КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Төлем жүйесінің ұғымы және құрылымы
Төлем жүйесі ұғымы нарықтық қатынастар жағдайында қолданылатын, яғни қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесінің орнына келген жаңа ұғым болып табылады. Төлем жүйесіне анықтама бергенде оның пайдалану ауқымының кеңдігін ескерген дұрыс. Төлем жүйесі бұл: - ақшалай аударымдар мен төлемдерге арналған ережелер, мекемелер және техникалық тетіктер жиынтығы; - шаруашылық субъектілердің материалдық не қаржылық ресурстарды сатып алу барысындағы қабылдайтын міндеттемелерді орындауға арналған тетіктер жиынтығы; - ақшалай қорлардың орын ауысуына не қозғалысына себеп болатын тетіктер жиынтығы; - орындалуға тиісті міндеттемелер шегінде ақшалай аударымдар мен төлемдерді жасайтын төлем құралдарының жиынтығы; - ақшалай аударымдар мен төлемдерді экономикалық және құқықтық жағынан қамтамасыз ететін бағдарламалардың, байланыс желілерінің және есептеуіш техникалардың жиынтығы. Төлем жүйесінің мақсаты тауар мен қызметтерді жабдықтаушы мен сатып алушылар арасындағы ақшалай аударымдар мен төлемдерді уақтылы заңға, ережеге және стандарттарға сай жүзеге асырып, оларды міндеттемелерінің өз уақытында орындалуын қамтамасыз ету. Төлем жүйесінің құрылымдық элементтеріне мыналар жатады: - құқықтық база; - төлем жүйесінің қатысушылары; - төлем құралдары; - ақшалай аударымдар мен төлемдерді ұйымдастыру механизмі; - инфрақұрылым және технология. Құқықтық база – төлем жүесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттемелерін нақты айқындауға мүмкіндік жасайды. Құқықтық база ретінде 2000 жылы қабылданған «Ақшалай аударымдар мен төлемдер туралы» ҚР заңын, Мемлекеттік жалпыға бірдей төлемдердің тағындалу классификаторын, Бюджеттік классификаторты және ҚР Ұлттық банктің нормативтік актілерін жатқызуға болады. Мұндағы Мемлекеттік жалпыға бірдей төлемдердің тағындалу классификаторы төлемдердің айқындылығын анықтау, төлемдер бойынша көрсеткіштер жүйесін қалыптастыру және ҚР-на келетін ақша ағымын таңдауға арналған нормативтік құжат. Осы классификаторға сәйкес және ондағы кодтар бойынша жасалған төлемдер ҚР Ұлттық банкке Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы (ҚБЕО) арқылы беріледі. Төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторы Қазақстан Республикасындағы ақша-несие және валюта саясаты, сыртқы қарыз, төлем балансының параметрлерін, банк жүйесінің жағдайын шұғыл түрде талдау, жоспарлау және бақылау, сондай-ақ ақша ағымын талдауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесін қалыптастыруға арналған. Төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторының құрылымы төмендегідей:
мұндағы: І - ақшаны аударушының резиденттік белгісі; ІІ - ақшаны аударушының экономика секторы; ІІІ – бенефициардың резиденттік белгісі; ІV - бенефициардың экономика секторы; V, VІ, VІІ – валюта және бағалы металдар коды; VІІІ – операция түрі; ІХ – төлемнің сипаты; Х – төлемнің ашып көрсетілуі. Резиденттік белгісі ҚР-ның валюталық заңдылықтарына сәйкес анықталады және былай белгіленеді: “1” – резидент; “2” – бейрезидент. Экономиканың секторының коды мынадай: 0 – Халықаралық ұйымдар; 1 –Үкімет; 2 – Аймақтық және жергілікті басқару органдары; 3 – Орталық (ұлттық) банктер; 4 – Ақшалай- депозиттік ұйымдар; 5 - Депозиттік емес қаржылық корпорациялар; 6 – Мемлекеттік қаржылық емес корпорациялар; 7 – Мемлекеттік емес қаржылық емес корпорациялар; 8 – Үй шаруашылығына қызмет көрсететін, коммерциялық емес ұйымдар; 9 - үй шаруашылықтары. Халықаралық ұйымдар секторына мыналар жатады: Халықаралық Валюта Қоры, Дүниежүзілік қайта құру және даму банкі, Еуропа қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі және өзгелер. Үкімет секторына мыналар жатады: республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ҚР Үкіметі, Министрліктер, ведмоствалар, Орталық мемлекеттік басқару органдары, бюджет мекемелері; шетел Үкіметі. Аймақтық және жергілікті басқару органдары секторына жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық, қалалық, облыстық әкімшіліктер, бюджет мекемелері жатады. Ақшалай-депозиттік ұйымдар секторына ҚР екінші деңгейдегі банктері және шетел банктері кіреді. Депозиттік емес қаржылық корпорацияларға банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар: сақтандыру компаниялары, клирингтік ұйымдар, қор биржасы, бағалы қағаздардың Орталық депозитарийі, Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары, Брокерлік және трасталық компаниялар, ломбардтар, айырбас орындары және басқалар жатады. Мемлекеттік қаржылық емес корпорациялар секторына мыналар жатады: пайда табу мақсатында тауарлар өндіру және қаржылық емес қызмет көрсетулермен айналысатын және басқару органдарының бақылауында болатын кәсіпорындар мен ұйымдар (мысалы, қорғаныс өнеркәсібінің кәсіпорындары, уран кенін ашу, дәрі-дәрмек өндіру, жылу және сумен қамту, көлік, байланыс және т.б.). Мемлекеттік емес қаржылық емес корпорациялар секторына пайда табу мақсатында тауарлар өндіру және қаржылық емес қызметтер көрсетумен айналысатын басқару органдарының бақылауында болмайтын кәсіпорындар мен ұйымдар (АҚ, ЖШС және өзге меншік нысандарында жұмыс жасайтын сауда, құрылыс және өзге кәсіпорындар). Үй шаруашылыған қызмет көрсететін коммерциялық емес мекемелер секторына пайда немесе өзге қаржылық игіліктер әкелмейтін, тауар өндіру және қызмет көрсетумен айналысатын кәсіпорындар немесе ұйымдар (қоғамдық бірлестіктер, партиялар, кәсіподақ ұйымдары, қоғамдық қозғалыстар, діни бірлестіктер, қайырымдылық қорлары және өзге қоғамдық ұйымдар) жатады. Үй шаруашылықтары секторына жатады: өздерінің табыстары мен мүліктерін жартылай немесе толық біріктіретін, бірге тұратын және жекелеген тауарлар мен қызмет түрлерін бірге тұтынатын бір топ тұлғалар (отбасылар, жеке азаматтар, заңды тұлғалық мәртебесі жоқ кәсіпкерлер). Төлемнің тағайындалу коды операцияның түрін анықтайтын 10 санаттан тұрады: 0 – Зейнет ақы және жәрдем ақы; 1 - Қолма-қол ақшамен операциялар (спецификалық аударымдар); 2 – Шетел валютасы және бағалы металдармен операциялар; 3 – Депозиттер; 4 – Займдар; 5 - Қазақстан Республикасының бейрезиденттерінің шығарған бағалы қағаздары, вексельдер және депозиттік сертификаттары, және шетел капиталына инвестициялар; 6 - Қазақстан Республикасының резиденттерінің шығарған бағалы қағаздары және вексельдері және Қазақстан капиталына инвестициялар; 7 – Тауарлар мен материалдық емес активтер; 8 – Көрсетілетін қызметтер мен трансферттер; 9 – Бюджетке төлемдер мен бюджеттен төлемдер. Төлемдердің тағайындалу кодының (ТТК) кестесі 13-қосымшада берілген. Төлемдердің тағайындалу кодын анықтауға мысал ретінде: 8 – “Көрсетілетін қызметтер мен трансферттер” санаты таңдалып алынады; тобы-81 - “Көлік”; вариант - 814“Автомобилдік жүк тасымалдау”. Ендеше, төлем құжатының “Төлемнің тағайындалу коды” деген орында 814 коды жазылуға тиіс. Қазіргі кездегі ҚР Ұлттық банкінің үйымдастыратын төлем жүйесінің қатысшыларына мыналар кіреді: - ҚР Ұлттық банкі. - Орталық клирнгтік палата - Екінші деңгейдегі банктер және олардың филиалдары. - Қаржы министрлігінің қазынашылық департаменті. - Орталық депозитарий. - Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы. - Қазақстан қор биржасы АҚ. - Қазпошта РМК. Төлем құралдарын таңдау мынадай екі факторға тәуелді: 1) жалпы негізде (жалпы есеп айырысу жүйесі); 2) клиринг негізінде (таза ұстанымын есептеу арқылы ұйымдастырылатын есеп айрысу жүйесі). Жалпы негізде есеп айрысуда әр төлем құжаты жеке-жеке өңделіп ақша аударымы сол төлем құжаты негізінде жүзеге асырылады. Клиринг негізінде клирингтің қатысушы банктерінің қарама-қарсы міндеттемелерін өзара есепке алу арқылы іске асады. Мұнда әр қатысушының таза ұстанымы (барлық түскен және шыққан қаражаттар сомаларының арасындағы айырма) анықталып, соған сәйкес аударым жасалады. Клирнг екі жақты және көп жақты болып келеді. Екі жақты клирингте өзара есепке алу тек екі банк арасында жүргізіледі. Ондай клиринг нәтижесінде қандай да бір қатысушының дебеттік таза ұстанымы анықталған болса, онда біріншісі, екінші қатысушының пайдасына ақшалай аударымдар жасайды. Мұндай жағдайда әрбір банктің үш жекелеген екі жақты таза ұстанымы болуы мүмкін. Көп жақты клирингте әрбір қатысушының басқа барлық қатысушыларға қатысты міндеттемесін өзара есепке алады. Мұндай да әрбір қатысушының бір таза ұстанымы болады Инфрқұрылым мен технология компоненттері есеп айрысу жүйелерінің қауіпсіздігіне, төлемдердің жылдамдығына, тұрақтылығына, байланысты болып келеді. Мұндай компоненттер төлем жүйесінде болатын тәуекелдерді, атап айтсақ несиелік, жүйелік, өтіміділік, операциялық, техникалық, заңи және т.б. тәуекелдерді ескереді. Төлем жүйесін ұйымдастыру мынадай қағидаттарға негізделеді: - төлемдерді жүзеге асырудың құқықтық режимі; - банктік шот бойынша төлемдерді жасау; - есеп айырысу формаларын таңдаудағы шаруашылық субъектілерінің экономикалық дербестігі; - төлемдерді акцептеудің болуы; - төлемді шот қалдығы көлемінде жасау; - төлеушінің шотынан шегергеннен кейін қаражатты алушының шотына есептеу; - төлемдердің мерзімділігі; - төлем жүйесіне жасалатын бақылаудың болуы; - төлем жүйесіне қатысушылардың материалдық жауапкершілігінің болуы.
|