Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Арыз алушы-кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау




Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау оның қаржылық жағдайына баға беруді сипатайды. Қаржылық жағдайына баға беруде клиенттің қаржылық құжаттары қолданылады.

Қарыз алушының қаржылық жағдайы оның мынадай төлем қабілетінен байланысты:

1) шаруашылық шарттарына сәйкес төлем талаптарын уақтылы қанағаттандыру;

2) несиені қайтару;

3) жұмыскерлер мен қызметкерлерге жалақы төлеу;

4) бюджетке төлемдерді және салықтарды төлеу.

Қарыз алушының қаржылық жағдайы жақсы болса, ол барлық міндеттемелері бойынша есеп айырыса алады.

Қарыз алушының несиелік қабілетін банктік талдау шектеулі және кең көлемде жасалады. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау үшін оның тиімділігін, төлем қабілеттілігін, шаруашылық-қаржылық қызметін жан-жақты бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесін ұсынатын көптеген әдістемелер қолданылады.

Кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын талдау үшін негізгі көздер ретінде қаржы Министрлігі бекіткен келесідей жылдық бухгалтерлік есеп формалары қызмет етеді: ”Кәсіпорын балансы” (№1 форма); ”Қаржы нәтижелері және оларды пайдалану туралы есебі” (№2 форма); Кәсіпорын балансына қосымша бет (№3 форма); сондай-ақ ҚР статистикалық есеп формасы ”Кәсіпорынның (ұйымның) қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы есебі” (№1 – Ф – мерзімді – тоқсандық формалары) және Кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) өнімінің (жұмыстар, қызмет) кеткен шығындары туралы есебі” (№5-з – мерзімді – тоқсандық- жылдық формалары).

Отандық банктік тәжірибеде қарыз алушының компаниялардың несиелік қабілетін бағалауда мынадай қаржылық коэффициенттердің төрт тобы пайдаланылады:

- өтімділік коэффициенті;

- қаражат көздерін тиімді басқаруды талдауға арналған қаржылық тәуелділік коэффициенттер;

- компанияның ресурстарын пайдалану тиімділігін талдауға арналған айналымдылық коэффициенттер;

- пайдалылық коэффициенттер.

Осы көрсеткіштердің есептелу алгоритміне тоқталайық.

1. Өтімділік коэффициенті.

Өтімділік коэффициентінің өзі екі коэффициент көмегімен анықталады:

- ағымдағы өтімділік коэффициенті;

- тез өтімділік коэффициенті.

 

Ағымдағы активтер Ағымдағы өтімділік коэффициенті = ¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾ Ағымдағы міндеттеме  

Мұндағы ағымдағы активтерге кассадағы және банктік шоттағы қаражаттар, дебиторлық таза қарыз, тауарлы-материалды запастар, өзге ағымдағы активтер (алдағы уақыт шығыстары, өтімділігі жоғары бағалы қағаздарға жұмсалымдар және т.с.с.). Дебиторлық таза қарыз дебиторлық қарыз қалдығынан үмітсіз қарыздарды жабуға арналған резервті шегеру арқылы анықталады. Тауарлы-материалды запастардың да айналым мерзімі 1 жылдан аспауға тиіс.

Ағымдағы пассивтерге қысқа мерзімді ссудалар, жабдықтаушылардың, бюджеттің, жұмыскерлерінің алдындағы төленбеген қарыздары, өзге ағымдағы міндеттемелер жатады.

Ағымдағы өтімділік коэффициенті бұрынғы өтеу коэффициенті ретінде белгілі. Бұл коэффициент ағымдағы міндеттемелердің ағымдағы активтермен қаншалықты қамтамасыз етілетінін сипаттайды. Бұл көрсеткіштің мәні 0,70-тен 1,20 ға дейінгі аралықта болуға тиіс. Егер оның мәні 1,20-дан артып кетсе, онда тауарлы-материалды запастарға (ТМЗ) салынғын қаражаттар айналысының бәсеңдеуін немесе дебиторлық қарыздың жоғары болуын көрсетеді. Ал оның мәнінің төмен болуы клиенттің төлем қабілетсіздігін баяндайды.

Жалпы бұл көрсеткіштің мәнінің жоғары болуы, қарыз алушының қарыжылық тұрақтылығын білдіреді.

Дүниежүізілік банктік тәжірибеде бұл көрсеткіштің нормативтік мәні клиенттердің классына қарай әр түрлі болып келуі мүмкін:

І,ІІ,ІІІ класс үшін – 2,0;

IV класс үшін –1,5;

V-VI класс үшін – 1,25.

 

  Тез өтімділік Ағымдағы активтер - ТМЗ коэффициенті = ¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾ Ағымдағы міндеттеме  

 

Бұл көрсеткіш тауарлы –материалды запастарды (ТМЗ) тез арада сату мүмкіндігі болмаған жағдайдағы қарыз алушының қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу мүмкіндігін бағалауға көмектеседі.

Аталған коэффициенттің мәнінің 0,4-тен 0,6-ға дейінгі аралықта болғаны дұрыс. Бөлшек сауда компанияларында оның мәні 0,3-тен 0,4 аралығында болуы ықтимал. Оның мәнінің жоғары болуы дебиторлық қарыздардың өсуінен туындайды.

2. Қаражат көздерін тиімді басқаруды талдауға арналған қаржылық тәуелділік коэффициенттер.

Бұл топтың коэффициенттерін талдау қарыз алушының меншікті капиталының қамтамасыз ету дәрежесіне және оның тартылған қаражат көздеріне жалпы тәуелділігіне баға беруге мүмкіндік жасайды. Аталған көрсеткіш коэффициенттеріне мыналар жатады:

- міндеттеменің активке қатынасы;

- міндеттеменің капиталға қатынасы.

 

  Міндеттеменің Бір мерзімдегі орташа қарыз сомасы активке = ¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾ қатынасы Бір мерзімдегі орташа активтер сомасы  

 

Осы және келесі коэффициенттерді есептеген кезде банктерге берешек (қысқа және ұзақ мерзімді), жабдықтаушыларға, бюджетке және т.с.с.берешек орташа қарыздары пайдаланылады.

 

  Міндеттеменің Бір мерзімдегі орташа қарыз сомасы капиталға = ¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾ қатынасы Бір мерзімдегі орташа меншікті капитал сомасы  

 

Бұл коэффициент жалпы қарызбен меншікті капиталдың шекті қатынасын көрсетеді. Мысалға, коэффициент 2,0 тең болса, онда әрбір қарыздың 2 теңгесіне меншікті капиталдың 1 теңгесі келеді дегенді білдіреді немесе ол активтердің 67%-ы қарыздың есебінен және 33%-ы меншікті капиталдың есебінен қаржыландырылатын сипаттайды..

Дүниежүізілік банктік тәжірибеде бұл көрсеткіштің нормативтік мәні клиенттердің классына қарай әр түрлі болып келуі мүмкін:

І класс – 0,66

ІІ класс –1,00

ІІІ класс үшін – 1,10

IV класс үшін –1,25

V класс – 1,75

VI класс үшін – 2,00.

3) Компанияның ресурстарын пайдалану тиімділігін талдауға арналған айналымдылық коэффициенттер.

Оларғы мыналар жатады:

- дебиторлық қарыздың айналымдылық ұзақтылығы (күнмен);

- кредиторлық қарыздың айналымдылық ұзақтылығы (күнмен);

- ТМЗ-дың айналымдылық ұзақтылығы (күнмен).

 

  Дебиторлық Дебиторлық қарыздың орташа сомасы қарыздың = ¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾ * 360 айналымдылығы Сатудан түскен түсім  

 

Дебиторлық қарыздың айналымдылық мерзімі ұзақ болған сайын оны қайтармау тәуекелі туындайды. Сондықтан бұл көрсеткішті талдағанда әрбір заңды және жеке тұлғаға қатысты дебиторлық қарыздың құрылым мен сапасына, оның пайда болу себептері мен қайтарылу жағдайын басты назар аудару қажет. Сонымен қатар дебиторлық қарыздың айналым қаражаттарындағы үлесін бағалау қажет (қаншалықты оның үлесі жоғары болса соғұрлым компанияның активтері өтімсіз). Талдау барысында дебиторлық қарыздың құрамындағы күмәнді және үмітсіз қарыздардың үлесін анықтау арқылы, оның сапасын бағалауға болады (қаншалықты оларды үлесі жоғар болса, соншалықты компанияның өтімділігі төмендейді). Дебиторлық қарызды талдауда айналым-сальдолық ведмосты, ірі қарыздар бойынша төлем құжаттарын (төлем тапсырмасын, тауарлы көлік жүкқұжаттары және т.с.с) пайдалану қажет.

 

  Кредиторлық Кредиторлық қарыздың орташа сомасы қарыздың = ¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾ * 360 айналымдылығы Сатудан түскен Қарыз алу заңды тұлғаға несие беру немесе бермеу шешімін қабылдаудан бұрын, несиелеу процесінің екінші кезеңі өтеді. Яғни, көрсеткіштер жүйесі негізінде қарыз алушының төлемқабілеттілігі талданып, несиелік тәуекелге баға беріледі. Төлемқабілеттілік және несиеқабілеттілік деген екі ұғымды шатастырмаған жөн. Клиенттің төлемқабілеттілігі – бұл оның коммерциялық, несиелік, салықтық, өзге сипаттағы барлық міндеттемелері мен берешектерін уақтылы өтей алу қабілеттілігі мен мүмкіндігін сипаттайды. Несиеқабілеттілік болса, тек кәсіпорынның несиелік қарызын өтей алу мүмкіндігін көрсетеді. Банктік сферада несие беру туралы өтінішті қарастырғанда бұл екі ұғым тығыз байланыста әрекет етеді. Төлемқабілеттілікті талдамаса, болашақта клиенттің несиеқабілеттілігіне тікелей әсер ететін жағымсыз факторлардың орын алуы мүмкін. Сонымен қатар, клиенттің несиеқабілеттілігі оның төлемқабілеттілігінен жоғару болуы мүмкін. Несиеқабілеттілікті анықтау – қарыз алушыға несиені беру туралы шешім қабылдауға мүмкіндік беретін кәсіпорынның қаржылық жағдайына және болашақта бұл клиентпен қарым-қатынасты жалғастыру дұрыстығына кешенді сапалық баға беруді білдіреді. түсім  

Кредиторлық қарыздың айналымдылық есептеу дебиторлық қарызды есептеумен ұқсас. Бұл жерде дебиторлық қарыздың ұзақтығы мен кредиторлық қарыздың ұзақтығын өзара салыстыру арқылы компанияның ақшалай қаражаттарының түсуі мен жұмсалуының орташа жылдамдығын бағалауға болады.

 

  ТМЗ ТМЗ орташа сомасы *360 айналымдылығы = ¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾ Өнімді өткізудің өзіндік құны  

 

Бұл көрсеткіштің мәні өскендігі ТМЗ-дың артқанын, яғни сұраныстың азайғандығынан қоймада тауарлардың жиналып қалғандығын және оны сақтау шығындарының артатынын сипаттайды. Кейде оның өсуі шикізат пен материалдарға алдағы уақыттары бағаның өсуімен де байланысты болуы мүмкін. Ал оның мәнінің төмендігі, ТМЗ-дың жеткіліксіздігін, оның бизнестің дамуын тежейтіндігін көрсетеді. Сондықтан талдау объективті болуы үшін компанияның орналасқан жеріне барып, оның қоймасындағы сақталған тауарлардың барлығына көз жеткізген дұрыс.

4) Пайдалылық коэффициенттері.

Бұл көрсеткіш компанияның пайдалылық және рентабельділік деңгейін көрсетеді және ол пайданың әр түрлі нұсқалары мен сатудан түскен түсімге қатынасы арқылы есептеледі.

Мұндай коэффициенттерге мыналар жатады:

- жалпы пайда нормасы;

- таза пайда нормасы;

 

Жалпы Жалпы пайда пайда = ¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾ нормасы Сатудан түскен түсім
Таза Таза пайда пайда = ¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾ нормасы Сатудан түскен түсім

 

Есептелінетін таза пайда нормасы немесе сату рентабельдігі өткен кезеңдегі аталған көрсеткіштің мәнімен өзара салыстырылады. Бұл көрсеткіштің төмендеуі қарыз алушының бәсекелестік қабілетінің төмендеуін сипаттайды. Ол өз кезегінде оның өніміне деген сұраныстың азаюына әкеледі.

Қарыз алушының несиелік қабілетіне жоғарғыдағы көрсеткіштерді пайдаланып баға бергенен кейін, егер клиенттің несиелік қабілетті болса, онда несиелік сарапшы Несиелік комитеттің қарауына қарыз алушының сипаты туралы сараптамалық қорытынды жасайды (14-қосымша).

Несиелік сараптаманың қорытындысына қосымша бет ретінде кепіл мүлкін бағалау есебі жүреді. Кепіл затын банкте тәуелсіз бағалаушы іске асырады. Кепіл затын бағалау нарықтық және шығындық әдіспен жүзеге асуы мүмкін. Кепіл затын бағалау барысында кепілдік құны анықталады. Сол кепілдік құнынының 70% көлемінен аспайтын мөлшерде банк клиентке несие бере алады. Кей жағдайда клиенттің сұрайтын несиесінің сомасы кепіл құнының мөлшерінен асып кетсе, онда банк клиенттен қосымша кепіл затын кепілге қоюды талап етеді.

Сонымен қатар, несиелік сараптама қорытындысы негізінде берілетін несиеге байланысты тәуекел деңгейі анықталады. Несиелік тәуекел несиелік рейтингін бағалау көмегімен есептеледі. Несиелік тәуекелді бағалауды Тәуекел басқармасының қызметкері жүргізеді. Егер несие бойынша тәуекел деңгейі жоғары болса, онда несиенің бағасы қымбаттауы, немесе несие алуда клиенттің бастапқы салымды көбірек төлеуі, кей жағдайларда банктің несие беруден бас тартуы орын алады.

Егер несиелік тәуекел төмен болса және Несиелік комитет оң шешім қабылдауына байланысты несиелік келісімшарт пен кепіл туралы келісімшарт жасалады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 261; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты