КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Дегендегі дүние кіндігі – метафора.
Астана, сен – жер кіндігісің[267],
Жиырма бірінші ғасырда қазағымның, Маңдайына қонған бақ, сен боласың[268],
Ғайыптан жерге түсіп, орнай қалған, Көктегі жеті жұмақтың біреуісің[269], –
деген Иманғазы Нұрахметұлының «Арман тұғыры» атты өлеңіндегі фольклорлық түсініктер метафора қызметінде қолданылған. Қорыта айтқанда, «Дүниенің төрт бұрышы», «Дүниенің кіндігі» деген түсініктер прозалық шығармаларға қарағанда поэзия үшін икемді болып шыққан. Дүниенің кіндігі деген түсініктің тууында екі сатылы таным орын алған. Бірінші – Зевстің құдайлардың құдайы дәрежесіне жетуінде тұтастану үдерісі жүрген себепті оның балалық шағы туралы мифтер пайда болды. Сонымен бірге архаикалық миф пайдаланып, тас фетиш деген сенімді сақтады. Сөйтіп, ежелгі гректер Дельфада Омфал тасын – Зевстің кіндігі түскен жер ретінде фетишке айналдырып, дүниенің кіндігі деген түсінік тудырады. Қазақ, жалпы, түрік фольклорында, құдай туралы мұндай тұтастану жүрген жоқ, архаикалық түсінік бойынша құдай – аспанда, сондықтан оның Зевс сияқты адамдар, жерге келіп-кетіп жүргені туралы айтылмайды. Тәңірдің де, Алланың да орны – көкте. Ендеше бұл тұрғыда, Зевстің кіндігі сияқты Құдайға табынатын жер бетіндегі қасиетті нәрсе тұрғысынан ұқсастық жоқ. Азия фольклорында үнділер мен сахаларда жер кіндігі деген түсінік бар. Сахаларда жер кіндігінен сегіз бұтақты, қабығы – күміс, шырыны – алтын, гүлдеп тұрған ағаш өседі деп айтылады. Бұл әлем ағашына сай келеді. Үнділерде жер кіндігі Агни құдай келетін діни ұғымдағы орын[270], мұнда да сәйкестік көрінбейді. Қазақ фольклорында жер кіндігі туралы арнайы мифтік сюжет жоқ, бірақ Алдар көсеге байланысты мәтінде мұндай түсініктің болғанынан мәлімет сақталған. Ол мәтінде: «Алдар көсе Жиреншенің өзімен ақыл жағынан сынасуға келе жатқанын естіп, үйінен шығып, тауға барып, бір төбенің басында біресе бір жанына, біресе бір жанына, алды-артына сандалыпты да жүріпті. Сонда Жиренше шешен келе салып сұрапты Алдар көседен “Неғылып жүрсің?” – деп. Алдар көсе жауап беріпті: «Хан маған бір қиын істі орнына келтіруге тапсырды», – деп. «Жердің ортасының қайда екенін өлшеп тап», – деді», – деп айтылатын мәтін ежелгі дәуірде таудың әлем ағашының алломорфты бір түрі ретіндегі қызметінен пайда болуы мүмкін. Ал, ақын жер кіндігі деген тіркесті қалаға, мәтін бойынша ол – Астана қаласы, бүкіл әлемдік аумақтағы ең үлкен қала екенін айту үшін қолданған. Ал, сахалардағы ағаштың жер кіндігінен өсіп тұрғанын ескерсек, қазақ фольклорында мұндай ерекшеліктің болған-болмағанын анықтау қиын. Қазақ фольклорында бұрын болып, бүгінгі күнге жетпеген болса, алып бәйтерек туралы түсініктің те деградацияға ұшырағаны деп, болжау жасауға болады. Фольклорлық жоқтаудың көркемдік ерекшелігінде жоқтау айтушы жанына жақын адамы өлгенде, оны:
Кешегі жүрген арыстанды Қай жақтан іздеп табайын...
Алдырдым халқым, қайтейін, Алтын сапты найзамды[271], немесе: Кімнің көркі болады Асқар тауы құласа Кімдер ақын болмайды Арыстаны сұласа[272]... –
деп, метафораны қолданады. Осындай метафоралық қолданыстарға табиғат денелерін пайдалану:
|