Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ызмет көрсетудің тиімділігі және оны бағалау әдістері




Қызмет ету тиімділігі – қызмет етудің барлық сатысындағы маңызды сапа белгісі болып табылады. Қызмет ету тиімділігі өндіріс потенциалын қолдану дәрежесін көрсетеді, ал бұл қоғамдық өндірістегі нәтижелер мен шығын арасындағы қатынасты анықтайды. Шығын өзгермей – ақ нәтиже жоғарылаған сайын, бір – бірлік шығынға қарағанда нәтиже жылдам өскен сайын немесе, аз болған сайын, қызмет ету тиімділігі жоғарылай түседі.. Қызмет ету тиімділігі қоғамдық өндірісте және жеке кәсіпкерліктің дамуының соңғы нәтижесіне, мақсатына жеткізетін нарық экономикасының басты санатының бірі. Тиімділіктің төрт түрі анықталған.

1. Экономикалық тиімділік - кәсіпорында шешім қабылдаған кезде әрқашан шектеулі, қолда бар құралдарды пайдалана отырып, көздеген мақсатқа жетуді есепке алады.

2. Әлеуметтік тиімділік – қолда бар шектеулі құралдармен кәсіпорынның барлық қатысушыларының әлеуметтік қажеттілігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

3. Техникалық тиімділік – кәсіпорының техникалық мақсатына байланысты, алға қойылған техникалық мақсаттарға жетуді қамтамасыз етеді (өндірістік потенциалға қажетті, өнімге және өндірістік бағдарламаларға қойылған көлемдік және сапалық талаптардың орындарлуы).

4. Экологиялық тиімділік – кәсіпорының экологиялық мақсаттарға жетуіне зейін қояды.

Тиімділіктің деңгейі экономикалық өсу, өмір сүру деңгейінің жоғарылауы, инфляция деңгейінің төмендеуі, жұмыс істеу және демалыс жағдайының жақсаруы сияқты әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге әсер етеді.

Сервис ұйымының жұмыс тиімділігінің басты көрсеткіші- пайда. Сол арқылы көрсетілген қызметтердің көлемі және құрылымы, еңбек өнімділігі, шығындар деңгейі, өнімді емес шығындардың болуы көрініс алады. Пайданың түрлері - қызмет көрсетуден, салық салуға дейін және салық төленген соң. Рентабельділік көрсеткіштері бірнеше топтар бойынша есептеледі- шығындардың қайтарымын сипаттайтын, сатудың тиімділігін, капитал табыстылығын сипаттайтын.

Сервис ұйымының тиімділігін талдау басшының бақылау жүйесінің негізін құрайды. Содан алынатын көрсеткіштер персонал, басшы іс-әрекеттерінің дұрыстығын көрсетіп сервис ұйымының іс-әрекетінің тиімділігі туралы уақытылы шешімдер алуға мүмкіндік береді.

Әдеттегідей, сервис ұйымдарының қызмет тиімділігін жоғарылатудың келесі жолдарын қарастырады:

- персоналдың кәсіби деңгейін жоғарылату;

- қызмет көрсету сапасын сәл төмендету арқылы қызметтер жиынтығын көбейту;

- қызмет көрсету процесін станадарттау және техникалық жаңарту арқылы сервисті индустриализациялау;

- энергияны үнемдейтін инновацияларды енгізу;

- қызмет көрсетудің тиімділігін жоғарылату; тұтынушыларды өзіндік қызмет етуге ынталандыру;

- жаңа технологияларды пайдалану.

Қонақ үй шаруашылығын бағалауда қолданылатын 3 әдіс бар:

1. Шығыстық – қонақ үйдің жылдың әр мезгіліндегі жұмысы, оның танымалдылығы және орналасқан орны.

2. Нарықтық – қонақ үйдің материалдық және физикалық жағдайларының айырмашылығына негізделген, кейбіреулер бұл әдісті сатуды салыстыру әдісі деп атайды.

3. Кірістік әдіске құрылғыларға кеткен шығындар кіреді, яғни қонақ үйдің мүлкін бағалау. Кез келген жағдайда бағалаушылар кірістік әдісті қолданады, себебі қонақ үйдің бағасы негізінен оның кірісіне байланысты.

Қонақ үйді бағалау өте қиын, себебі көптеген факторларды есепке алу қажет. Қонақ үйлік бизнестің даму болашағын жобалай білу керек. Осы бизнестегі бәсекелестікке, оның маусымға тәуелділігіне, жылдың қай мезгілінде сұраныстың қандай болатынына, осыған сәйкес кіріске, қонақ үй клиенттердің қандай категориясын тартатынына назар аудару қажет.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 141; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты