КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Корпоративтік клиенттерді несиелеуге қажетті құжаттарКорпоративтік клиенттерді несиелеуге қажетті құжаттар жинау несиелеу үрдісінің 1-кезеңінде жүзеге асады. Бұл кезеңде клиент банктің несие менеджерімен сұхбаттасып, кеңес алғаннан кейін және несиелеу шартымен толық келіскен жағдайда банктің жасаған формасында құжатты немесе құжатсыз(компьютердегі арнайы бағдарлама) түріндегі несие алу үшін өтінішін және сауалнаманы толтырады және несие алуға қажетті құжаттарды жинақтап банкке тапсырады. Қажет құжаттардың тізімін несие менеджері клиенке тапсырады. Клиенттердің әр түрлі топтары үшін әр түрлі құжаттар пакеті әзірленуі мүмкін. Жалпы банкке тапсыратын клиенттің құжаттары екі топқа бөлінеді: несиелік сараптама және заңи сараптамаға арналған құжаттар. Клиенттердің әр түрлі топтары үшін әртүрлі құжаттар пакеті әзірленуі мүмкін. Мысал ретіндегі құжаттар пакетінің құрамына жататындар: 1) құрылтайшылық құжаттардың, жарғының, жалға алу шарттарының, тіркелген куәліктерінің немесе патенттерінің, жерді пайдалану құқығын куәландыратын құжаттарының нотариалды түрде куәландырылған көшірмесі; 2) кәсіпорының басшысының немесе кәсіпорын атынан несие алуға сенім білдірген тұлғаның төл құжаты және клиенттің несие алуға құқығын растайтын басқа да құжаттардың көшірмелері; 3) қаржылық есебі, яғни соңғы екі жылдық қарыз алушының балансы, қаржылық қызметінің есебі, ақша қаражаттарының қозғалысының есебі; 4) несиеленетін шаралардың рентабельдік деңгейін және оның қайтарылу мерзімін сипаттайтын техникалық - экономикалық есебі; 5) несиеленетін мәмілелерді растайтын келісім шарттар көшірмелері (материалдық бағалылықтарды жабдықтауға және сатуға арналған шарттар, тауарлы-материалдық бағалылықтар шотының көшірмелері және т.с.с), 6) алашақ және берешек қарыздары туралы құажат (қарыздарының пайда болу себебі мен мерзімі, және оны өтеу мерзімдері көрсетілуге тиіс); 7) басқа банктерден алған несиелер туралы мәліметтер (шоттар бойынша көшірме); 8) қаматамасыз ету мақсатында кепілге берілген мүлікке қарыз алушының меншік құқығын растайтын құжаттар; 9) несиені қайтаруға байланысты міндеттемені куәландыратын құжаттар; 10) қызметін жаңадан бастаған, яғни қаржылық есептер және басқа да құжаттары жоқ кәсіпорынның бизнес жоспары. Қажет жағдайларда банк қарыз алушыдан несиені қайтаруын қамтамасыз ететін басқа да құжаттар мен мәліметтерді талап ете алады. Сонымен қатар, банкпен тұрақты несиелік қатынаста болатын қарыз алушылар үшін кейбір құжаттар тізімі қысқаруы мүмкін. Қарыз алушы банкке несие алуға өтініш жасаған уақытта, банк несиелеудегі оның мүмкіндігін алдын ала бағалау үшін сауалнама толтыруы мүмкін. Онда: фирманың жетекшісі мен қарыз алушының аты-жөні; қызметі және меншік түрі; клиенттің заңды мекен-жайы; ағымдық және валюталық шот ашқан банктің аты және реквизиттері; негізгі құрылтайшылары; ол сұрайтын несиенің мақсаты, сомасы және мерзімі; соңғы есептік күнге берілген баланс құрылымы және басқа да көрсеткіштер. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалауда мынадай ақпарат көздерінің маңызы зор: · өтініш жасаушымен тікелей сұхбаттасу, яғни банк қызметкері ссуда алуға өтініш жасау себептерін біле отырып, өтініштің банктің несиелік саясатынан туындайтын талаптарына жауап беретіндігіне мән береді. Қарыз алушының тарихы, өнімінің және көрсететін қызметінің сипаты, шикізат көздері, жұмыскерлерінің біліктілігі туралы ақпараттар жинайды. Бұл ақпараттар басқа жолдармен тексеріледі; · клиенттерінің несиелік қабілеті, олардың өткен уақыттардағы несиелерге қатынасы, шоттардағы қалдықтары және т.б. туралы ақпараттардан тұратын банк картотекасын жүргізу; · орнында инспекция жүргізу; · қаржылық есебін талдау; · басқа банктермен контракт арқылы, қарыз алушының жабдықтаушылары арқылы, салық инспекциялары арқылы сырттай ақпарат көздері. Шетелде клиенттердің несиелік қабілеті туралы ақпараттар жинауға маманданған және оны беретін арнайы фирмалар немесе агенттіктер бар. Қазіргі уақытта дамыған елдерде, банктерге келісім шарт негізінде қызмет көрсететін сондай бірнеше тәуелсіз ұйымдар жұмыс жасайды. Мысалға, фирма “Дан энд Брэд форд” 3 млн. жуық АҚШ-тың, Канаданың, Данияның фирмалары туралы ақпараттар жинақтап, жалпы ұлттық және аймақтық анықтамаларда жариялайды. Біздің елімізде 2003 жылдан бері Несиелік бюро қызмет ете бастағанымен әлі банктердің, онымен ақпараттар алмасуы дұрыс жолға қойылған жоқ. Банктер әлі де болса несиелік қабілетті талдауда тек қана клиенттердің берген құжаттарын пайдаланумен шектеледі.
|