КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ндірістің әдістерін негіздеу мен таңдауҰнтақты металлургияда материалдарды өндірудің технологиялық сұлбасы өзгеру мүмкін, оның салдарынан операция сандары тұрақты емес (9 сурет). Пішіндеу аса маңызды операцияның бірі және ұнтақты металлургияның техникалық мүмкіндіктерін анықтайды. Дайындамаларды пішіндеу сыртқы қысыммен алдын ала жасалған пішіндерле жүргізіледі (суық күйде немесе белгілі бір температураға дейін қыздырылғанда). Пішіндеу үрдісі сығудің қажетті деңгейіне дейін пресстелетін ұнтаққа қсоылатын қысым шамасымен сипатталады. Сығуға кететін қысым аз болған сайын пішіндеу операциясы арзан. Әдетте қысым шамасы 20-100 МН/м2 жетеді.
9 сурет Пішіндеу әдістері былайша бөлінеді: 1) Үзілісті (пресстеу) және үзіліссіз (қалыптау, мунд-даналы пресстеу және т.б.); 2) Пішінделетін брикеттің тұрақты және ауыспалы аймағы кезінде жүзеге асатын; 3) Суық, бөлме температурасында жүретін және ыстық – рекристаллизация температурасынан жоғары температурада; 4) Вакуумда немесе атмосфералы қысымда; 5) Тұрақты, үзіліссіз өсетін, жылдам өсетін қысыммен және дірілді қысым қосымшасымен; 6) Біржақты, екіжақты, көпжақты және центрге тартқыш қысым қосымшасымен. Қазіргі таңда металлокерамикалық тетіктерлі пішіндеудің келесі технологиялық нұсқалары белгілі: жабық немесе ашық пресс-пішіндерде пресстеу, мунд-даналы пресстеу, үйкеліс күшін қолдану арқылы пресстеу, гидростатикалық, вакуумды, ыстықтай, дірілді пресстеу, себілмелі ұнтақтарды қалыптау, пресстелген брикеттерді қалыптау, қабықшалы ұнтақтарды қалыптау, шликерлік пішіндеу, жару арқылы пресстеу. Пішіндеу әдісін таңдау түрлі факторларға байланысты болады. Оларға тетік пішіні мен өлшемдері, материал, өндіріс масштабтары, қажетті дәлдік классы мен бет жиіліктері, материалдағы қоспалар түрлері мен мөлшері, ұнтақ қасиеттері, тетікті қосымша механикалық өңдеусіз дайындау, термиялық өңдеудегі немесе гальваникалыө қабаттардағы қажеттілік, кеуектілік (тесіктер өлшемі мен пішіні), жабдықтың болуы, экономикалық ойлану. Пішіндеудің аса рационалды әдісі жоғарыда аталған факторларды талдаудан кейін ғана таңдалады. Тетіктің әр түріне жеке факторлар оны даййындау кезіндегі әдісті таңдауды анықтаушы болып табылады. Мысалы, ұзындығы оның жанама қимасынан едәуір ұзын тетіктерді мунд-даналы пресстеу, гидростатикалық пресстеу немесе пуансонмен пресстеу әдістерін қолданып дайынлауға болады. Пресстеу әдісін таңдау сондай-ақ жабдықтың болуына және үрдістің экономикалық көрсеткіштеріне байланысты жүргізіледі. Пішіндеудің кең таралған әдісі – жабық пресс-пішіндерде суықтай пресстеу болып табылады. Пішіндеуден кейінгі келесі операция бұйымды пісірілетін композицияның негізгі металлының балқу температурасынан төмен болатын орнына келтіру ортасы бар пеште пісіру болып табылады. Кейбір жағдайда пісіру ерекше қасиетке жету үшін бірнеше рет жүргізіледі, бірақ көп жағдайда бір рет те жеткілікті. Әдітте тетікті дайындау үрдісі пісіруден кейін аяқталады. Егер арнайы қасиет немесе нақты өлшемдер керек болса, онда барлық пісірілген бұйымдарды қайтадан пресстеп, калибрлейді. Бұйымның аса нақты өлшемдерін алу үшін пісіруден кейін арнайы пресс-пішіндерде пресстеу жүргізіледі. Пісіру бұйым өлшемдерінің өзгеруіне әкеледі. Қажетті дәлдік керек болғанда бұйымды калибрлеу керек (әдетте тез жүретін пресстерде). Мұндай операция металл беріктілігін жоғарылату үшін жүргізіледі және бұйымның меншікті салмағының өсуімен аяқталады. Кейде пісіруден кейін тетіктерді кейінгі пісіру немесе күйдіру арқылы екі не үш реттік сығады. Кей жағдайда бұйымды қайта пісіру кейінгі операцияларды орындаған кезде пресстелген ұнтаққа үлкен қаттылық беру үшін қысқа уақытта сақтау арқылы төмен температурада жүргізіледі. Қайта пісіру кейде пресстеуді жеңілдету үшін қосылатын майлау заттарын (цинк стеараты, машина майы, литий стеараты) күйдіру үшін жүргізіледі. Бұдан кейін бұйымға қажетті тығыздық, қаттылық және беріктік беру үшін соңғы рет пісіреді.
|