Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Онақ үй желісін құру бизнесті тиімді басқару формасы ретінде




Қонақ үй желісін кәсіпорнының негізгі формасы клиенттерге уақытша тұратын орын ұсыну болып табылады.

Қонақ үйдің негізгі белгілері мыналар::

- номерлік қорлардың болуы;

- міндетті қызметтер жиынын көрсету (номерлерді, санитарлық тораптарды жинау, төмек-орынды күн сайын жаңарту, номерлерде қызмет көрсету);

- қосымша қызметтердің белгілі түр-түрлерінің болуы.

Барлық қонақ үйлерде төрт негізгі қызмет топтары қарастырылған:

• орналастыру;

• тамақтану;

• бос уақыт;

• тұрмыстық қызметтер көрсету.

Олар негізгі, қосымша және ілеспе қызметтерді қамтиды.

Қандай қонақ үйдің болмасын қажетті шарты екі негізгі қызметінің болуы: орналастыру және тамақтандыру.

Орналастыру қызметін ұстау біріншіден, пайдалану үшін арнайы орын-жайлар ұсынылады (қонақ үй номерлері), екіншіден қонақ үйдің құрамы тікелей көрсететін қызметтері ұсыну болыпп табылды: қонақтарды қабылдайтын және ресімдейтін портье, қонақ үй номерлерін жинаушылар жәнен т.б.

Қонақтарға қызметтер көрсету әр түрлі процестерден тұрады: өндірістік (ас үйде тамақ дайындау), сауда (пайдалану үшін дайын тамақ, алкогольді және алкогольсіз ішімдіктерді сату), сервистік (мейрамханада, барда, кафеде, қонақ үй номелерінде официанттардың қызмет көрсетулері).

Қосамша және басқа қызметтерге бассейн, спорт, конференц-залдар, сөйлесіп отыру залдары, автомобильді жалға алу, химиялық тазалау, жуу, шаштараз, массаж кабинеті, және басқалары кіреді.

Қазіргі уақытта қосымша қызметтер қонақ үй кәсіпорнының нарықтық тартымдылығын қалыптастыруда ерекше маңызға ие болуда.

Тәуелсіз кәсіпорын болсын немесе ішінара қонақ үй корпорациясы болсын барлық отельдердің негізгі міндеті қоғамның белгілі бір қажеттілігіне қызмет етуді, сонымен қатар оның иесіне пайда түсіруді білдіреді.

Мотель – отельдің бір түрі, шағын қонақ үй. Мотель жол бойы қонақ үйін білдіреді.

Әдетте мотельдер бір немесе екі қабаттан тұрды, қосымша қызметтер мен номерлер түрлері санаулы, сондықтан тұру құны да соған сәйкес болады.

Ғимарат тек номерлерден ғана тұрады. Мотельдің айырмашылығы – номерлердің есіктері парковка жағына шығады. Номерлердің жағдайы қарапайым, бір түнеп шығып, сапарды одан әрі жалғастыруға арналған.

Мотельде ақы төлеу жеке әкімшілік корпусында орналасатын тіркеу тұғырында жүзеге асырылады.

Көптеген адамдар үшін, әсіресе өз автомобильдерімен үнемі жүріп-тұратын, мотельдерде тіркеу рәсімінің ұзақ уақытты алмайтындығы ыңғайлы болып келеді, машинаң да көзіңнің алдында тұрады; даладан бірден номерге кіру де мүгедектер үшін өте қолайлы. Мотельдің кемшілігі қауіпісіздік деңгейінің төмен болуы, сондай-ақ қызмет көрсету түрінің аздығы болып табылады. - Нарықта қонақ үй бизнесі саласында жұмыс істейтін кәсіпорындар көрсететін қызметтер туралы ақпараттары жеткіліксіз сатып алушылар саны барынша жеткілікті.

Әлеуетті сатып алушыларды қонақ үй және көрсетілетін қызметтер туралы хабардар етуге бағытталған белсенді маркетингтік және жарнамалық саясатты міндетті түрде өткізу;

- Нарықта барынша көп сатушылар жұмыс істейді, олардың қызметтері сараланған; сәл ғана айырмашылығы бар: бірінде ақылы автотұрағы бар; біреуінде жоқ және т.б. Фирмалардың бірде бірі осындай қызметті көрсетпейтіндіктен оның баға алдындағы билігі басым.

Сонымен қатар нарықта сипаты бойынша ауыстыру-қызметтерінің болуы фирманың бағаны көтеруіне шек қояды, өйткені нарықта осындай қызметтердің болуы олардың бағасына барынша әсер етеді.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 86; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты