Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Инфрақұрылымдық кешендегі еңбек өнімінің ерекшелігі




Еңбек өнімі — материалдық-заттық (материалдық өнім), рухани ақпараттық (ақыл-ой еңбегінің өнімі) формадағы не орындалған жұмыс пен атқарған қызмет түріндегі адам еңбегінің, шаруашылық әрекеттің нәтижесі. Өндіріс процесі кезінде белгілі бір мұқтаждыққа байланысты өңдеуден өткен еңбек заттары өз формасын өзгертіп, еңбек өніміне айналады. Еңбек өнімі өндіріс құрал-жабдығына (қ. Еңбек құрал-жабдығы) және тұтыну заттарына бөлінеді. Өндіріс құрал-жабдықтары (машиналар, металл, отын т.б.) өндірісте тұтынылады, ал тұтыну заттары (тамақ өнімі, киім, т.б.) жеке тұтынуға жатады. Еңбек өнімі тауар өндірісі жағдайында рынокқа арнап сату үшін өндіріледі.

Еңбек Өнімділігі - алынған өнім көлемінің оны дайындауға жұмсалған еңбекке қатынасы (еңбектің өндіріс үдерісіндегі тиімділігі). Уақыт өлшемінде өндірілген өнімнің мөлшерімен (өндіріммен) немесе өнім өлшеміне жұмсалған уақыт шығынымен (еңбек сыйымдылығымен) тұлғаланады. Жеке және қоғамдық еңбек өнімділігі түрлеріне бөлінеді. Біріншісі нақты еңбек шығынын, екіншісі нақты және өткендегі (затандырылған) еңбек шығынын көрсетеді.

Өнімді өндіруге жұмсалған шығындар жанды еңбек шығындары мен өндіріс құрал-жабдықтарының шығындарынан тұрады. Ал соңғыларда, өз уақытында, соларды жасауға жұмсалған еңбек шығындары болып табылған. Сондықтан экономикалық теориядаөнімнің қандайына болмасын жанды (нақты) және зат түріндегі еңбек жұмсалады деп тұжырымдалады. Өткен (зат түріндегі) еңбек білім, информация т.с.с. түрде жинақталады.
Өнімділік — осы жүйенің берілген уақыт мерзімінде өндірген өнімдерінің сол мерзімде жасалған, немесе еңдірілген өнімдер үшін тұтынылған ресурстардың санына арақатынасы. Егер ресурстардың аталған бір түрінің (еңбек, капитал, қуат, информация, материалдар) өнімділігін есептеу қажет болса, онда бұл есеп өнімділіктің жеке көрсеткіші болып табылады.

Өнімділікті өлшеудің негізгі екі тобы бар.
Біріншіге өнімділіктің статикалық коэффициенттері жатады. Бұл жабайы тілмен айтсақ, белгілі уақыт мерзімінде жасалған шығындардын өлшеміне бөлінген өнімнің өлшемі.
Екіншіге өнімділіктің динамикалық индексі жатады. Бұл өткен мерзімдегі өнімділіктің статикалық коэффициентіне бөлінген, белгілі мерзімдегі өнімділіктің статикалық коэффициенті.

Өнімділікті жоғарылату басқару процесіне және өнімді, немесе, еңбекті өзгерту (қайта жасау) процестеріне кірісудің нәтижесі болып табылады. Төменде аталған жағдайлардың (шарттардың) жеке біреуі (қандайы болмасын) орын алса, онда өнімділік өседі:

· 1. Өнім көбейеді, шығындар азаяды.

· 2. Өнім көбейеді, шығындар өзгермейді.

· 3. Өнім көбейеді, шығындар өседі, бірақ өсу қарқыны төмен болады.

· 4. Өнім көлемі өзгермейді, шығындар төмендейді.

· 5. Өнім азаяды, шығындар төмендейді, бірақ мұның төмендеу қарқыны жоғары болады.

 

ККККК


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 107; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты