Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі




Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі ұзақ уақыт бойы ғылыми-зерттеу затына және банктер мен оны реттеуші ұйымдар арасындағы пікірталасқа айналып келеді.

Банктер өздерінің активтерін арттыру үшін капиталдың төменгі мөлшерде болғанын қалайды. Ал банкті бақылаушылар, банктердің банкроттықтан аулақ болуы үшін капиталдың жеткілікті мөлшерде. болуын талап етеді. Банктердің банкроттығы ондағы басқарудың нашарлығынан болуы мүмкін, себебі банкті жақсы басқарса, ол төменгі капитал нормасында жұмыс жасай алады деген пікірлер бар.

“Капиталдың жеткіліктілігі” термині банктің жалпы тұрақтылығын және оның тәуекелге бару дәрежесін көрсетеді. Капиталдың жеткіліктілігі - бұл банк капиталының мөлшерінің тәуекел дәрежелері ескерілген банк активтеріне сәйкес болуға тиісті. Сондай-ақ, коммерциялық банктер өз жұмыстарында банк капиталын шамадан тыс ұлғайтуды теріс санайды. Өйткені, ол банктің қызметіне кері әсер етуі мүмкін. Банктердің көбі акция шығара отырып, қаражат тартуға ынтасыз болып келеді. Сондықтан банк жетекшілері бір жағынан, қадағалау және бақылау ұйымдары екінші жағынан, банк капиталы мен коммерциялық банктердің басқа да қызметіндегі параметрлер арасындағы қолайлы қатынасты табуға тырысады.

Кез келген коммерциялық банктің меншікті капиталының мөлшерін мынадай формуламен анықтауға болады:

 

МК = А - М

 

мұндағы,

МК – банктің меншікті капиталы;

А банктің активтерінің жалпы сомасы

М – банктің міндеттемелері.

 

Банктің ресурсындағы меншікті капиталдың өте төменгі үлесінде болуы да дұрыс емес. Себебі, ол банктің салым иелері алдындағы жауап беру мөлшеріне сәйкес келмейтіндігін сипаттайды.

Банк меншікті капиталын ұлғайтуға негіз болатын төмендегідей факторларды ескеру қажет:

- банктердің дивидендтері өнеркәсіптік кәсіпорын активтеріне қарағанда, пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне, қарыз алушының несиелік қабілетінің нашарлауына байланысты, олардың нарықтық құндары өзгеріп отырады;

- банк көбіне тұрақсыз қысқа мерзімді қарыз көздеріне көңіл бөледі, бірақ олардың көбі талап етуге байланысты қайтарылып алынуы мүмкін.

Сондықтан, кез келген саяси немесе экономикалық өмірдегі жағдайлар банктердегі ресурстардың сыртқа ағылуына себеп болуға тиіс. Бастапқыда банк капиталының активтерге қатысты шекті қатынасы 20% шамасында болса, ал қазіргі оның шамасы 12 %-ды (пруденциялық нормативтердегі к2-нің мәні) құрайды. Бұл дегеніміз банк жүйесіндегі төлем қабілетінсіздік тәуекелдің уақыт өте келе арта түсетіндігін көрсетеді. Себебі, банк жүйесіндегі банктердің активтерінің сапасы әлі де болса өз деңгейінде еместігін ескерсек, онда болашақты оның орнын жабатын меншікті капитал үлесі жеткіліксіздігі байқалады.

Демек, банк капиталының жиынтық деңгейінің жеткіліктігі банк жүйесін қолдайтын басты шарттардың біріне жатады.

Банктердегі немесе жалпы банктік жүйедегі капитал көлемін тура анықтау қиын, бірақ жоғарыда қарастырылған қызметтердің орындалуы үшін, салым иелері мен бақылаушы ұйымдардың сенуі үшін капитал жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Қажетті капиталдың сомасы банктің тәуекел деңгейіне байланысты болуға тиіс. Мысалы, егер банктің берген ссудаларының тәуекел дәрежесі өте жоғары болса, онда банкке көп мөлшерде қорлар құруға тура келеді. Қажетті меншікті капитал мөлшерін анықтай отырып, банк алдында келесідей міндеттер тұрады: тәуекелдің артуына байланысты өз капитал мөлшерін ұлғайту қажет пе немесе тәуекел деңгейі төмен болып келетін активтерге өз қаражаттарын орналастырған тиімді ме? Осындай жағдайда банк капиталы, оның активтер сапасына, басқару сапасына, қызметіндегі саясатқа және банктің басынан кешетін тәуекелдерге тәуелді ме жоқ па ? - деген балама сауал туындайды.

Банк меншікті капиталын бағалау әдістемесі туралы сұрақ 80-ші жылдардың екінші жартысында халықаралық қаржы ұйымдарында да үлкен пікір талас туғызған болатын. Сөйтіп, 1988 ж. Базель комитеті келісімінің шешімімен “Халықаралық біртұтас капитал есебі және капитал стандарты туралы келісім шарт” негізінде “Кук коэффициенті” деп аталатын капитал жеткіліктігі нормативі іс жүзіне енгізілді. 1993 жылдан бастап күшіне енген бұл коэффициент көптеген елдердің Орталық банктерінде, біздің Қазақстан Ұлттық банкінде, пруденциялық норматив қатарында пайдаланылуда.

Кук коэффициенті, банк капиталы мен оның баланстан тыс активтері арасындағы ең төменгі шекті қатынасын бейнелейді. Мұндағы меншікті капитал екі элементті қамтиды: негізгі және қосымша капитал. Олардың жеткіліктігіне баға беру үшін, активтер мен баланстан тыс міндеттемелердің өлшемі таңдап алынған.

Мұндай тәсіл баланстан тыс операциялардың іске қосылуын қаматамасыз етумен қатар, төменгі тәуекелді активтерге қаражаттар жұмсауды ынталандыра түседі.

Базель келісіміне сәйкес, банктің капиталы екі деңгейге бөлінеді: І деңгейлі капитал және ІІ деңгейлі капитал.

І деңгейлі капиталға: қарапайым акциялар, бөлінбеген пайда, сол сияқты еншілес компаниялардың бақылаусыз пакеті шегерілген материалдық емес негізгі капитал шамасы жатады.

ІІ деңгейлі (қосымша) капиталға: ссудалар бойынша зияндарды жабуға арналған резервтер, мерзімсіз артықшылығы бар акциялар қосылған екінші дәрежелі қарыздар жатады.

Базель келісімінің бекіткен нормативтік коэффициентіне сәйкес, екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеуде қолданылатын, пруденциялық нормативтер қатарында банк капиталының жеткіліктілігі коэффициентін белгілейді.

Бұл коэффициентті біздің тәжірибемізде есептеу үлгісі 2-тақырыпта пруденциялық нормативтер қатарында берілген.

2001-2007 жылдардағы статистикалық деректерге сүйеніп, банктердің меншікті капиталының серпінін 11-кестемен беруге болады.

 

5-кесте. ЕДБ-дің меншікті капиталының жеткіліктігінің серпіні,

кезеңнің соңына

Көрсеткіштер 2000ж 2001ж 2002ж 2003ж 2004ж 2005ж ж ж
Жиынтық меншікті капитал, млрд тенге, о.і.: 97,6 122,1 161,2 223,5 346,8 587,2 1168,6 1781,8
1- деңгейлі деңгейлі капитал, млрд теңге 68,9 90,7 110,6 153,3 229,1 368,4 816,5 1 283,7
2- деңгейлі капитал, млрд теңге 32,7 35,4 55,7 87,9 128,4 218,7 385,4 560,9
3-деңгейлі капитал, млрд теңге - - - - - - 1,5 1,5
І деңгейлі капиталдың барлық активтер сомасына қатынасы (к1)     0,11     0,11     0,9     0,11     0,08     0,08     0,09     0,11
Меншікті капиталдың тәуекел дәрежесіне қарай топтасқан активтерге және баланстан тыс міндеттемелерге қатынасы (к2)   0,26 0,19 0,18 0,17 0,17 0,16 0,15   0,14
Ескертпе –ҚҰБ-нің № 7 (92) 2002 жылғы шілдедегі және №5 (150) 2007 жылғы мамырдағы статистикалық бюллетенінен және ҚҚА-нің 2007 жылғы есептік материалдарынан алынған сандық мәліметтер негізінде есептелген.  

 

Кестеден көріп отырғанымыздай банктеріміздің меншікті капиталы соңғы жылдары онша қатты өспеген. 2008 жылдың 1 қаңтар айына капиталдың мөлшері 1 781,8 млрд. теңгені немесе 14,8 млрд АҚШ долларын құрайды. Мұны салыстырмалы түрде қарасақ, АҚШ-ғы банктердің капиталының ЖІӨ-ге қатысты шамасынан 10 есе кіші немесе шығыс Еуропа елдерінен 35 есе кіші, Германиядан 25 есе кіші. Егерде әлемдегі үш ірі банктің жиынтық капиталы 145 млрд. АҚШ долларын құраса, онда оның мөлшері біздің отандық банктеріміздің капиталынан 10 есе үлкен болып келеді.

Жалпы ҚҰБ-нің және ҚҚА-нің есептік мәліметтеріне сүйенсек Қазақстандық банктердің меншікті капиталының жеткіліктігі коэффициентінің нормативтерге сай орындалысы сақталған.

Ал енді, жарғылық капиталының көлеміне қарай қазақстандық банктерді бірнеше топқа топтастыруға болады. Ол туралы 12-кесте мәліметтері баяндайды.

 

12-кесте. ҚР-ғы ЕДБ-дің жарғылық капиталдарынның серпіні,

мерзімнің соңына, млрд.теңге

  Барлық ЕДБ Белгіленген шектегі жарғылық капитал   Төленген жарғылық капитал
< 100 -500 -1000 1000- 1500- > 2000 Барлы ғы о.і. шетел капиталы қатысқан
2000 ж 68,8 15,9
үлесі,% 100,0 2,1 17,0 27,7 29,8 8,5 14,9 23,
2001 ж 100,8 17,8
үлесі,% 100,0 0,0 11,6 25,6 32,6 2,3 27,9 17,7
2002 ж 76,9 26,6
үлесі,% 100,00 0,00 2,86 17,14 40,00 11,43 28,57 34,6
2003 ж 13, 100,4 47,6
үлесі,% 100,00 0,00 0,00 11,76 38,24 5,88 44,12 47,4
2004 ж 161,4 59,1
үлесі,% 100,00 0,00 0,00 5,71 42,86 2,86 48,57 36,6
2005ж 244,7 25,4
үлесі,% 100,00 0,00 0,00 2,94 29,41 5,88 61,76 10,4
2006ж 593,6 -
үлесі,% 100,00 0,00 0,00 0,00 27,27 6,06 66,67 -
2007ж 713,9 -
үлесі,% 100,00 0,00 0,00 0,00 21,21 15,15 63,64 -
Ескертпе – ҚҰБ-нің № 7 (92) 2002 жылғы шілдедегі және №5 (150) 2007 жылғы мамырдағы статистикалық бюллетенінен алынған сандық мәліметтер негізінде есептелген

 

Кестеден көріп отырғанымыздай 2007 жылғы 1 маусымға тіркелген барлық 33 банктеріміздің 21-нің жарғылық капиталы ғана 2 млрд. теңгеден жоғары (немесе 63,64%) болса, 5 банктікі – 1,5 – 2 млрд. теңге (немесе 15,15%) аралығында, ал 7 банктікі – 1 – 1,5 млрд. (немесе 21,21%) теңге аралығында қалуда. Әрине, соңғысы жеке меншік немесе ЖШС нысанында құрылған банктер болуы мүмкін. Бұл кестедегі мәліметтерде Мемлекеттік даму банкі мен Эксимбанктің жарғылық капиталының мөлшері есепке алынбаған.

Дегенмен де банк активтерінің жоғары қарқынмен өсуі банктік секторы үшін тәуекелдің ұлғаюына әкелетінін естен шығармаған дұрыс сияқты.

Сонымен бірге ЕБД-дің жиынтық меншікті капиталының құрамында шетелдің банктердің капиталының өсуін байқауға болады. ЕДБ-дің меншікті капиталы мен активтердің соңғы 2000-2007 жж қатынасын төмендегі 6-суреттен көруге болады.

 

 

6-сурет. ЕДБ-дің меншікті капиталы мен активтер серпіні, млрд теңге

 

6-суреттен көріп отырғанымыздай, екінші деңгейдегі банктердің активтері 2000 жылы 527,9 млрд теңгені құраса, ал бұл көрсеткіш 2007 жылдың аяғына дейін 22 есеге артып, 11 683,4 млрд теңгені құраған.

ЕДБ-дің капиталдары 2000 жылы 97,6 млрд теңгені құраса, 2007 жылдың аяғында салыстырғанда 18 есе өсіп, 1 781,8 млрд теңгені құрап отыр.

2007 жылғы көрсеткіш бойынша капиталдың банк активтерінің 13,7% ғана құрауы бұл тек пруденциальдық норматив деңгейін көрсетеді немесе оның норматив бойынша мәні 0,12.

Осындай жағдайларға байланысты кейбір банктеріміз капитал жеткіліктігін сақтап, тәуекелдің алдын алу мақсатында несиелеу көлемін шектеуде. Банктің табысы берген несиелердің сапасына тікелей байланысты десек, онда несие көлемін шектеу банк табыстылығын шектеуге, соның нәтижесінде банк капиталын ұлғайту көзінің қысқаруына әкелетінін білеміз. Ендеше бүгінгі банктеріміздің меншікті капиталын ұлғайту көзі ретінде тек қана акцияларды шығару амалы қалуда. Бір айта кететіні, кейбір ірі банктеріміз өздерінің акцияларын депозитарлық қолхат арқылы шетел нарығына орналастырып отырғаны да жасырын емес. Бұл шаралар аталған банкке қатысты ҚР Қаржылық қадағалау агенттігі тарапынан күмән туғызуы мүмкін. Себебі, мұндай жағдай отандық банк акциялары иелерінің жұмбақ болуын баяндайды.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 398; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты