Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Нарық инфрақұрылымының элементтері




Нарықтық инфрақұрылым 3 элементтен тұрады:

а) рынок түрлері;

ә) сауда саласы;

б) нарықтық институттар.

Нарықтық инфрақұрылым элементтері: тауар және қор биржалары, сауда үйлері, көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындары, жәрменкелер, көрмелер, аукциондар, делдалдық құрылымдар, сауда өнеркәсіптік палаталар, кедендік мекемелер, түрлі қызмет көрсететін ұйымдар мен мекемелер.

 

1 Нарықмеханизмдерініңнегізгіэлементтері

Нарықмеханизмінің 5 негізгіэлементібар:

а) өндірушілерментұтынушылар;

ә) меншіктіңжекежәнеараласнысандары;

б) баға;

г) сұраныс мен ұсыныс;

д) бәсеке.

Тұтынушы – қандайда болсын тауарларды (өнімді, бұйымды, көрсетілетін қызметті) тұтынатын (сатып алатын) тұлға немесе фирма (ұйым); сондай-ақ жеке бастың тұрмыстық мұқтаждары үшін тауарларды (орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақырғы пайдаланушы, сатып алушы, оларға тапсырыс беруші не оларды сатып алуға немесе оларға тапсырыс беруге ниет білдіруші. Тұтынушы көбінесе тауардың бағасына, пайдалылығына, қолайлылығына, сапасы мен әдемілігіне баса назар аударады. Тұтынушының өндірушінің немесе сатушының клиенті болуы міндетті емес. Мысалы, баласына сағат сатып алған ана дүкеннің клиенті болып табылады, ал оның ұлы – тұтынушы.

Баға - адамның іс-әрекетінің әлеуметтік құбылыстарына, мінез-құлқына қатынас, олардың маңыздылығын, моральдың белгілі нормалары мен принциптеріне сәйкестігін (кұптау мен айыптау, келісу және сынау т.б.) анықтау. Адамның әлеуметтік позициясымен, көзқарасымен, мәдени деңгейімен, интелектуалды және ізгілікті дамуымен анықталады. Басқа жағынан алып қарасақ, жеке тұлғаның мінез-кұлық жүйесіндегі түрткілерді, мақсаттарды, әрекет құралдарын, олардың шарттарын, орынын есепке алу - дурыс бағалаудың қажетті шарттары.

Баға — тауар мен көрсетілетін қызмет бірлігі үшін төленетін немесе алынатын ақша (не өзге тауар мен қызмет) мөлшері. Тауар өндірісі мен ақша-тауар қатынасының пайда болып, дамуымен бірге Баға да пайда болды.

Сұраныс - нарықтық экономиканың аса маңызды санаттарының бірі, нарықта ұсынылған игіліктерге (тауарларға, көрсетілетін қызметтерге) төлем кабілеті бар қажеттіліктерді көрсетеді, яғни тұтынушы белгілі бір бағамен және белгілі бір уақыт кезеңінде сатып алуға келісетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі, мөлшері. Нарықта әрекет ететін сұраныс заңыбойынша — баға неғұрлым жоғары болса, тұтынушылар сатып алуға келісетін игіліктердің көлемі де солғұрлым аз болады және осыған керісінше. Нарықта тауарларды қажетсіну ақшалай нысанда көрсетіледі және ақшалай қаражатпен қамтамасыз етіледі.

Бәсеке дегеніміз - тауар өндірушілер арасындағы жоғары пайда табу барысында өз өнімдерін өткізудегі жарысы.

Нарық құрылымының көптүрлілігіне байланысты бәсекенің 2 түрі бар:

а) жетілген бәсеке;

ә) жетілмеген бәсеке.

Бәсекенің бөлінуіне әсер ететін факторлар: фирманың көлемі мен саны, өнім түрлілігі, нарыққа кіріп-шығу шарттары, ақпарат алу мүмкіндігі, бағаға бақылау жасау деңгейі.

Жетілген бәсеке дегеніміз- бірнеше мың сатушылардан құралатын бәсеке. Жетілген бәсекеде фирма рыноктық бағаға әсер ете алмайды. Сатылатын тауарға бағаны рынок белгілейді.

Жетілмеген бәсеке дегеніміз- таза бесекенің кем дегенде бір шарты орындалмайтын бәсеке түрі.

 

 

ОООООО

95.Ойын – сауық индустриясы зерттеу объектісі ретінде

Нарық экономикасы дамып, орын алып, дами түскеннен бері, мәдени орындардың әртүрлі саладағы кәсіпорындарының саны ұлғайып, олар сәтті жұмыс істеуде. Соның ішінде, қазіргі кездегі казино, ойын-сауық кешендерінің шаруашылығы, осы салада кәсіпорындар қатарына қызмет көрсету саласы кәсіпорыны ретінде кіреді. Кез келген кәсіпорын, оның ішінде казино, ойын-сауық кешені,мейрамханалар, мейлі олар ірі болсын немесе шағын, кішігірім болсын біртұтас құрылымға біріктірілген функционалды бөлімдердің жиынтығынан тұрады, әртүрлі мақсаттағы және әртүрлі қызметтер көрсететін осы бөлімдер өз алдына жұмыс істей отырып, біртұтас кәсіпорынның немесе сауықхананың жемісті жұмыс істеуіне өте зор ықпал етеді. Ойын-сауық,мейрамханалар үшін әрбір қызмет көрсету бөлімінің орыны бөлек. Бөлімдер бір мезгілде бір-бірінен тәуелсіз, сонымен қатар өзара тығыз байланыста жұмыс істейді. Кез келген кәсіпорында ұйымдастыру жалпы міндеттерден әрбір нақты міндетті кім орындау керектігін және бұл үшін қандай құралдар қолданатындығын анықтауға мүмкіндік береді. Ұйымдастырылған қызмет арқылы, яғни тапсырмалардың бөлінуі және бірлесулері арқылы әрбір бөлімге қатысты басқару бір бағытта жүргізіледі. Ойын-сауық кешенінің ұйымдастырушылық құрылымы мейрамхананың, казиноның тағайындалуымен оның орналасқан жерімен, қонақтарының ерекшелігімен, оның жан-жақты жаңа үрдісте болуымен, жаңа технлогиялардың қолданыста енуімен және басқа да факторлармен анықталады. Қоғамның әлеуметтік негізгі тетігі болып саналатын іргелі ұйымның, яғни Ойын-сауық кешеніне енетін кәсіпорындарының орын тебуі мемлекет үшін де, болашақ үшін де өркениет белгісі болып қала бермек.

MEGA - Қазақстанның әлемдік деңгейдегіірі сауда, ойын-сауық орталығы.

Ол қазіргі және болашақ Қазақстанның бөлінбес бөлігі, қаланың қонақжай орталығы, бет-бейнесі. MEGA сауда, ойын-сауық орталығының құрылысын дамытумен Astana Group холдингі айналысады. Ол түрлі бағыттағы компанияларды табысты басқаратын республикадағы жетекші девелопер (дамытушы) әрі отандық инвестор.

MEGA сауда, ойын-сауық орталығы Қазақстанның төрт қаласы: Астанада, қаржы орталығы-Алматыда, оңтүстіктегі ірі қала-Шымкентте, батыста Ақтөбеде ашылған.

MEGA орталығының жобасын сауда, ойын-сауық нысандарын жобалауға маманданған, халықаралық деңгейде жұмыс істеуде отыз жылдық тәжірибесі бар француздың Design Architectural компаниясы жасаған.

Әр MEGA сауда, ойын-сауық орталығы сәулеті мен аумағы жөнінен еліміздегі қала құрылыстарының бірде-біріне ұқсамайды. Кешен құрылысы қазіргі заманғы әлемдік стандартқа сай, мегаполис тұрғындарының жоғары эстетикалық талаптарына орай жабдықталған.

V-Ratio Business Consulting Company өткізген зерттеу нәтижесі бойынша, 2009 жылы қаңтарда MEGA брендінің құны 62,8 млн. долларға бағаланған. 2008 жылы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша бренд бағасы 439 % өскен.

Exclusive журналының мәліметі бойынша MEGA 2009 жылдың ақпанында отандық ТОР-50 (жоғары санатты) компанияларының қатарына енген (14-орын, 2009 жылы қаңтарда – 27- орын), 2008 жылы 1 наурызда Қазақстан тұтынушылар Лигасының «Мінсіз» сыйлығының иегері атанды.

2007 жылы 16 желтоқсанда MEGA Alma-Ata-ға келушілердің рекордтық көрсеткіші тіркелді, 108 000 адам демалуға келген. MEGA-ға күнделікті 30 000 адам келсе, демалыс күндері олардың саны 60 000-ға жетеді.

ӨӨӨӨӨ


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 420; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты