КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Инфрақұрылымдық кешеннің экономикалық мәні мен құрамыНарықтық инфрақұрылымның міндеті экономикалық құбылыстар мен процестерге ғылыми тұрғыдан талдау жасау, сөйтіп өндірістік қатынастардың мәнін ашу, басқалай көмекші жайлардан тазалау. Осындай талдаудың нәтижесі экономикалық категориялар болып табылады. Инфрақұрылым категориялар тарихи сипатта болады, яғни қоғамдық формацияның қалыптасуын, даму процесін анықтайды. Экономикалық заңдар-адам қоғамы дамуының түрлі сатыларында өндіріс, бөлу, айырбас және материалдық игіліктерді тұтыну салаларындағы қатынастарды анықтап, оны басқарып отыратын заңдар. Экономикалық заңдардың 2 түрі бар: 1) жалпылама заңдар; 2) ерекше заңдар Адамдардың арасындағы қоғамдық-экономикалық қатынастар 2-ге бөлінеді: 1) ұйымды-экономикалық қатынастар; 2) әлеуметті-экономикалық қатынастар. Адам қоғамы өзінің дамуында әртүрлі экономикалық жүйелерді қолданады. Олардың негізгі нарықтық инфрақұрылымның мәселелерді шешуде өз әдістері бар. Нарықтық инфрақұрылымның 4 формасы бар: 1.Дәстүрлік жүйе. 2.Әкімшілік-әміршілік немесе командалық жүйе. 3. Нарықтық экономика. 4. Аралас экономика. Қазақстандағы нарықтық инфрақұрылымның даму кезендері: бастапқы кезең, жоспарлық даму кезеңі, нарықтық даму кезеңі. Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты инфрақұрылымның мәні мен құрамын анықтауға қажеттілік пайда болды. Нарықтық бейімделуге байланысты инфрақұрылымның құрамын нарық типтеріне байланысты қарастырады. Нарық инфрақұрылымының құрамын анықтау аз зерттелген және отандық экономикалық оқулықтарда ұсынылған мәселе болып табылады. Нарық инфрақұрылым кәсіпорындардың қызмет етуін қамтамасыз ететін сыртқы жағдайлар бір жақты емес. Экономикалық процестерге ықпал ету сипатына байланысты осы жағдайларды төрт топқа бөлуге болады: 1. өнімді өндіру мен айналымын қамтамасыз ететін жағдайлар; өнімнің өндіріс сферасына қозғалысын ұйымдастыру; ақпаратты жинау, жеткізу және өңдеу; технологиялық және басқару мәселелері бойынша сауатты кеңес беру жәнет.б.; Нарықтық инфрақұрылымның негізгі міндеттері: · еліміздегі нарықтық қарым – қатынастарды дамыту; · экономиканың жоспарланған өсу жолдарын қамтамасыз ету; · өндірістік үрдістің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету; · қаржы әдістерін жетілдіру; Нарықтық экономиканы калыптастыру 3 сатыдан тұрады: өндіріс, экономика, нарық экономикасы. Өндіріс - тауарлы шаруашылықтын пайда болуына байланысты нарық қалыптасады. Экономика - өндірістен экономикаға ауысу. Айырбас еңбек өнімін тауарға айналдырып, ал айырбас өзін нарық жасайды. Нарық экономикасы - өндіруші өз алдына нарық құра алмайды, нарық сатып алушылар болғанда ғана құрылады. Нарық экономикасы – сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатынаспен реттелетін тауарлар мен қызметтер айырбасының балансы мен шаруашылық есепке, кәсіпкерлік қызметке негізделген экономика. Әлеуметтік инфрақұрылым- жұмысшы күшін қайта өндіруге және адамдардың өмір сүруіне материалдық-заттай және әлеуметтік мәдени жағдайларды жасаумен байланысты салалардың кешені.
|