КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Банктік инвестиция және инвестициялық саясаты
Жалпы банк қызметіндегі инвестицялаудың өзіндік ерекшелігі бар. Кең мағынада, банктік инвестиция -пайда табу мақсатында банктің ресурстарын орналастыруға бағытталған активтік операциялардың жиынтығы. Ал, тар мағынада, банктік инвестиция -табыс немесе пайда алу мақсатында ақшалай қаражаттарды бағалы қағаздарға жұмсауы. Сонымен қатар, банктік инвестициялау деп негізгі капиталға жұмсаған қаражаттарды да түсінуге болады. Банктің инвестициялық қызметі инвестициялық саясат көмегімен жүзеге асырылады. Инвестициялық саясаттың негізгі мазмұны қаражат жұмсау үшін біршама тиімді бағалы қағаздың түрлерін анықтау, әр уақыт кезеңіне инвестиция портфелінің құрылымын оңтайландырудан тұрады. Банктердің инвестициялық саясаты - банк қызметінің тұрақты жұмыс жасауын, нәтижелілігін немесе пайдалылығын, сондай-ақ өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында инвестициялар портфелін басқару стратегияларын жасауға және іске асыруға бағытталатын шаралар жиынтығы. Банктің инвестициялық саясатының басты бағыттары мынадай бөлімдерді қамтиды: · инвестициялық саясаттың басты мақсаты; · баланс активі мен пассивіндегі инвестициялық операциялардың шегін (үлесін) анықтау; · инвестициялық операциялардың сапасы үшін жетекшілер мен атқарушылардың жауаптылығы; · инвестициялардың құрамы мен құрылымы; · бағалы қағаздардың сапасының деңгейінің және өтеу мерзімінің тиімділігі; · инвестициялар портфелінің диверсификациялануына қойылатын негізгі талаптар; · портфелдің құрамына түзетулер енгізу механизмі; · сақтау тәртібі және сақтандыру механизмі; · пайдалар мен зияндарының есебі; · компьютерлік қамсыздандыру бағдарламалары. Инвестициялық портфелінің мынадай түрлерге жіктеледі: - Консервативті портфель тәуекелі және табысы төмен танымал бағалы қағаздардан тұрады және мұндағы инвестициялау мақсаты капиталдың құнын сақтап қалу. - Агрессивті портфель тәуекелі және табысы жоғары бағалы қағаздардан тұрады және мұндағы инвестициялау мақсаты табыс алу. - Бағалы қағаздар (инвестициялық) портфелі - банктердің пайда әкелетін бағалы қағаздарға салынған қаражаттарының жиынтығын білдіреді. Жалпыға ортақ бағалы қағаздар портфелінің қалыптасу принциптеріне мыналар жатады: - қауіпсіздік; - табыстылық; - өтімділік; - капиталдың өсуі. Бағалы қағаздар портфелін басқарудың екі әдісі бар: активті және пассивті. Активті басқару әдісі бағалы қағазбен тұрақты жұмыс жасауды сипаттайды. Активті басқарудың әдістері мынадай жолдармен жүзеге асады: - белгілі бір бағалы қағаздарды таңдау; - бағалы қағаздарды сатып алу немесе сату мерзімін белгілеу; - бағалы қағаз портфелінде тұрақты свопинг (ротация) жүргізу. Егерде ҚР Ұлттық банкі қайта қаржыландыру мөлшерлемесін төмендететін болса, онда төменгі купондық табысы бар ұзақ мерзімді облигацияларды сатып алған дұрыс, себебі, қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің төмендеуі облигация бағамын жоғарлатады. Мұндай жағдайда купондық табысы жоғары қысқа мерзімді облигацияларды сатып жіберу қажет, өйткені олардың бағамы төмендеуі мүмкін. Бағалы қағаздар портфелін пассивті басқару мынадай әдістер арқылы іске асады: - диверсификациялау; - индекстік әдіс; - портфелді сақтау. Диверсификациялау әдісі бағалы қағаздар портфелін әр түрлі қағаздардан қалыптастыру шараларын білдіреді. Диверсификацияланған портфелдің құрылымы инвестор-банктердің мақсатымен сәйкес келуі қажет. Индекстік әдіс бойынша басқарғанда белгілі бір портфелді эталон ретінде алады. Эталон-портфелдің құрылымы белгілі бір индексермен сипатталады. Бұл әдісті пайдалану қиындығы негізінен эталон ретінде портфельді таңдаумен байланысты. Портфелді сақтау әдісі портфелдің жалпы сипатының деңгейін сақтау және оның құрылымын қолдап отыруды білдіреді. Бағалы қағаздармен ірі сомада операция жүргізгенде, олардың бағамдарында өзгерістер болуы мүмкін, ол өзгерістер өз кезегінде, активтердің ағымдағы құндарының өзгеруіне жол береді. Айталық, компанияның акционерлерінің сатқан акцияларының құны олардың сатып алғандағы құнынан жоғары болуы мүмкін. Мұндай жағдайда, бағалы қағаздар портфелінің бір бөлігін сату қажет, сол арқылы, компанияға қайтарған акционерлерді акцияларының құндары өтеледі. Сондай-ақ акционерлердің акцияларды компанияға көп мөлшерде сатуы, олардың бағамдарының төмендеуіне жол беріп, нәтижесінде компанияның қаржылық жағдайына теріс әсер етеді.
|