Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Төлем карточкаларымен есеп айырысу




Төлем карточкаларымен есеп айырысулар компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.

Төлем карточкалары - пластикалық карточка формасында болады. Олар екі түрлі болып келеді:

Дебеттік карточка – карточкалық шот иесіне банкоматтан қолма-қол ақша алуға және карточкамен қызмет көрсететін сауда үйлерінде, мейрамханаларда және т.б. орындарда сатып алынған тауары мен қызметтері үшін есеп айрысуға мүмкіндік беретін төлем құралы.

Банкомат – банктік карточка көмегімен және ондағы сақталған қаражат көлемінде, оның иесіне қолма-қол ақшаны алуға мүмкіндік беретін автоматандырылған құрылым.

Банкоматтан карточка көмегімен ақша алу үшін әрбір карточка иесіне арнай ПИН-код тағайындалып атаулы карточка беріледі.

ПИН-код - (ағыл. Personal Identification Number – жеке идентификациялық номер) – банктік картаның иесіне банкомат немесе Pos-терминалдар арқылы қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін жеке идентификациялық номері.

Банктік карточканың мынадай өзіне тән реквизиттары бар:

- логотипі, яғни карточканың қай төлем жүйесіне тиісі екендігі, мысалы: “Master Card”, “Vіsa” және т.с.с.;

- карточканың номері (ол 16 саннан тұрады);

- карточка иесінің аты-жөні;

- карточканың эмитентінің атауы;

- карточканың қызмет ету мерзімі;

- карточка иесінің қол қою үлгісі.

Қазіргі кезде көптеген эквайер банктеріміз ірі сауда үйлерімен өзара жасаған келісім-шарт негізінде төлем карточкаларын шығаруды көздеп отыр. Мұндай карточкалардың иелері аталған сауда үйлерінде сауда жасағанда белгілі бір жеңілдіктерді пайдаланады.

Ол үшін сауда үйінде ПОС терминал орнатылады. Мұндағы Pos- терминал дегеніміз сауда немесе қызмет көрсететін кәсіпорында банктік карточкаларға қызмет көрсетуге арналған құрылым. құрылғылары орнатылады.

Pos(ағыл. Point of Sale – сауда орны) – эквайрер банкпен өзара жасалған келісім-шартқа сәйкес, тұтынушылардың сатып алған тауарлар мен қызметтері үшін төлем құралы ретінде банктік картаны қабылдайтын, сауда немесе қызмет көрсететін кәсіпорын.

Кредиттік карточка - оның элименті мен карточка иесі арасындағы келісім шартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.

Кредиттік карточкалар бөлшек сауда айналымында және қызмет көрсету сферасында қолданылады. Қазіргі уақытта несиелік карточкалардың мынадай түрлері қолданылады: банктік, саудаға арналған, бензин сатып алуға арналған, туризм және ойын-сауық шараларын төлеуге арналған. Біршама кеңінен таралған түріне сауда карточкаларын жатқызуға болады.

Қазақстан аумағында қолданылып жүрген карточкалар қолданылу аясына қарай екі түрге бөлінеді:

1) локальдық немесе оқшауланған, яғни бір елдің аумағында қолданылатын төлем карточкалары;

2) халықаралық, яғни әлемдік банктік тәжірибеде еркін қолданылатын төлем карточкалары.

Төлем карточкаларымен есеп айырысулар слиптің комегімен жүзеге асырылады.

Слип (Pos-терминал немесе банкоматтың түбіртегі) - төлем карточканы пайдаланып операция жасалғандығын растайтын есеп айырысу құжаты.

Слип мынадай көрсеткіштерді қамтиды:

- Pos немесе банкоматтың идентифкаторы;

- Операцияның жасалған күні;

- Операция сомасы және валютасы;

- Эмитент банктің операцяиларды авторизациялауды растайтын коды;

- Банктік карточканың өзіне тән белгілерері;

- Слипте карточканы ұстаушының қолы.

Отандық банктік тәжірибеде пластикалық карточкаларын пайдалану арқылы есеп айырысу тәртібі 14-суретте берілген.

 

 
 

 

 


1

 

4 9 9 4 8 9

 

           
   
  ҚБЕО
 
Эмитент банк
   
Эквайрер банк
 


10 10

       
   
 

 

 


2 11 4 6 7

Pos-терминал не банкомат
3

 
 


5

 

14-сурет. Пластикалық карточкаларын пайдалану арқылы есеп айырысу тәртібі

 

1 Эмитент банк төлем жүйесінің өкілдерімен келісімшарт жасасып, соның негізінде аталған жүйеде қызмет ететін пластикалық карточканы шығаруға құқық алады.

2. Карточка иесі эмитент банкте карт-шотын ашады және банкпен келісімшарт жасасады. Эмитент банк оған карточка береді.

3. Карточка иесі карточкамен қызмет көрсетуге маманданған сауда үйінен тауар сатып алғысы келіп Pos-терминалдан өткізеді немесе ПИН-коды арқылы қолма-қол ақша алғысы келіп өзге банкоматқа салады.

4. Pos-терминал не банкомат авторизациялауды жүзеге асырады

5. Авторизациялау процедурасы сәтті аяқталса, Pos-терминал не банкомат карточка иесіне слипті береді, оған ол қол қоюға тиіс. Сөйтіп, ол өзі қалаған тауарды немесе қолма-қол ақшасын алады және карточка иесіне қайтарылады.

6. Жұмыс күнінің соңына қарай Pos-терминал Эквайрер банкке слипті береді, яғни ол есеп айырысуға негіз болып табылады.

7. Эквайрер банк слип негізінде Pos-терминалмен есеп айрысады немесе Pos-терминал шотына слипте көрсетілген соманы аударады.

8. Эквайрер банк пластикалық карточкамен жасалған операциялар бойынша ақпаратты Ұлттық процессингтік орталыққа береді.

9. Ұлттық процессингтік орталық күні ішінде келіп түскен ақпарттарды өңдейді және қорытынды мәліметтерді төлем жүйесіне қатысушы банктер арасында есеп айырысуды жүргізу мақсатында дайындайды.

10. Төлем жүйесінің қатысушылары пластикалық карточкаларды пайдалану барысында жасалған операциялар бойынша Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы (КБЕО) арқылы өзара міндеттемелерді өтейді.

11. Эмитент банк пен карточка иесі өзара есеп айырысуларды карточка түріне қарай төмендегідей тәртіпте жасайды:

- дебеттік карточка бойынша эмитент банк карточка иесінің шотынан тиісті қаражатты шегереді;

- кредиттік карточка бойынша карточка иесі оған берілген несие сомасы мен оған есептелетін пайызды қайтарады.

Мұндағы, авторизация - эмитент банктің төлем карточкасын пайдаланып операция жүргізуге берген рұқсатын білдіреді. Авторизациялау процедурасы аяқталған соң эмитент банк, банктік картаны (слип) пайдалану арқылы жасалған есеп айырысу және өзге құжаттарды төлеуге байланысты міндеттеме алады.

Авторизациялау екі режимде: «он-лайн» және «офф-лайн» режимінде жүзеге асырылуы мүмкін.

«Он-лайн» режимі (ағыл. on-line – нақты уақыт режимі) – банктік картаны шығарушымен арадағы электронды немесе телефон байланысы арқылы немесе магнитті штрихті картаны көмегімен жасалатын операцияны сипаттайды. Оn-line режимінде рұқсат алу үшін эмитент банкпен арада байланыстың болуы қажет.

«Офф-лайн» режимі (ағыл. off-line – қолжетімсіздік) - банктік карточканы шығарушымен арадағы электронды немесе телефон байланысты қажет етпейтін, яғни чипті (микросхемалы) картаның көмегімен жасалатын операцияны білдіреді

Эквайрер банк – банктік карточкалар көмегімен жасалтын операциялар бойынша Pos-терминалдармен есеп айырысуды жүзеге асыратын банк.

Қазақстанда 2000 жылдың аяғында ҚР Ұлттық банктің құрылтайшылығымен жабық акционерлік қоғам формасында «Процессингтік орталық» құрылды. Мұндай ұйымды құрудың басты мақсаты Қазақстанда төлем карточкаларын пайдаланудың біртұтас кеңістігін жасау болып табылды.

Ұлттық процессингтік орталық – төлем жүйесінің технолгиялық ядросы болып саналатын мамандандырылған есептеу орталығы.

Ұлттық процессингтік орталық мынадай қызметтерді атқарады:

- төлем карточкалары бойынша транзакцияларды өңдеп, қажетті құжаттарды дайындау;

- төлем жүйесіне қатысушы банктер арасында өзара есеп айырысуларды жүргізуге арналған ақпараттар даярлау;

- төлем карточкаларын, соның ішінде халықаралық төлем карточкаларын пайдалану арқылы жүзеге асырылатын төлемдер клирингін ұйымдастыру;

- төлем жүйесіне қатысушы банктердің үстеме шығыстарын азайту мақсатында екінші деңгейдегі банктер мен бағдарламалық-техникалық құралдарды көтерме бағамен жабдықтаушылар арасынын байланыстыру жұмыстарын ұйымдастыру;

- қатысушы банктерді техникалық және ақпараттық жағынан қолдау;

- төлем карточкаларын қабылдау торабын ұйымдастыру.

Локальдық жүйеснің төлем карточкаларын мынадай екінші деңгейдегібанктеріміз шығаруда: AltynCard – Қазақстан Халық банкі АҚ және Алматы сауда-қаржы банкі АҚ; SmartAlemCard – ТұранАлемБанк АҚ; Каспий – Каспий банкі АҚ; Казақстан Ситибанкі локалдық карточкасы; Дуэт – Валют-Транзит банкі АҚ; Цесна банктің локалдық карточкасы - Цесна банк АҚ; KazCard – Казпошта АҚ. Сонымен қатар банктер халықарлық жүйелердің мынадай төлем карточкаларын шығарады және таратады: VISA International, Europay International, American Express International және Diners Club International.

Төлем карточкаларының нарығы қаржы секторының болашағы бар бағыттарының бірі бола отырып, жедел жəне тиімді қарқынмен дамуда.

Қазіргі уақытта нарықта қызмет көрсетудің үлкен ассортименті бар жəне əр түрлі карточкалық бағдарламалардың айтарлықтай мөлшері ұсынылады. Мəселен, төлем карточкасының көмегімен дүкендер мен мейрамханаларда тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін есеп айырысуға, коммуналдық қызмет, байланыс қызметі үшін ақы, салық жəне кеден төлемдерін төлеуге, кредиттерді өтеуге, карточкадан карточкаға ақша аударуға болады.

Сондықтан Қазақстанның тұрғындары барған сайын тауарлар мен қызмет көрсетулерді жеткізушілердің пайдасына қолма-қол жасалмайтын төлемдерді жүргізу кезінде төлем карточкаларын пайдалануды дұрыс көреді.

Төмендегі кестеде Темірбанк АҚ-ның шығаратын және қызмет көрсететін төлем карточаларының түрлері берілген.

 

    VISA Electron – халықаралық дебеттік (төлем) карточка. Электрондық құрылғыларды пайдалану негізінде және автоматтандырылған режимде операцияларды жүзеге асыруға мүмкінідік береді. Бұл карточка барлық тұтынушыларғы қолжетімді болып табылады, себебі оның құны төмен және бастапқы салымды салу қажет емес.
VISA Classic – халықаралық кредиттік карточка. Бұл карточка операцияларды автоматты түрде және қолмен жасауға мүмкіндік береді. Бұл карточка, оны ұстаушыға өзіндік тиімділік және сенімділік береді.  
    VISA Business – халықаралық корпоративтік карточка. Корпорацияның сенімді тұлғасына корпоративтік, өкілділік және іс-сапар шығыстарына арнап беріледі.    
    VISA Gold – халықаралық кредиттік карточка. Бұл өте жақсы карточка, себебі оның иесіне шетелдік ерекше дүкендерде, мейрамханаларда және мейманханаларда аса сый-құрмет көрсетіледі және тауарлар мен қызметтер үшін төлемдерде белгілі жеңілдіктер беріледі.

 

Мұндағы, авторизация - эмитент банктің төлем карточкасын пайдаланып операция жүргізуге берген рұқсатын білдіреді.

Авторизациялау процедурасы аяқталған соң эмитент банк, банктік картаны (слип) пайдалану арқылы жасалған есеп айырысу және өзге құжаттарды төлеуге байланысты міндеттеме алады.

Эквайрер банк – банктік карточкалар көмегімен жасалтын операциялар бойынша Pos-терминалдармен есеп айырысуды жүзеге асыратын банк.

Ал енді Қазақстандағы Халықбанкі акционерік банктің пластикалық карточкаларымен операцияларына тоқталайық.

Халық банк Қазақстанда Тұраналем банктен кейін карточканы айналымға шығарушы екінші банк. Оның алғашқы карточкалары Алтын деп аталды және оларды казірде қолдануда. Карточкалардың нарғындағы үлесі жағынан Халық банк бірінше орында. Себебі, Халық банкте кез келген бюджеттік мекеме және онда оқитын студенттер қызмет көрсетіледі.

Төменде Халық банк АҚ-ның шығаратын және қызмет көрсететін төлем карточаларының түрлері берілген.

VISA Electron – халықаралық дебеттік (төлем) карточка. Электрондық құрылғыларды пайдалану негізінде және автоматтандырылған режимде операцияларды жүзеге асыруға мүмкінідік береді. Бұл карточка барлық тұтынушыларғы қолжетімді болып табылады, себебі оның құны төмен және бастапқы салымды салу қажет емес.

VISA Electron – халықаралық дебеттік (төлем) карточка. Электрондық құрылғыларды пайдалану негізінде және автоматтандырылған режимде операцияларды жүзеге асыруға мүмкінідік береді. Бұл карточка барлық тұтынушыларғы қолжетімді болып табылады, себебі оның құны төмен және бастапқы салымды салу қажет емес.

VISA Classic – халықаралық кредиттік карточка. Бұл карточка операцияларды автоматты түрде және қолмен жасауға мүмкіндік береді. Бұл карточка, оны ұстаушыға өзіндік тиімділік және сенімділік береді.

VISA Business – халықаралық корпоративтік карточка. Корпорацияның сенімді тұлғасына корпоративтік, өкілділік және іс-сапар шығыстарына арнап беріледі.

VISA Gold – халықаралық кредиттік карточка. Бұл өте жақсы карточка, себебі оның иесіне шетелдік ерекше дүкендерде, мейрамханаларда және мейманханаларда аса сый-құрмет көрсетіледі және тауарлар мен қызметтер үшін төлемдерде белгілі жеңілдіктер беріледі.

Қазақстан Халық банкі пластикалық карточкалармен мынадай операциялар жасайды:

- БАНКОМАТ АРҚЫЛЫ ТӨЛЕМ ЖАСАУ - бұл Мобильдік банкинг байланысы, Қазақтелеком қызметі және кәбілді теледидар үшін ақы төлеудің, сондай-ақ Сіз тұратын қаладағы қол жетімді басқа да төлемдерді өзінізге ыңғайлы кез келген уақытта іске асырудың қолайлы тәсілі.

Сонда сіз төлем кабылдайтын орындар мен Халык банкі бөлімшелерінін жүмыс режіміне тәуелді болмайсыз.

1. Карточканызды банкомат ұяшығына саласыз да, операция жүргізілетін тілді таңдайсыз және ДСН-кодын тересіз;

2.Банкоматтың менюлер панелінен «Төлемдер» деген батырманы тандап аласыз.
Одан әрі нұсқаулыққа сүйене отырып, төлем түрін тандайсыз, төлем сомасын енгізесіз және оны растайсыз.

3. Төлем сомасы көрсетілген чекті алуды ұмытпаңыз. Төлем сомасы кызмет көрсетушінің шотына түскенге дейін чекті сақтап койыныз.

 

- КАРТОЧНЫЙ ДЕПОЗИТ. Депозитті ашу үшін Халық банкінің банкоматын немесе мультимедиялық киоскіні пайдалану жеткілікті. Банк бөлімшесіне барып жатпай-ак, акша жинақтай аласыз. Карточкалық депозитті Халық банкінін банкоматы немесе мультимедиялык киоскісі арқылы банк шотынан толықтырып отыруға болады.

Карточкалык депозитті төмендегідей тәртіппен ашуға болады:

1. Карточканызды банкомат ұяшығына салыңыз да, операция жүргізілетін тілді таңдап алыңыз және ДСН-кодын терініз;

2. Банкоматтың менюлер панелінен алдымен «Аударымдар, депозиттер» деген батырманы танданыз;

3. Одан кейінгі менюлер арасынан «Депозит ашу» операциясын тандайсыз;

4.Банкомат нұскаулығына сүйене отырып, одан әрі депозит ашасыз.
Депозит ашуға кажетті ең теменгі ақша сомасы - 1000 тенге.

Сонымен қатар, карточкалык депозитті толықтыру жолдары маныдай:

1. Карточкаңызды банкомат ұяшығына салыңыз да, операция жүргізілетін тілді таңдап алыңыз және ДСН-кодын теріңіз;

2. Банкоматтың менюлер панелінен алдымен «Аударымдар, депозиттер» деген батырманы таңдаңыз;

3.Одан кейінгі менюлер арасынан «Депозитті толықтыру» операциясын таңдайсыз; Содан кейін салатын ақшаңызды тересіз.

- МОБИЛЬДІК БАНКИНГ. Бұл қызмет Халык банкі төлем карточкаларын иеленуші болып табылатын әрі үялы байланыс телефонын колданатын Банк клиенттеріне ұсынылады.

- БАНКИНГ Ендігі жерде карточканыздағы ақша қалдығын білу үшін Сізге банкоматқа бару міндетті емес, 8080 нөміріне SMS- хабарын жөнелтсеңіз болганы. Мұнымен катар Сіз бұдан былай карточкалык шотынызға косымша бакылау жасауды өз колынызға аласыз, өйткені карт-шотыныздағы акша козғалысы, яғни карточканыз бойынша жүргізілетін кез келген операция (шотка түскен/шоттан алынған акша) туралы ұялы телефоныңызға бірден аталған операцияны растайтын SMS –хабары түседі (егер ұялы телефоныныз осы опцияға косылған болса).

ШОТТЫ БАҚЫЛАУДЫҢ БІРНЕШЕ МЫСАЛЫ:

1. Карточканызға жалақы түскендігі туралы әп-сәтте білесіз.

2. Кафе немесе ресторанда көрсетілген кызмет үшін карточкамен есептесе отырып, кандай сома ұсталгандыгын бірден білесіз.

Сонымен катар Халык банкі өз клиенттеріне үялы телефон байланысы үшін SMS -хабарынын кемегімен акы төлеу мүмкіндігін ұсынып отыр. Мүндай кызмет түрін пайдалану арқылы Сіз мобильдік телефон үшін ақыны
өзіңізге ыңғайлы кез келген уакытта төлей аласыз.

«Мобильдік банкинг» қызметіне косылу рәсімі өте оңай. Сіз мұны екі түрлі жолмен іске асыра аласыз: банкомат аркылы немесе Банк бөлімшесінің бірінде.

Банкомат арқылы косылу үшін:

1.Карточкаңызды банкомат ұяшығына салыныз да, операция жүргізілетін тілді таңдап алыңыз және ДСН-кодын теріңіз;

2.Банкоматтың менюлер панелінен «Мобильдік банкинг» деген батырманы таңданыз;

3.Банкомат менюіндегі нүскаулыққа сүйене отырып, тіркеуден өтініз.

Банк бөлімшесінен қосылу үшін:

1. Бөлімшеге келіп, өтініш толтырасыз;

2. Жеке күжатыңызды және «Мобильдік банкинг» кызметіне косылуы тиіс карточканызды көрсетесіз.

«Мобильдік банкингті» екі түрлі режімде пайдалануга болады.

1. Банкке SMS -хабарын жөнелту арқылы сұрату жасап, ақпарат алу (абоненттік төлемсіз).

2. Әрбір операция бойынша автоматты түрде хабар алып отыру, сондай-ақ SMS-хабарламасымен сұрату жіберу (абоненттік телеммен).

Карточканы «Мобильдік банкинг» кызметінен ажыратуды банкомат арқылы іске асыруға болады.

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҮРҒЫН ҮЙ-КҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ» АҚ-ҒЫ ТӨЛЕМДЕР.

«Қазакстанның Түрғын үй-құрылыс жинақ банкі» АҚ-нын Халык банкі төлем карточкасын пайдаланатын клиенттері енді Казақстан Халык Банкі банкоматтары, аркылы салым ашуға және карыздарының төлемін өтеуге мүмкіндік алады. Кызметтің бүл түріне де кез келген ыңғайлы уакытта кол жеткізуге болады. :

1. Карточкаңызды банкомат ұяшығына салыңыз да, операция жүргізілетін тілді таңдап алыңыз және ДСН-кодын терініз;

2. Банкоматтын менюлер панелінен алдымен «Аударымдар, депозиттер» деген батырманы таңданыз;

3. Одан кейінгі менюден «Депозитті толықтыру» немесе «Кредитті өтеу» деген операцияны тандап алып, әрі карай банкоматтағы нұскаулыққа сүйене
отырып, әрекет жасайсыз.

4. Банкоматтан чекті алыңыз, оны акша шотқа түскенше сақтап қойыңыз

ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНДЕ ЕСЕП АЙЫРЫСУ.

Есеп айырысуды Интернет желісінде жүргізетіндер үшін Халык банкі Visa Virtuon деген карточка ұсынады. Клиентке карточка деректемелері, нөмірі бар, әрекет мерзімі, сәйкестендіру коды және клиенттің мәліметтері көрсетілген карточка баламасы беріледі іздің өз карточкаңыз бар болса да, Visa Virtuon карточкасына ие бола отырып, Сіз:

• әрекет етуші карточкаңыздың нөмірі алаяқтарға белгілі болып калады және Интернет жүйесінде рұксат етілмеген мәмілелер жасау үшін пайдаланылады деп кауіптенбейсіз;

• өзіңіздің жасаған сауданызды кадағалап отыру ыңғайлы болуы үшін, сондай-ак егер шоттың нөмірі алаяктарға белгілі болып қалған жагдайда мүмкін болатын әлеуетті шығын мөлшерін шектеу үшін «накты» және «виртуалды» төлемдерінізді бір-бірінен бөле аласыз.

Visa Virtuon карточкасын алу үшін Банк бөлімшелеріне барып жолығуга болады.

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН MAESTRO ISIC КАРТОЧКАСЫ.

ISIC (International Student Indentity Card) - Студенттердің Халықаралық сәйкестендірмелік карточкасы.

ISIC саяхат шегуші студенттерге колдау жасау максатында әрі көмек ретінде 1968 жылы құрылған болатын. Казіргі уакытта ISIC дүние жүзі таныған әрі мойындаған, студент мәртебесін дәлелдейтін бірден-бір карточкалық құрал болып табылады. Карточканы ЮНЕСКО да таныған және ұсынған, мұның өзі халыкаралык қолдау белгісін білдіреді.

Карточка жоғарғы оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитындар үшін шыгарыла ды.

ISIC карточкасы бойынша осындай логотип койылган барлық жердегі тауарлар мен кызметтерге дисконттык женілдік алуға болады. Қазакстанда қазірдің өзінде ISIC карточкасымен жеңілдік беретін 50-ден астам кәсіпорын бар: бұлар – медицина орталықтары, боулинг-орталыктары, кафелер, музейлер, түнгі клубтар, сондай-ак барлық халықаралық әуе компаниялары.

ISIC таралған дүние жүзіндегі кез келген елде Сіз Көмек желісімен (Неlр lіnе)
байланысып, құқықтық және медициналық көмек алуыңызға болады. Көмек желісі тәулік бойы жүмыс істейді және операторлар 4 тілде (ағылшынша, немісше. французша, испанша) жауап бере алады.

ІISIConnect арнаулы байланыс жүйесі студенттерге әлемнің 137 елінде 85 пайызга дейін жеңілдетілген төмен тарифтермен телефон шалуға, сонымен қатар телефакс.

Дауыстық пошта жәшігін әрі тегін электрондық пошта кызметін пайдалануға
мүмкіндік береді.

ISIC карточкасын Сіз Халык банкінін кез келген Дербес сервис орталығына барып ресімдеуіңізге болады.

Карточканы шығару үшін қажетті құжаттар:

Клиенттің өтініші түпнұска

Клиенпін жеке басын куәландыратын құжаты көшірме

Клиенттін СТН анықтамасы көшірме

Студенттің ЖОО-да күндізгі бөлімде көшірме оқитындығын растайтын жоғарғы оку орны беретін құжат (студенттік билет)

Клиенттің 5x6 мөлшерлі түрлі-түсті фотосуреті,

түпнүсқа сырткы бетінде клиенттің тегі, аты, әкесінін аты, туған жылы жазып көрсетіледі

Халық банкінің банкоматтары арқылы кол жеткізуге болатын операцияларға мыналар жатады:

• Қолма-кол акша алу;

• Карточкаңыз бойынша соңгы 10 транзакция туралы үзінді және карточка балансын алып отыру;

• Мобильдік байланыс, кәбілдік теледидар, Қазақтелеком қызметі үшін ақы төлеу, сондай-ақ сіздің қалаңызда қол жеткізуге болатын баскада төлемдер.

• Халық банкінің бір карточкасынан екіншісіне ақша аудару - «Сагd tо Сагd»;

• «Карточкалық депозитте» ақша жинақтау;

• Карточка бойынша кредит лимитін ашу;

• «Мобильдік банкинг» кызметіне қосылу;

• Қазақстан Халық банкінің ЖЗҚ-дағы зейнетақылық жинағыңыз туралы үзінді алып отыру;

• «Қазақстаннын түрғын үй-құрылыс жинақ банкі» АҚ-да салымдар ашу және кредитті өтеу.

2006 жылдың 1 қыркүйек айына банктер 3,981 млн төлем карточкаларын шығарса, ал карточканы ұстайтындар саны – 3,812 млн. адамды құрады (бұл көрсеткіштер 2005 жылдың сол мерзімімен салыстырғанда 34.5% және 34.8% өскен).

Ең көп тараған төлем карточкаларға халықаралық төлем жүйелерінің карточкалары жатады, олардың үлесі 89.7%, ал локалдық жүйенің үлесі – 10.3%-ды құрайды. 2005 жылдың қазан айына берілген көрсеткіштер 86.7% және 13.3% құраған (17-19 кестелер).

17-кесте.

Төлем карточкаларын ұстайтындар мен пайдалушылар саны

  1.10.2005ж 1.10.2006ж
Айналыстағы карточкалар саны (мың бірлік), с.і.: 2 959.6 3 981.4
     
- Локальдық жүйе 393.2 410.6
- Халықаралық жүйе), соның ішнде 2 566.4 3 570.9
Visa International 2 070.9 2 884.4
Europay International 495.1 686.0
Карточканы ұстайтындар саны (мың. адам), с.і.: 2 828.1 3 812.6
- Локальдық жүйе 366.0 379.8
- Халықаралық жүйе), с.і.: 2 462.2 3 432.7
Visa International 1 972.7 2 760.4
Europay International 489.1 672.1
Пайдаланылған төлем карточкаларының саны (мың бірлік), с.і.: 1 721.7 1 794.7
- Локальдық жүйе 162.0 122.1
- Халықаралық жүйе), с.і.: 1 559.7 1 672.6
Visa International 1 269.1 1 350.8
Europay International 290.4 321.6
POS – терминалдар саны (дана), с.і.: 5 908 9 801
сауда ұйымдарындағы 4 213 7 634
Банктердегі 1 695 2 167
Импринтерлер саны (дана), с.і.: 1 415 1 331
сауда ұйымдарындағы
банктердегі
Банкоматтар саны (дана) 1 564 2 223
Сауда ұйымдарының саны (дана) 2 760 4 849
Карт-шоттарындағы орташа айлық қалдықтар (млн.тг.) 44 754.4 57 225.2

Ескерту: кестеде Қазақстандық банктердің шығарған American Express International, Diners Club International, Europay International и Visa International сияқты халықаралық төлем жүйелерінің карточкалары есепке алынған

 

Импринтер – банктік карточкалардың өзіне тән белгілерінің түпнұсқасын қағаздан жасалған құжатқа көшіруге арналған механикалық құрылым.

2006 жылдың қыркүйек айында Қазақстандық эмитент банктердің шығарған төлем карточкаларын пайдалану көлемі 113,6 млрд теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2005 жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда 47,9%-ға өскендігін көрсетеді.

18-кесте.

Қазақстан аумағы бойынша төлем карточкаларының таралымы

  01.10.2006 ж
Айналыстағы карточкалар саны (мың бірлік) Карточканы ұстайтындар саны (мың. адам) Пайдаланылған төлем карточкаларының саны (мың бірлік
Барлығы, соның ішінде 3974.1 3785.0 1790.6
Ақмола облысы. 141.8 137.5 66.0
Ақтөбе облысы 233.0 228.4 102.6
Алматы облысы 152.7 145.0 73.0
Атырау облысы. 203.7 188.1 89.2
Шығыс Қазақстан облысы 335.0 325.5 169.1
Жамбыл облысы 183.0 179.5 66.6
Батыс Қазақстан облысы 127.9 122.3 60.4
Қарағанды облысы 537.6 516.2 207.3
Қостанай облысы 129.8 126.0 64.6
Қызылорда облысы 123.4 118.9 53.4
Маңғыстау облысы 193.8 174.7 97.5
Павлодар облысы 251.0 241.3 105.2
Солтүстік-Қазақстан облысы 101.3 97.5 52.1
Оңтүстік-Қазақстан облысы 238.7 230.0 85.2
Алматы қаласы 741.9 689.5 363.0
Астана қаласы 279.4 264.6 135.5

 

Айналыстағы карточкалар саны мен оларды ұстаушылар саны жағынан, сондай-ақ пайдаланылған карточкалар саны жағынан Алматы қаласы бірінші орында, екінші орында Қарағанды облысы, ал үшінші орынды Шығыс Қазақстан облысы алады.

 

19-кесте.

Төлем карточкалармен есеп айрырысу құралдары

  01.10.2006 ж  
  POS – терминалдар саны (дана Импринтерлер саны (дана) Банкоматтар саны (дана) Сауда ұйымдарының саны (дана)
Барлығы, соның ішінде 9 801 1 331 2 223 4 849
Ақмола облысы.
Ақтөбе облысы
Алматы облысы
Атырау облысы.
Шығыс Қазақстан облысы
Жамбыл облысы
Батыс Қазақстан облысы
Қарағанды облысы
Қостанай облысы
Қызылорда облысы
Маңғыстау облысы
Павлодар облысы
Солтүстік-Қазақстан облысы
Оңтүстік-Қазақстан облысы
Алматы қаласы 3 159 1 475
Астана қаласы

 

Алматы қаласы бойынша 3 159 – POS-терминал, 688 – импринтер, 449- банкомат және 1475 - сауда ұйымдары қызмет етуде. Ал Астана қаласы бойынша 985 - POS-терминал, 116 – импринтер, 192- банкомат және 583 - сауда ұйымдары қызмет етуде.

Соңғы уақыттары елімізде қолма қол ақшаларды алуға қарағанда қолма-қолсыз ақшалармен жасалған төлемдер өскен (20-21 - кестелер).

20-кесте.

Төлем карточкаларын есеп айырысу түрлері

Көрсеткіштер Қыркүйек
Қолма-қолсыз ақшалай төлемдер Қолма-қол ақшаларды беру операциялары
2005ж.
Саны (мың транзакция) с.і.: 499.2 3 772.0
- Локальдық жүйе 87.7 301.2
- Халықаралық жүйе), с.і.: 411.5 3 470.8
Visa International 338.6 2 832.0
Europay International 72.8 638.8
Көлемі (млн. теңге) с.і.: 6 907.4 69 871.6
- Локальдық жүйе 681.1 5 744.6
- Халықаралық жүйе), с.і.: 6 226.4 64 127.0
Visa International 5 572.8 53 801.4
Europay International 653.6 10 325.6
2006ж.
Саны (мың транзакция) с.і.: 691.6 5 087.3
- Локальдық жүйе 49.9 263.1
- Халықаралық жүйе), с.і.: 641.7 4 824.2
Visa International 526.4 3 947.5
Europay International 115.3 876.7
Көлемі (млн. теңге) с.і.: 13 959.8 99 601.3
- Локальдық жүйе 784.3 5 982.1
- Халықаралық жүйе), с.і.: 13 175.4 93 619.2
Visa International 11 219.1 77 831.9
Europay International 1 956.3 15 787.3
Өзгерістер, %    
Саны (мың транзакция) с.і.: 38.5% 34.9%
- Локальдық жүйе -43.1% -12.7%
- Халықаралық жүйе), с.і.: 56.0% 39.0%
Visa International 55.4% 39.4%
Europay International 58.3% 37.2%
Көлемі (млн. теңге) с.і.: 2.0 есе 42.5%
- Локальдық жүйе 15.2% 4.1%
- Халықаралық жүйе), с.і.: 2.1 есе 46.0%
Visa International 2.0 есе 44.7%
Europay International 3.0 есе 52.9%

 

2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда төлем карточкаларымен есеп айрысуларда локалдық жүйенің карточкаларына қарағанда халықаралық жүйенің карточкаларымен қолма-қолсыз төлемдер жасау мен қолма-қол ақша алу операциялары артып отыр.

21-кесте.

Қазақстан аумағындағы төлем карточкалармен есеп айырысулар жағдайы

 

  1.10.2006ж
Қолма-қолсыз ақшалай төлемдер Қолма-қол ақшаларды беру операциялары
Саны (мың транзакция) Сомасы (млн. теңге) Саны (мың транзакция) Сомасы (млн. теңге)
Барлығы, с.і.: 651.9 12 873.9 5 050.8 95 001.1
Ақмола облысы. 11.7 237.6 162.2 2 223.3
Ақтөбе облысы 16.6 663.5 308.1 5 673.1
Алматы облысы 13.2 248.3 136.9 2 179.5
Атырау облысы. 18.3 754.9 307.7 6 696.4
Шығыс Қазақстан облысы 25.6 187.7 473.1 6 700.3
Жамбыл облысы 14.9 202.6 210.9 3 010.6
Батыс Қазақстан облысы 11.2 993.0 184.6 2 926.1
Қарағанды облысы 52.4 751.5 506.4 7 094.9
Қостанай облысы 16.4 509.3 176.5 2 523.4
Қызылорда облысы 16.3 246.8 140.2 2 595.1
Маңғыстау облысы 17.3 199.3 320.9 6 951.7
Павлодар облысы 23.8 987.3 294.1 4 514.6
Солтүстік-Қазақстан облысы 11.6 401.6 139.4 2 065.4
Оңтүстік-Қазақстан облысы 13.1 236.8 223.8 3 977.0
Алматы қаласы 319.6 5 263.7 1 001.5 26 967.4
Астана қаласы 69.8 990.0 464.4 8 902.3

 

2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда орташа алғанда 3 адамға бір төлем карточкасынан келеді, ал 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша орташа алғанда 4 адамға бір төлем карточкасынан келген.

Төлем карточкаларын шығаруды Қазақстан Республикасының 19 екінші деңгейдегі банкі жəне «Қазпошта» АҚ жүзеге асырады. Бұл ретте Қазақстан нарығында халықаралық жəне сол сияқты жергілікті төлем жүйелерінің карточкаларын кездестіруге болады.

Жергілікті жүйелердің карточкаларына Altyn Card, SmartAlemCard, Каспийский, KazCard, TemirCard жүйелерінің карточкалары, сондай-ақ «Цесна Банк» АҚ жəне «Қазақстан Ситибанкі» АҚ-ның жергілікті карточкалары жатады. Халықаралық төлем жүйелерінің карточкаларынан Қазақстан нарығында Visa International, Europay Inernational, American Express International, Diners Club International жəне China Union Pay карточкалары ұсынылған.

2008 жылғы 1 қаңтарда айналыста жүрген төлем карточкаларының барлық саны 5,6 млн. бірлік болды, бұл 2007 жылғы тиісті кезеңдегі деңгейден 36,9% артық.

Осы карточкаларды ұстаушылардың саны 35,7% ұлғайды жəне 2008 жылғы 1 қаңтарда 5,3 млн. адам болды. Бұрынғысынша, елдегі ең танымал карточкалар халықаралық төлем жүйелерінің Visa International жəне Europay International карточкалары болып табылады, олардың үлесі айналыстағы карточкалардың жалпы санының 96,4% құрайды. Қазіргі уақытта Visa International карточкаларын Қазақстан халқының 25,3% пайдаланады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 200; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты