Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


СВИФТ жүйесінің құрылымы мен қызметі




 

СВИФТ (ағылшынша SWIFT – Society for Wold-Wide Interbank Financial Telecommunications аударғанда Дүниежүзілік банкаралық қаржы телекоммуникациясы қоғамы) 1973 жылы мамыр айында 239 банк құрылтайшылғымен Бельгия мемлекетінің заңдылығына сәйкес құрылды. Оның штаб пәтері Брюссельге жақын Ла-Ульпц қаласында орналасқан. СВИФТ қызметінде Бельгияның заңдарын басшылыққа алады. СВИФТ акционерлік қоғам, оның акционерлері мүше банктер. СВИФТ-тің ең жоғары басқару ұйымы – мүше банктердің жалпы жиналысы.

СВИФТ халықаралық ақша айналымында электрондық ақшалай аударымдар мен төлемдер бойынша өзінің мүшелеріне қызмет көрсететін қоғам.

СВИФТ мынадай қызметтер атқарады:

- Халықаралық банктік операцияларға арналған стандартты ақпараттарды өңдеудің электронық жүйесін дайындау;

- Есеп айырысу операцияларына арналған телеккоммуникация құралдарын жасау;

- Жүйеге қатысушыларды оқыту және оларға семинарлар жүргізу;

- Арнайы және терминалды қызметтер көрсету.

СВИФТ өзінің қатысушы банктеріне ақшалай аударымдар, бағалы қағаздар бойынша есеп айырысуды қамтамасыз етуге байланысты спутник байланысы арқылы нұсқаулықтар береді. Банктер қаражат аудару туралы бұйрықтарды қабылдап, электрондық терминалдар арқылы аударымдар жасайды.

Өз елінің заңына сәйкес халықаралық банктік операцияларды жүргізуге құқығы бар кез келген банк СВИФТ-ке мүше бола алады.

СВИФТ-ке мүшелерге мыналар жатады:

- мүше банктер;

- бірлескен мүшелер - мүше банктің филиалдары мен өзге құрылымдық бөлімшелері;

- өзге қатысушылар: қаржы институттары (брокерлер кеңсесі, клиринг және сақтандыру компаниялары).

СВИФТ-ке мүше болу 2 кезеңнен тұрады:

І кезең банкке мүше болу құжаттарын дайындау. Бұл кезеңде мүше банктер кіру туралы өтінішін жасау, СВИФТ жарғысын орындау, СВИФТ-тің операциондық шығыстарын өтеу туралы міндеттемесін, банктің мекен-жайы туралы, қоғам алдындағы байланысы үшін жауаптылығы және банктік хабарламаларды беру кестесіне шолуы сияқты құжаттарын дайындайды. Мүше болуға кандидат банктерге бір жолғы төлем жасау және қоғамның 1 акциясын сатып алу міндеті жүктеледі.

ІІ кезең банктік қоғамға қосу кезеңі. Бұл кезеңде банк коммуникациялық құрал-жабдықтарды сатып алады және мамандарды оқытады. Қосу уақыты тіркелмелі: яғни наурыз, маусым, қыркүйек және желтоқсан айларының бірінші дүйсенбісі.

Банктердің мүше болу үшін жасаған шығындары 5 жыл ішінде өтелуі мүмкін.

Әрбір аймақта СВИФТ өзінің аймақтық әкімшілігін құрады.

СВИФТ артықшылықтары:

- сенімділік, хабарламалардың толық және уақтылы жеткізілуіне жауаптылығы;

- қауіпсіздік, СВИФТ торабы бойынша хабарламаларды жіберуде әр түрле шифрлерді қолдану барысында олардың қауіпсіздігі сақталады және оны хабарлама жіберуші мен алушыдан басқа ешкім оқи алмайды;

- жылдамдылық, хабарлама бірнеше секунд немесе 15-20 минут ішінде жетеді, оның түпнұсқалығын растау автоматты түрде жүзеге асырылады. Ондағы жұмыс демалыссыз және мейрамсыз күндіз түні іске асады.

- тиімділік, СВИФТ стандарты мен технологиясы автоматты түрде хабарламаларды өңдеу үшін арнайы қолданбалы бағдарламаларды жасайды. Соған сәйкес хабарламаны қолмен өңдеу шығыны азайып, өнімділік арта түседі.

Ал кемшілігі мынада:

- қымбаттығы, ұсақ банктер үшін кіру жарнасының қымбат болуы;

- құжат айналысы кезінде төлем несиесін пайдалану мүмкіндігінің азаюы немесе жоқтығы, яғни шоттың дебеттелуі мен кредиттелуінің арасындағы мерзімнің қысқалығы.

СВИФТ жүйесінде 130 хабарлама (Messege Transaction - МТ) түрінен тұратын 11 санат қолданылады.

Жүйелік хабарламалар, яғни арнайы есеп беру арқылы сұрау және алу, мәліметтер базасында хабарламаларды іздестіру, оқу және жаттығу мақсатында пайдаланылады.

Жүйелік хабарламаның үш түрі болады:

LOG-IN/OUT – жүйеге кіру/ шығуға арналған жүйелік хабарлама;

RETRIEVAL – бұл сұраныс бойынша сақталған хабарламаның көшірмесін жіберу;

REPORTS – әр түрлі шоттар/есептер туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін хабарлама.

Банктік хабарламалар жедел және жәй болып бөлінеді. Жедел хабарламалар үшін арнайы тарифтер болады.

Қалған типтер 1-9 санттарға және n санатына жатады. Оларға үш мәнді сандық код беріледі. Бірінші үші сан операциялар кодына сәйкес келеді.

n санаты – жалпы топтың хабарламасы. Жалпы топтың хабарламасы 1-9 санаттың кез келгеннін пайдаланады.

Сонымен СВИФТ жүесінде өңделетін пайдаланылатын хабарламалар санаттары мен түрлеріне тоқталайық.

0-санат. Жүйелік қабарламалар

1-санат. Клиенттік аударымдар мен чектер

2-санат. Қаржылық ұйымдар аударымдары

3-санат. Валюталық операциялар

4- санат. Инкассо және оған қосымша құжаттар

5-санат. Бағалы қағаздар

6-санат. Бағалы металдар мен синдикаттар

7-санат. Құжатты аккредитивтер мен кепіл-хаттар

8-санат. Жол чектері.

9-санат. Аралас хабарламалар.

n –санат. Жалпы топ.

Хабарламалардың барлық түрлері жалпы қағидаттқа сүйене отырып жасалады. Хабарлама тақырыбы екі санды кодпен беріледі. Мысалы, 57 коды банкті, 69 – бенфициарды, 71 - кімнің есебіне қаражат немесе комиссия сомасының есептелетіндігін, 32 төлем сомасын көрсетеді.

СВИФТ-ке бүгінгі таңда әлемнің 155 елінің 4800 банктер мен қаржы ұйымдары мүше, сол елдерде оның барлығы 20 000 терминалы қызмет етеді. СВИФТ жүйесін пайдаланушылардың қатарының күрт өсуі СВИФТ-1 және СВИФТ –2 жүйелеріне бөлінуге әкелді. СВИФТ-2 жүйесін өту 1989 жылдан 1995 жылдар аралығын қамтиды.

СВИФТ – торабы төрт деңгейден тұрады:

1) Пайдаланушы терминалы, яғни пайдаланушының торапқа қосылуына мүмкіндік береді. Қазіргі нарықта СВИФТ жүйесін қосылудың бірнеше терминалдары бар. Бірақ олардың барлығы сертификацияланған болуы тиіс.

6) Аймақтық процессорлар, олардың қызметі топтық процессорда бастапқы өңдеуді жүзеге асыру болып табылады. Аймақтық процессорлар операциялық орталықтарды адамның қатысуынсыз Unisys A Series фирмаларының компьтерімен көмегімен жұмыс жасайды.

7) Топтық процессорлар, яғни оларды операциялық орталықтарды орналастырылады және 3 Unisys A Series фирмаларының компьтерімен көмегімен жұмыс жасайды.

8) Жүйені басқарушы процессорлар, яғни СВИФТ –2 жүйесіне жаңадан енгізілген деңгей. Оларда операциялық орталықтарды орналастырылады және Unisys A Series фирмаларының компьтерімен көмегімен жұмыс жасайды.

СВИФТ-2 ақпараттар 4 ай бойында сақталады.

Халықаралық валюталық төлемдерді жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық банк СВИФТ жүйесін пайдаланады. СВИФТ жүйесіне қосылғанға дейін банктердің корреспондетттерімен хабарламалар алмасуы телекс арқылы жүргізілді.

ҚР Ұлттық банкісінде СВИФТ жүй есі 1994 жылы сәуір айында орнатылды. Бұл Қазақстандағы алғашқы аймақтық процессор болып табылған. Кейіннен оған өзге банктеріміз қосылды.

ҚР Ұлттық банкінде СВИФТ ST-400 интерфейсі пайдаланылады.

СВИФТ ST-400 интерфейсінде үш кіру паролы қолданылады. СВИФТ стандартына сәйкес бір терминалда үш адам жұмыс жасайды:

1) СВИФТ операторы (USER).

2) Коммуникациялар бойынша жауапты тұлға (USOF).

3) Басқарушы (SLS-BKE).

Әрбір маманның өзінің кіру паролы болады. Оператор хабарламаларды енгізу жұмысын атқарады. Коммуникациялар бойынша жауапты адам байланыс жолдарын ашу және жабуды, телекстік хабарламаларды тестілеу және идентификациондық кілтпен алмасуды жүзеге асырады. Басқарушы хабарламалардың қатесіз жөнелтуіне бақылау жасайды.

Мәміленің міндетті элементтеріне мыналар жатады:

- мәміленің серіктесі;

- аударым номері;

- мәміле күні;

- айырбас бағамы;

- есеп айырысу күні;

- валюта және сомасы;

- есеп айырысудағы корреспондент банктер.

ҚР Ұлттық банкі көбіне клиенттік аударымдарды жүзеге асырады. ҚР Ұлттық банктің клиенттеріне мемлекеттік және акционерлік ұйымдар, Министрліктер мен әр түрлі кәсіпорындар жатады.

Ұлттық банк клиенттердің аударымдарын өзінің банк корреспонденттері арқылы СВИФТ жүйесінің байланысының көмегімен жасайды.

ҚР Ұлтты банктің тәжірибесінде мынадай хабарламалар санаттары жиі пайдаланылады:

- клиенттік аударымдар, 100-форматтағы (101,102 және т.б.) хабарламалар;

- банкаралық аударымдар, яғни 200-форматтағылар (201,202,203 және т.б. );

- қаржылық мәмілелер – 300-форматтағылар (3001, 302, 303 және т.б.);

- бағалы қағаздар – 500-форматтағылар;

- бағалы металлдар – 600-форматтағылар;

- құжатты аккредитивтер мен кепіл-хаттар – 700 форматтағылар.

СВИФТ жүйесі арқылы ҚР Ұлттық банкінің төлем хабарламасын пайдалану тәжірибесіне мысал келтірейік.

 

СВИФТ формат МТ202

Күні: 8.03.2006ж

Кімге: Федералды резервтік банк, Нью-Йорк,

Кімнен: ҚР Ұлттық банкі, Алматы

МТ 202 қаржы инстиуттарынің жалпы аударымы

:20 : аударым номері - 93457734

:21: сілтеме - BISBB07029SISBBО

:32А: D/B/ валюта/ сома/ - 14.01.2006

USD 10,000,000.00

:53: жіберушінің корреспондеті - /F

:57А: банктегі шоты - Чейз Манхеттен банк

Нью-Йорк

:58А: бенфициар банкі - Дойче банк, ФФ/М

 

СВИФТ жүйесін отандық банктер тәжірибесінде пайдалану хабарламаларды беру уақытын қысқартып, оны пайдаланушылардың санын арттыра түсуге, қағазсыз халықаралық банктік операцияларды жүзеге асыруға, сондай-ақ операциондық шығыстарды азайтуға толық мүмкіндік жасауда. Сонымен қатар СВИФТ-ті пайдалану төлем құжаттардың жоғалуына жол бермейді және банктің тәуекелін азайтады.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Төлем жүйесі дегеніміз не?

2. ҚР төлем жүйесінің құрылымы неден тұрады?

3. ҚР төлем жүйесінің қалыптасуы туралы не білесіз?

4. Банктік хабарламаларды өңдеу жүйесі немен айналысады?

5. Банкаралық ақшалай аударымдар жүйесінің қатысушылары кімдер?

6. Ұсақ төлемдер жүйесі туралы не белсіз?

7. СВИФТ жүйесі қандай қызмет атқарады?

8. Қазақстан банктері СВИФТ-ке қашаннан бастап мүше болды?

9. СВИФТ-ке мүше болу шарттары қандай?

 

8-тарау. Банктің несиелік саясаты және несиелік механизм

 

8.1. Несиелік саясат, оның элементтері

 

Несиелік саясат банктің несиелік қызметінің міндеттерін, оларды іске асыру құралдары мен әдістерін, сондай-ақ несиелік процесті ұйымдастыру қағидаттары және тәртібін белгілейді. Несиелік саясат несиелік механизм көмегімен жүзеге асырылады.

Несиелік саясат – банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттарын білдіреді.

Кең мағынасында, несиелік саясатты несие беруші банк пен қарыз алушылар тұрғысынан қарастыруға болады.

Тар мағынасында, несиелік саясат – бұл несиелік процесті ұйымдастыру барысындағы банктің стратегиясы мен тактикасын сипаттайды.

Несиелік саясат банктің несиелік жұмысын, оның жалпы стратегияларына сай ұйымдастыру негізін және несиелеу процесін қалыптастыруға қажетті құжаттар жүйесін (ұйымдастыру) жасау шарттарын білдіреді.

Жалпы несиелік саясат мынадай сипатта болуға тиіс:

- нұсқаулық емес, яғни директивті нұсқауларды қамтиды;

- несиелеудің мақсаттарын нақты және мағыналы анықтауға мүмкіндік береді;

- нақты мақсаттарды іске асырудың бірнеше ережелерін қамтиды;

- оны іске асыруды қамтамасыз ететін стандарттар мен нұсқаулықтарды қамтитын құжаттардан тұрады.

Несиелік саясат банктің стратегиясын, оның тәуекелді басқару облысындағы саясаттарын ескере отырып жасалады. Несиелік саясат несиелік қызметтің төмендегідей негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді:

· несиенің берілуіне және несиелік портфельді басқаруға жауап беретін банк қызметкерлері жетекшілікке алатын объективтік стандарттар мен критерийлерін;

· несиелеу облысындағы стратегиялық шешімдерді қабылдайтын тұлғалардың басты іс-әрекеттерін;

· сыртқы аудит қызметтерінің жұмысын және банктегі несиелік қызметтің сапалығын;

· ішкі бақылау қағидаларын.

Несиелік саясат банк қызметін диверсификациялаудағы іс-әрекеттердің тізбектелуін қамтамасыз ету үшін және несиелік қызметкерлердің лауазымды міндеттерін анықтау үшін қажет. Несиелік саясатты іске асырудың белгілі бір тәртібі болмайынша несиелеудің біртұтас ережелерін тәжірибеге енгізу мүмкін емес. Сондықтан да, жазбаша түрде жазылған несиелік саясат пен оны іске асырудың соған сәйкес ережелері несиелік процесті жүргізудің негізін құрайды.

Несиелік саясат, банк қызметкерлерінің бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуіне, сондай-ақ, несие беру мүмкіндігі туралы сұрақты шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап “өз клиентін” таңдаудағы біліктілігіне негізделеді. Сондай-ақ, несиелік саясат банктің бүгінгі иелігіндегі немесе ертең енгізуді дұрыс санайтын несиелік өнімдермен анықталады. Мысалға, кәсіпорындарға қысқа мерзімді несиелер (айналым қаражаттарын толықтыруға) және ұзақ мерзімді инвестициялық несиелер (өндірісті кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта қаруландыруға, ғылыми-техникалық инновацияларды енгізуге) берген қолайлы.

Несиелік саясаттың маңызды элементі банктегі бақылауды ұйымдастыру болып табылады (потенциалды қарыз алушыны несиелеу мүмкіндігі туралы сұрақты шешу барысында несиелік стандартты дұрыс қолдануға бақылау жасау; жекелеген несиелік қызметкерлердің құзыретін сақтауға бақылау жасау; банктің несиелік портфелінің жағдайына және оның ішінде проблемалық несиелерге қойылатын жалпы бақылау).

Ішкі несие саясатын жасау банк жетекшілерінің несиелеу мақсатын қалыптастыруды және бұл мақсаттардың банктің жалпы міндеттері мен стратегиялық мақсаттарымен қаншалықты сай келетінін анықтауды талап етеді. Несиелеу мақсаттары анықталғаннан соң, соның негізінде банк қызметкерлерінің қажетті несиелік операцияларды атқаруына мүмкіндік беретін банктің несиелік саясатын және оған қоса несиелеу стандарты мен несиелік нұсқаулықтары жасалады.

Несиелік стандарттар мен нұсқаулықтарды жасаудың бастапқы кезеңі аяқталуына байланысты, бұл құжаттардың бірінші редакциясы тәжірибелі қызметкерлерге сараптауға берілуі тиіс. Сараптаушылардың талдауы және ұсыныстары енгізілгеннен кейін несиелік саясат бойынша комитет (немесе директорлар кеңесі, несиелік комитет) саясатты және соған сәйкес нұсқаулықтарды бекітеді.

Несиелік саясат несиелеу лимиттерін, тәртібін, кейде несиелеу бойынша жекелеген ережелерді де қамтиды. Мысалы, несиелік саясатта бір қарыз алушыға келетін тәуекел лимиті анықталады. Сонымен қатар, несиелік саясатта барлық несиелердің несиелік құжаттарда көзделген мақсаттарға сай берілуі де қарастырылуы мүмкін.

Несиелік саясатта несиелік комитет туралы ереже де қамтылады. Несиелік комитет несие беру барысында қорытынды жасап, несиені беруге байланысты мәселелерді қамтиды.

Отандық банктер тәжірибесіндегі несиелік комитеттің шешетін мәселелері мынадай:

- несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік қызметкердің несие беру туралы қорытындысын қарайды;

- несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;

- несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу формаларын анықтайды;

- несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді;

- несиені қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар белгілейді;

- несиелеу шартын бектеді (несиелік лимит, несиелік желі);

- берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бектеді;

- банктің несиелік стратегиясын жасайды;

- несиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды;

- несиелік комитеттің мәжілісінің хаттамаларына қол қояды және хаттамаларды тіркеу кітабын жүргізеді.

Несиелік саясатта қарыз алушылардың негізгі қызметіне байланысты тәуекелдігі жоғары операцияларды немесе жобаларды қаржыландыру үшін тағайындалатын несиелер туралы да айтылуға тиіс.

Несиелік саясатпен банк қызметкерлерін таныстыру, оларды соған сай келетін ережелермен және нұсқаулықтарға үйрету, банкте несиелік саясатты енгізудің негізгі элементі болып табылады.

Несиелік саясат несиелік қызметтің басты бағыттарын анықтайды. Оларды, өз кезегінде, несиелік саясаттың қабылдаған бағыттарын іске асыру жүйесі ретінде тұжырымдауға болады. Несиелік саясатта төмендегідей элементтер көрсетілуге тиіс:

· несиелік қызметті ұйымдастыру;

· несиелік портфелді басқару;

· несиелеуге бақылау жасау;

· құзіретті бөлу қағидаттары;

· несиелеуді таңдаудың жалпы критерийлері;

· несиелеудің жекелеген бағыттары бойынша шектеулер;

· несиелермен жасалатын ағымдық жұмыстардың қағидаттары;

· несиелер бойынша зиян шегу жағдайларына резерв жасау.

Іс жүзінде несиелік саясатты іске асыру тәсілдері мен әдістерін белгілі бір формада, яғни соған сай келетін төмендегідей үш құжат түрінде көруге болады:

1. несиелеу саясаты;

2. несиелеу стандарты;

3. несиелеу нұсқаулықтары.

Сондай-ақ аталған үш құжат ерекше бір құжатта - “Несиелік саясат бойынша жетекшілік ету” - біріктіріледі.

Несиелеу саясатында несиелеуді жүзеге асыратын бөлімшелер жұмыскерлерінің қызметтерін нақтылайтын несиелік нұсқаулықтар мен несиелеу стандарты, несиелеудің жалпы бағыттары мен бағдарлары анықталады.

Несиелеу стандартыбұл банкте несиелік қызметті жүзеге асыратын барлық қызметкерлердің жетекшілікке алатын құжаты.

Несиелеу стандартында мынадай сұрақтар қарастырылады:

· қарыз алушының қаржылық ақпараттарын жинау және талдау тәртібі;

· несиенің кепіл-хаттар және кепілдемелермен қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар;

· әкімшілік стандарттар және несиелік процесті ұйымдастыру ережелері;

· қарыз алушының несиелік қабілетін талдау тәртібі;

· құжаттардың толтырылуына қойылатын талаптар;

· несиелеудің айрықша түрлері бойынша ережелер (мысалға, ипотекалық немесе тұтыну несиелері бойынша).

Барлық банктер бойынша құжаттар айналымын стандарттау мақсатында несиелеу стандарттарына әр түрлі құжаттар үлгілері жатуға тиіс. Ондай құжаттарға: несиелік келісім-шарт, кепіл туралы шарт, кепілдеме туралы шарт және т.б. жатады.

Несиелік нұсқаулықнесиелеу процедураларын іске асырудың жалпы алгоритімін бекітетін кезектіліктің қадамдарын суреттеуді білдіреді.

Басқаша айтқанда, ол несиелік қызметтің нақты бір бағыттарына жатады.

Жалпы, несиелік саясатта қарыз алушын туралы қажетті ақпараттар жинау және несиелік қабілетіне талдаудан бастап, несиелік талдау және аудит, ссудалар бойынша мүмкін болар зиян процесін қамтитын несиелік процестің барлық кезеңдері көрсетіледі.

Несиелік саясат мынадай қызметтерді атқарады:

· банктегі несиелеу процесін ұйымдастыруға бақылау жасауға негіз ретінде болу;

· несиелеуді жүзеге асыратын бөлімдердің қызметкерлері үшін анықтама материал және нұсқаулық ретінде болу;

· несиелік бөлімдердің жетекшілері үшін несиелік нұсқаулықтардың талаптарының орындалуына бақылау жасау құралы;

· несиелік талдау және аудит бөлімі жұмыскерлерінің тексеруді жүзеге асыруына негіз болатын талаптарды анықтау.

Коммерциялық банктің несиелік саясатын іске асыру процесінде проблемалық ссудалармен жасалатын жұмысқа ерекше көңіл бөлініп және қосымша бақылау жасалуға тиіс.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 290; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты