КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Есеп айырысу операциялары, олардың жіктелуі
Есеп айырысу операциялар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі: Есеп айырысу субъектілеріне қарай: - банктік емес секторлар (шарушылық субъектілері) арасындағы банктер арқылы есеп айырысулар; - жеке сектор - үй шаруашылықтарының банктер арқылы есеп айрысулары; - банктік сектор - банкаралық есеп айырысулар. Есеп айырысу объектілеріне қарай: - тауарлы операциялар бойынша есеп айрысулар; - бюджет және басқа бюджеттен тыс қорлармен аударымдар; - банк ссудалары, вексельдері және басқа да міндеттемелері бойынша төлемдер. Есеп айырысу аумағына қарай: - Мемлекет ішіндегі есеп айрысулар, соның ішінде: бір қаланың ішінде; қаладан тыс жерлерде, аудандарда, ауылда және т.с.с. - Мемлекет арасында (халықаралық) есеп айырысулар. Есеп айырысу уақытына қарай: - сауда операциясы басталғанға дейінгі (аванстық) төлемдер; - мәміле жасалған соң, мерзімді төлемдер; - коммерциялық несие шартында, яғни мәміле жасалған соң белгілі бір уақыттан кейнігі төлемдер; - мерзімінен бүрын, яғни келіскен мерзімге дейін; - ашық шот бойынша (жоспарлы), яғни тауарларды алған сайын үздіксіз төлемдер; - мерзімі кейінге қалдырылған, яғни бастапқы белгіленген мерзімін ұзарту жолымен; - мерзімі өтіп кеткен төлемдер, яғни төлем уақыты кешіктірілген. Есеп айырысу жүйелеріне қарай: - пошта байланысы арқылы; - телеграф-телетайп байланысы арқылы; - телефон байланысы арқылы; - электрондық байланыстар арқылы; - SWІFT (Дүниежүзілік банкаралық телекомуникация қоғамы) жүйесі арқылы Есеп айырысу формаларына қарай: - Қолма-қолсыз аударымдар (банктік), соның ішінде: кредиттік; дебеттік; ашық шот арқылы; аккредитив; инкассо. - Қолма-қол ақшалар (банкнота және монеталар) арқылы; Есеп айырысу тәсіліне қарай: - толық есеп айрысулар; - жартылай есеп айырысу; - өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алу (клиринг) арқылы есеп айрысулар. Есеп айырысу құралдарына қарай: - Кредиттік аударымның құралдарымен есеп айырысулар, соның ішінде: төлем тапсырмасымен; Дебеттік аударымдар құралдарымен есеп айырысулар, соның ішінде: - төлем талап-тапсырмасы, - чек, - вексель, - инкассалық өкімдер; - Аралас құралдар арқылы есеп айырысулар, яғни бірде дебеттік, бірде кредиттік аударымдар түрінде болатын: аккредитив, пластикалық карточкалар, банктік аударымдар және т.б. Есеп айырысу шамасына қарай: - ірі төлемдер; - ұсақ төлемдер; Есеп айырысу кезектілігіне қарай: - жалақы, бюджет, сақатандыру және т.с.с. төлемдер; - материалдық құныдылықтар үшін төлемдер; - несиелер үшін төлемдер; - сот шешімі бойынша төлем құжаттарымен есеп айырысулар. Отандық банк тәжірибесінде банктердің есеп айырысу-кассалық операциялар мынадай түрлерге бөлінеді: - банктік шоттар ашу; - ұлттық немесе шетел валютасында аударым операциялары; - алдағы уақытта валюталау күні қойылуға тиісті, ұлттық валютадағы аударым операциялары; - төлемнің шартын өзгерту не қайтару; - валюталық операцияларға бақылау жасау; - шоттың архивін беру; - шоттан қолма-қол ақша беру; - ұсақ ақшаларды ірілеп беру; - банктен кеңсеге дейін немесе керісінше қолма-қол ақшаларды инкассациялау; - құндылықтарды жеткізіп беру.
|