![]() КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Банктің активтерінің сипаты мен сапасы
Банк активтері бұл пайда табу мақсатында банктік ресурстарды, әр түрлі активтер бойынша орналастырылған қаражаттары. Банктік активтердің құрылымы баланстың актив жағында көрсетілетін сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қатынасын сипаттайды. Активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендірілуіне, тәуекелді активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады. Коммерциялық банктің активтерін төмендегідей төрт топқа бөлуге болады: 1. касса және оған теңесетін ақшалай қаражаттар; 2. берілген несиелер; 3. бағалы қағаздарға жұмсалынған инвестициялар; 4. банктің ғимараты мен жабдықтары. Активтердің сапасы, олардың өтімділігіне, тәуекел активтердің көлеміне, толық бағалы емес активтердің үлес салмағына, активтердің көлеміне, табыс әкелуіне қарай анықталады. Банк өзінің міндеттемелерін күнделікті орындап отыруын қамтамасыз етуі үшін активтердің құрылымы өтімділіктің қоятын талаптарына сәйкес келуге тиіс. Осы мақсатта банк өзінің активтерін, олардың өтелу мерзімдеріне байланысты және өтімділік дәрежесіне қарай жіктейді. Өтімділігіне қарай банк активтері төмендегідей топтарға бөлінеді: 1. жоғары өтімді активтер; 2. өтімді активтер; 3. ұзақ мерзімді өтімді активтер. ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтерге сәйкес жоғары өтімді активтерге мыналар жатады: · қолма-қол ақшалар; · мемлекеттің бағалы қағаздары және Қазақстан ипотекалық компаниясының борыштық бағалы қағаздары, сондай-ақ өтімділігі жоғары басқа да бағалы қағаздар; · құйма қымбат бағалы металдар; · Ұлттық банктегі Standard & Poors және басқа рейтингтік агенттіктердің “А” төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі бар бейрезидент-банктердегі талап етуге дейінгі депозиттер; · Standard & Poors және басқа рейтингтік агенттіктердің “А” төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі бар ҚР банктерге берген “овернайт” займдары. Банктің бұл қаражаттары банктің айналымынан қажет уақытында алуға мүмкіндік беретін активтерге жатады. Банктің өтімді қаражаттарының құрылымына жоғарыда аталғандарынан басқалары, яғни қайтару мерзімі 30 күнді құрайтын, шетел валютасында берген барлық несиелер, алдағы 30 күн ішінде аталған банкке келіп түсуге тиісті басқа да төлемдер жатады. Ұзақ мерзімді өтімді активтерге бір жылдан жоғары уақытқа берілген несиелердің бәрі, сондай-ақ 50% кепіл-хат және кепілдікпен 1 жылдан жоғары уақытқа берілген несиелер, Үкіметтің кепіл-хатымен, бағалы қағаздарды және бағалы металдарды кепілге алып берілген ссудаларды шегеріп тастағандағы мерзімі өткен несиелер. Кейбір шетелдік әдебиеттерде банк активтерін, олардың өтімділігі мен пайдалылығына қарай 4 топқа бөледі: 1-топ. Алғашқы резервтер – бұл алынатын салымдарды төлеуге және несиеге деген өтінішті қанағаттандыру үшін тез арада пайдаланылатын ең өтімді активтер. Мұндай активтерге мыналар жатады: · Касса; · Орталық банктегі корршоттағы және өзге де шоттардағы ақшалай қаражаттар; · Инкассациялау процесіндегі чектер және өзге де төлем құжаттары; · Басқа да коммерциялық банктердегі корршоттағы қаражаттар. Мұндай активтер банкке табыс әкелмейді, бірақ банктің өтімділігінің негізгі көзі болып табылады. 2-топ. Екінші реттегі резервтер – бұл банкке шамалы ғана табыс әкелгенімен де жоғары өтімді активтер қатарына жатады. Себебі, оларды ең төменгі тәуекелмен, кішкене ғана кешіктіріп, қолма-қол ақшаға айналдыруға болады. Оларға мыналар жатады: вексельдер және өзге де қысқа мерзімді бағалы қағаздар; талап етілетін (онкольдық)несиелер; бірінші сыныпты қарыз алушыға берілетін несиелер. Бұл топтың активтерінің тағайындалуының басты мақсаты – алғашқы резервтерді толықтыру көзі ретінде қызмет ету болып табылады. 3-топ. Банктік активтердің маңызды бөлігі – банктік несиелік портфелі. Банктің несиелері біршама табысты және ең тәуекелді болып келеді. Бұл топ банктің пайдасының басты көзін құрайды. 4-топқа инвестициялық портфель жатады. Инвестициялық портфелді қалыптастыру екі мақсатты көздейді: банкке табыс әкелу және ұзақ мерзімді бағалы қағаздардың өтелу мерзімінің жақын қалуына байланысты, сондай-ақ оларды қысқа мерзімге айналдыруда екінші реттегі активтерге қосымша ретінде болу. 2004 жылдың 1 қаңтарына берілген мәліметтер бойынша Қазақстандық екінші деңгейдегі банктердің активтері, олардың құрылымы мен шамасына қарай 13-кестеде топтастырылған. 13-кесте. Қазақстандық екінші деңгейдегі банктердің активтерінің құрылымы мен шамасына топтастырылуы* млн.теңге
* Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарының қызметтерін қадағалау және реттеу жөніндегі ҚР агентігінің есептік материалдарынан Кестеден көріп отырғанымыздай, 2003 жыл бойына екінші деңгейдегі банктердің активтерінің сомасы 531 млрд. теңге немесе 46,4% өсіп, 2004 жылдың 1 қаңтарына 1 676 млрд теңгені құрады. Банктер актитерінің құрылымындағы ең көп бөлігі займдарға - 60,6%, одан кейін, бағалы қағаздар портфеліне – 19,6%, ең аз үлес банкаралық салымдар -9,1% тиеді. Банк активтерінің өсуі займдардың артуымен қамтамасыз етілген. Жіктелген активтер мен шартты міндеттемелердің жалпы активтердегі үлесі 14,9% артты. 2004-2007 жж Қазақстандық банктік сектордың активтерінің серпіні мен құрылымы 14-кестеде берілген
14-кесте Банктік сектордың активтерінің серпіні мен құрылымы мерзімнің басына
Ескертпе –ҚҚА-нің және ЕДБ-дің есептік материалдары негізінде автор есептеген
Соңғы 4 жыл ішінде банктің активтері баптары бойынша өскендігін көреміз. Қолма-қол ақшалар мен корреспонденттік шоттарындағы қаражаттың мөлшері 2004 жылдың 1 қаңтарына 113,8 млрд теңгені құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 1 013,9 млрд теңгеге дейін көтерілген. Бағалы қағаздарға салған қаражаттары 2004 жылдың 1 қаңтарына 328,3 млрд теңгені құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 784,8 млрд теңгеге дейін ұлғайған. Өзге банктерде орналастырған депозиттер көлемі 2004 жылдың 1 қаңтарына 84,6 млрд теңгені құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 639,6 млрд теңгеге дейін өскен. Банктердің клиенттерге берген займдары мен кері РЕПО операцияларының мөлшері 2004 жылдың 1 қаңтарына 1086,6 млрд теңгені құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 8868,3 млрд теңгеге дейін немесе 8 есеге артқан. Капиталға салынған инвестициялар мен субординирленген қарыз мөлшері 2004 жылдың 1 қаңтарына 43,6 млрд теңгені құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 222,5 млрд теңгеге дейін немесе 5 есеге артқан. Банктердің өзге активтерінде де өсу байқалады, яғни 2004 жылдың 1 қаңтарына 19,1 млрд теңгені құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 151,3 млрд теңгеге дейін немесе 7,9 есеге артқан.
|