КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Электрлік пештердің классификациясыЭлектрлік пештер классификациясының негізі – электрлік энергияны жылуға айналдыру (164 сурет). Осы қағида бойынша электрпештерін доғалы және кенді термиялық; кедергімен қыздыру; электроқожды үрдістер үшін; индукционды қыздыру; диэлектрлік қыздыру; электронды-сәулелік қыздыру; плазмалық қыздыру; инфрақызыл қыздыру; лазерлік қыздыру және т.б. электрлік энергияны жылуға электроқыздыру кезінде айналдырудың негізгі әдістері: 1 – жылуизоляциялық футеровка; 2 – қыздырылатын бұйым немесе орта; 3 – күш қорегінің көздері; 4 – қыздырғыштар; 5 – индукторлар; 6 – экран-қыздырғыш; 7 – электродтар; 8 – фокустаушы жүйе; 9 – катод; 10 – ион көздері. Доғалы және кенді термиялық пештерде электрлік энергия доғалы бөліктің плазмасында жылуға айналады, ол бірі қорытылатын материалдың массасы болып табылатын екі электродатар арасындағы кеңістікте болады ( 164, д, е сурет). Кедергімен қыздыру тік және жанама қыздыру пештерінде жүзеге асуы мүмкін. Тік қыздыру пештерінде (164, г сурет) электрлік энергия токтың қыздырылатын дене бойымен өтуі кезінде жылуға айналады, бұл ток төмендету трансформаторы арқылы қоректендіретін электрлік желіге қосылады. Жанама және инфрақызыл қыздыру пештерінде (164, а сурет) электрлік энергимя токтың үлкен омдық кедергісі бар (қыздырғыштар) элементтер арқылы өту кезінде жылуға айналады және қыздырылатын денеге негізінен конвекция мен сәулешығару есебінде беріледі. Электроқожды үрдістерге арналған пештер тікелей қыздыру пештерінің арнайы түріне жатады, онда электрлік ток мына жүйеде айналады: «қорек көзі – тазартылатын кесек (шығындалатын электрод) – рафинделетін қож - тазартылатын кесек – су суытатын кристаллизатор – қорек көзі», ал токтың өту есебіндегі негізгі қыздырылатын дене рафинделетін қож болып табылады, одан жылу басқа элементтерге жылуөткізгіштікпен беріледі. Индукционды пештерде қыздырылатын денені (164, б) немесе осы денені қамтитын экран-қыздырғышты (164, в) ауыспалы элеткромагниттік ортаға орналастырады және ондағы айналатын құйынды токтармен қыздырады. Диэлектрлік қыздыру пештерінде өңделетін материалды жоғарыжиілікті контурдың бөлігі болып табылатын конденсатор пластиналар арасына қояды. Қыздыру бұл материалдағы диэлектрлік шығындардың шығуы есебінде пайда болады. Егер қыздырылатын материал жартылай өткізгіш болса, онда қыздыру ығысу тогы мен өткізгіш тогын жүргізу есебінде орындалады. Электронды-сәулелік пештерде электромагнитті ортамен үделетін және фокусталатын электрондар шоғырының (ағынының) энергиясы қыздырылатын дене массасындағы электрондардың тежелуі арқылы жылуға айналады (164, ж,з сурет). Доғалы және электроқожды жалпыметаллургиялық қолданыстағы электропештерді ұнтақты металлургияда ұнтаққа тозаңдатуға бағытталған қорытпаларды алу үшін қолданады. Кедергімен қыздыруға арналған электропештер ұнтақтақты металлургияда қолданалатын пештердің негізгі бөлігін құрайды, және жоғарыда аталған технологиялық операциялардың барлығын орындау кезінде қолданылады. Индукционды қыздыру электропештерін баяу балқитын қосылыстардың ұнтақтарын элементтер синтезімен алу, пісіру, ұнтақты бұйымдарды термоөңдеу, ұнтақты дайындамаларды қысыммен өңдеуге дейін қыздыру кезінде пайдаланады. Электронды-сәулелік қыздыратын электропештерді ұнтақтардың кейбір түрлерін пісіру кезінде қолданады. Басқа типтегі электропештерді ұнтақты металлургияда мүлдем қолданбайды. Энергияның айналу қағидасына тәуелсіз, пештерді келесідей классификациялайды: пештің жұмыс кеңістігіндегі максимал температура деңгейі бойынша – төментемпературалы (< 873 К), орташа температуралы (873−1 523 К) және жоғарытемпературалы (≥ 1 523 К); пештің жұмыс кеңістігіндегі атмосфера сипаты бойынша – ауалы ортасы бар пештер, қорғайтын газды ортасы бар компрессионды пештер, вакуумды және вакуумды-компрессионды пештер; технологиялық цикл сипаты бойынша – периодты әрекетті және үзіліссіз әрекетті пештер.
|