Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Сумен қамту, канализация және шламоудаление




Металлургияның су шаруашылығын көбінесе сыртқы жағдайлармен анықталатын жүйе ретінде қарастырған жөн. Бұл ерекшелік жоба шешімдерін және оны жасаудың барлық кезеңіндегі жоба құжаттарын жүргізу кезінде көрінеді және келесі объектілерге қатысты болады:

· сала кәсіпорнының су шаруашылығы;

· су инспекциясымен қатынасу бөлігінде металлургиялық кәсіпорындардың су шаруашылығының жүйелері;

· подпиточный сумен, шартты таза сумен, қақты майқұрамды сумен, шаруашылық-ішетін сумен қамту жүйелері және өндірістік;

· химиялық ластанған су канализациясы, жаңбырлы канализация, тұрмыстық канализация;

· цех ішіндегі жүйелер;

· аймақ ішіндегі және сыртындағы жүйелер.

Жобалаудың бөлек объектілеріне келесілер жатады: құбыржолдар жүйелері, насос тұрақтары, беткі қабатты су суытқыштар (радиаторлы градирня, ауа суыту агрегаттар, сулы жылуалмастырғыштар және т.б.), жарықтандыруға, суды тұрақты өңдеуге арналған құрылыстар. Ұнтақты металлургиялы цехты сумен қамту және суды бөліп алу жүйесі мыналарды қамтамасыз етеді: суды тарту, тазарту; қажетті өңдеу; тұтынушыға беру; қолданылған суды шығару; оны тазарту; залалсыздандыру және қайта қолднасықа дайындау. Жүйе су тартатын құрылғыдан; насосты станциядан; су құбырлары мен су айдау желілерінен; су тазарту және су суытқыш құрылыстардан; сумен қамтуды басқару құрылғыларынан тұрады. Сумен қамту жүйесі тұйықталған цикл болуы керек. Шамамен елғанда, ұнтақты металлургия цехтарының 1 тонна өніміне ағынды сумен қамту кезінде 700 м3-қа дейін таза су шығындалады, кері жағдайда – тек қана 30−40 м3, бұл кезде көптеген бағалы өндіріс қалдықтары сақталады. Техникалық (өндірістік) және шаруашылық-тұтынатын сумен қамту желілері бар. Техникалық желілер үшін беткі қабаттағы суды, ал шаруашылық-тұтыну үшін – жерасты суларын қолданады. Душқа, вентиляцияға, ауаны тазартуға арналған су денсаулыққа зиянды болмау керек және жоғарыда аталған нормалардың коррозиясын тудырмау керек: 0,09 г/(м2·сағ). Кері сумен қамту жүйесіндегі су балансы келесі теңдеумен сипатталады:

Qдоп = ∑Qпроизв + Qсбр,

мұнда Qдоп – сумен қамту жүйесіне қосылатын таза су мөлшері, м3; ∑Qпроизв – кері қатпайтын өндірістік шығындар қосындысы, м3;

∑Qпроизв = Q1 + Q2 + Q3 + Q4 +… Qi (кері судың суытқыштағы булану кезіндегі шығыны, судың тағамдармен және қалдықтармен ағып кету кезіндегі шығыны, сүзу кезіндегі шығындар және т.б.); Qсбр – ағылатын су мөлшері, м3.

Цех ішіндегі шаруашылық су құбырларының желілерін болат мырыш қапталған құбырлардан, өндірістік су құбырларының желілерін – болат құбырлардан құрастырады. Желілерді цех ғимараттарына кіргізуді көлбеу i ≥ 0,003 болғанда жүргізеді, ал магистрал құбыржолдар кіріске i ≥ 0,005 көлбеулікте болуы керек. Сумен қамту желілерінің қапсырмасы ашық болған жөн. Құбыржол диаметрі суды 1 л/с дейін шығындау кезінде 25мм-ді құрайды, 5л/с – 70мм, 20 л/с – 125мм. Судың қозғалу жылдамдығы 2,5м/с. Цехтарда әдетте кері сумен қамтуды пайдаланады. Ластанбаған суды тек қана суытады, ал ластанғанды – сақтап, суытып тазартады. Өндірістік және қосымша жабдықта суыту үшін температурасы 25−30 °С болатын лас циклдың кері суын қолданады. Шаруашылық-тұтыну суын пайдалану бір адам үшін ауысымына 25л-ді құрайды, ал егер цехта жылушығару 83,7 кДж/(м3·ч) асса 45 л. Сағаттық тұтыну бірқалыпсыздығының коэффициенті 2,5-3.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 230; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты