КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Жабдық санын есептеу және таңдауПресстеуге арналған жабдыққосымша қозғалыссыз құралда сырттан жанама қиманың бір берілісімен бұйымды бірқалыпты пресстелуді алуды қамтамасыз етеді. Бұйым өлшемдері күшпен, себілмелі биіктікпен, тетіктің максимал өлшемімен және қолданылатын ұнтақты пресстеу коэффициентімен шектеледі. Автомат келесі операцияларды орындайды: Ұнтақты бункерден қоректендіргіш таспасына себу; Ұнтақты таспамен матрицаға өткізу; Матрицаны ұнтақпен толтыру; Бұйымды матрицадан итеру; Пресстелген бұйымды науаға итеру. Ұнтақты бұйымдарды пресстеу үшін пресс-автоматтың жөндеу жүргізіледі. Ең алдымен, пресс-пішін төлкені пресстеу үшін пресстейтін қорапқа салынады. Реттеу операциялары, пресстеуге сынақ жүргізіледі. Биіктік пен массаның қажетті мәндерінен ауытқулар болса пресстің жөнделуі жүзеге асады. Пресстеудің бірнеше циклдарын орындап, «жөндеу» режимінде прессовкалардың өлшемдері мен массалары бойынша тұрақты нәтижелер алғаннан соң қоректендіргіш таспасын қосады, ал прессті автоматты режимдегі жұмысқа қайта қосады. Прессті таңдау үшін берілген тетік үшін пресстелу күшін, содан соң қуат қорымен пресс күшін анықтау қажет. Механикалық пресс-автоматтың КА-0628 техникалық сипаттамалары. Номинал күш 63т, итеру күші 19т, себудің ең үлкен биіктігі 125мм, бір минуттағы қадам саны 32, қуат 22кВт, габариттік өлшемдер 1,77/2,50/2,29 м, массасы 9,50 т. Жабдықтан мөлшерлеу үшін өнімділігі 25кг/сағ дейін мөлшерлеуіш-автоматты таңдаймыз, белгіленген қуат 0,25кВт, шамамен бағасы 340 руб. Араластыру операциясы үшін өнімділігі 30кг/сағ дейін болатын қатты қорытпалардың қоспаларын сулай ұсақтауға арналған шарлы диірменді таңдаймыз, жұмыс кеңістігінің көлемі 0,18 м3, белгіленген қуат 2,8кВт, габариттік өлшемдері 0,7х1,03х1,4 м, шамамен бағасы 2,2мың руб. Дистилляция операциясы үшін өнімділігі 50кг/сағ болатын қаттықорытпалы қоспадан спиртті ұшыру үшін аппарат таңдаймыз, қолданылатын қуат 1,6кВт, жұмыс кеңістігінің көлемі 0,6х0,95м, шамамен бағасы 960руб. Елеу операциясы үшін серіппе-амортизаторға бекітілген, тоғыны бар стационарлы дірілді елеуішті таңдаймыз. Көлденең жазықтықтағы тоғын дірілі дебалансты құрылғы көмегімен, өнімділігі 300 кг/сағ, тоғын диаметрі 0,05м, белгіленген қуат 1,6кВт, габариттік өлшемдері 0,8х0,8х1,2 м, шамамен бағасы 350 руб. Араластыру операциясы үшін баяу балқитын қосылыстардың ұнтақтарын және олардың пластификатордағы металлдармен қоспасын араластыру үшін шнекті цилиндрлік бірқатарлы араластырғышты таңдаймыз. Өнімділігі 25 кг/сағ дейін, жұмыс кеңісітігінің көлемі 13л, белгіленген қуат 0,6кВт, габариттік өлшемдер 1,15х1,2х0,5м, шамамен бағасы 350 руб. Пішіндеу операциясы үшін маркасы ЛМ80 құю машинасын таңдаймыз, өнімділігі 20кг/сағ, белгіленген қуат 6,5кВт, габариттік өлшемдер 2,95х1,2х1,28 м, шамамен бағасы 16400 руб. Пластификаторды айыру (сутек ортасында) және пісіру (вакуумда) операциясы үшін пластификаторды алып тастайтын камерасы бар үзіліссіз қозғалатын СТВ-5٠23٠1,5/16Г итергіш вакуумды электропешті қолданады, өнімділігі 25кг/сағ, қолданылатын қуат 5,5кВт, жұмыс кеңісітігінің өлшемі 0,5х3,2х0,15 м, габариттік өлшемі 4,5х1,1х1,8 м, вакуумы 10-1 Па, шамамен бағасы 30 мың руб. Механикалық өңдеу үрдісі үшін қуаты 10кВт токарлы-бұрамакескіш білдегін және қуаты 8кВт болатын ажарлау білдегін таңдаймыз.
|