КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ндірістің технологиялық сұлбасын жасауЦехты жобалаудың бастапқы кезеңі кез келген металлокерамикалық бұйымды дайындаудың технологиялық сұлбасын жасау болып табылады. Ұнтақты металлургияның технологиялық сұлбаларының әр түрлі нұсқаларынан техникалық оңтайлы және экономикалық рентабельді нұсқаны таңдаған жөн. Технологиялық сұлба техникалық жобада принципиалды сұлбадан талдап тексерумен ерекшеленеді. Негізгі мақсаты – ең кіші өндіріс циклында және ең кіші өзіндік бағасы болған кезде жоғары сапалы бұйымды алуды қамтамасыз ететін технология нұсқасын таңдау. Технологиялық үрдіс алдымен графикалық сұлба түрінде, содан кейін бұйымның әр түріне нақты технологиялық карта жасалады, онда ұнтақ қоспасының құрамы, пресстеудің меншікті қысымы, пісіру температурасы, сақтау уақыты, бақыланатын атмосфера және басқа да технологиялық параметрлер белгіленетін өндірістің барлық операциялары көрсетіледі. Технологиялық карталарды бірнеше біртипті бұйымдарға жасаған жөн. Өндірістің принципиалды сұлбасының мысалы 10-суретте көрсетілген. Технологиялық сұлбаның соңғы нұсқасын бекіткеннен кейін материалдық теңдік есебінің негізінде материалдың қанша мөлшері қайта өңдеуге жарамды екені анықталады. Материалдық теңдіктің негізгі мәселесі – дайын бұйымдарды шығарудың жоспарланған көлемінде, берілген технологиялық сұлба үшін қайта өңдеуге кететін бастапқы материалдардың санын есептеу болып табылады. Табылған бастапқы материал мөлшері өндірістің түрлі шектеріндегі қажетті жабдықтардың санын есептеу үшін негізгі фактор болып саналады. Технологиялық жобалау кезінде дайындық жұмысын, құрылыс жағдайлары туралы ақпарат жинау мен өңдеу жүргізіледі; цех жобасына кіретін болжамды технологиялық үрдістердің құжаттарын меңгеріп дайындайды. Жобалау барысында жобаланатын цехтың өндірістік үрдістерінің технологиялық сұлбаларын жасайды; цех бойынша өндірістің операциялық және жалпы материалдық теңдіктерін есептейді; жабдықты құрастырудың бастапқы жоспарын құрады. Металл ұнтақтар. Ұнтақтың химиялық және түйіршік метрикалық құрамы. Металл ұнтақтарды қайта қалпына келтіруге дейінгі жағдай. Ұнтақтың химиялық және түйіршікметрикалық құрамын, бөлшектер пішінін техникалық бақылау. Ұнтақтарды елеу. Ұнтақтың түйіршікметрикалық құрамын, себілу тығыздығын техникалық бақылау. Ұнтақтарды араластыру. Ұнтақтардың гомогенділігін, себілу тығыздығын техникалық бақылау. Бұйымдарды пресстеу. Пресстеу санына қатысты брикеттерді техникалық бақылау. Пісіру. Пісіруден кейінгі бұйым сапасын техникалық бақылау, отыру мен кеуектілікті анықтау. Калибрлеу. Калибрленген бұйымдарды өлшемдері мен сапасына қарай техникалық бақылау. Дайын бұйымдарға майдың сіңуі. Сіңген майдың мөлшері бойынша бұйымды техникалық бақылау. Дайын өнімді жинау.
10-сурет. Ұнтақты металлургияның приниципиалды технологиялық сұлбасы
Цехтың қабылданған технологиясында келесі негізгі мәселелер анықталуы керек: 1)шығару бағдарламасы, жұмыс режимі, ауысым; 2)технологиялық режимдер бойынша негіздемелері мен есептері бар өндірістің толық технологиялық сұлбасы; 3)өңделетін материалдардың физикалық сипаттамасы; 4)негізгі жабдықтың санын таңдау және есептеу, оның қысқа сипаттамасы; 5)үрдісті жүргізу технологиясы; 6)қойма орындары және қоймаға жинау технологиясы, қойма ауданын есептеу, цехтың көліктік жабдықтары; 7)жабдықты спецификацияларымен бірге орналастыру жоспары; 8)судың, будың, газдың, қысылған ауаның, қышқылдардың, майлардың, эмульсияның шығыны; 9)жабдықтар астындағы іргетастың, майжертөлелерінің, туннельдердің габариттері; 10)қосымша бөлімдер мен қызметтер, қосымша материалға қажеттілік; 11)нормативті-технологиялық карталар. Цехтың технологиялық және көліктік жабдықтарының нақтыланған орналасу жоспарын негізгі жобалы шешімдер бойынша жұмыс барысында белгілейді. Цехты қайта салу кезінде жобаны қолданыстағы жабдықтарды, коммуникацияны, сантехникалық және энергетикалық қамтуларды ескеріп жасайды. Технологиялық бөлімді жобалады аяқтау кезінде есептік түсіндірме қағазы жасалады, ол жаңа немесе қайта салынған цех жобасының технологиялық бөлігін жасау бойынша технолог-жобалаушылар жұмыстарының соңғы кезеңі болып табылады. Түсіндірме қағазымен бірге негізгі және қосымша жабдықтың тапсырыс спецификациясы беріледі, оның негізінде зауыт-дайындаушыда жабдыққа тапсырыс беру жүзеге асырылады. Ұнтақты металлургия цехтарын жобалаудың басында есептік түрөлшемдерді дұрыс таңдау және оларды топтастыру аса маңызды болып саналады. Есептік деп ұнтақты металлургия бұйымдарының кең номенклатурасының түрөлшемдерін атайды, оларды қабылдау жағдайы бойынша жабдықтың технологиясы мен сипаттамасын анықтайды: негізгі параметрлер, орнатылған қуат, номинал жылдамдық және оны реттеу шектері, өнімділік, ресурстар шығынының және қызметтердің нормалары, өзіндік бағасы және келтірілген шығындар. Әдетте ұнтақты металлургия цехтарында өндіріс орташа немесе ұсақ сериялы болады, яғни бір цехта кең және әр түрлі сортамент бар, ол кіші партия массасы бар бұйымның жүздеген аттарын есептейді. Мұндай үлкен сортамент бойынша жобалы, ал жұмыс істейтін цехтарда түрлі жоспарлы-экономикалық есептер жүргізу мүмкін емес. Сондықтан, өндірістік режимдерді нақты орнатуға, қажетті жабдықтардың санын есептеу мен таңдауға кіріспес бұрын, барлық берілген сортаментті негізгі жабдықтың бірдей кешенінде өңделетін бұйым топтарына бөледі. Осындай әр топқа есептік түрөлшем таңдалады. Есептік түрөлшемдер бірнеше талаптарды сай келуі керек. Бұйымдар орташа, максимал және минимал сипаттамалармен бірге, өлшемдермен, өңдеу көлемдерімен және т.б. көрсетілуі керек. Технологиялық үрдісті жобалау кезінде жұмыс істейтін жабдық таңдалуы мүмкін, алайда ол заманауи деңгейге жауап беруі керек, сондай-ақ модернизация сұлбаларын көрсету арқылы жетілдірілген, автоматтандырылған және механикаландырылған болуы тиіс. Негізгі жабдықты таңдаудан кейін технологиялық үрдістің режимдерін жасауға кіріседі. Қосымша жабдықтың барлық түрі отандық және шетелдік тәжірибелердің жетістіктерін ескеріп таңдалуы керек. Қосымша жабдықты цехта негізгіден кейін орналастырады. Өндірістік технологияны орнатып, негізгі жабдықты таңдағаннан кейін әр есептік түрөлшемге нормативті-технологиялық карта құрылады. Нормативті-технологиялық карта цехтағы негізгі құжат болып табылады, оған сәйкес кез келген өнім дайындалады. Сондай-ақ бұл – цехың нормативті-анықтамалық ақпаратының негізгі қайнар көзі. Онда кезекпен барлық технологиялық операциялар белгіленеді, олардың технологиялық сипаттамалары беріледі, жабдық анықталады, әр операциядағы қалдықтар мен шығындардың оңтайлы нормалары туралы мәліметтер беріледі, толтыру коэффициенті және жарамды шығыс пайызы анықталады. Техникалық нормалау мәліметтерінің негізінде шығару нормалары белгіленеді, білдек- және адам-сағат шығындары мен жарамды өнім тоннасына бағалаулар есептеледі. Нормативті-технологиялық картаны құрған кезде келесі жағдайларды басшылыққа алған жөн: шығарылатын өнімнің әр топшасына жеке карта есептелуі керек; егер бірнеше топшаға бір жалпы өкіл таңдалса және бұл топшалар бір технологиялық сұлбамен дайындалса, онда НТК топшалар санына сәйкес даналар мөлшерінде дайындалуы қажет; егер бір өнім өкілі екі немесе одан да көп цехтарда өндірілсе, онда мұндай бұйымдар үшін бірлік НТК есептеледі, оған бірінші цехтың қайта бөлісі және екіншінің қайта бөлісі жатады.
|