Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Онақ үй қызметтерінің байланысты және байланыссыз түрлерге жітелуі




Қонақ үй қызметінің саласы – бұл адамдар арасындағы қарым – қатынас, нақты алушы мен сатушы арасындағы байланыс.Яғни, қызмет көрсетушілердің күш жігері демалушыларға арналып, қонақтардың ойын жаулап алу мақсатында ауқымды дәрежеде қызмет көрсету.Туризм саласындағы қызметкерлердің нақты жұмыс барысы, жұмыс уақыты, демалыс уақыты тура белгіленсе, онда бұл салада үлкен жетістіктер,атақ абыройға ие бола алады.Аз ғана уақытқа болса да туристер үшін қонақ үй – ақылы уақытша өз үйі.Ал үй ішінде адам өзін жақты сезіну, көтеріңкі көңілде болу, оны әрқашан көтеріңкі көңілмен күтіп алатындығына, оның барлық сұраныс түрлерін қанағаттандыратындығына сенімді болу шарт.Осындай жолмен ғана қонақ үйлерді туристердің екінші үйі ретінде, осы үйге қайта – қайта келу тілегін қалыптастыру керек.

Жалпы қонақ үй шаруашылығы бизнесін туристік бизнестен қарас – тыру мүмкін емес. Өйткені, қонақ үй шаруашылығы халықты жұмыспен қамтамасыз етеді және пайда табу көзі болып табылады. Қонақ үй шаруашылығы — әр бір мемлекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет түрі. Қонақ үй – кең мағынасында қысқа мерзімдік уақытта тұруға арналған жиһаздандырылған бөлмелер жиынтығы.Қонақ үй – бұл қызметтерді өндіру және қызметтер көрсету бойынша қалыптасқан күрделі шаруашылық кешені.

ЮНВТО – ның анықтамасы бойынша қонақ үй дегеніміз – белгілі бір нөмерлер санынан тұратын бірегей басшылығы бар және бір қатар қызметтер түрін көрсететін (кем дегенде төсек орнын ауыстыру және нөмерді жинау тағы басқа) сондай – ақ классқа, категорияға бөлінетін ұжымдық орналастыру құралы.Қонақ үйлердің негізгі мақсаты – туристер үшін сапалы қызметтер көрсету, оларға барлық жағдайды жасау арқылы қонақ үй өзінің дең –гейін әлемдік дәрежеде көтере алады.Қонақ үйді басқару ерекшеліктеріне байланысты олар айрықша қонақт үйлер немесе қонақ үй желілері болып бөлінеді.

Барлық қонақ үйлердің қызметтері негізгінен 4 топта қарастырылады:1. орналастыру2. тамақтандыру3. бос уақытты ұйымдастыру4. тұрмыстық қызмет көрсету.

Қонақтарды тамақтандыру жөнінен қызметтер әр түрлі комбинациядан тұруы мүмкін:өндірістік (ас бөлмесінде тамақтарды даярлау)шаруашылық (дайын өнімдерді сату, ішімдік және сусындарды сату)сервистік (қонақтарға мейрамханаларда, кафелерде, барларда, номерлерді официанттардың қызмет көрсетуі)

Қонақ үйде қосымша болатын қызметтер:бассейндерспорттық жаттығулар (фитнис залдар, тренажор залдар, конференц залдар, келіс сөз жүргізу залдар ) автомобильдерді жалға беру,химиялық тазалау, кір жуу,шаштараздық қызмет (сұлулық салон),массаж жасау кабинеттері

Қонақ үйлік бизнесті басқару кезінде көрсетілетін қызметтердің негізгі құрамын ескеру қажет:өндірістік пен тұтыну процесінің бір уақытқа сәйкес келуі,қызметті сақтаудың шектеулігі,қонақ үйлік қызметтердің сипатының жылдамдығы және жеделдігі,персоналдардың өндірістік қатысуы,қонақ үйлік қызметтерге сұраныстың маусымдық сипатта болуы,саяхат жасау мақсатымен қонақ үйлік қызметтің өзара байланысы

Қонақ үйдің классификациясы дегеніміз – бұл белгілі бір қонақ үйлері мен нөмерлерінің қызмет көрсету критерийлері немесе стандарттары бойынша сай келінуінің анықтамасын айтамыз.Қонақ үйлерді классификациялау оның ауқымдылығы мен туризм және саяхаттаудың кезекті көп түрлігінің келісімділігімен туристердіорналастырумен айналысатын мамандардың үйлесімді іс әрекетіне қарай саяхаттың әртүрлі мақсатына адамдардың материалдық сипатына, ұлттық құрамына географиялық жағдайына және табиғат ерекшелігіне байланысты.Қонақ үй классификациясы әр елде әртүрлі категорияларға бөлініп 30-ға жуық атауға ие.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 99; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты