Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Цехты жоспарлау және ондағы жабдықтарды қою




Цехты жоспарлау – аса күрделі және жобалаудың қағидалы тапсырмасы болып табылады. Бұл тапсырманы шешер кезде қолданылатын материалдар мен оларды сақтау әдістері; жабдықтардың типтері мен сандары, оларды пайдалану ыңғайлылығы; жұмысшылар еңбектерінің жағдайлары; жүкағындарының болуы және т.б. ескеріледі. Ұнтақты металлургия цехы әдетте келесі аймақтардан немесе бөлімдерден тұрады:

1. металл ұнтақтар мен басқа материалдар қоймасы.

2. Ұсатып араластыру бөлімі.

3. Ұнтақтар мен грануляцияларды араластыру бөлімі.

4. Пресстеу бөлімі немесе бұйым дайындамаларын пішіндеу бөлімі.

5. Пісіру және қорғаныш газдарын өндіру бөлімі.

6. Дайын бұйымдарды калибрлеу, жетілдіру, ылғалдау немесе қосымша өңдеудің басқа түрлерінің бөлімі.

7. Дайын өнім қоймасы.

8. Зертхана, техникалық бақылау аймағы, конторалы және тұрмыстық бөлмелер.

Ұнтақты металлургия кәсіпорындары өнеркәсіптік аймақта құрылыс нормаларының, өнеркәсіптік кәсіпорынды жобалаудың өртке қарсы нормаларының талаптарына сай орналасуы қажет.

Төменде жоспарлау кезінде ескеруге қажетті жабдықты орналастыру мен өндірістің жеке құрылыстарының кейбір ережелері көрсетілген. Шикізатты қабылдау бөлімі мен қосымшалар қоймалары шикізаттың түсу жағына қарай орналасу керек. Дайын өнім қоймасы жүк ағындармен түйіспес үшін өнімді жіберу жағына қарай орналасады. Өндірістік корпусты орналастыру мен қрау кезінде өнеркәсіптік аймақта оны кеңейтудің мүмкіндігін қарастырған жөн.

Цехтың орналасуы цехаралық көліктің бос жүрістерін қысқартумен өндірістің максимал ағынын қарастыру керек. Жеке машиналар мен агрегаттардың орналасуы кезінде жіберетін көліктік құрылғылардың (конвейер, элеватор) минимал мөлшерін қолдануды ескерген жөн.

Негізгі агрегаттарды ғимарат еденінің деңгейінде орнату ұсынылады (жабдықты орнатудың сызықтық сұлбасы). Жабдықты өндірістік ғимараттарда және жұмыс орындарында орнату жұмысшыларға қауіпсіз болу керек. Адамдардың жұмыс орнына қарай қозғалуы көліктік ағын аз болатын қысқа маршрута жүргізілуі тиіс.

Жабдықты пайдаланатын көтеру-тасымалдау құралдарының әрекеттену аймағында орналастыру керек. Технологиялық жабдықтың орналасуы оны пайдалану, қызмет көрсету, жөндеу, монтаждау және демонтаждау кезінде ыңғайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуі қажет.

Цехта негізгі жабдықты орналастыру технологиялық жобалаудың маңызды да күрделі операцияларының бірі болып табылады.

Бұл операцияның маңыздылығы жабдықтың орналасуы өндірістік ағындарды анықтауында, олар цех немесе аймақ жұмыстарының технико-экономикалық нәтижелеріне әсерін тигізеді.

Бұл операцияның күрделілігі келесіде, жаңа кәсіпорындарды жобалау кезінде бір уақытта екі өзара байланысқан тапсырмаларды шешу керек, соның ішінде: ғимарат пішінін өтпе жолдар саны мен өлшемдерімен бірге таңдау және оларға қатысты жабдықты орналастыру (3 кесте).

Бұл тапсырмалардың әрқайсысын шешу бірнеше нұсқаларға ие. Сондықтан оңтайлы нұсқа таңдау үшін бірінші қарағанда ең жөндісін зерттеп, солардан оңтайлысын таңдап негіздеу керек.

 

Жабдықты орнату кезінде оның зауыт дайындаушы жасаған габариттік және монтажды сызбаларын басшылыққа алу керек. Цехаралық көлік бар болған жағдайда ол үшін өтпе жолдар қарастыру керек, жол 1м-ден кем болмауы тиіс.

Конвейерлердің өндірістік ғимараттарда, галереяларда, эстакадаларда орналасуы қауіпсіздік талаптарына сай болуы керек. Жөндеу жұмыстарын механизациялау үшін массасы 50кг-нан асатын жеке тетіктерді алуға, орнатуға және тасымалдауға арналған айлабұйымдарды қарастыру керек. Даналы және аз сериялы сипаттағы өндірісте жүкағындарының жүйісуі мүмкін, бірақ керегі жоқ. Мүмкін болған жағдайда, материалдарды бір операциядан екіншісіне өздігінен ағуды жүргізу керек, бұл агрегаттардың жақын қашықтықта болуына себеп болады.

Жарылуға қауіпті, тұтанатын және үлкен шуда жасалатын агрегаттарды изоляцияланған ғимаратта орнатқан жөн.

Пештер мен пресстеу жабдықтарын қабырғадан 1-1,5м-де орналастырады. Жабдықты орнатуды жоспарлау кезінде цех құрылысы тік бұрышты болуын қарастырған жөн. Сақтау барысында металл ұнтақтар қышқылданады, бұл бұйым сапасының төмендеуіне әкеледі. Сондықтан цехта металл ұнтақтарын орнына келтіруге дейінгі бөлім қарастырылады, бұл кей жағдайда пісіру бөлімімен бірігеді.

Орта және кіші қуатты ұнтақты металлургия цехының жұмыс істейтін кәсіпорында, басқа цехтардан қашық болатын бөлек ғимаратта орналасуы жөнді емес. Бұл цех жалпы өтпеде орналасуы мүмкін, бірақ одан міндетті түрде капиталды қабырғамен бөлінуі қажет. Егер ғимарат көп қабатты болса, онда технологиялық үрдіс жоғарыдан төменге жобаланады.

Жоғарғы қабатта шихталы материалдарға арналған бункерлер және ұнтақтарды дайындау мен араластыру жабдығы орналастырылады, төменде – пішіндеу мен пісіру бөлімі. Цехтар мен кіші қуатты аймақтардың барлық негізгі технологиялық жабдығы жалпы корпуста орналасуы мүмкін. Бұл тізімге ұнтақты ұсату мен араластыру кезінде пайда болатын шу мен шаң болғандықтан басқа бөлмелерден бөлінген араластырып ұсақтау жабдығының бөлімі кірмейді. Бақыланатын атмосфераны (сутек, эндотермиялық газ, көміртек қышқылы, диссоциирленген аммиак) алуға арналған қондырғы негізгі бөлмеден тыс орналасып одан капитал қабырға арқылы бөлінуі қажет.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 379; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты