Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Көрмелер мен жәрмеңкелер аймақ экономикасының дамуына үлес қосатын мультифункционалды және көпдеңгейлі шара ретінде




Көрме – белгілі бір қоғамның не жеке адамның материалдық және рухани жетістіктерін көпшілікке көрсету.Көрменің бірнеше түрі бар.Алдына қойған мақсатына қарай – сауда, ғылыми-техникалық, өндіріс, құрылыс көрмелері, т.б.Өткізілу мерзіміне қарай – кезекті (жыл сайын, жыларалық, екі жылда т.б.) немесе кезексіз (мереке, конгресс, съезд т.б. байланысты көрмелер), тұрақты (мысалы, халық шаруашылық жетістіктер көрмесі).Көрмелерге қойылатын заттар түріне қарай экономика, ғылым, техника және мәдениеттің барлық салаларын қамтитын көрмелер де болады. Көрмелер қатысушылар құрамына қарай дүниежүзілік, халықаралық, аймақтық көрме ретінде ұйымдастырылады.

Жәрмеңке (нем. Jahrmarkt - жыл базары) — жылдың белгілі бір мерзімдерінде сауда-саттық ұйымдастырылып отыратын орын. Жәрмеңке сөзі неміс тіліндегі Jahrmarkt (Ярмаркт) сөзінен туындаған.

Көрмелер – тауарды халық алдында көрсету, оған деген сұранысты

зерттеу, жаңа мәмілелер жасап, әлеуетті тұтынушыларды айқындау құралы. Көрмелер тауарларды сату келісімдерін жасауға және олармен ұзақ мерзімді серіктестікті орнатуға мүмкіндік береді.

Тауардың көрмеде пайда болуын ықтимал клиенттердің назарын аудару

үшін баспасөздегі жарнамамен тікелей пошта жарнамасымен, мерзімді басылымдағы, радиодағы, телеарналардағы хабарландырулармен қуаттап қою пайдалы. Өнім түрлеріне қарай жәрмеңкелер мен көрмелер әмбебап және арнайы болып бөлінеді. Әмбебап көрмелерде тұтыну және өндірістік тауарлар, ал арнайы көрмелерде бір саланың немесе ұқсас салалардың тауарлары көрсетіледі.

Қамту ауқымына қарай көрмелер ұлттық және аймақтық болып бөлінеді.

Ұлттық көрмелерде мемлекеттің әртүрлі саладағы жетістіктері көрсетіледі. Аймақтық көрмелер жергілікті нарық деңгейінде қызмет етеді.

Өндірушінің (экспоненттің) мынадай мақсатымен қатысуы мүмкін:

· жаңа нарықпен танысу;

· тауардың бәсекеге қабілеттілігін тексеру;

· тәжірибе алмасу;

· бәсекелестермен танысу;

· өткізуді ұлғайту;

· экспорт мүмкіндігі туралы мәлімет алу.

Көрмеге қатысушы маманның мақсаты:

· нарықты шолу, оның конъюктурасы мен даму болашағын бағалау;

· қажетті тауарларды іздеу;

· баға мен баға белгілеу шарттарын салыстыру;

· жаңа тауарларды қолдану мүмкіндіктерін бағалау;

· іскерлік байланыстарды кеңейту және белгілеу;

· келісім-шарт жасау.

Қазақстанда “Атакент” қазақстандық іскерлік тобы жанында “Атакент - Экспо” сауда-өнеркәсіптік палатасының жанындағы “КазЭкспо” және біріккен қазақстандық-ресейлік “КазЭкспо Сервис” атты үш көрме компаниясы бар. Қазақстанның көрме бизнесінде “ ITE” , немістің “Fairtrade” және “Danzas”, түріктің “SenExpo”, арабтың “New Fields” деген әйгілі фирмалары қызмет көрсетеді. “КазЭкспо” Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен жұмыс істейді және үкіметтік ірі шараларға маманданған, ұлттық көрмелерді өткізеді. Көрме қызметінің даму динамикасы қазақстандық қатысушылар санын өскенін көрсетеді. Егер нарыққа өту кезеңінің басында “Атакент - Экспода” тек шетелді көрмелер ғана өткізілген болса, қазір онда жергілікті компаниялардың үлес салмағы 70-80 %-ға жетеді.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 220; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты