Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Банктің несиелік комитетінің құрамы мен құзіреті




 

Несиелік комитет - несие беру туралы шешім шығаруға бөгеде адамдардың аралысуына жол бермейтін және несиелік тәуекелді төмендетуді қамтамасыз ететін тұрақты ұйым.

Несиелік комитеттің құрамы әр банкте әр түрлі болуы мүмкін.

Несиелік комитеттің мынадай түрлері отандық тәжірибеде ұйымдастырылады:

- Бас кеңсенің Несиелік комитеті;

- Шағын Несиелік комитет;

- Филиалдың Несиелік комитет.

Мысал ретінде «Банкцентркредит» АҚ-ның тәжірибесінде ұйымдастырылғын Несиелік комитет құрамы 9 мүшеден тұрады:

- Директорлар Кеңесінің кеңесшісі – Несиелік комитет төрағасы

- Басқарма төрағасының орынбасары – Несиелік тәуекел департаментінің директоры (Несиелік комитет төрағасының орынбасары);

- Басқарма төрағасының орынбасары - Әкімшілік департаментінің директоры;

- Басқарма төрағасының орынбасары – Бизнесті дамыту департаментінің директоры;

- Басқарма төрағасының орынбасары – Қаржы департаментінің директоры;

- Тәуекелдерді талдау және басқару департаментін Басқарушы директоры;

- Корпоравтитік қаржы департаментінің Басқарушы директоры;

- Заң басқармасының бастығы;

- Шағын және орта бизнесті несиелеу департаментінің Басқарушы директоры.

Несиелік комиттетің мәжілісі қажет болған жағдайда кеңісшілердің қатысуымен өткізілуі мүмкін. Кеңесшілер құрамына мыналар жатады:

- Ірі жобалар бойынша несиелік тәуекел басқармасының бастығы – Департамент директорының орынбасары;

- Несиелік тәуекел басқарамасының бастығы;

- Халықарлық қатынастар басқармасының бастығы;

- Корпоративтік бизнес басқармасының бастығы;

- Қауіпсіздік басқармасының бастығы.

Несиелік комитеттің хатшысын Несиелік тәуекел департаментінің директоры сайлайды. Несиелік комитетің құрамы Банктің ұйымдастырылу құрылымының өзгеруіне қарай өзгеруі мүмкін.

Несиелік комиттетің құзіретіне мыналар жатады:

- Несиелік тәуекел департаментінің өз бетінше несиелеуіне арналған несиелік лимиттер белгілеу;

- Филиалдардың өз бетінше несиелеуіне арналған лимиттер белгілеу;

- Филиалдардың несиелік комитетінің құрамын, құзірітен және қызметін бекіту;

- Несиелік комитеттің мәжілісті өткізу процедурасын бекіту;

- Несиелік тәуекел департаментінің, Шағын және орта бизнесті несиелеу департаментінің, Жобалар бойынша корпоративтік қаржылар департаментінің мониторингтік есептерін бекіту;

- Несиелік тәуекел департаментінің ұсынысы бойынша филиалдардың мониторингтік есептерін бекіту және өз бетінше несиелеуіне арналған несиелік лимиттерін қайта қарау;

- Банктің өзге банктік мекеме немесе қаржы институты болып табылмайтын заңды тұлғалардың бағалы қағаздарын сатып алуына қатысты мәселелерін қарау;

- Вексель және факторинг операциялары бойынша қаржыландыру мәселесін қарау;

- Несиелік өтініштер мен несиенің қайтару мерзімін ұзартуға қатысты мәселелерді қарау;

- Жоғарда аталған мәселлерді қарау барысында мынадай шешімдер шығару:

а) келісім беру;

ә) ескертпелерді қалыпқа келтірген жағдайда келісім беру;

в) кейінге қалдыру;

Комитеттің шығарған шешіміне қоса

г) қалпына келтіруге жіберу. мынадай мәселелер бойынша Банк басқармасының шешімі талап етіледі:

- Несиелік комитетің құзіретіне жатпайтын несиелік өтінішке келісім беру;

- Несиелік саясатты бекітуге немесе өзгертуге келісім беру;

- Филиалдардың өз бетінше несиелеуіне арналған лимиттерді бекіту.

Кейбір банктерде шағын және орта бизнес субъектілерінің жобалары бойынша несиелік шешімдер қабылдауға бөге адамдардың араласуына жол бермейтін және несиелік тәуекелді төмендетуді қамтамасыз ететін тұрақты ұйым - шағын Несиелік комитет қызмет етуі мүмкін. Ол ұйым банктің Бас кеңсесінде ұйымдастырылады.

Мысалы «Банкцентркредит» АҚ-ның тәжірибесінде ұйымдастырылғын осындай шағын Несиелік комитет құрамы 6 мүшеден тұрады:

- Басқарма төрағасының орынбасары – Несиелік тәуекел департаментінің директоры (Төраға);

- Шағын және орта бизнесті несиелеу департаментінің Басқарушы директоры. (Төрағаның орынбасары)

- Ірі жобалар бойынша несиелік тәуекел басқармасының бастығы;

- Несиелік тәуекел басқарамасының бастығы;

- Проблемалық несиелер басқармасының бастығы;

- Заң басқармасының өкілі.

Шағын Несиелік комитетінің құзіреті мынадай:

- Бір миллионға дейінгі сомада берілген несиелер бойынша филиалдардың мониторингтік есебін қарау;

- Вексель және факторинг операциялары бойынша қаржыландыру мәселесін қарау;

- Бас кеңсенің берген құзіреттері негізінде несиелік өтініштер мен несиенің қайтару мерзімін ұзартуға қатысты мәселелерді қарау;

- Жоғарыда аталған мәселелерді қарау барысында мынадай шешімдердің бірін шығарады:

а) келісім беру;

ә) ескертпелерді қалыпқа келтірген жағдайда келісім беру;

в) кейінге қалдыру;

г) қалпына келтіруге жіберу.

Филиалдың Несиелік комитетінің құрамына 5 мүше кіреді:

- Филиал директоры (Төраға);

- Бэк-кеңсесінің бастығы (Төрағаның орынбасары);

- Несиелік бөлім бастығы;

- Филиалдың заңгері;

- Қауіпсіздік қызметінің бастығы.

Филиалдың Несиелік комитетінің мәжілісіне филиалдың тәуекел-менеджері қатысады. Несиелік комитетің хатшысын Филиалдың директоры тағайындады. Филиалдың Несиелік комитетінің құзіреті мынадай:

- Берілген несиелер бойынша мониторингтік есепті қарау;

- Вексель және факторинг операциялары бойынша қаржыландыру мәселесін қарау;

- Бас кеңсенің берген құзіреттері негізінде несиелік өтініштер мен несиенің қайтару мерзімін ұзартуға қатысты мәселелерді қарау;

- Жоғарда аталған мәселлерді қарау барысында мынадай шешімдердің бірін шығарады:

а) келісім беру;

ә) ескертпелерді қалыпқа келтірген жағдайда келісім беру;

в) кейінге қалдыру;

г) қалпына келтіруге жіберу.

Несиелік Комитет аптасына бір рет мәжіліс жасауға тиіс. Мәжілістен 2 күн бұрын күн тәртібіндегі сұрақтар Комитеттің төрағасына бектуге ұсынылады.

Күн тәртібендегі сұрақтар міндетте түрде мыналарды қамтиды:

- Қатысушылар, соның ішінде шақырылған тұлғалар;

- Акивтер мен пассивтерді басқару жөніндегі Комитеттің бекіткен несиелеу лимиттері бойынша Несиелік тәуекел департаментінің ақпараты;

- Несиелік өтініштерді қарау;

- Ағымдағы өзге де мәселелер.

Бас кеңсенің несиелік бөлімінің мамандарынан құжаттарды жинау 2 күн бұрын жүзеге асады. Жоба бойынша құжатардың барлығын тексеру мыналарды қамтиды:

- Жоба бойынша сараптамалық қорытынды және ұсыныстар;

- Несиелік тәуекелдер бойынша тәуекел менеджерінің қорытындысы;

- Заң қызметінің қорытындысы;

- Қауіпсіздік қызметінің қорытындысы;

- Кепіл затын бағалау актісі;

- Қаралатын өзге мәселелер бойынша ақпараттар.

Күн тәртібі мен аталған құжаттар көшірмелері Несиелік комитет мүшелеріне мәжілістен 1 күн бұрын беріледі. Мәжілістің соңына қарай барлық құжаттардың көшірмелері жиналып алынады да бір данасы арнайы папкаға тігіледі, ал қалғандары жойылады.

Комитеттің қабылдаған шешімдері хаттамамен рәсімделеді. Хаттама мен шешімдер мәжілістің ертесіне дайындалып, оған Хатшының және мәжіліске қатысқан Комитеттің мүшелерінің қолдары қойылады. Мәжіліс хаттамасының түпнұсқасы арнайы папкаға тігіліп, банктің сейфінде бір жылға дейін сақталады және кейіннен мұрағатқа тапсырылады. Хаттама көшірмелері филиалдарға және басқарма бастықтарына жеткізіліеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Несиелік саясаттың құрылымдық элементтеріне нелер жатады?

2. Несиелік механизмді қалай түсінесіз?

3. Несиелік механизмнің элементтері неден тұрады?

4. Қандай несиелеу қағидаттарын білесіз?

5. Несиелік комитеттің ққұрамына кімдер кіреді?

6. Несиелік комитеттің құзіретіне не жатады?


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 122; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты