Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Банк активтерінің жіктелуі




Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің Басқармасының 2002 жылы 16 қарашадағы № 465 қаулысымен бекітілген “Активтердің, шартты міндеттемелердің жіктелуі және оларды күмәнді және үмітсіз санаттарға жатқыза отырып, оларға қарсы провизиялар құру” туралы ережесіне сәйкес, ҚР қаржылық қадағалау агенттігіне банктер ай сайын айлық баланспен бірге активтер мен шартты міндеттемелердің жіктелуі және оларға қарсы провизиялар құру туралы мәліметтер береді.

Мұндағы активтерге заңды және жеке тұлғаларға қатысты, сондай-ақ басқа банктерге байланысты банктің талаптары жатады.

Аталған ережеге сәйкес, активтер мен шартты міндеттемелер стандартты және жіктелінген болып бөлінеді.

Жіктелінген активтер қатарына жатпайтын активтер стандартты болып табылады.

Жіктелінген активтер мен шартты міндеттемелер күмәнді (5 санатты күмәнді) және үмітсіз болып бөлінеді.

Жіктелген активтер қатарына банк несиелері, депозиттері, бағалы қағаздары, дебиторлық қарыздары және шартты міндеттемелері жатады.

Несиелердің жіктелуі олардың сапасына, қамтамасыз етілуіне, қарыз алушының қаржылық жағдайына, оның несиелік тарихына, несиелердің жіктелу санаттарына байланысты жүзеге асады.

Банкаралық несие басқа банктердегі депозит сияқты жіктеледі.

Заңды және жеке тұлғаларға берілген несиелердің жіктелуі 5-қосымшада берілген.

Басқа банктерде орналастырылған банк депозиттерінің жіктелуі өзінше ерекше. Егер А тобындағы рейтингінен төмен емес рейтингі бар шетел банкінде немесе Қазақстан Республикасының суверенді рейтингі бір деңгейге төмен емес жеке рейтингі бар кез келген резидент банкте депозит (соның ішінде корреспонденттік шот) орналастырылған болса, депозиттен, соның ішінде корроспонденттік шоттан қаражатты аудару уақтында жүзеге асып отырса, онда ондай депозит стандартты болып табылады.

Сонымен қатар, егер А тобындағы рейтингінен төмен емес рейтингі бар шетел банкінде немесе Қазақстан Республикасының суверенді рейтингі бір деңгейге төмен жеке рейтингі бар кез келген резидент банкте депозит (соның ішінде корреспонденттік шот) орналастырылған болса, онда банк құжат негізінде оның қаржылық жағдайына мониторинг жүргізеді.

Қаржылық жағдайын анықтайтын мониторинг болмаған жағдайда, ондай банкте орналасытырылған депозит не корреспонденттік шот бір категорияға төмендеп жіктеледі (6-қосымшаны қараңыз).

Бағалы қағаздарды жіктеудің өзіндік ерекшелігі бар. Бағалы қағаздарды жіктеу банктің инвестициялық портфеліндегі баланста қайта бағалауға жатпайтын қарыздық бағалы қағаздар түрлері бойынша жүзеге асырылады.

Заңды тұлғалардың акцияларын жұмсалынған инвестициялар жіктелуге жатпайды. А тобындағы рейтингінен төмен емес рейтингі бар шетел эмитентінің немесе Қазақстан Республикасының суверенді рейтингі бір деңгейге төмен емес жеке рейтингі бар резидент-эмитенттің, сондай ақ Қазақстан қор биржасының А категориясының ресми тізіміне енген бағалы қағаздар бойынша төлемдер кешіктірілмеген жағдайларда олар стандартты болып саналады.

А тобындағы рейтингінен төмен рейтингі бар шетел эмитентінің немесе Қазақстан Республикасының суверенді рейтингі бір деңгейге төмен жеке рейтингі бар резидент-эмитенттің қаржылық жағдайына құжат негізінде банк мониторинг жүргізеді.

Бағалы қағаз эмитентінің қаржылық жағдайын анықтайтын мониторинг болмаған жағдайда, ондай бағалы бағаздар бір категорияға төмендеп жіктеледі (7-қосымша).

Дебиторлық қарыздарды жіктеуге әкімшілік және шаруашылық қызметке байланысты өтеу мерзімі үш айдан жоғары дебиторлық қарыздардан басқалары жатады. Қайтару мерзімі алдын ала белгіленбеген, бірақ банк баланыында алты айдан жоғары мерзімде есепте тұрған дебиторлық қарыздар бойынша бір категоряға төмендейді.

Егер бір дебитордың дебиторлық қарызы банктің меншікті капиталының 5 пайызынан жоғары болса, онда дебиторлық қарыздың пайда болған күнінен бастап банк дебитордың қаржылық жағдайына тиісті құжаттар бойынша мониторинг жүргізеді. Дебитордың қаржылық жағдайына жүргізілетін мониторинг болмаған жағдайда ондай активті жіктеу бір категорияға төмендейді (8-қосымша).

Банктің шарты міндеттемелерінің жіктелуі клиенттің тапсырмасы бойынша қабылданған және келісімшартқа сәйкес клиент үшін банкке төлем тәуекелін тудыратын міндеттемелер бойынша жүзеге асады.

Шартты міндеттемелерді есепке алу және жіктеу банкпен оның клиенті арасындағы келісімшарт жасалған күннен басталады.

Шартты міндеттеме бойынша сый ақы төлеу мерзімі кешіктірілмеген және шартты міндеттеме ашылған клиенттің қаржылық жағдайы тұрақты болған жағдайда ондай шартты міндеттеме стандартты болып саналады.

Клиенттің қаржылық жағдайы тұрақты болмаған және сый ақы төлеу мерзімі кешіктірілген жағдайда ондай шартты міндеттемелер жіктеледі (9-қосымшаға қараңыз).

Несиелердің, басқа банктердегі банктік депозитерінің (соның ішінде кореспонденттік шоттардың), бағалы қағаздардың, дебиторлық қарыздар және шартты міндеттемелердің жіктелуі 10-қосымшада берілген критерилерге байланысты жүзеге асады.

Провизиялардың көлемі жіктелген активтердің сомасынан, олардың сапасына байланысты 5%-дан 100% -ға дейін құрылады

Провизиялар – активтердің қайтарылмауы немесе олардың құнының төмендеуінен келген шығындарды жабу үшін қажетті құралдардың сомасы.

Провизиялар жалпы және арнайы болып бөлінеді.

Жалпы провизиялар – бұл банктің арнайы провизияларды құруды қажет ететін активтерден басқа да барлық жиынтық активтері бойынша мүмкін шығындарды жабу үшін құрылған провизиялар.

Арнайы провизиялар – бұл құны өзінің сатып алу құнынан екі есе төмен немесе қайтарылмай қалуы мүмкін нақты жіктелінген активтер бойынша шығындарды жабуға арналған провизиялар.

Активтер мен шартты міндеттемелер айына екі рет жіктеледі.

1) Алдын ала жіктелім, яғни айдың соңғы күнінен 7 күн бұрын жасалатын жіктелім оның мақсаты:

- айдың соңына таман Банк бойынша жалпы алғанда активтер мен шартты міндеттемелердің сапасын тәуекелдің дәрежесіне қарай болжау;

- провизияның мөлшерін болжау;

- айдың соңына дейін қарыз алушыларды қарыздары бойынша ескерту және қайтармай қалу тәуекелінің алдын алу;

- қарыз алушыға қызмет көрсетумен байланысты болуы мүмкін мәселелерді несиелік бөлімшелерге хабарлау.

2) Ақырғы жіктелім. Айдың соңғы күнінде банктің балансында провизия мөлшерінің өзгерісі көрсетіледі.

Жіктелімді жасауға негізінен банктерде мысалға ТұранӘлем банкі АҚ-да мынадай бөлімшелер қатысады:

-Тәуекел басқармасы.

- Банктің несиелеу бөлімшесі, соның ішінде копоративтік бизнес басқарамасы, жобалық несиелеу басқармасы, шағын және орта бизнесті несиелеу басқармасы, филиалдарды несиелеу бөлімдері.

-. Middle Office, соның ішінде корпоративтік бизнесті мониторинг басқармасы, филиалдардағы несиелік операцияларды қамтамасыз ету бөлімі.

- Активті және пассивті операцияларды есепке алу бөлімшелері, соның ішінде активті және пассивті операцияларды есепке алу басқармасы, филиалдардағы бухгалтерия.

- Кепілмен қамтамасыз етуге мониторинг жасайтын бөлімшелер, соның ішінде Бас банктегі кепілмен қамтамасыз етуге мониторинг жасайтын бөлім, филиалдардағы кепілмен қамтамасыз етуді бағалаушы мамандар.

- Қаржы институттарымен жұмыс жасайтын басқарма.

- Қауіпсіздік басқармасы.

ЕДБ-дің активтері мен шарты міндеттемелерін жоғарыдағы ережеге сәйкес жіктеу туралы 15-кестеден көруге болады.

 

15-кесте. ЕДБ-дің активтері мен шарты міндеттемелерінің сапаларының серпіні.

кезеңнің басына

Банк активтері мен шартты міндеттемелерінің жіктелімі 2004ж 2005ж 2006ж 2007ж 2008ж
Барлық активтер мен шартты міндеттемелер, млрд, теңге с.і.: 1 965,9 3 330,3 5 427,0 11 242,5 13 377,7
Стандартты 1 467,2 2 411,5 3 973,5 8 117,7 7695,0
үлесі, % 74,6 72,4 73,2 72,2 57,5
Күмәнді, с.і. 475,0 862,6 1 382,1 3 026,9 5542,5
үлесі, % 24,2 25,9 25,5 26,9 41,5
1-санатты күмәнді 350,0 691,5 1 136,8 2 587,9 4253,7
үлесі, % 17,8 20,8 21,0 23,0 31,8
2-санатты күмәнді 37,0 28,9 38,2 112,7 581,3
үлесі, % 1,9 0,9 0,7 1,0 4,5
3-санатты күмәнді 51,4 97,9 142,8 236,1 539,5
үлесі, % 2,6 2,9 2,6 2,1 4,0
4-санатты күмәнді 16,1 18,9 28,5 39,0 59,2
үлесі, % 0,8 0,5 0,5 0,3 0,4
5-санатты күмәнді 20,5 25,4 35,8 51,2 108,8
үлесі, % 1,1 0,8 0,7 0,5 0,8
Үмітсіз 23,7 56,2 71,4 97,9 140,2
үлесі, % 1,2 1,7 1,3 0,9 1,0

Ескерту- ЕДБ-дің есептік және ҚҚА-нің есептік мәліметтері негізінде автормен есептелген

 

Кестеден байқағанымыздай банктердің активтері мен шартты міндеттемелерінің сапасына жасалған талдаудан, стандартты активтер мен шартты міндеттемелердің үлесінің 2004 жылмен салыстырғанда 2008 жылы 74,6%-дан 57,5%-ға дейін төмендегенін көруге болады.

Ал күмәнді активтер мен шартты міндеттемелердің үлесі болса керісінше 2004 жылмен салыстырғанда 2008 жылы 24,2%-дан 41,5%-ға дейін өскен.

Күмәнді активтердің ішінде, 1-санаттағы күмәнді активтер мен шартты міндеттемелердің үлесі 2004 жылмен салыстырғанда 2007 жылы 17,8%-дан 31,8%-ға дейін өскен.

Үмітсіз активтер мен шартты міндеттемелердің үлесі керісінше төмендеп отыр, немесе 2004 жылмен салыстырғанда 2008 жылы 1,2%-дан 1,0%-ға дейін төмендеген.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 273; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты