Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Босанудың I кезеңінің клиникалық ағымы.




Жүкті әйелдердің бір бөлігінде босану қызметі басталуы алдында прелиминарлы кезең болады.Прелиминарлы кезеңнің физиологиялық және патологиялық түрлерін ажыратады. Физиологиялық прелиминарлы кезең ұзақтығы 6 сағаттан көп емес, жатыр мойнының құрылымдық өзегістеріне әкелмейтін ретсіз толғақ қызметінің басталуымен сипатталады, әйелдің ұйқысы мен сергектігі бұзылмайды. Кей әйелдерде бұл кезең босанудың 1 кезеңіне жалғасады, кейбіреуінде басылып, 1-2 тәуліктен соң қавйтадан жалғасады. Патологиялық прелиминарлы кезең ұзақтығы 6 сағаттан жоғары, жатыр мойнының құрылымдық өгерістеріне әкелмейтін ретсіз толғақтардың болуымен сипатталады, жүкті әйелдің ұйқысы мен сергектік жағдайы бұзылады, шаршатады.

Босанудың I кезеңі – ұзақ,бірінші босанушы әйелдердерде- 10-12 сағатқа созылса, қайталап босанушы әйелдерде - 6-8 сағат құрайжы. Босанудың I кезеңінің басталу себептеріне жатыр мойнының құрылымдық өзгерістеріне әкелетін ретті толғақтардың басталуы жатады.

Босанудың I кезеңінің 3 сатысын бөледі:

- Латентті сатысы — жатыр мойнының 4 см. дейін ашылуына дейін жалғасады.Бірінші босанушы әйелдерде- 6,5 сағатқа созылса, қайталап босанушы әйелдерде – 5 сағатты құрайды. Жатыр мойнының ашылу жылдамдығы - 0,35 см/сағатына.

- Белсенді сатысы – босану қызметінің белсенуі,1,5-3 сағатқа созылады.жатыр мойнының ашылуы 4-тен 8 см. дейін, бірінші босанушы әйелдерде ашылу жылдамдығы 1,5-2 см/сағатына болса, қайталап босанушы әйелдерде - 2-2,5 см/сағатына.

- тежелу сатысы – 1-2 сағатқа созылады,жатырдың толық ашылуымен аяқталады. Ашылу жылдамдығы - 1-1,5 см/сағатына.

Жатыр мойнының толық ашылуына жақындағанда немесе толық ашылуында толғақтың биіктігінде қағанақ қабы дарылып, 100-200 мл. алдыңғы сулар бөлінеді

Егер қағанақ суы ретті толғақ қызметі басталуынан бұрын бөлінсе, уақытынан бұрын бөлінуі деп саналады, егер босанудың I кезеңінде жатыр мойны толық ашылуынан бұрын бөлінсе – қағанақсуының ерте бөлінуі деп саналады.

Босанудың I кезеңін жүргізу.

Дәрігер босанушы әйелдің жалпы жағдайын қадағалайды, артериялық қан қысымы мен тамыр соғысын өлшейді, босану қызметінің сипатына назар аударады. Қынап арқылы қарауды босанушы әйел босану үйіне түсерде және қағанақ суы кеткен жағдайларда жүргізеді. Ұрықтың жағдайын қадағалайды, құрсақішілік жүрек соғысын тыңдайды (қалыпты жағдайда 120-160 соққы минутына). Бүтін қағанақ қабында ұрық жүрек соығысын әр 10-15 минут сайын, қағанақ суы бөлінген жағдайда әр 5-10 минут сайын тыңдалады. Контракциялық сақинаның тұру биіктігіне қарай жатыр мойнының ашылу динамикасын бақылайды.Контракциялық сақина қасағаның үстінен жатыр мойнының ашылуына сәйкес көлденең саусаққа жоғары тұрады ( Шатц - Унтербергер- Зинченко белгісі).Бұл белгіні толғақ кезінде анықтайды.Жеңіл сіңірілетін калориялық тағамдар ұсынылады: үгітілген сұйық тағамдар, сүт тағамдары, киселдер .

Тік ішек пен қуықтың босауына назар аудару керек.

Босанудың I кезеңі ұзақ және ауырсынуымен өтетін болғандықтан, міндетті түрде жансыздандыру тәсілдері қолданылады.

Босануды жансыздандыру.

Босану барысында болатын ауырсынудың түзілуінде 3 негізгі компоненттерді бөледі:

А) жатыр мойны, денесі, жамбастың төменгі сегментінің нерв талшықтарынан және рецепторларынан шығатын афферентті импульстер;

Б) түсетін импулсьтерге орталықтың әсері (гипоталамус, ми қыртысы) .

В) вегетативті және қозғалыс реакцияларынан тұратын эфферентті жауап.

Ауырсынудан қорқу үлкен мидың жарты шарының қыртысының қозу табалдырығын күрт төмендетеді,қыртысасты орталықтардың белсенділігі күшееді. Ауырғандықтың пайда болуына қан мен тіндерде катехоламиндер мен белсенді биологиялық заттардың (адреналин, норадреналин, серотонин) жинақталуы,гистаминдер мен кейбір кининдердің мөлшерінің жоғарылауыда әсер етеді. Биологиялық белсенді заттар ауырғандықты туыдруымен қатар, ауырсынуды күшейтетін дистрофиялық өзгерістердің дамуына әкеледі.

Дәрілік емес жансыздандыру әдісіне психопрофилактикалық дайындық (босану алдындағы қорқу сезімін арылтуға бағытталған, босану туралы және босану барысында босанушы әйелдің өзін дұрыс ұстауы туралы тақырыптары бар 5 арнайы сабақтардан тұрады ), аутогенді және гетерогенді жаттықтырулар (10 сабақ), гипносуггестивті терапия, абдоминальды декомпрессия, электроаналгезия әдістері жатады.

Босануды дәрілермен жансыздандыруды босанудың I кезеңінде ретті толғақтардың болуында және жатыр мойнының 3-4 см. ашылуы болған жағдайда бастайды.

Транквилизаторлар: триоксазин 0,3 бұлшық етке, 20 мг. промедол 50 мг пипольфенмен бір шприцте бұлшық етке, 2,0 мл. но-шпа бұлшық етке. Психомотрлы қозуда транквилизаторлар мөлшерін 2 есеге көбейтеді. Нейролептаналгезия: 2-4 мл. дроперидол немесе 2-4 мл фентанил бір шприцте бұлшық етке, 2-3 сағаттан кейін қажет жағдайда қайталайды.

Айқын қорқу сипаты бар босанушы әйелдерге 10мг. диазепам көк тамырға, 1 сағаттан соң 20мг. промедол бұлшық етке егу тағайындалады.

Ингаляциялық емес анестетиктер — ГОМК, виадрил.

Ингаляциялық анестетиктер - азот тотығы.

Перидуралъды анестезия Ll-L2, L3-L 4 деңгейінде лидокаин немесе тримекаинмен жасалады.

Босанудың екінші кезеңі –күшену басталуымен нәрестенің туылуымен аяқталатын кезең.

Қағанақ суы бөлінгеннен кейін,толғақ қызметі аз уақытқа бәсеңдейді, жатыр қабырғасы ұрықпен тығыз әсерлеседі.Ұрықтың келіп тұрған бөлігі жамбас түбіне келіп, қысым көрсетеді, жауап ретінде күшену басталады.Жамбас бұлшық еттерінің, диафрагма, іш құрсақ бұлшық еттерінің жиырылуымен күшену басталады. Күшену күші босанушы әйелдің реттеуіне бағынады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 1319; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты