Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Зар шың басына орда қонған




Залым жылан өрмелеп бара жатты, – деген.

Осы кезде:

 

Кенеттен шұғылалы жайындай нақ,

Кеп құйылды Қарлығаш сайын сайлап.

Залым ойлы, алаяқ әбжыланды

Жалп еткізді қаруын қайырмай сап.

 

Демек, фольклордағы бас кейіпкер – батырдың орнына Қарлығаш енгізілген. Авторлық шығарма үшін құрылымдық өзгеріс енгізу осы арада көрініс береді. Әйтсе де, бұл өзгеріс фольклорлық сана арқылы өрбітілген. Батырлық ертегілерде кейіпкердің айдаһарды өлтіруі тым ұзаққа созылмайды. Кейіпкер қылышын суырып, оны көлденеңінен ұстап, айдаһардың аузынан ішіне кіреді. Сөйтіп, айдаһар екі бөлініп түседі. Яғни айдаһардың батырмен күш-қайрат сынасуы көпке созылуы мүмкін емес. Ал, ақынның айтары – дүние текетірес, адамға дос ниеттегі Қарлығаш Самұрықтың балапандарын қорғағысы келеді. Зұлымдық символы – жылан мен адамға дос Қарлығаштың арасындағы соғысудың үш күнге созылуы – дүниедегі текетірес әп-сәтте шешілмейтін оңай нәрсе еместігін айту – автордың негізгі мақсаты болған. Бір кезде алып қара құс келеді, оның Самұрық екені белгілі. Ол алысқан екеуін көреді... көз түбінен; бірақ бұл кезде Қарлығаш өлімші халде:

 

Есем кетіп барады... амал қанша...

Сорым, сөніп барамын көп күдікпен[255], –

деп, ақыры, қыршын кетеді.

Яғни, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісінің басты идеясы – Қарлығаштың ізгі ниеттегі символдық мәні сақталған да, қорытынды бөлімді автор өз ықтиярымен шешкен. Ертегіде “адамның қаны – тәтті” дегенді айтқысы келген масаның тілін жұлып алып, оны білгенін айта алмайтындай қылғаны үшін тарпа бас салған жыланнан өлмей қалған қарлығаш авторлық шығарманың идеясы үшін қорытынды бөлімдегі өзгерістің негізінде «өліп», фольклормен оппозициялық байланыс жасалған.

Осылайша бұл шығарманың идеясын ашу үшін фольклорлық санадағы қасиетті Самұрық пен адамға дос Қарлығаш образдарын енгізу арқылы күрделендірілген композиция жасалған. Бұл мақсатта фольклорлық сюжеттер мен құрылым аралас – генетикалық әрі оппозициялық байланыстарды қатар қолдану жолы таңдап алынғанын айғақтайды.

Жалпы, қазіргі қазақ поэзиясында шығармалардың құрылымын жасауда фольклормен байланыстың түр-түрі қолданылған. Дегенмен генетикалық және үндестік байланыстар кең пайдаланылған. Тосын шешім жасауда фольклормен оппозициялық байланысты қолдану ақындар тарапынан ұтымды тәсіл ретінде қолданылған.

Қорыта айтқанда, ақын өлеңдерінде фольклорлық эпостық композицияның тұтас қолданылмайтыны анықталды. Ақындар поэзиялық туындының авторлық идеясын ашуда фольклорлық композицияны бөлшекті күйде пайдалануы халықтың тарихи санасына әсер етуді көздеу мақсатынан туған тәсіл екені белгілі болды.

Авторлық шығармада ертегі композициясының қолданысы да фольклормен үндес шыққан. Фольклорлық ертегілердің композициясы да ақынның халыққа айтар ойын, шығарма идеясын ашуға қызмет еткен. Бұл тұрғыда авторлық өлеңдерде фольклорлық шығармалардағы композициялық құрылым мейлінше икемді қолданысқа түскен.

Метафора. Метафора тіл білімінде бір нәрсені екінші нәрсемен мағыналық ауыстыру арқылы жасалған көркемдік тәсіл деп аталғанымен, ол мифтік санадан пайда болған. Әлемдік мифологияда адам жаны өлмейді, ол ұшып, өзге әлемге кетеді деген түсінік болған. Ұшатын жанды нәрсе болғандықтан, ол көбіне құс немесе шыбын күйінде қабылданған. Содан қазақта “шыбын жан” деген сөз тіркесі қалды. Ежелгі дәуірде, әрине, жанды шыбын сияқты көргеннен оны метафора түрінде қабылдады деуге болмайды. Ал, бұл сөз тіркесі бүгінгі күнде де қолданыстан түскен жоқ, бірақ ол мифтік санадан бөлек қолданыста болғандықтан, ол метафораға айналады, соның өзінде ақындар шығармашылығында оның қолданылуы екі бағытта өрбіген. Мәселен, Ұлықбек Есдәулеттің:


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 158; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты