КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Логистикалық сервис түсінігі мен жүйесіЛогистика - клиенттердің немесе корпорациялардың талаптарын қанағаттандыру үшін бастапқы нүкте мен жеткізу нүктелелерінің арасындағы ресурстар ағымын басқаруды білдіреді. Логистика ұғымы ақпарат, тасымалдау, мүліктеу, қоймалау, қаптамалау және қауіпсіздік сияқты құраушылардың бірлесуін қамтиды. Логистика көптеген кәсіпорындардың негізгі функцияларының бірі болып табылады. Логистиканың негізгі көздейтін мақсаттарын жұмыс өнімділігіне және өзіндік құнғабайланысты деп шартты түрде бөлуге болады. Оларға жататындар: қысқа жеткізу мерзімі, мүліктің төмен деңгейде ұсталуы және өндірістік қуаттарды жоғарғы деңгейде пайдалану. Логистика салалар Логистиканы келесідей салаларға бөлуге болады: · Қамтамыз ету логистикасы · Өндірістік логистика · Тарату логистикасы · Сатудан кейінгі (after sales) логистика · Шығарып тастау (disposal) логистикасы Қамтамыз ету логистикасы нарықты зерттеу, қажеттіліктерді жоспарлау, жасау немесе сатып алу шешімдері, тапсырыс беру және тапсырысту бақылау сияқты әрекеттерден тұрады. Өндірістік логистика қамтамасыз ету мен тарату логистикасын біріктіреді. Тарату логистикасы негізгі мақсаты ретінде дайын өнімдерді клиентке жеткізу болып саналады. Бұл өз кезегінде тапсырысты өңдеу, қоймалау және тасымалдаудан тұрады. Тарату логистикасының қажеті мол, өйткені өндірудің уақыты, орны және көлемі тұтыну уақыты, орны және көлемінен өзгеше. Шығарып тастау (disposal) логистикасының негізгі функциясы болып бизнес үрдістері кезіндегі пайда болған қоқыс-қалдықтарды шығарып тастауға байланысты логистика құнын азайту, қызмет түрдерін көбейту болып есептеледі. Логистика жабдықтау, өндіру, бөлу, қоймалау, тасымалдау процестерін оңтайландыруға байланысты мәселелерді шешеді, яғни, кәсіпорындар және оның жеткізушілері, делдал фирмалар және тарату желісі арасында материалдық және ақпараттық ағымдарды ауыстырумен байланысты мәселелерді қамтиды. Логистиканың мақсаты – коммерция, менеджмент, өнеркәсіп, энергетика, құрылыс, ауыл шаруашылығы, сауда, көліктік-экспедициялық сала сияқты әртүрлі қызмет бағыттарының бәсекеге қабілеттілігін, сенімділігін және тиімділігін арттыру. Логистика” француз тiлiнде (“loger”) “орналастыру” деген ұғымды бiлдiредi.Логистика дегеніміз заттардың таратылуын жоспарлауды басқаратын және оның қозғалысын бақылап отыратын ғылымның әртүрлі құрылымдағы ақпараттық, қаржылық қорларды зерттейтін ілім. Логистика туралы бірнші рет 1974 жылы наурыз айында Берлинде өткен, Европалық Конгресте осы анықтаманы қабылдаған.Логистика бөлімдерін өнеркәсіп кәсіпорындарында, аграрлы өнеркәсіп кешенінде, көліктерді НАТО аппараттарында ірі халықаралық жарыстарда өткізетін ұйымдық комитеттердің құрамына қосылды.Логистика дамуының тағы бір бағыты – экономикалық, мұнда логистика деп шаруашылық жүргізудің ғылыми-тәжірибелік бағыты, яғни өндіріс және айналым сфераларындағы материалды және олармен байланысты ақпараттық, қаржы ағындарын тиімді басқарылуымен түсіндіреді.Логистика әдістемесі мекемелерді біріктіріп, әртүрлі фазалармен басқару, экономикалық жетістіктер қатынастарымен бөлектенеді. Көбіне «логистика – ақпараттық басқару, материалдар тасқынындағы заттардың қозғалыс процесін зерттейтін ғылым» деп анықтама береді.Логистика түсініктеріндегі белгілі бір айырмашылықтарға қарамастан, олардың екеуі де жалпы және айрықша белгілерді: үйлесімділік, рационалдық және дәл есептеуді бөліп көрсетеді. логистикалық концепция енгізудің алғы шартын қалыптастырумен маңызды болды. Оған төмендегілерді жатқызуға болады:- тауарларды өткізуді ұйымдастыру жүйелеріндегі қорлар мен тасымалдау шығындарының өсуі; - көлік тарифтерінің өсуі; - маркетинг концепциясының пайда болуы және тез таралуы; - әскери логистиканың теориясы мен тәжірибесінің дамуы.
|