Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Несиелік мониторинг және проблемалық несиемен банктің жұмысы




Несиелік мониторингнесиені берген күннен бастап, оны толық қайтарғанға дейін бақылауды және қарыз алушының несиелік қабілетінің өзгерісін үнемі талдап отыруды, несие сапасының төмендеуі немесе несиелік келісімшарттың бұзылуы анықталған жағдайларда тиісті шаралар қолданылуды қамтитын банктің күнделікті жұмысы.

Несиелік мониторингті жүргізуге арналған ақпарат көзіне мыналар жатады:

- банкте жинақталған қарыз алушы туралы ақпарттар;

- қарыз алушыдан алатын ақпараттар;

- өзге көздерден алынатын ақпараттар (жабдықтаушылардан, сатып алушылардан, өзге банктерден, қаржы ұйымдарынан, үшінші тұлғалардан және т.б.).

Ақпараттың толықтығына қарай несиелік мониторинг ағымдық және тереңдетілген болып бөлінеді.

Ағымдық мониторинг – ай сайын ағымдық мониторинг есебін түрінде рәсімделетін, несиені қайтару кестесінің орындалысы шегінде барлық несиелер бойынша жоспарлы түрде қарыз алушының шаруашылық және қаржылық жағдайы туралы жалпы ақпараттарды алу негізінде жүргізілетін тексеру.

Ағымдық несиелік мониторинг әр ай сайын несие толық қайтарылғанға дейін жасалады. Ағымдық несиелік мониторинг қорытындысы бойынша есеп беру нысаны 15-қосымшада берілген.

Ағымдық несиелік мониторингтің мақсаты – банктің барлық берген несиелер бойынша төлемсіздіктің алдын алу. Мониторинг жүргізуде несиені қайтару кестесі пайдаланылады және оның көшірмесі шот менеджеріне беріледі.

Ағымдағы мониторингтің негізгі қадамдарына мыналар жатады:

- қарыз алушының шотындағы ақша қаражаттарының қозғалысына бақылау жасау;

- клиентке ескертулер жасау (несиені төлеу мерзімінен екі үш күн бұрын телефон арқылы ескерту, телефон болмаған жағдайда жазбаша түрде);

- клиенттің орналасқан жеріне бару (қарыз алушы кәсіпорынның қаржылық есебінің материалдары негізінде оның қаржылық және шаруашылық жағдайымен танысу және т.б.).

Қарызды қайтару күнінде несиені қайтару кестесі бойынша қарыз алушының негізгі қарыздың және пайыздың төленгендігі тексеріледі.

Егер қарыздың қайтаруын кешіктіру қарыз алушының уақытша қаржылай қиындықтарына немесе ұмытшақтығына байланысты болса, онда дабыл қағу қажет емес. Бұл жағдайда қарыздың кешіктірілуі қарыз алушының болашақ іскерлігіне кері әсер ететіндігін ескерткен дұрыс.

Егер қарыз алушының тексеріп бару барысында несиені қайтармауымен байланысты мүмкін болар мәселелердің барлығын куәландыратын қауіпті белгілер анықталса, онда тереңдетілген мониторинг жүргізіліп, оның нәтижесінде мынадай сұрақтарға жауап ізделінеді:

- қарызды кешіктіру себетері;

- кешіктірілген қарызды қайтару мүмкіндігі;

- алдағы уақыттары қарызды қайтару кестесін орындау мүмкіндігі.

Тереңдетілген мониторинг - ай сайын тереңдетілген мониторинг есебін түрінде рәсімделетін, несиені қайтару кестесінің орындалысының бұзылуына қарай, жоспардан тыс (кенеттен) немесе қандай да бір алаңдатарлық белгілердің туындауына байланысты қарыз алушының шаруашылық және қаржылық жағдайы туралы барынша толық ақпараттарды алу мақсатында жүргізілетін тексеру.

Тереңдетілген мониторинг бойынша есеп беру формасы 16-қосымшада берілген.

Тереңдетілген мониторингтің ұзақтылығы мыналарға тәуелді:

- қарыз алушының несиелік рейтингіне;

- қарыз алушының саласының жағдайына.

Несиелік рейтинг – несиені қайтару ықтималдығы, міндеттемені орындау тұрғысынан қарыз алушының несиені өтеу қабілеттілігін бағалауды білдіреді. Мұндай рейтингті әдетте банктер немесе мамандандырылған консалтинг агенттіктері анықтайды.

Несиелік мониторинг келесі бір түріне несиелік ресурстардың мақсаты пайдалануын тексеру жатады. Несеиелік ресурсты бергеннен кейін несие менеджері міндетті түрде жобаның іске асырылатын жеріне барып қарыз алушының несиелік ресурсты көздеген мақсатқа пайлану барысына тексеру жасайды.

Егер жоба бойынша несиелік ресурсты игеру кезең-кезеңімен жүзеге асатын болса, онда жобаның әр кезеңінде игерілген несиелік ресурстың көлеміне қарай, оның көздеген мақсатқа пайдалану барысына тексеру жұргізіледі.

Қарыз алушының несиелік ресурстарды көздеген мақсатқа пайдаланбағаны анықталған жағдайда несие менеджері қарыз алушының міндеттемені орындамағаны туралы хабарлама даярлап және оны заң қызметкері тексеріп куәландырады. Сөйтіп ол мәселені несиелік Комитеттің алдына қарауына қояды. Несиелік комитет ондай несиелер бойынша қарызы туралы нақты шешім қабылдайды.

Проблемалық несиелерге мыналар жатады:

· несиелік келісімшартта көрсетілген уақытта қайтарылмаған, уақыты кешіктірілген және қосымша келісім берілген несиелер;

· сақтандыру, кепіл-хат немесе кепілдемемен қамтамасыз етілген несиелер бойынша сақтандыру компанияларының, кепіл-хатты және кепілдеме берушілердің банк алдындағы міндеттемелері орындалмағандар;

· несиелерге есептелетін пайыздың несиелік келісімшартта көрсетілген күннен 30 күн өткенге дейін қайтарылмаған несиелер.

Сондай-ақ проблемалық несиелерге қарсы шараларға мыналар жатады:

- қарыз алушының қызметін қайта құру;

- несиені қайтару кестесін өзгерту;

- пайыз (сыйақы) төлеу тәртібін өзгерту.

Отандық банктік тәжірибеде проблемалық несиелерге несиелердің жіктелу ережесіне сәйкес стандартты несиеден өзгелері, соның ішінде күмәнді және үмітсіз несиелер жатады. Кез келген коммерциялық банкте проблемалық несиелер Басқармасы немесе жұмыс жасау бөлімі ұйымдастырылуы қажет.

Проблемалық несиелермен әрі қарай жұмыс жасау бағытын таңдауда мынадай факторлар ескерілуі тиіс:

- қарыз алушының Банк алдындағы міндеттемені орындамау себебі;

- проблемалық несиенің пайда болу себептері: дефолтқа итермелеген форс-мажор немесе нарықтағы жағдаяттың теріс өзргерісі, бизнес жоспарындағы жіберілген қателіктер, кәсіпорындағы менеджмент сапасының төмендігі және т.с.с.;

- қарыз алушының іскерлік беделі, несиелік тарихының болуы;

- кепіл мүлкі есебінен несиелік қарызды қайтару мүмкіндігі;

- қаржылық сауықтандыруға байлансты шаралар жасалған жағдайда қарыз алушының несиелік қарызды толық төлейтіндігін куәландыратын қаржылық сауықтандыру жоспарының банке ұсынылуы;

- қарыз алушының ағымдағы қаржылық есебі, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы толық ақпараттарды банкке беруге дайын болуы;

- қарыз алушының қосымша қамтамасыз ету мүлкін банкке ұсынуы.

Қысқаша айтқанда, банк үшін аталған нұсқалардың қайсысы аз шығын жұмсай отырып, несиелік қарызды қайтаруға мүмкіндік жасайтыныдығын ескеру қажет.

Проблемалық несиені анықтағаннан кейінгі банктің жұмысы мыналарды қамтиды:

- қарыз алушыны қаржылық жағынан сауықтыру;

- ссудалық қарызды төлеттіру (өндіріп алу).

Қарыз алушыны қаржылық жағынан сауықтыру несиелік келісімшартты өзгерту арқылы несиені қайтаруға мүмкіндік беру, қарыз алушының қаржылық және шаруашылық жағдайын жақсартуы үшін оған қосымша несиелік ресурс беру немесе өзге шараларды қолдануды көздейді.

Қарыз алушыны қаржылық жағынан сауықтыру шараларына мыналар жатады:

- несиенің төлем мерзімін ұзарту немесе несиелік келісімшарттың қызмет ету мерзімін созу;

- қарызды қайта құрылымдау, яғни несиелік келісімшарттқа өзгерістер енгізе отырып, қосымша несиелік ресурсты бөлу жолын қарастыру;

- қайта қаржыландыру, қарыз алушыға немесе үшінші бір тұлғаға (қарызды аудару) жаңадан несие беру есебінен несиені төлеттіру;

- заңға қайшы келмейтін өзге шаралар.

Несиенің мерзімін ұзарту немесе қайта құрылымдау шарты ретінде мыналар ұсынылады:

- қарыз алушыдан қосымша қамтамасыз ету мүлкін талап ету;

- қарыз алушының алашақ қарызын банкке алуға құқық беруі туралы келісім жасау;

- өндірістік және қаржылық қызметінде пайдаланбайтын қарыз алушының активтерінің бір бөлігін сату;

- шығыстарды азайту бағдарламасын жасау;

- кей жағдайларды қаржыны басқарушыны қайта тағайындауды талап ету.

Несиені қайта қаржыландыру шаралары проблемалық несиелермен жұмыс жасау тәсілі ретінде мынадай жағдайда қолданылмайды:

- қарыз алушының қарызын өтеуді үшінші бір тұлға өз жауапкершілігіне алса;

- қарыз туралы келісімшартты рәсімдеу барысында қателіктер жіберілсе.

Несие бойынша қарызды төлеттіру сот шешімі бойынша немесе сот шешімінсіз кепілге салынған мүлікті жолымен қарыз алушыдан (кепіл затын берушіден, кепілгерден, кепілдік берушіден) өндіріп алуды сипаттайды.

Егер несиені төлеу мерзімінің кешіктірілуі қарыз алушының зұлымдығынан туындап және оның банк қызметкерімен кездесуді қаламайтындығы анықталса, несие менеджері мұндай ақпаратты Банктің қауіпсіздік басқармасына және проблемалық несиелер Басқармасына хабардар жеткізеді.

Кепіл мүлкін сату аукциондық немес аукционсыз әдістермен жүзеге асуы мүмкін.

Аукционсыз әдіспен кепіл мүлкін сату мынадай тәсілдермен іске асады:

- Банктің бақылауымен кепіл беруші кепіл мүлкін сатады;

- Банктің сенімді тұлғасына кепіл берушінің кепіл-хат беруі арқылы кепіл мүлкін сату;

- Үшінші бір тұлғаға несие бойынша кепіл затын қайта рәсімдеу.

Кей жағдайларды кепіл заты жылжымайтын мүлік немесе тұрғын үй болса, онда оны банк жаңа қарыз алушыға ипотекалық несие беру арқылы сатып жіберуі мүмкін.

Кепіл мүлкін ипотекалық несиені беру арқылы сатудың отандық тәжірибиеде мынадай екі нұсқасы белгілі:

- Бірінші нұсқа, келісімшартта көрсетілген кепіл мүлкінің бағалау құны, оның нарықтық құнына сәйкес келсе, онда кепіл затын ипотекалық несие бойынша рәсімдеу акциондық тәсілмен іске асуы мүмкін.

Екінші нұсқа, нарықтық құны келісімшартта көрсетілген кепіл мүлкінің бағалау құнынан төмен болса, онда аукционға жеткізбей кепіл берушінің келісімі бойынша сатып жіберуге болады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 601; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты