Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Зиянды өндірістік факторлар




 

Ұнтақты дайындау цехтары, желі солтүстік шығыс бағытында соғатын және жазық далалы келетін шығыс Қазақстан жағдайын ескере отырып салынған. Сондықтан цех ғимараты жел бағытына 600 бұрышпен салынған. Осыған байланысты ұсақтау бөлімінде жыл бойы шаңды сору, яғни желдету жақсы қамтамасыз етіледі.

Ғимарат пен оның ішіндегі заттардың салынуы мен пайдалануы, ғимаратты пайдаланудағы құрылыс ережелеріне, техника қауіпсіздігіне және өндіріс тазалығына сай жүзеге асырады.

Ұнтақтағыштың жұмыс кезінде адамның денсаулығына кері, зиянды әсерін тигізетін шу мен діріл пайда болады. Және де қошаған ортаның шаңдануы да өте жоғары 11мг/м3 дейін, бөлімшедегі шаңның шекті шақтама нормасы 2 мг/м3 тан аспауы керек. Өндірістік операциясы кезінде респираторлар тығу керек. Ауыз арқылы улану, асқазан ауруларына шалдықтырады.

Жоғарыда аталған зиянды өндірістік факторлардың алдын алу үшін техникалық процестердің атмосфераның жіберетін улы заттарды ұстайтын, шаңды камералар орнатылуы қажет, ғимараттардың ішінде әр жерде желдеткіштер, діріл мен шу деңгейін азайтатын қондырғылармен айла бұйымдар қолданылуы қажет.

Ұнтақтау цехтары ең көп мөлшерде шаңданған бөлімшелер қатарына жатады. Ірі ұсақтау бөлімшесінде ұнтақты ұсақтағышқа тиегенде және одан түсіргенде айтарлықтай шаң көтеріледі. Ауадағы шаңның шахтама мөлшеріне байланысты. Құрамында кварцы бар шаңның шахтама нормасы төмендегідей: α% дейін -10м23, 2-10% аралығында - 4 м23, 70% дейінгіде - 2 м23.

Шаңның мөлшерін азайту үшін ұсақталатын материалды вагоннан ұнтақтағышқа түсірер кезінде технологиялық процеспен жіберілетіндей етіп дымқылдандырады.

Дыбыстың қысымын өлшеу үшін бел деген өлшеу бірлігі қолданылады. Шуға қарсы шаралар жалпы ортақ сипатты және жеке қоғаныс ретінде жүргізіледі. Адамның шуды қабылдау диапазоны шамамен 130дб, ал 140дб адам көтере алмайды.

Шуды азайту үшін жобада қарастырылған металды бөліктердің орнына металл емес әртүрлі төсеніштермен ауыстырады және машиналармен механизмдердің соқтығысатын бөліктерінің арасын майлайды.

Ұнтақтағыштың жұмысы кезінде адамның денсаулығына зиянды әсерін тигізетін діріл пайда болады. Жұмыс орнының өндірістік діріліне санитарлық нормалармен шекті шахтама амплидудалар, жылдамдықтар және теңселмелі жүйелердің үдеуі тағайындалған. Жарықтандыру нормасы қондырғылармен және гимараттың ішіне керекті жарықтандырғыштармен қадағаланады. Жұмыс орындарын жарықтандыру үшін, ұзаратын 12В жарықтандырғышын қолдануға болады. Дірілге қарсы шаралар:жабдықтарды іргетастарға жақын қою, құрылымдардың тығыз қатты қосындылары бар жерге төсеніштер, қою, машиналармен оның орнатылған базасының арасына амортизаторлар қою.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 130; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты