салық заңды тұлғалардың табысына салынатын тікелей салық. Салық төлеушілер- салық жылында салық салынатын табысы бар заңды тұлғалар (мемлекеттік кәсіпорындар, шаруашылық серіктестіктері, өндірістік коорпоративтер, коммерциялық ұйымдар). Оның ішінде: -ҚР-сы Ұлттық банкісінен басқа резиденттер және резидент емес заңды тұлғалар; -Кәсіпкерлік қызметтен алынған табыс бойынша коммерциялық емес және бюджеттік ұйымдар; Салық салу объектісі болып салық салынатын табыс саналады. Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен белгіленген шегерістер арасындағы айырма ретінде анықталады. Жылдық жиынтық табыс- заңды тұлғалардың күнтізбелік жыл ішінде түрлі көздерден алынған табысы. Бұған кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстардың барлық түрі жатады. Заңды тұлғалар үшін табыс салығының ставкасы мынадай мөлшерлерде белгіленеді: — Жалпы заңды тұлғалар үшін – 30% — Негізгі құралдар жабдығы болып табылатын заңды тұлға оны тікелей пайдаланудан алынған табысынан — 10% — Арнайы экономикалық аймақтарда жұмыс жасайтын заңды тұлғалар үшін — 20% Табысты төлеу көзінен салықты ұстау арқылы, жылдық жиынтық табыс туралы декларация беру жолымен, патент негізінде төлейді. 3-сұрақ. Рейганомика - 1981 жылы АҚШ-тың президенті Рональд Рейганның міндет атқарудың алдында айтқан әлуметтік-экономикалық бағдарламасы, АҚШ-та және шет елдерде кең таралды. Ұсыныс экономикасы теориясы. 1970-1980-жылдары танымал болған бұл бағыттың негізін салған болып американ экономисі Артур Лаффер (1941 жылы туылған) табылады. Бұл теория 1970-жылдары орын алған энергетикалық дағдарыстан кейнстік талдау әдістері негізінде нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің айтарлықтай әлсіреуіне байланысты орын алды. Неоклассикалық батыстық бағыт экономиканы сауықтырудың жаңа әдістерін іздестірумен болды. Лаффердің және оның жақтастарының көзқарастары тұрғысынан, экономикалық дамудың факторы деп сұранысты емес, ұсынысты қолдау және кәсіпкерлердің инвестициялық қызметін ынталандыру керек дейді. Негізгі қағидасы болып мемлекеттің экономикаға араласуын барынша төмендете отырып жеке кәсіпкерлікке көмек беру табылады. Мемлекеттік қаржылар басты құрал ретінде қарастырылады, яғни салық мөлшерлемелерін төмендету жолымен кәсіпкерлікті дамытуға маңызды түрде көңіл бөлінеді. Лаффердің теориясы және оның тәжірибелік қорытындылары сол кездегі АҚШ Президенті Рональд Рейганның «Рейганомика» атты мемлекеттік саясатында көрініс тапты. Табысқа салынатын жоғары салық кәсіпкердің белсенділігінің төмендеуіне, басқа да жағымсыз факторларға әкеледі. Осы проблемаларды американ экономисі Артур Лаффер 80-шы жылдардың басында зерттеп келесі қорытындыға келді: табыс салығы өсімінің жоғары болуы қай бір елде болмасын оның өндірісінің тоқырауына, инфляция деңгейінің тереңдеуіне және халық байлығының төмендеуіне әкеледі. А.Лаффер салықтардың бюджетке түсуі және оның мөлшері арасындағы тәуелділікті зерттеген. Графиктегі мұндай көріністі «Лаффер қисығы» деп атайды.
|