Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Заманауи типтегі қоғамдағы қызметтер мен сервис




Қазіргі экономикада өзінше қызмет ететін саласы бола отырып халыққа тұрмыстық қызмет көрсету ортақ мақсаттары бар бір типті сипаттағы кәсіпорындар мен ұйымдарыдың белгілі бір жиынтығы ретінде қызмет жасайды. Бұл мақсаттар тұрмыстық қызмет түрлеріне қажеттілігі, халықтың алдын ала тапсырыс беруі негізінде анықталады. Қоғамдық ұйымдастырылған тәсілдері мен формаларында шыға отырып, адамның материалды және материалды емес қажеттіліктерін қанағаттандыру, сала кәсіпорынның қызметі тұтыну құнын құру мен қайта құруға, сондай-ақ тұрмыста таза қызметті тікелей қанағаттандыруға бағытталған. Жалпы алғанда, салада қызметті жақсарту тенденциясын айта кету қажет: бірінші қажетті қызметтен жоғары қызметке дейін, сонымен қатар таза қызмет көлемінің кеңеюі.

Қазіргі кезде саяси формацияматериализм идеялары тәуелді болмайтын, бұрынғы кәсіби деңгейді қалыптастыру қажет. Тұрмыстық және басқа да қызметтер халыққа қызмет көрсетуде құрал-жабдық, кәсіби деңгейде қызмет көрсетуді ұйымдастыру, мәдениет, сапа және қауіпсіздікті ұсыну технологиясы бойынша реттеу нақты жүйесіне ие болу керек. Тұрмыстық қызмет көрсету бұл біздің тұрғындардың тұрмыстық қызметті ұйымдыстыру жолы, кәсіби өнері, әдет, ал саяси, экономикалық, техногендік жерлерден сенімді қорғалу керек. Тұрмыстық қызмет көрсетуде шамамен 3000 техникалық процеспен, машинаның 1500 түрі мен әртүрлі қондырғылар қолданады. Қоныстағы техниканың шамамен 80%, егер бұзылып, пайдаланудан шықса, тұтынушыларға қауіпті жағдайларды туындатуы мүмкін. Мыс., химиялық тазарту кезінде қолданатын компоненттердің 236 улы болып келсе, шаштараз қызметі санитарлық эпидомологиялық тұрғыда қауіпті. Ал аяқ-киім жөндейтіндердің 40% тері аурумен (грибок) ауырады, яғни бұлар жұқпалы аурулардың негізгі тасымалдаушы көзі болып табылады.

Сервис сферасының және оның салаларының жұмысшылары материалды игіліктердің тек тұтынушылары ғана болып табылмайды. Өз еңбегімен олар халыққа қызмет ете отырып материалды емес рухани құндылықтарды құрады. Олардың ортақ мақсаты - адамдардың түрлі қажеттіліктерін максималды қанағаттандыру және өмір сүру деңгйін жоғарлату болғанымен де, екі сферада бұл мәселені түрліше шешеді. Сервис сферасы әлеуметтік, сондай-ақ экономикалық функцияларды да орындайды. Мысалы білім беру адамдардың рухани қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, жұмысшы күшін ұдайы өндіру факторы болып келеді.

31.Заманауи сервис тенденциялары: кәсіпорындар үшін қатерлер мен жаңа мүмкіндіктер

Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқару ең алдымен менеджерлердің мүмкін қатерлерді көре білу және алдын-алу, пайда бола бастаған қиындықтарды тез шешіп, оң жолға түсу шараларын жүзеге асыруымен байланысты.

Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруда төнетін қатерлерді келесі түрде жіктейді:

· Субъективті, кәсіпорынның немесе оның басшылығының тиімсіз қызметімен байланысты, қатерлер. Мысалы: төмен бәсеке қабілеттілік әсерінен өнімнің нарықта өтпеуі, қаржылық тұрақсыздық жағдайы.

· Объективті, кәсіпорынға тәуелсіз жағдайлардан болатын қатерлер. Мысалы: инфляция деңгейі, табиғат апаттары.

Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқару функционалдық тұрғыдан келесі элементтерден тұрады:

· Технико-технологиялық;

· Интеллектуалдық және кадрлық;

· Қаржылық;

· Саяси-құқықтық;

· Ақпараттық;

· Экологиялық .

Осы элементтерге толығырақ тоқталып кетейік.

Технико-технологиялық элемент. Экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етуде менеджерлердің кәсіпорындағы технология, құрал-жабдықтар әлемдік стандарттарға сай келетінін, балама өнімдерді шығаратын кәсіпорындарда қандай технология пайдаланатынын, қолданыстағы технологияны ішкі резервтердің көмегімен жақсарту мүмкіндігін талдау және жаңа ғылыми ізденістерді байқауы керек.

Интеллектуалдық және кадрлық элемент. Қазіргі экономикалық жағдайларда экономикалық дағдарысқа қарсы басқару деңгейі көп жағдайда мамандардың біліктілігімен анықталады. Сондықтан, кәсіпорында жұмыскерлерді іріктеу, оқыту және ынталандыру жүйесі ұйымдастырылған деңгейде болуы керек. Оның үстіне, кәсіпорынның басқару персоналы экономикалық дағдарысқа қарсы басқару жағдайын үнемі талдап отыруы, дағдарыс жағдайында сасып қалмайтындай болуы керек.

Қаржылық элемент. Бұл элемент кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы меншікті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуімен тығыз байланысты болғандықтан маңызды болып саналады. Шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығының жойылу себептері өндіріс көлемінің төмендеуімен, өнімнің өзіндік құнының жоғары болуымен, активтерді тиімсіз жоспарлау және басқарумен байланысты болады. Қаржылық тұрақтылықты сақтау үшін кәсіпорынның қаржылық - экономикалық қызметінде нақты тапсырмаларды жоспарлау және өткізу жолдарын қарастырған жөн. Келесідей стратегиялық міндеттерді анықтауға болады: өнімді жетілдіру, өзіндік құнды төмендету, аз шығындармен өндіріс тиімділігіне қол жеткізу, рентабельділіктің жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету.

Саяси - құқықтық элементті қорғаудың үрдісін келесі түрде жүргізуге болады:

· кері әсерлерді анықтау;

· қорғаудың қазіргі деңгейін талдау;

· осы деңгейді жетілдіру бойынша шараларды жоспарлау.

Ақпараттық элемент. Кез-келген ұйым немесе кәсіпорынның құрамында ақпараттарды жинап, сақтап, өңдейтін белгілі бір бөлімше болуы керек. Осы бөлімшенің мақсаты болып, кәсіпорынға келетін барлық ақпараттарды талдап, ары қарай дамуы үшін колдана білу табылады. Кәсіпкерлік құпияны сақтайтын шараларда осы бөлім арқылы жүргізілуі керек.

Экологиялық элемент. Кәсіпорын экологиялық мөлшерлерді бұзудан болатын айып пұлдары сияқты шығындарды төлегісі келмесе, халықаралық және ұлттық экологиялық мөлшерлерді сақтауы керек.

Кәсіпорындардың экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету үрдісі, біздің ойымыз бойынша, бірнеше кезеңдерден тұрады. Бірінші кезеңде кәсіпорын үшін қолайсыз жағдайлардың пайда болуының түрлері мен себептері анықталуы қажет. Екінші кезеңде сол қатерлердің алдын-алатын шаралар жүйесі іске қосылуы керек. Үшінші кезеңде олардың орындалуы бақылауға алынса, төртінші кезенде тиімділігі талдануы мүмкін. Экономикалық дағдарысқа қарсы басқару жүйесінің қызметі оң бағаланса, шараларды қайтадан бастауға болады, қанағаттанарлықсыз деңгейде болса, тиімді қызмет жасайтын жүйе құру керек болады. Осы айтылған кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқару қамтамасыз ету циклын біз тереңірек талдайтын тоқыма-кілем кәсіпорындарына да кеңінен қолдануға болады.

Экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етудің ағымдағы жағдайын бағалауда тоқыма-кілем өнеркәсібі кәсіпорнының өз өнімін өткізу көлемі туралы ақпаратының мәні зор. Бұл жерде басты көрсеткіш болып, сатылымдардың ассортименті мен аймақтық құрылымы анықталады. Маркетингтік тұрғыдан кәсіпорынның тауар нарығындағы орнын, бәсекелестерінің артықшылықтары мен әлсіз тұстарын анықтау кәсіпорынның нарықтағы үлесін, баға-сапа қатынасын, баға саясатын, бәсекелік стратегиясын анықтауға-мүмкіндік береді.
Дағдарысқа қарсы басқару - кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін камтамасыз етудің негізі ретінде.

Нарық қатынастарының қазіргі кезеңінде отандық фирмалардың көріп отырған қаржы тапшылықтарына қарамай-ақ, нарықтағы орындарын бекітуге, өз бизнесіне тұрақты нысан беруге деген талпынысын байқаймыз. Бұл шиеленіскен бәсеке жағдайында өміршеңдікке ұмтылуды қажет ететін уақыт талабы.

 

ЕЕЕЕ


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 182; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты