КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Олма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу формалары мен құралдары
Банктің есеп айрысу-кассалық операциялары екі формада жүзеге асады: қолма-қол ақшалар мен қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу. Қолма-қол ақшалармен есеп айырысулар – бұл нақты ақшалармен төлемдер және аударымдар жасауды сипаттайды. Мұндағы нақты ақшаларға: банкноталар және монеталар жатады. Қолма-қол ақшалармен есеп айырысулар көбіне кассалық операциялар көмегімен іске асады. Есеп айырысу операцияларының басым бөлігі қолма-қолсыз түрде жүреді. Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысулар – клиенттердің банкте ашқан шоттары көмегімен, олардың тапсырмасы негізінде бір шоттан екінші бір шотқа аударылатын төлемдердің жиынтығы Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар - чектер, пластикалық карточкалар электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы сақтаған ақшалары (депозиттер). Қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақшалар арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Ол ақшаның үнемі бір айналыс сферасынан екінші біріне өтіп отыруынан байқалады. Айталық, қолма-қол ақшалардың банктегі депозитке салынуы, олардың қолма-қолсыз ақшаға айналуын білдірсе, ал, банктен жалақы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы және т.с.с. төлеу үшін ақша алған жағдайларда қолма-қолсыз ақшалар қолма-қол ақшаларға ауысуы байқалады. “Қазақстан Республикасы аумағында төлем құжаттарын пайдалану және қолма-қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі” туралы ҚР Ұлттық банк Басқармасының 2000 жылға 25 сәуірде бекіткен N 179 қаулысына сәйкес, заңды тұлғалар арасындағы 4000 айлық есеп көрсеткішінен асатын мөлшерде есеп айырысулар тек қана қолма-қолсыз тәртіпте жүзеге асырылуға тиіс. Осы ережеге сәйкес қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылатын төлем құжаттарының түрлеріне мыналар жатады: 1) төлем тапсырмасы; 2) төлем талабы-тапсырмасы; 3) инкассалық үкім; 4) чекпен есеп айырысу; 5) вексельмен есеп айырысу; 6) төлем карточкаларымен есеп айырысу. Аталған төлем құжаттарының мынадай өзіне тән көрсеткіштері болуға тиіс: төлем құжатының атауы; төлем құжатының номері, толтырылған күні, айы, жылы; ақшаны аударушының (төлеушінің) толық аты-жөні және жеке идентификациондық коды; ақшаны аударушы банктің толық аты-жөні және банктік идентификациондық коды; бенефициардың (ақшаны алушының) толық аты-жөні және жеке идентификациондық коды; бенефициар-банктің толық аты-жөні және банктік идентификациондық коды; төлемнің тағайындалу коды; санмен және жазбаша түрде берілген төлем сомасы; төлемді немесе ақшалай аударымды жасайтын тұлғаның қолдары мен мөрлері (егер құжат қағаз түрінде толтырылған болса); бенефициардың және ақшаның аударушының салықты төлеуші ретіндегі тіркеу номері (СТТН) Төлем құжаттары қағаз және электрондық жолмен толтырылуы мүмкін. Төлем құжаттарының дұрыс толтырылуына үлкен мән беріледі. Әсіресі, ондағы төлемнің тағайындалу коды 1999 жылғы 15 қарашадағы “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік классификаторы - төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторын пайдалану ережесі туралы” ҚР Ұлттық банктің Басқармасының бекіткен №388 қаулысына сәйкес болуға тиіс. МТ 100 форматындағы электрондық төлем тапсырмасында төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторының (ТТБК) толтырылуын мынадай мысалмен беруге болады:
{1:F01K056010000000000000000} {2:/100SGROSS000000N2020} {4: :20:12772 :32A:000120KZT1500,00 :50:/D/100886815 /NAME/ ШК “Ұлытау” /RNN/485418590103 CHІEF/ Өмірбай Асқар Сейтжанұлы /MAІNBK/Тасмағанбет Бақытжан /ІRS/ 1 /SECO/7 :52B:190501601 :57B190501306 :59:56893117 /NAME/:ЖШС “Байқоңыр” /RNN/600400070070470 /ІRS/1 /SECO/7 :70:/NUM/63 /DATE/991112 /VO/01 /SEND/07 /KNP/830 /ASSІGN/ Құрылыстық қызмет көрсеткені үшін. Төлемдердің тағайындалуының бірыңғай классификаторы толтырылатындарға мынадай төлем құжаттары жатады: 1) төлем тапсырмасы; 2) төлем талабы-тапсырмасы; 3) салық (кеден) органдарының инкассалық үкімі; 4) аударуға берген өтініші. Төлем тапсырмасымен есеп айырысу - бұл қазіргі кезде кеңінен қолданылатын есеп айырысу формасы. Төлем тапсырмасы – ақшаны аударушының (төлеушінің) аталған тапсырмада көрсетілген ақша сомасын бенефициарға аудару туралы қызмет көрсетуші банкке берген тапсырмасы. Төлем тапсырмасымен есеп айырысумынадай төлемдерді жүзеге асыру үшін қолданылады: алынған тауарлары мен көрсеткен қызметтері үшін, тауарлы емес операциялар (зейнетақы және сақтандыру қорына төлемдер, салықтық төлемдер, банкке комиссиондық және т.б. төлемдер) бойынша, жабдықтаушылар мен мердігерлерге тауары және көрсетілген қызметтері үшін алдын ала төлеуге, аванстық төлемдер. Төлем тапсырмасы оны толтырған күннен бастап (оны толтырған күн есепке алынбайды) он күнге жарайды және төлеушінің шотында қаражат болған жағдайда ғана іске асырылады. Екі жақтың келісуі бойынша төлем тапсырмасы мерзімді, мерзімінен бұрын және кешіктірілген болуы мүмкін. Мерзімді төлем - бұл тауарды жөнелткенге дейін (9-сурет) төлеу арқылы жүргізіледі. Мерзімінен бұрын және кешіктіріп төлеу бұл жақтың қаржылық жағдайына зиян келмеуі үшін жасалған келісім негізінде төленуі мүмкін. Төлем тапсырмасымен есеп айырысу сызбасы 9-суретте берілген.
9-сурет. Төлем тапсырмасы бойынша тауарлар (қызметтер) үшін төлемді сатып алғаннан кейін төлеу барысында есеп айырысу сызбасы. 1 - тауарды (қызметті) жабдықтау; 2 - төлем тапсырмасын банкке беру және шоттан қаражатты шегеру; 3 - бенфициар банкіне қаражатты аудару және алушының шотына есептеу; 4 – бенефициардың шотына қаражат түскендігін хабарлау.
Төлем тапсырмасын теңге және шетел валютасы бойынша толтырылу үлгілері келесі беттерде берілген.
Төлем талап-тапсырмасы - бұл қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың жаңа формасы, біздің тәжірибеге 1990 жылы енгізілген болатын. Мұнда төлем талабы және төлем тапсырмасының элементтері қатар қамтылған. Төлем талап-тапсырмасы – бенефициардың төлеушіге оған қызмет көрсетуші банкке бағытталған, жөнелтілген өнім, атқарылған жұмыстар және көрсетілген қызмет құнын жіберілген есеп айырысу құжаттары негізінде төлеу талабы. Төлем талап-тапсырмасын бенефициар толтырады да, оны коммерциялық құжаттармен бірге бірден аударушының банкіне жібереді. Аударушының банкі, ол төлем талап-тапсырмасын төлеушіге береді. Ал аударушы, банкке келіп түскеннен бастап, үш күн ішінде төлем туралы банкке келісімін беруге тиіс. Төлем талап-тапсырмасы банктегі аударушының шотында ақша болған жағдайда ғана қабылданады. Төленбеген төлем талап-тапсырмасы 3 күннен 30 күн аралығында № 1 картотекаға орналастырылуы мүмкін. Төлем талап-тапсырмасы бойынша төлеуден бас тартатын болса, оны осы үш күн ішінде банкке хабарлайды. Сөйтіп төлем талап-тапсырмасы жөнелту құжаттарымен және төлеуден бас тартуын хабарлайтын құжатпен бірге тікелей бенефициарға қайтарылады. Төлем талап-тапсырмасы бойынша есеп айырысудағы құжат айналымы мынадай сызбамен беріледі (10- сурет).
6 3 4
10-сурет. Төлем талап-тапсырмасы бойынша есеп айырысудағы құжат айналымының сызбасы 1- тауарды жабдықтау (қызмет көрсету); 2- төлем талап-тапсырмасын аударушының банкіне жібер; 3 – есеп айырысу құжаттары аударушыға келісім беруі үшін беріледі; 4 – төлеуге келісім берген есеп айырысу құжаттары банкке қайтарылып, ондағы сома банкте сатып алушының шотынан шегеріледі; 5- бенефициардың банкіне қаражат аударылып, онда бенефициардың шотына есепке алынады; 6 – бенефициардың шотына қаражат келіп түскендігін хабарлайды. Төлем талап-тапсырмасымен есеп айырысудың мынадай артықшылықтары бар: келісім-шарт тәртібінің нығаюына мүмкіндік береді және құжат айналымын жылдамдатады. Төлем талап- тапсырмасын толтыру үлгісі келесі бетте берілген.
Инкассалық өкім – заң актілерінде көзделген жағдайда ақшаны жөнелтушінің келісімінсіз, оның банктік шотынан ақшаны алу үшін пайдаланылатын төлем құжаты.
Сомасы жазбаша : Жүз мың теңге 00 тиын
Төлемнің тағайындалуы №1 7 қаңтар 2007 ж. соттың бұйрығына, «Ақшалай аударымдар мен төлемдер туралы» ҚР заңының 15 бабына сәйкес (ақшаны алуға негіз болатын заң актісіне міндетті түрде сілтеме жасау)
Инкассалық өкім салық және кеден органдарына төленбеген төлемдерді, сондай-ақ соттың шешімі бойынша басқа да төлемдерді талап ету жағдайында қолданылады. Мұндағы салық және кеден органдарының инкассалық өкімінен басқасы міндетті түрде соттың шешімдері, бұйрығы, қарары және қаулысы бойынша берілетін орандау парағымен б3рге жүреді. Инкассалық өкімде төлемнің тағайындалуы ақшаны аударушының банктік шотынан, оның келісімінсіз ақшаны алуға құқық беретін заңдық актіге сілтеме көрсетіледі. Салық және кеден органдарынан келіп түскен инкассалық өкім сомасы аударушының шотындағы қаражат көлемінде төленуі мүмкін, яғни қаражат көлемі толық жетпеген жағдайда, сол құжаттың келесі бетіне “жартылай төленді” деген белгі қойылуға тиіс. Қалған сома қаражаттың шотқа түсуіне қарай төленеді. Тек қана соттың шешімімен келетін инкассалық өкімдер шотта қаражат соамсы жеткілікті болған жағдайда төленеді, керісінше жағдайда ол шоттағы қаражат қозғалысына тиым саланды. Мұндай төлем құжаттары басқа құжаттарға қарағанда кезектен тыс төленуге тиіс. Чекті есеп айырысу барысында төлем құралы ретінде заңды және жеке тұлғалар пайдалана алады. чек арқылы есеп айырысудың қолайлылығы мынада: егерде төлеуші тауарды алғанға дейін төлегісі келмей, ал жабдықтаушы төлеуге кепіл бергенше тауарын жібергісі келмеген жағдайда; сатушы белгісіз болған жағдайда. Еліміздегі чекті пайдалану барысы 1998 жылғы 5 желтоқсандағы ҚР Ұлттық банкі Басқармасының бекіткен № 266 қаулыға сәйкес жүзеге асады. Чектер қолма-қолсыз төлемдерді жүзеге асыру және қолма-қол ақшал алу үшін пайдаланылады. ҚР-да чекпен есеп айрысу тек қана ұлттық валютада жүзеге асады. Банктен қолма-қол ақшалар алуға арналған чектің түріне ақшалай чек жатады. Мұндай чектің түрін Ұлттық банктің бекітілген формасында 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін екінші деңгейдегі банктер өздерінің клиенттеріне беріп келсе, бүгінгі күні кез келген коммерциялық банк өзінің формасында чекті шығарып отыр. Чекті пайдалану банктен алатын чектік кітапша негізінде іске асады. Чек алу үшін шот иесі банкке чектік кітапша алуға өтінішін жасайды. Чек алуға үшін өтініш формасы келесі бетте берілген. Аталған ережеге сәйкес чектер төмендегідей түрлерге бөлінеді: Кепілденген чек - чек берушінің банкіндегі шотыныдағы қаражаттың көлеміне байланыссыз чекте көрсетілген соманы төлеуге қызмет көрсетуші банктің беретін кепілін көрсететін чек. Кепілдендірілмеген чек - чек беруші банктің кепілдігі көрсетілмеген чек; Қамтамасыз етілген чек – банкке алдын ала салған депозитпен қамтамасыз етілген чек; Қамтамасыз етілмеген чек – депозитпен қамтамасыз етілген чек. Ережеге сәйкес, чек - бұл чек берушінің чекті қабылдаушы банкке, өзара жасалған келісімшарт негізінде чекте көрсетілген соманы чекті ұстаушыға төлеу туралы бұйрығы. Чектің өзіне тән төмендегідей көрсеткіштері болады: “чек” деген атауы; чек номері мен сериясы; чектің қызмет ету мерзімі; чек берушінің аты-жөні; чек берушінің СТТН-і.
Чек алу үшін өтініш формасы
Санмен және жазбаша түрде көрсетілген сомасы, күні, айы, жылы, чек берген жері және чек берушінің қолы мен мөрі; Чек ұстаушының аты-жөні; Чек ұстаушының СТТН-і; Чекті төлеуге міндетті чек беруші банктің атауы; Чек бершу банктің жеке банктік коды; “Бұйрық бойынша төлеңіз” кестесі; “Төлемнің тағайындалу” кестесі. Чекті төлем ретінде қабылдағаны туралы чек ұстаушының белгі соғатын орыны. Чектің қызмет ету мерзімі тотырылған күнді есептемегенде он күнді құрайды. Чек бойынша бір банкте есеп айырысудың тәртібі сызбамен берілген (11-сурет).
4
5 1 2
11-сурет. Чекпен есеп айырысу сызбасы
1- төлеуші банкке чектік кітапша беру туралы өтінішін жасап, оған қосымша төлем тапсырмасын береді; 2 – банк оған чектік кітапша береді және төлем тапсырмасындағы соманы жеке бір шотқа аударады; 3 – бенефициар тауарын жөнелтеді немесе қызмет көрсетеді; 4 – тауарлар мен қызметтер үшін чекпен есеп айырысады; 5-бенефициар чекті банкке көрсетеді, ал банк сатып алушының шотынан чектегі соманы шегеріп оны бенефициар шотына түсіреді.
Вексель қолма-қолсыз есеп айырысу бір құралына жатады. Себебі, вексельдің атқаратын басты қызметі – төлем құралы. Есеп айырысу барысында пайдаланылатын вексельдің түрлері: жай және аудармалы болып келеді. “Вексель” сөзі ағылшынша bіll note – міндеттеме шоты дегенді білдіреді. Вексель - белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі. Вексельдің екі түрі бар: жай және аудармалы. Вексельдің түрлеріне “ҚР-ғы вексель айналысы туралы” (28.04.97) ҚР заңында мынадай түсініктемелер берілген: Жай вексель (соло) – вексельді ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель<
|