КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Электрондық қызмет көрсетулер және есеп айрысуларБанктің электрондық қызметі –бұл банктік карточкаларды және электрондық ақша жүйесін пайдалану арқылы көрсетілетін қаржылық қызметтері, сондай-ақ қор құндылықтарымен жасалатын биржалық операцияларды жүзеге асыруда мен қаржы делдалдары ретінде көрсететін банктік мекемелердіңэлектрондық қызметтері. Электрондық қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесі – Банк пен клиент арасындағы төлем операцияларын жылдамдатуға, сондай-ақ олардың орындалысын бақылау жасауға арналған есеп айырысу жүйесі. Мұндағы есеп айырысу операцияларының жылдамдатылу қағаз формасындағы құжаттардың орнын, банкке электрондық байланыс жолдары арқылы жеткізілетін олардың электрондық үлгілерімен айырбастау және төлем құжаттарын автоматты түрде өңдеу нәтижесінде жүзеге асады. Мұндай жүйлердің техникалық негізіне құжатты әр түрлі санкцияланбаған құбылыстардан қорғайтын арнайы технология немесе шифрлау жүйесі мен электрондық сандық қолтаңба жатады. Банк пен клиент арасындағы құжат алмасу “Банк клиенті” ішкі жүйесі арқылы жүзеге асады. Электронды сандық қолтаңба - банк пен клиент арасында есеп айрысуларда қолданылатын төлем құжаттарының тұпнұсқалығын және ондағы мәліметтердің шынайылығын растайтын, сондай-ақ берілетін ақпараттың құпиялығына толық кепілдік беретін және есеп айырысу процессінде үшінші бір тұлғаның араласуына жол бермейтін санмен құпияланған таңбалар. Электронды сандық қолтаңба клиенттің банкке тапсырған қолы және мөр қою үлгісі бар карточкаға балама болып келеді. “Банк клиенті” ішкі жүйесі мынадай қызмет атқарады: - төлем құжаттарын даярлау; - қол қою және жіберу; - құжаттарды және банктен берілетін шоттың көшірмесін қабылдау; - құжаттарды қарау және мөр басу; - құжаттардың архивін жүргізу. Электрондық қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесінде қолданылатын құжаттарға мыналар жатады: - клиентің төлем тапсырмасы; - Клиенттің ағымдағы шотына ақша қаражаты түскендігі туралы хабарлама; - Клиенттің шоттары бойынша көшірме. Клиентің жіберген құжаттарын қабылдай отырып, банк төлем құжатындағы электрондық сандық қолтаңбаның сәйкестігін және құжаттың дұрыс толтырылуын автоматты түрде тексереді. Электрондық қызмет көрсету түрлерінесондай-ақInternet banking және Home-banking қызметтерін жатқызуға болады. Мұндай қызметтерді отандық банктеріміз клиенттерге ұсына бастады. Интернет-банкинг -банкке келмей-ақ Интернет жүйесін пайдалану арқылы клиенттерге банктің операцияларды пайдалануға мүмкіндік беретін банктің электрондық қызметі. Интернет-банкинг жүйесі Интернет арқылы нақты уақыт режимінде (on-line) ыңғайлы уақытта әлемнің ірбір нүктесінен өзіңіздің банктік шотыңызды басқаруға арналған банк қызметі. Интернет-банкингжүйесініңқызметін пайдалану арқылы клиенттер мынадай операцияларды жүзеге асырады: - ағымдағы және алдағы күндермен төлемдер жасау; - валютаны сатып алу және сату; - карточкалық шотқа қаражат салу; - шоттың көшірмесін алу; - өзінің шотынындағы қалдықты бақылау; - Банкке берілген төлем құжаттарының архивін жасау; - Шот бойынша болжам жасау; - Зейнетақы төлемдерін жасау; - валюталық бағам туралы ақпарат алу; - Жедел түсім жүйесі бойынша жеке тұлғалардан төелемдер алу. Интернет-банкинг жүйесінің артықшылықтары мынадай: - жасалтын операциялардың қолайылығы мен қарапайымдылығы, яғни тұратын қаладан кетіп қалсаңызда, кез келген шотыңыз арқылы операцияларды жасай аласыз; - үстеме шығыстарды азаюы, яғни сізге немесе сіздің бухгалтеріңізге банкке бару қажет емес, сондайақ уақыт жұмсаудың, бензинге шығын шығарудың, машинаны пайдаланудың қажетігі болмайды; - жұмыстың тиімділігін арттыру, жұмыс уақытыңызды үнемдеу арқылы, ол уақытты басқа ісіңізге пайдаланасыз; - қажетті ақпаратты алудың жеделдігі, банктің серверінде сақталған ақпартты жылдам алуға мүмкіндіктің болуы; - жүйені орнатудың және онымен жұмыс істеудің шығындарының төмендігі. Интернет-банкинг жүйесіне қосылу үшін мынадай талаптар орындалуы қажет: - Интернетке қосылу; - Microsoft Explorer 4.0 немесе одан жоғары бағдарламаның болуы; - Интернет-банкинг жүйесі бойынша қызмет көрсету шартына қол қою; - Жүйеге тегін тіркелу және қосылу. Интернет банкинг жүйесінің жүйесінің қауіпсіздігі мынадай құралдармен қамтамасыз етіледі: - қуатты шифрлеу алгоритмі; - электрондық сандық қолтаңба; - Х.509 стандарты бойынша сертификатталу; - Барлық жасалған іс-қимылдарғы аудиторлық бақылау жасау. Интернет арқылы Банк пен клиенттің арасындаға қауіпсіз байланысты ортану сызбасы төменде берілген:
1) Клиент Интернет арқылы Интернет-банкинг жүйесіне байланыс орнатады. 2) Клиенттің компьютерінің бағдарламасы мен Банктің қауіпсіздік серверінің өзара идентификациялық хабарламалармен алмасуы, егер Банктің қауіпсіздік сервері банк клиенті екеніне сенімді және Клиент қажетті серверге түскеннен кейінен соң ғана жүзеге асады. 3) Қауіпсіздік сервері «Қауіпсіздік сервері – Клиент» деген шифрланған арна жасайды. Содан соң клиенттің Банк ресурстарына қолжетімділігінің барлығын тексереді. 4) Клиент Интернет-банкинг жүйесімен жұмыс жасайды. 5) Жүйе арқылы жіберілетін ақпараттарға (төлем құжаттары және т.б.) Клиенттің электронды сандық қолтаңбасы қойылады. Номе банкинг– банкоматтарды, электрондық есеп айырысу жүйелерін пайдалану арқылы және үйінде отырып банктік операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін халыққа арналған банктің электрондық қызметі. Жеке компьютерді банктік компьютерлер жүйесіне қосу арқылы банк клиенттері мынадай қызметтерді пайдалана алады: - ағымдағы күндегі шот балансын алу, - белгілі бір уақыт ішіндегі ақша қаражаттар қозғалысының есебін алу - ақшалай аударымдар мен төлем жасау, - кредиттік және өзге пластикалық карточкалар шығаратын эмитент компаниялардың қызметін төлеу, - бағалы қағаздармен операциялар жүргізу. Қазіргі кезде отандық банктер тәжірибесінде халықаралық және Қазақстанның ішінде жылдам ақшалай аударымдар жасау біршама дамып отыр. Ондай аударымдардың біріне Western Unіon аударымдар жүйесі жатады. “Western Unіon” сөзінің қазақ тіліндегі аудармасы “Батыс Одағы” деген ұғымды білдіреді. Western Unіon 1871 жылы құрылған халықаралық корпорация және оның бүгінгі күні жер шарының 180 елінде 80 мыңнан астам өкілдері қызмет етеді. Western Unіon аударым жүйесінің мынадай артықшылықтары бар: - ерекше банк қызметі, ақшалай қаражатты жөнелтушіге және оны алушыға банктік шот ашудың қажеттігі жоқ; - жылдам аударым, аударым жылдамдығы 5-10 минут; - қауіпсіз, жөнелтуші туралы нақты мәліметтерді білсеңіз, аударымды ала аласыз; - қол жетімділік, жер шарының кез келген нүктесіне аударым жасау мүмкінідігі; - сенімділік, компания әрбір аударымға компания кепілдік береді. Western Unіon жедел аударымы банктің тек жеке тұлғаларға көрсетілетін қызметіне жатады. Қазақстанда Western Unіon халықаралық корпорация ең алғаш өкілі “Банк ЦентрКредит” АҚ болып табылады. Western Unіon жедел аударым жүйесі бойынша ақшалай аударым жасау шарты мынадай: - Жеке куәлігін немесе төлқұжатын көрсету керек; - СТТН болуға тиіс; - Алушының аты-жөнін көрсету; - “Ақшаны жөнелту” құжатының формасын толтырып, оған қол қою қажет; - Жөнелтетін соманы банкке тапсыру. Сонымен бірнеше минуттардан соң аударылған қаражаттар әлемнің кез келген жерінде алушыға төленеді. Банк ақшалай аударымды жасағаны үшін аударым сомасына қарай комиссиондық сыйақысын алады. Western Unіon жедел аударым жүйесі бойынша ақшалай аударымды алу шарты төмендегідей: - Жеке куәлігін немесе төлқұжатын көрсету керек; - СТТН болуға тиіс; - Ақшаны жөнелтушінің аты-жөнін, қаласын, елін, аударым сомасын көрсету қажет; - “Ақшаны алу” құжатының формасын толтырып, оған қол қою керек; - “Ақшалай аударымды алуға қосымша” құжат формасын толтырып, оған қол қою керек. Сонымен қатар банк операторы Western Unіon жедел аударым жүйесі бойынша ақшалай аударым жасалғандығын тексереді және ақпарат нақтыланған жағадайда ақшалай аударымды алушаға тиісті сома беріледі. Кей жағдайда банктерде ақшалай аударымды алушыдан аударым жасалған бақылау номерін сұрауы мүмкін, егер ақшаны жөнелтуші ақшаны алушыға ол номерді хабарлаған жағадайда. Бұл номер негізінен операторға копьютерден ақшалай аударымды алушының аты-жөнін тез іздеп табу үшін қажет. Бүгінгі күні Western Unіon халықаралық корпорациясы өкілі Қазақстандағы бірқатар банктермен келісім жасаған. Олардың ішінде бұл жүйенің қызметін алғаш көрсетуші “Банк ЦентрКредит” АҚ. Өзара келісім негізінде мысалға, “Банк ЦентрКредит” АҚ-ның Қазақстаннан шетелге АҚШ долларында ақшалай аударымдарды жасаудағы тарифтері белгіленеді (22-кестені қараңыз). 22-кесте. Western Unіon ақшалай аударымдары бойынша тариф жүйесі.
Көзі: “Банк ЦентрКредит” АҚ-ның мәліметтері Сонымен қатар, отандық банктеріміз тәжірибесінде жек тұлғалар үшін банктік шот ашпай-ақ Қазақстан аумағында жедел аударымдар жасау қызметі көрсетіледі. Мұндай жедел аударымдарды осы қызметті көрсететін банктердің филиалдарынан бірнеше минуттардан кейін теңгеде алуға болады. Мұндай жедел ақшалай аударымдардың өзіндік ерекшеліктері бар және оны аударым жасау немесе алу шарттарынан байқауға болады. Жедел ақшалай аударым жасау шарты мынадай: - Жеке куәлігін көрсету керек; - СТТН болуға тиіс; - Алушының аты-жөнін көрсету; - “Ақшаны жөнелту” құжатының формасын толтырып, оған қол қою қажет; - Жөнелтетін соманы банкке тапсыру. Сонымен бірнеше минуттардан соң аударылған қаражаттар сол банктің филиалдары орналасқан жерлерде алушыға төленеді. Банк ақшалай аударымды жасағаны үшін аударым сомасына қарай комиссиондық сыйақысын алады. Жедел аударым бойынша ақшалай аударымды алу шарты төмендегідей: - Жеке куәлігін көрсету керек; - СТТН болуға тиіс; - Ақшаны жөнелтушінің аты-жөнін, қаласын, елін, аударым сомасын білуі қажет; - “Ақшаны алу” құжатының формасын толтырып, оған қол қою керек; Сонымен банк операторы жедел аударым жүйесі бойынша ақшалай аударым жасалғандығын тексереді және ақпарат нақтыланған жағадайда ақшалай аударымды алушаға тиісті сома беріледі. Кей жағдайда банктерде ақшалай аударымды алушыдан аударым жасалған бақылау номерін сұрауы мүмкін, егер ақшаны жөнелтуші ақшаны алушыға ол номерді хабарлаған жағадайда. Бұл номер негізінен операторға копьютерден ақшалай аударымды алушының аты-жөнін тез іздеп табу үшін қажет.
6.5 Кассалық операциялар және қолма-қол ақшалармен есеп айырысу
ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктер өздерінің кассалық операцияларын 1999 жылы 15 қарашада Ұлттық банктің Басқармасының қаулысымен бектілген “ҚР екінші деңгейдегі банктерде кассалық операцияларды жүргізу” ережесіне сәйкес жүзеге асырады. Осы ережеге сәйкес, кассалық операция –бұл құндылықтарды қабылдау, қайта санау, майдалау, айырбастау, беру, сорттау, орау және сақтаумен байланысты операцияны білдіреді. Касса жұмысын ұйымдастыру, яғни клиенттерге кассалық операциялар бойынша қызмет көрсету және қолма-қол ақшаны өңдеу үшін банктерде мынадай бөлімшелер болуға тиіс: · кіріс-шығыс кассалары; · қайта санау кассасы; · кешкі касса; · сыртқа шығатын касса; Банк кассасына клиенттерден қолма-қол ақшаларды қабылдау және оларды ағымдық және корреспонденттік шоттар бойынша есепке алу төмендегідей кіріс кассалық құжаттар көмегімен жүргізіледі: 1) қолма-қол ақшаны салатындығының хабарламасы; 2) кіріс кассалық ордер бойынша. Басқа да құндылықтарды қабылдау баланстан тыс ордерлер арқылы рәсімделеді. Кассадағы қолма-қол ақшаны өткізу үшін клиент кіріс кассалық құжатты толтырады және оған қосымша бетте кассаға өткізілетін банкнота мен монеталардың тізімін жасап, онда олардың номиналдарын, санын, сондай-ақ банкноталар мен монеталардың жалпы сомасын санмен және жазбаша түрде көрсетеді. Операциондық жұмыскер кіріс кассалық құжаттың дұрыс толтырылғандығын тексереді де құжаттарды бақылаушы-бухгалтерге тапсырады. Ол бұл құжатта көрсетілген соманы кассалық журналға жазады. Бақылаушы-бухгалтер, кассалық құжатты алғаннан соң, ондағы операциондық жұмыскердің қолын қол қойылған үлгімен салыстырып, қолма-қол ақшаны салу туралы хабарламадағы санмен және жазба түрінде көрсетілген соманың сәйкестігін тексеріп, қолын қояды да ол кіріс кассалық құжатты кассирге тапсырады. Бақылаушы-бухгалтер болмай қалған жағдайда, банктегі бұйрыққа байланысты, оның міндеті кассирге жүктеледі. Кассир кіріс кассалық құжаттарды тексеріп болғаннан соң клиентті шақырып, одан банкноталар мен монеталарды санап қабылдап алады. Қабылдау барысында кассирдің үстелінде тек қана қолма-қол ақшаны тапсырушының ақшалары болуға тиіс. Қолма-қол ақшаны қабылдап алғаннан кейін, кассир қабылдаған соманы, кіріс кассалық құжатындағы сомамен салыстырады, сома сәйкес келген жағдайда кассир кіріс кассалық құжатқа қолын қойып, түбіртекке “Кіріс кассасы” деген мөр басып, оны ақшаны тапсырушыға береді. Егер қолма-қол ақшаны тапсырушының тапсырған сомасы мен кіріс кассалық құжатындағы сомасы арасында сәйкессіздік анықталса, сондай-ақ күмәнді ақша белгілерінің барлығы айқындалса, онда кассир бастапқы құжатты қайта сызып тастап, оның келесі бетіне ұсынылған соманы көрсетіп жазады да өзінің қолымен оны куәландырып, клиентке түбіртекті береді. Ал, кіріс кассалық құжаттар операциондық жұмыскерге қайтарылып, онда нақты өткізілген қолма-қол ақша сомасына қайта рәсімделініп, бақылаушы бухгалтерге қайтарылады, ол кассалық журналдағы көрсетілген соманы сызып тастап, қайтадан жаңа соманы жазады. Күмәнді ақша белгілерін кассир, касса меңгерушісінің және клиенттің қатынасумен ақша белгілерін сараптамаға қабылдау туралы екі данада акті жасайды. Актіде: күні, сондай ақшаны анықтаған кассирдің аты-жөні, клиенттің аты-жөні, банкноталардың номиналдары, сериялары мен номерлері, сондай-ақ ақша белгілерінің жарамсыздық сипатының белгілері көрсетіледі және бұл актіге кассир, касса меңгерушісі және бас бухгалтер қолдарын қойып, банктің мөрі басылады. Актінің бірінші данасы банкте қалдырылып, екіншісі клиентке беріледі. Алынған күмәнді ақша белгілері Ұлттық банктің тиісті бөлімшелеріне сараптамаға жіберіліп, олардың жарамдылығы анықталған жағдайда, клиентке басқа ақша белгілері айырбасталып беріледі. Банк клиентінің ағымдық және корреспонденттік шотынан қолма-қол ақшаны беру мынадай құжаттар арқылы жүзеге асырылады: 1) ақшалай чекпен; 2) шығыс кассалық ордермен. Басқа да құндылықтарды беруде баланстан тыс ордерлер рәсімделеді. Банк клиенті қолма-қол ақша алуға арналған кассалық құжаттарын операциондық жұмыскерге береді, ол құжаттарға сәйкесінше тексерулер жүргізіп, оларды бақылаушы-бухгалтерге береді, сөйтіп шығыс кассалық ордерінде көрсетілген қолма-қол ақша сомасы шығыс жөніндегі кассалық журналда есепке алынып, қолма-қол ақшаны алушы клиентке ақшалай чектің бақылау маркасы немесе шығыс кассалық ордердің екінші данасы кассаға көрсету үшін беріледі. Шығыс құжатын алған бақылаушы-бухгалтер (кассир) мынадай жұмыстарды жүргізуге міндетті: 1) қолма-қол ақшаны беруге құқығы бар банктің жауапты тұлғалардың қолдарының барлығын тексеріп, оны қол қою үлгісімен салыстыруға. 2) құжатта көрсетілген соманы саны мен жазба түрдегісін салыстыруға; 3) клиенттің лауазымды тұлғаларының шығыс құжатында қолдарының болуын тексеру және оларды үлгіде қойылған қолдарымен өзара салыстыруға. Содан соң барып кассир қолма-қол ақшаны алушыны кассаға чектегі номері бойынша шақырып, тағы да қандай соманы алатындығын нақтылап алып, содан соң ақшасын береді. Қайта есептеу кассасы клиенттің инкассацияланған ақшалай түсімдерін қайта санаумен айналысады. Қайта есептеу кассасының кассирі, бақылаушы кассирдің қатысумен кешкі кассаның кассирінен және бақылаушы кассирден инкассаторлық сөмкені қабылдап, ақшаны оған тіркеме құжаттар негізінде қайта санаудан өткізіп, қабылдап алады. Инкассаторлардан қолма-қол ақшасы бар сөмкелерді кассирлер қабылдау барысында мыналарды тексереді: 1) келіп түскен сөмкелердің тұтастығын (жыртығының жоқтығын, жамалмағандығын, пломбының бұзылмағандығын, жіптің үзілмегендігін және т.б.); 2) сөмкедегі қойылған пломбының банктегі пломбының үлгісімен сәйкестігін; 3) инкассаторлар тапсыратын сөмкелердің құжаттағы сөмкенің номерімен сай келуін; 4) қабылдайтын соманың құжатта көрсетілген сомамен сәйкестігін. Инкассаторлық сөмкені қабылдап алған соң бақылаушы-кассир және бригаданың әрбір мүшесі қабылдаған сөмкелерді есепке алу журналдарының екеуіне де қолдарын қояды. Журналдың екінші данасын бақылаушы инкассаторлардың басшысына береді. Егер де қабылдаған сөмкелердің бір жері жыртылып немесе басқа да сәйкес келмейтін жағдайлар айқындалса, онда кассир бақылаушы кассирдің және инкассаторлардың қатысуымен, сөмкедегі қолма-қол ақшаларды құжаттағы сомамен салыстыра отырып, қайта санайды. Қайта санау немесе жыртылған сөмкеден ақшаны қабылдау барысында екі данада акті жасалып, біріншісі банктің кассалық құжаты ретінде қалдырылып, ал екіншісі инкассаторлар арқылы тиісті құжаттармен ақшаны тапсырушы клиенттің өзіне жіберіледі. Кассалық операциялар негізінде банктің кассасына келіп түсетін және шығытын қолма-қол ақшалар арнайы символдар негізінде есепке алынады Олар 11-12 қосымшаларда берілген. Бақылау сұрақтары: 1. Есеп айырысу операциялары қалай жіктеледі? 2. Қолма-қолсыз есеп айырысу формаларына нелер жатады? 3. Пластикалық карточкалармен есеп айрысу ерекшеліктері неде? 4. Ұлттық процессингтік орталық қызметуі туралы не білесіз? 5. Отандық банктердің жаңа қызмет түрлері қандай? 6. Электрондық қызмет дегеніміз не? 7. Электрондық сандық қол таңба нені білідіреді? 8. Интернет-банкинг қызметін қалай түсінесіз? 9. Номе-банкинг қызметі нені білдіреді? 10. Жедел аударымдардың қандай түрлері білесіз? 11. Кассалық операциялар дегеніміз не? 12. Банк кассасына түсетін қолма-қол ақша символдарына нелер жатады? 13. Қолма-қол ақшалай шығыс символдарына не жатады?
|