Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Көтерме сауданың әдістемелері мен формалары, қызметтері мен міндеттері?




Көтерме сауда қызметі – тауарларды үлкен көлемде өндірушілерден сатып алып, оларды делдалдарға, қайта өңдеушілерге (өнеркәсіп), бөлшектік саудагерлерге, корпора­тивтік клиенттерге қайта сату. Көтерме сауда түрлері бір-бірінен ассортименттерінің кеңдігіне, тауарларды сақтау және жеткізу тәсілдеріне орай ажыратылады. Нарықтық жүйе қатынастарында көтерме кәсіпорындары тәуелді және тәуелсіз делдалдықұйымдар деп екі топқа бөледі.

Тәуелсіз ұйымдар – тауарларды өз иелігіне сатып алып, кейін оларды тұтынушыларға сатып, өткізетін жеке дара делдалдық ұйымдар. Өндіріс құралдарын сатып өткізетін тәуелсіз көтерме делдалдарды көбінесе дистрибьюторлар деп атаса, қызмет саласына байланысты, оларды көтерме фирмалар немесе сауда үйлері деп те атайды.

Қазақстан Республикасында «Әсем-ай», «Қант орталығы» компаниялары өз өнімдерінің барлығын дистрибьюторлар арқылы өткізеді.

Көтерме саудагерлерді мына жағдайларда таңдау тиімді болады:

· егер нарық шашыраңқы болса, әрбір географиялық аймақтағы өткізу көлемі тікелей өткізудегі шығындарды өтеуге жеткіліксіз болса;

· әдетте көтерме саудагерлердің (делдалдардың) саны, өндірушінің аймақтық жиынтық қоймалары санынан көп болса;

· бұйым өнеркәсіптің көптеген салаларындағы тұтыну­шыларға өткізілуі тиіс, олардың барлығын тәуелсіз көтерме делдалдардың қызметін пайдаланған кезде ғана қамтуға болады;

· тұтынушылар өнімді ұсақ партиялармен сатып алатын болса.

Тәуелді – бұл тауарға меншік құқығы жоқ, бірақ орындаған қызметтері үшін сыйақы алатын делдалдар. Оларға - өткізу агенттері, брокерлер, комиссионерлер сатып алатын кеңселер, тағы басқалары жатады. Қызмет көрсетуді қамту деңгейіне байланысты тәуелді делдалдар былайша ерекшеленеді:

· Тұтынушыға толық циклді қызмет көрсететін көтерме саудагерлер. Өз серіктестеріне тауар қорларын сақтау, несиелеу, тауарды жеткізу, басқару саласында жәрдемдесу сияқты қызметтерді көрсетеді. Олар тауарды өз есебінен сатып алып, нарық конъюктурасының өзгеруі, тауардың бұзылуына, ескіруіне байланысты пайда болатын бүкіл тәуекелді өз мойнына жүктейді.

· Тұтынушыларға шектеулі циклмен қызмет көрсететін көтерме саудагерлер. Бірінші топқа қарағанда, өз тұтынушы­лары мен жеткізушілеріне азырақ қызмет көрсетеді. Оларға жататындар:

1. Cash & Carry компаниялары (ағылшыннан аудармасы - төле де, алып кете бер). Негізгі қажетті тауарлардың (азық-түлік тауарлары, ойыншықтар, киім, электр құралдары, құрылыс заттары) шектеулі ассортиментімен айналысып, оларды ұсақ бөлшек саудагер­лерге қолма-қол ақшаға сатады. Тауарды тұтынушыға жеткізумен айналыспайды.

2. Көтерме саудагер - коммивояжерлар. Ұзақ сақталмай­тын, тез бұзылатын (ет, сүт, жеміс, жеңіл тағамдар) тауарларды сату және оларды тұтынушыға жылдам жеткізумен айналысады. Олар супермаркеттерді, мейрамханаларды, шағын азық-түлік дүкендерін, қонақүйлерді автомобильмен тікелей аралай жүріп, тауарларын қолма-қол ақшаға сатады.

3. Көтерме-брокерлер. Олардың негізгі қызметі – сатушы мен сатып алушыны кездестіру. Брокерді жалдаған адам оған жалақысын береді. Олардың тауарға құқығы жоқ, тауар қорын жинамайды, ешбір тәуекелді міндеттемелерді алмай­ды. Көмір, машина жасау, ағаш өңдеу сияқты ірі көлемді өнеркәсіп салаларында жұмыс істейді. Тауарды сатумен, оны сақтаумен және жеткізумен айналыспайды. Тапсырысты ала салысымен келісімге сәйкес тауарды сатып алушыға жеткізетін өндірушіні таңдайды.

4. Агенттер – ол сатушының немесе сатып алушының мүддесін қолдайды, жұмыстары брокерлерге қарағанда тұрақты болады. Агенттердің бірнеше типтері бар.

Өндірушілердің агенттері – бірін-бірі толықтыратын тауарлары бар бір немесе бірнеше өндірушінің мүдделерін қолдайды. Әрқайсысымен жұмыс тәртібі, делдалдық сыйақы мөлшері туралы келісім-шарт жасалады. Киім, әшекей бұйымдарын, жиһаз, электр бұйымдарын сатқан кезде жиі қолданылады.

Сату агенттері. Жасалған келісім-шарт негізінде өндіруші өндіретін барлық тауар ассортиментін сату құқығын агентке береді.

Комиссионер агенттер. Тауарларды сату мәмілелерін жасап, тауарды иемденеді. Көбінесе ауыл шаруашылығын­дағы фермерлермен жұмыс істейді.

Агенттер және брокерлер – тауарды сату-сатып алуға ықпал етіп, оның сату бағасының 2-6%-ы мөлшерінде делдалдық сыйақы алады.

5. Көтерме саудагерлер - консигнанттар. Олар бакалейлік-гастрономдық дүкендерді, бөлшектеп сатушыларды азық-түлік емес, кітап, журнал, кеңсе тауарлары сияқты тауар­лармен қамтамасыз етеді. Консигнанттар негізінде атақты фирмалардың тауарларымен айналысады, оларды өзінің меншігінде қалдыруға құқығы бар. Консигнанттар тауарды бөлшектік сатушыларға консигнация шартымен өткізеді, олар тек нақты сатылған тауар үшін ғана есеп айырысады. Бұл делдалдардың орындайтын қызметтері: сауда орнында сөре­лер орнату, тауарды жеткізу, оның қорын толтыру, қаржы­ландыру. Мысалы, «Маккиссон» компаниясы кейде консиг­нант ретінде дәріханаларда косметикалық тауарларды сатады, өйткені провизорлардың білімі мен уақыты дұрыс тапсырыс беруге және тауарды ашық жария етіп көрсетуге жетпейді.

6. Өндірістік кооперативтер. Ауыл шаруашылық өнім­дерін өндіретін және жергілікті нарықта сататын коопе­ратив мүшесі болып жүрген фермерлердің ұжымдық иелігінде болады.

7. Сауда маклерлері. Өндіріс құралдарының көтерме нарығында және жылжымайтын мүлік нарығында жиі іс-әрекет жасайды. Сауда маклерінің дистрибьютерлерден айырмашылығы - олардың қызмет көрсету салалары тар болып келеді. Маклерлер тасымалдауы мен тапсыруы көп еңбек сіңіруді қажет ететін ірі көлемді жүктермен айналысады.

8. Сөрелі джобберлер. Бөлшектік сауда (супермаркеттер, және т.б.) мен көтерме саудада сөрелерді тауармен қамта­масыз етеді. Олар өз жұмысы үшін делдалдық сыйақы алады. Сөрелі джобберлер тауарларды іріктеу, көрсету, жеткізу, сақтау, бақылау жауапкершілігін мойнына алады. Көтерме саудагерлер әдетте, шығындарды жабу және пайда табу үшін тауарға 20% көлемінде үстеме баға қосады.

Көтерме сауда — тауар айналысының алғашқы сатысы; өндіруші кәсіпорындардың тауарларды, өндіріс құралдарын, ірі топтамалармен сатуын қамтитын ішкі сауданың құрамдас бөлігі; тікелей өндірісте тұтынатын немесе бөлшек саудаға түсіретін тауарлардың ірі топтамаларымен сауда жасау; тауардың өндірушілерден бөлшек сауда орындарына немесе өндіріс құрал-жабдықтары бөлігінде өнімнің тұтынушы кәсіпорындарға жетуі. Көтерме саудаға а. ш. өнімдері мен шикізатын сатып алу да жатады. Ол өндіріс құрал-жабдықтарымен және тұтыну заттарымен көтерме сауда жасау түрлеріне бөлінеді. Кеңестік дәуірде тауарлардың көтерме сауда арқылы қозғалысы тауар қорларын өндіру мен бөлуге сәйкес жоспарланды. Өндіріс құрал-жабдықтарымен көтерме сауда жасау тұтыну тауарларымен көтерме сауда жасаудан ұйымдық тұрғыдан өзгеше болып, айналыстың ерекше саласын – материалдық-тех. жабдықтауды құрады. Өнеркәсіп орындары сауда жасаудан босатылып, бүкіл өнімін көтерме сауда ұйымдарына өткізді. Халық тұтынатын тауарлармен сауда жасау Сауда мин-нің қолына шоғырландырылды. Ал, тұтыну кооперациясының өз көтерме сауда жүйесі болды. Нарықтық экономика жағдайында көтерме сауда өнеркәсіп орындары, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен көтерме сауда кәсіпорындарының арасындағы және көтерме сауда кәсіпорындарының өз арасындағы делдалдық буынға айналды. Қазақстанда шикізат, материалдар, қарапайым жабдықтар көтерме сауда фирмалары арқылы сатылады. Ал, арнайы қызмет көрсетуді қажет ететін зауыт қондырғылары, технол. желілер өндіруші кәсіпорындар арасындағы тікелей байланыстар негізінде өткізіледі.

 

ҚҚҚҚҚ


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 259; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты