Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тістегеріш соғылмасын баспақта қалыптаудың технологиялық үрдісін істеу. Соғылманы құрылымдау.




суретінде көрсетілген тетік сызбасы бойынша соғылманың сызбасын құрылымдайды. Дайындаманы қыздыру үшін жалынды пешті қолданады. Қалыптаушы жабдық ретінде қосиінді ыстықтай қалыптау баспағын (ҚЫҚБ) пайдаланады.

 

4.23 – сурет. Тістегеріш тетігі

 

Тетік ПХ18Н15 легірленген болатынан жасалады (МЕСТ 28378-89 ). Химиялық құрамы: 0,071 % С, 0,064 % Мn, Si -0,032 %, Cr-17.24 %, S -0.0128 %. Ni-13% Cu-0,00083%, қосымша Ti-0,030%, Ca-0,058%

Тетіктің массасын анықтау. Айтылған массаны, тетікті алдын ала қарапайым фигураларға (сақиналарға) бөліп, осы тетіктің көлемі мен тығыздығын негізге алып анықтайды.

мұндағы ρ – соғылма материалының тығыздығы, кг/м3, болат үшін 7850; Vд – тетік көлемі, м3; V1 тістегеріш тоғынына сәйкес келетін фигураның көлемі, м3; V2 тістегеріш тоғыны мен күшпек арасында орналасқан сақинаның көлемі, м3; V3 тістегеріш күшпегіне сәйкес келетін фигураның көлемі, м3; D, d – сақинаның сыртқы және ішкі диаметрі, м; Н – сақинаның биіктігі, м.

 

Есептеу үшін бастапқы мәліметтер. Соғылманың массасын былай анықтаймыз:

мұндағы Кр – соғылманың есептеу массасын жуықты анықтау үшін қолданылатын есептеу коэффициенті (жоғары жақты қараңыз). Соғылманың пішіні қарапайым және өлшемі кішкентай болғандықтан мынандай мөлшерді қабылдаймыз: Кр = 1,1.

Соғылманың дәлдік класын таңдау. Анықтамалар бойынша ҚЫҚБ жабық қалыпта қалыптаған кезде дәлдіктің бес класы ішінен Т3 дәлдік класын таңдау ұсынылады.

Болат тобын анықтау. ПХ18Н15 легірленген болатында көміртегінің орташа массалық үлесі мынаған тең: 0,071%С; қоспаланған элементердің қосынды массалық үлесі мынаған тең: 2% жоғары.

Стандарт бойынша (жоғары жақты қараңыз) көміртегісінің массалық үлесі 0,35% дейін және қоспаланған элементердің қосынды массалық үлесі 2 % жоғары болса, онда олар М3 тобына жатады.

Күрделілік дәрежесін анықтау. Соғылманың массасымен Gс (көлемімен), осы соғылма пішіні жанасып кіретін геометриялық фигураның массасы Gф (көлемі) қатнасын есептеу арқылы күрделік дәрежесін анықтаймыз.

Есептеліп жатқан үрдіс үшін соғылма пішіні жанасып кіретін геометриялық фигура болып цилиндр саналады. Осы цилиндрдің өлшемдерін былай табамыз:

диаметр 160·1,05 = 168 мм; биіктік 77·1,05 = 84 мм.

мұндағы 1,05 – тетіктің өлшемдерімен салыстырғанда соғылма өлшемдерін үлкейтуді ескеретін кэффициент.

Геометриялық фигураның көлемі мынаған тең:

Соғылма пішіні жанасып кіретін геометриялық фигураның массасы мынаған тең:

тф = 1795·10-6·7850 ≈ 14,1 кг.

Бұндай жағдайда соғылма мен геометриялық фигура массаларының қатнасы мынаған тең:

Жоғарыда жазылған қатнас 0,63 көп болғанда С1 күрделік дәрежесін қабылдайды.

Қалыптың ажырама бетінің құрама пішінін жазық қылып қабылдаймыз.

Алдын ала анықталған параметрлерді қолданып (N = 7, М = 3, С = 1, және Т = 3) номограммадан бастапқы көрсеткішті табамыз. Бұл көрсеткі 12 тең. Мынандай формуланы қолданып табылған мөлшердің дұрыстығын тексереміз:

 

И = N + M + C + 2(T - 1) – 2;

И = 7 + 3 + 2 + 2(3 - 1) – 2 = 14.

Бастапқы көрсеткіштер мөлшерлері бір-біріне сәйкес келгендіктен, бұл мөлшер дұрыс анықталған.

Соғылманың өлшемдерін анықтау. Соғылманың негізгі өлшемдері анықтамада 4 – 25 кестеде келтірілген.

Соғылманың басқа өлшемдерін анықтау. Қалыптау еңістері мынаған тең: сыртқы беттерге: 5о кіші болмау қажет, 5о тең етіп қабылдаймыз; ішкі беттерге: 7о кіші болмауы қажет, 7о тең етіп қабылдаймыз.

Жұмырлану радиустері мынаған тең: сыртқы бұрыштардың ең кішкентай жұмырлану радиусы 3 мм тең. 4 мм тең етіп қабылдаймыз.

 

 

Соғылманың негізгі өлшемдері және олардың шақтамалы ауытқулары

Өлшемдер Rа, мкм Әдіп, мм Қосын-ды әдіп, мм Өлшем-дер, мм Шақта-малы ауытқу-лар
Белгілеу мм Негізгі Қосымша
Ажырама беттің ығысуы Жазық-тықтан ауытқу Беттер-дің жануы
D1 1,6 0,3 - 0,3 2,8
D2 3,2 1,8 0,3 - 0,3 2,5
d3 3,2 1,7 0,3 - 0,3 2,2
d4 0,8 - 0,3   0,3
Н1 12,5 1,4   0,4 0,3 2,2
h2 12,5 1,4   0,4 0,3 2,2

 

Қалдық кенеріктің шақтамалы мөлшері мынаған тең: 1,0 мм.

Жазықтықтан шақтамалы ауытқудың мөлшері мынаған тең: 0,8 мм.

Қалыптың ажырама бетімен шақтамалы ығысу мынаған тең: 0,8 мм.

Анықталған параметрлерді қолданып және сәйкесті ережелерді ескеріп суық соғылманың сызбасын сызамыз (– сурет).

 

Соғылманың өлшемдері

D1 160+(2+0,3)*3=165мм

D2 100+(1,8+0,3)*2=104мм

D3 60+(1,7+0,3)*2=64мм

d4 20+0,3*2=21мм

H1 77+(1,4+0,4)*2=81мм

H2 60+(1,4+0,4)*2=64мм

 

 

Бастапқы дайындаманың өлшемдерін анықтау. Бастапқы дайындаманың өлшемдерін қалдықтары бар соғылманың көлеміне тең етіп былай анықтайды:

 

Vд = Vс + Vкыл + Vд + Vк = к·(Vс + Vқыл + Vд) = (πD2/4)H,

 

мұндағы Vд, Vс, Vкыл, Vд, Vк – бастапқы дайындаманың, соғылманың, далдашаның және күйіктің көлемдері (сәйкесті жазылған), м3; к – күю мөлшерін ескеретін коэффициент (электр тоғымен қыздырған кезде 1,01, жалынмен қыздырған кезде 1,03 тең, яғни 1 немесе 3 % тең етіп қабылдайды); D және Н – бастапқы дайындаманың диаметрі мен биіктігі.

Дайындаманы жалынды пеште қыздыратын болғандықтан, 1,03 тең коэффициентті қабылдаймыз.

Соғылманың көлемін анықтауды тетіктің көлемін анықтаған да сияқты әдістемемен жүзеге асырады.

 

4.24 – сурет. Тістегеріш соғылмасы

 

Жалынды қыздырған кезде дайындаманың көлемін 3% үлкейту керек екендігін ескеріп, бастапқы тығыздалған ұнтақтың көлемін былай есептейміз:

Vд = к·Vс = 1,03 *1267000 = 1305010 мм3.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 108; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты