Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Несиелердің жіктелуі және оларға провизия құру




Әрбір несиелік операциялар бойынша несиелік қоржынды жіктеу несиелік тәуекелдерге провизия есептеу мақсатында жүзеге асады.

Банктердің несиелік операциялары бойынша мүмкін болар зияндардың орнын жабу үшін провизия (резерв) құру қажеттігі банк қызметіндегі несиелік тәуекелдің болуымен негізделеді. Несиелік тәуекелдерге байланысты провизия құру банк активтерінің сапасының нашарлауын немесе несиелік операциялардың тәуекелдігінің жоғарылығын ескере отырып жүзеге асырылады. Банк үшін провизияның құрылуы, оның қаржылық қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Банк негізгі қарыздың толық сомасына байланысты шығындардың орнын жабу мақсатында ұлттық және шетел валютасындағы барлық несиелік операциялар түрлері бойынша резервтеу коэффициентіне сәйкес провизия құра алады. Аталған резерв есебінен кейіннен қайтарылмаған несиелер бойынша зияндар шегеріледі.

Несиелік тәуекел деңгейіне қарай, яғни қарыз алушының келісімшартта бекітілген мерзімде несие берушіге төлемеген негізгі қарызы мен пайызының сомасына қарай несиелер жіктеледі. Несиелік тәуекелдің шамасына қарай барлық несиелер мынадай сыныптарға бөлінеді:

1) Стандартты;

2) Күмәнді:

- 1-санатты күмәнді – төлемдерді уақтылы және толық төлеген жағдайларда;

- 2-санатты күмәнді - төлемдерді кешіктіріп несеме жартылай төлеген жағдайларда;

- 3-санатты күмәнді - төлемдерді уақтылы және толық төлеген жағдайларда;

- 4-санатты күмәнді - төлемдерді кешіктіріп несеме жартылай төлеген жағдайларда;

- 5 –санатты күмәнді

3) Үмітсіз.

Қарыз алушылардың төлем қабілетсіздігінен туындайтын қарыздың қайтарылмауынан шегетін зияндарды болдырмау мақсатында банктерде несиелік тәуекелді бағалау тәжірибесі жүзеге асады.

Барлық несиелер және несиеге теңестірілетін клиенттердің қарыздары бойынша несиелік тәуекел бағаланады және оны тиісті шоттар бойынша жіктеледі:

Аттары Шот номері  
Несиелік қоржынның жіктелуі  
1) Басқа банктерге берілген несиелер  
Басқа банктердің корреспонденттік шоттары бойынша овердрафт займдары
Басқа банктерге берілген қысқа мерзімді займдар
Басқа банктерге берілген ұзақ мерзімді займдар
Басқа банктерге берілген қаржы лизингтері
Банктің займдары бойынша басқа банктердің мерзімі өткен қарыздары
Банктің займдары бойынша басқа банктердің блокирленген қарыздары
Банктің займдары бойынша басқа банктердің қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен қарыздары
2) Клиенттерге берілген несиелер  
Клиенттерге берілген овердрафт займдары
Клиенттердің кредиттік карточкалары бойынша шоттары
Клиенттердің есепке алынған вексельдері
Клиентерге берілген факторингтік несиелер
Клиенттерге берілген форфейтингтік несиелер
Клиенттерге берілген қысқа мерзімді займдар
Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді займдар
Клиенттерге берілген қаржы лизингтары
Клиенттердің қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен қарыздары
Банктің займдары бойынша клиенттердің мерзімі өткен қарыздары
Клиенттерге берілген протесталған вексельдер
Банктің займдары бойынша клиенттердің блокирленген қарыздары
Клиенттерге берілген өзге займдар
3) Басқа банктерде орналастырылған Банктің депозиттерінің жіктелімі  
А) Корреспонденттік шоттар  
Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар
Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар бойынша блокирленген қарыздар
Б) Басқа банктерде орналастырылған салымдар  
Басқа банктерде орналастырылған салымдар (бір түнге)
Басқа банктердегі орналастырылған талап етілетін салымдар
Басқа банктердегі орналастырылған қысқа мерзімді салымдар (1 айға дейін)
Басқа банктердегі орналастырылған қысқа мерзімді салымдар (1жылға дейін)
Басқа банктердегі орналастырылған ұзақ мерзімді салымдар
Басқа банктердегі салымдар бойынша мерзімі өткен қарыздар
Басқа банктердегі салымдар бойынша блокирленген қарыздар
4) дебиторлық қарыздар жіктелімі  
Өзге дебиторлар  
Өзге алдын ала төлемдер
Брокерлермен есеп айырысулар
Банктің қызметкерлерімен есеп айырысулар
Құжатты есеп айырысулар бойынша дебиторлар
Кепіл-хаттар бойынша дебиторлар
Капиталдық жұмсалымдар бойынша дебиторлар
Акцептелген вексельдер үшін клиентке қатысты Банктің талаптары
5) Банктің шартты міндеттемелерінің жіктелуі  
А) Аккредитив шоты  
Шығарылған қамтамасыз етілмеген аккредитивтер бойынша болуы мүмкін міндеттемелер
Расталған қаматмасыз етілмеген аккредитив бойынша болуы мүмкін міндеттемелер
Б) Кепіл-хат шоты  
Берілген немесе расталған кепіл-хаттар бойынша болуы мүмкін міндеттемелер
С) Өзгелері  
Форфейтингтік операциялар бойынша міндеттемелер
Алдағы уақытта займдарды беруге байланысты шартты міндеттемелер
Форфейтингтік операциялар – контршоты бойынша іздестірілетін вексельдер

 

Несиелерді жіктеу барысында барлық несиелік операциялар бойынша қарыз алушының жалпы қарызы ретінде қарыз алушыға келетін жиынтық тәуекел анықталады.

Жалпы активтерді, соның ішінде несиелерді жіктеу және несиелік тәуекелді бағалау мынадай критерилерді ескере отырып жүзеге асады:

1) Қарыз алушының қаржылық жағдайы;

2) Банк алдындағы жіктелінген активтер және шартты міндеттемелер бойынша мерзімі өткен қарыздарының болуы;

3) Қамтамасыз ету сапасы;

4) Несиенің мерзімін ұзартылуы;

5) Өзге де мерзімі өткен міндеттемелердің болуы;

6) Несиелердің көзделеген мақсатқа жұмсалынбаған бөлігі, %-бен;

7) Өзге несие берушілер алдында шегерілген қарыздарының болуы;

8) Қарыз алушыда Ұлттық банктің бекіткен тізіміне енген рейтингтік агенттіктердің рейтингінің болуы.

Несиелерді жіктеу үшін ең бастысы қарыз алушының қаржылық жағдайына баға берілуге тиіс.

Қарыз алушының қаржылық жағдайын бағалауда отандық банктер тәжірибесінде несиелік скоринг жүйесі қолданылады.

Қарыз алушы заңды тұлғалардың қаржылық жағдайын бағалау тоқсан немесе жарты жыл сайын бір рет клиенттің берген қаржылық есебі негізінде жүргізіледі. Мұндағы қаржылық есепке бухгалтерлік баланс пен пайда және зиян есебі жатады. Осындай құжаттар негізінде несие-менеджері қарыз алушының қаржылық жағдайына несиелік скоринг көмегімен жедел-бағалауды жүзеге асырады.

Несиелік скорингті жүргізу барысында қарыз алушының қаржылық қызметін сипаттайтын бес параметр пайдаланады. Аталған параметрлер екі топқа бөлінген:

1-топ: Қаржылық көрсеткіштердің өзгерісінің динамикасы:

- өндіріске жұмсалатын шығындардың сатудан түсетін түсімдерге қатынасына қатысты өзгерісі;

- негізгі құралдардың құндарының өзгерісі;

- меншікті капиталдың өзгерісі;

- міндеттемелердің жалпы өзгерісі.

2-топ: Қаржылық көрсеткіштер негізінде қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау.

Мұда қарыз алушының несиелік қабілетін сипаттайтын мынадай қаржы көрсеткіштері есептеледі:

- ағымдағы және жылдам өтімділік коэффициенттері;

- автономия коэффциенті;

- сауданың рентабельділігі;

- меншікті капиталдың рентабельділігі;

- тауарлы-материалды запастардың айналымдылығы;

- дебиторлық қарыздар айналымдылығы;

- кредиторлық қарыздар айналымдылығы.

Әрбір бағалау параметрлеріне сараптамалық немесе есептеу жолымен бектілетін балл беріледі және маңыздылық салмағы белгіленеді.

Скоринг – берілген балдар мен тиісті салмағының сомасы ретінде есептелінеді және оның мәні нол мен бірдің арасында болады. Есептеу нәтижесінде анықталған мәнді қарыз алушының қаржылық жағдайының деңгейін анықтау үшін және сол санат бойынша тиісті балл беру үшін пайдаланады.

Активтер мен шарты міндеттемелерді жіктеу және оларды күмәндінің санаттарына және үмітсіздерге жатқыза отырып, оларға қарсы провизия (резервтер) құру Ережесіне сәйкес, әрбір класс қарыз алушылардың белгілі бір қаржылық жағдайына сәйкес келеді:

Класс Қаржылық жағдайының сапасы Сипаттамасы
тұрақты Қарыз алушының қаржылық жағдайы тұрақты; компания зиянсыз, төлем қабілетінді, нарықта жақсы позиция ұстанған; актив бойынша жасалған келісімшарттың қызмет ету мерзімі ішінде қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін сыртқы немесе ішкі факторлар айқындалмаған; өзінің міндеттемесі бойынша банкпен есеп айырысудағы клиенттің мүмкіндігі күмән туғызбайды; қарыз алушының актвивтері мен пассивтері мерзімдері бойынша өлшенген
қанағаттанарлық Қарыз алушының қаржылық жағдайының уақытша нашарлауының, табыстарының, төлем қабілетіндік деңгейінің, нарықтық позициясының төмендеу белгілері бар; актив бойынша жасалған келісімшарттың қызмет ету мерзімі ішінде қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін сыртқы немесе ішкі факторлар айқындалған; өзінің міндеттемесі бойынша банкпен есеп айырысудағы клиенттің мүмкіндігі күмән туғызуы; бұл жерде қарыз алушының уақытша қиындықтарды жеңіп, банк алдындағы өзінің міндеттемесімен есеп айырысатындығына сенім бар.
тұрақсыз Қарыз алушының қаржылық жағдайы үздіксіз нашарлағандығының, қызметі зияндылығының, төлем қабілетіндік деңгейі төмендеуінің, нарықтағы үлесінің азаюының белгісі бар; бұл жерде қарыз алушының қаржылық жағдайының тұрақтану немесе жақсаруна сенім жоқ; қарыз алушыға 1 жыл бойы санациядан өтудің жариялануы; қызметінің тоқтауына ықпал етпеген бірақ, қарыз алушыға материалдық залал әкелген форс-можор немесе өзге жағдайлардың болуы; қарыз алушының қаржылық жағдайын бағалау үшін қажетті мәліметтердің немесе несиелік іс-құжаттарының болмауы
қауіпті Қарыз алушының қаржылық жағдайы үздіксіз нашарлауы, зиянмен жұмыс жасауы, төлем қабілетінсіздігі, нарықтағы позициясын жоғалтуы; меншікті капиталдың теріс көрсеткішке ие болуы; қарыз алушыға 1 жылдан жоғары мерзімде санациядан өтудің жариялануы; қарыз алушының банкрот ретінде танылыуы; қызметінің тоқтауына ықпал еткен бірақ, қарыз алушыға материалдық залал әкелген форс-можор немесе өзге жағдайлардың болуы. Сонымен қатар қарыз алушының қаржылық жағдай туралы ақпарат болмаған кезде, оның жағдайы қауіпті болып саналады.

 

Скоринг көмегімен есептелінген, қарыз алушының қаржылық жағдайының класына сәйкес аталған критерилер бойынша балл беріледі:

Класс Қаржылық жағдайының сапасы Балл
тұрақты
қанағаттанарлық +1
тұрақсыз +2
Қауіпті (критический) +4

 

Скоринг көмегімен мерзімі өткен қарыздары бар несиелер бойынша қарыз алушы жеке тұлғаның қаржылық жадайын тоқсан сайын немесе жарты жылда бір рет бағалауды жүзеге асыруға болады.

Ережеге сәйкес, әрбір класс қарыз алушылардың белгілі бір қаржылық жағдайына сәкес келеді:

Класс Қаржылық жағдайының сапасы Сипаттамасы
тұрақты Қарыз алушының қаржылық жағдайы тұрақты; Қарыз алушы алты айдан астам мерзім бойында жұмыс жасайды және табыстары тұрақты түсуде. Төлем қабілетіндік коэффициенті (қарыз алушының және оның отбасы мүшелерінің барлық шығыстарының барлық табыстарына қатынасы) 0,9-дан кіші немесе тең. Қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторлар айқындалмаған;
Қанағаттанарлық Қарыз алушының қаржылық жағдайының уақытша нашарлауының белгісі бар. Қарыз алушы алты айдан төмен, бірақ екі айдан жоғары мерзімде жұмыс жасайды және табыстарының түсуі тұрақты. Төлем қабілетіндік коэффициенті (қарыз алушының және оның отбасы мүшелерінің барлық шығыстарының барлық табыстарына қатынасы) 0,9-дан 1-ге дейінгі аралықты құрайды. Қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторлар айқындалған;
3. Тұрақсыз Қарыз алушының қаржылық жағдайының уақытша нашарлауының белгісі бар. Қарыз алушы ек айдан төменгі мерзімде жұмыс жасайды және табыстарының түсуі тұрақсыз. Төлем қабілетіндік коэффициенті (қарыз алушының және оның отбасы мүшелерінің барлық шығыстарының барлық табыстарына қатынасы) 1-ге тең немесе жоғары. Қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторлар айқындалған; Қарыз алушының банк алдындағы өзінің міндеттемесімен есеп айырысатындығына сенім жоқ, сондай-ақ қарыз алушының несиелік ісқұжаттары жоқ.
қауіпті Қарыз алушының қаржылық жағдайы қауіпті жағдайға жеткен, табыс алу көзі жоқ (жұмыстан босатылған немесе кәспкерлік қызметі тоқтаған). Төлем қабілетіндік коэффициенті (қарыз алушының және оның отбасы мүшелерінің барлық шығыстарының барлық табыстарына қатынасы) 1-ден жоғары. Клиент төлем қабілетінсіз.

 

Скоринг көмегімен есептелінген, қарыз алушының жеке тұлғаның қаржылық жағдайының класына сәйкес аталған критерилер бойынша балл беріледі:

Класс Қаржылық жағдайының сапасы Балл
тұрақты
қанағаттанарлық +1
тұрақсыз +2
Қауіпті (критический) +4

Қамтамасыз ету сапасының критерилері бойынша балдарды аталған Ережеге сәйкес есептейді (қосымша бетті қараңыз).

Активтерді жіктеу барысында анықталатын қорытынды балл жоғарыда аталған барлық критерийлерді қосу арқылы анықталады.

Қорытынды балдың мәнінің негізінде несие бөлімінің қызметкері жіктелінетін активтер санатын бекітіп, соған сәйкес провизия мөлшерін анықтайды:

Баллдар саны Активтердің жіктелім санаттары Провизия мөлшері (негізгі қарыздың сомасынан %-бен)
1-ге дейін Стандартты
  Күмәнді  
1-ден 2-ге дейін 1-санатты 5% - төлемдерді уақтылы және толық төлеген жағдайда
2-санатты 10% - төлемдерді кешіктірсе немес жартылай төлесе
2-ден 3-ке дейін 3-санатты 20 % - төлемдерді уақтылы және толық төлеген жағдайда
4-санатты 25% - төлемдерді кешіктірсе немес жартылай төлесе
3-тен 4-ке дейін 5 санатты 50% - барлық жағдайларда
4-тен жоғары Үмітсіз 100% - барлық жағдайларда

Банк несиелерінің өсуі серпіні өз кезегінде банк жүйесіндегі тәуекел деңгейін арттырып, несиелік қоржынның сапасын төмендетуге әсер етуде (11-сурет).

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 487; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты