Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


КІРІСПЕ. Металлургия мен машина жасауды дамыту тиімділігін жоғарылату бүкіл халықтың маңызды міндеті болып табылады




 

Металлургия мен машина жасауды дамыту тиімділігін жоғарылату бүкіл халықтың маңызды міндеті болып табылады, бұл Қазақстанның әлемдегі бәсекелестікке қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясына әсерін тигізеді. ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтың "Қазақстан-2050" стратегиясы" жолдауында келесілер белгіленген:

- Адамзат өндіріс атауын өзгертетін Үшінші индустриалды революцияның босағасында тұр. Технологиялық жаңалықтар әлем нарығының құрылысы мен қажеттіліктерін түбегейлі өзгертеді. Біз бұрынғымен салыстырғанда енді мүлде басқа технологиялық шынайылықта өмір сүрып жатырмыз. Сандық және нанотехнологиялар, робот техникасы, регенеративті медицина және басқа да ғылым жетістіктер қоршаған ортаны ғана емес, адамзатты да өзгертіп күнделікті шындыққа айналады. Біз осы үрдістердің белсенді қатысушылары болуымыз керекпіз.

Қазіргі таңдағы машина жасау технологиясын дамытудың негізгі бағыттарының бірі қолданыстағы және жаңа қалдықсыз, материал үнемдейтін өндірістік үрдістерді, яғни механикалық өңдеу арқылы минимал әдіптермен немесе оларсыз жетіспейтін материалдар шығынын төмендету кезінде дайындамалар алуды қамтамасыз ететін үрдістерді жасау мен жетілдіру болып табылады. Бұл мәселені шешу кезінде ұнтақты металлургия белгілі бір рөл атқарады.

Ұнтақты металлургия – бұл металлдар мен қорытпалардан ұнтақ жасаудан және олардан негізгі құрауышты балқытпай дайындамалар мен бұйымдарды алудан тұратын техника саласы.

Ұнтақты металлургия әдісімен қасиеттері және балқу температурасы ерекше түрлі құрауыштардан тұратын материалдарды, әр түрлі физико-механикалық қасиеттер кешені бар жаңа материалдарды жасап шығаруға болады. Ұнтақты металлургия принципиалды жаңа материалдар мен олардың өнімдерін де, сондай-ақ жалпыға ортақ құрастыру тетіктерінің кең номенклатурасын да дайындау үшін қолданылады.

Заманауи техниканың ең жас салаларына жататын ұнтақты металлургия, сонымен қатар металлды және оның өнімдерін өндірудің көне тәсілдерінің бірі болып саналады. Көне заманда (біздің заманымызға дейін) алтын, мыс және қола ұнтақтары ажарлау мақсатында қолданылғаны белгілі. Таза темірді балқытуға қажетті температураны алу әдістері болған жоқ, сондықтан дайындаманы жасауды ұнтақты металлургия әдісімен жүзеге асырған. Домендік өндірістің пайда болуымен бұйымды ұнтақты металлургиямен жасау уақытша тоқтатылды.

ХХғ-дың басында ғана, электротехниканың жақсы дамуы жаңа материалдарды талап еткенде, қайтадан бұйымдарды ұнтақты металлургиямен дайындау технологиясы дамыды. Бұл оның қайта өрлеуіне, кейінгі дамуына және өндіріске белсенді енгізілуіне алып келді. 30-жылдары магнитті және контактылы материалдарды, өздігінен майланатын мойынтіректерді, қатты қорытпаларды, т.б өндіру басталды.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 242; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2025 год. (0.745 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты