КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалауИневстициялық жобалардың тиімділігін бағалау негізінен жобаға жұмсалған шығындардың қайтарымдылығын анықтауды сипаттайды. Инвестициялардың тартымдылығын бағалау көрсеткіштеріне мыналар жатады: · таза ағымдық құнды анықтау әдісі; · инвестицияның рентабелділігін есептеу әдісі; · ішкі пайда нормасын есептеу әдістері. · инвестицияның өтелу мерзімін есептеу әдісі. Инвестицияны талдаудың таза ағымдағы құнын анықтауға негізделген әдісін пайдалану, инвестициялық жобаны іске асыру нәтижесінде фирманың құныдылығын арттыру мынадай екі бірдей алғышарттан туындайды: 1. кез-келген фирма өзінің бағалылығын жоғарлатуға ұмтылады; 2. әр уақыттағы шығындардың құны бірдей емес. Таза ағымдағы құн (NPV) - бұл инвестициялық жобаны іске асырудан түсетін ақшалай түсімдер сомасы мен оларды ағымдағы дисконтталған құны және жобаны іске асыру үшін қажетті барлық шығындарды ағымдық құндарының дисконтталған сомасы арасындағы айырманы білдіреді.
CF1 CF2 CFn n CFt NPV = ------- + ------- +…..+ ------- - І0 = å ------ - І0 немесе (1+k)1 (1+k)2 (1+k)n t=1(1+k)t
n CFt NPV= å ------ - І0 t=1 (1+k)t
CFt - (ағылшынша Cash flow) – ақшалай қаражаттардың t-уақыт кезеңінің соңына түсуі. І0 – (ағылшын. Іnvestment) – бастапқы қаражаттар жұмсалымы.
Егерде жобаның таза ағымдағы құны NPV оң көрсеткішті көрсетсе онда инвестициялық жобаның іске асырудан фирманың бағалылығы артады, сөйтіп инвестициялау оның пайдасына жүреді, яғни ол жобаны тиімді жоба деп аталады. Инвестицияның рентабелділігінің (PІ) есебінің әдісі, бұл таза ағымдағы құнды анықтау әдістерін толықтырады. Инвестицияның рентабелділігі – инвестордың байлығының 1 теңгеге шаққандағы құндылығын анықтайтын көрсеткіш болып табылады. Рентабельділікті анықтау мынадай кестемен анықталады:
n CFt PІ = å ------ І0 t=1 (1+k)t
Бұл инвестицияның рентабельділік көрсеткішті кейде “табыс-шығын” коэффиценті деп те атайды. Егерде NPV оң санды көрсетсе, PІ бірден жоғары болады (PІ>1), ал егер NPV<0 болса онда PІ<1 болады. Демек PІ>1 үлкен болса онда мұндай инвестициялық жоба тиімді. PІ –ға көңіл бөлу яғни оны инвестициялаудың абсалюттік тиімділігі ретінде қару талдаушыға инвестициялық жобаны келесідей екі аспектіде зерттеуге мүмкіндік береді: Біріншіден, оның көмегімен инвестициялық жобаның тұрақтылық шамасын білуге болады. Екіншіден, PІ инвестицияны талдаушылар үшін әртүрлі инвестицияларды саралаудың сенімді құралы болып табылады. Инвестицияны бағалаудың қарапайым әдістер бұл ақшалай түсімдермен шығындарды дисконттау тұжырымдамасы сияқты, инвестицияның тиімділігін тура бағалауда ертеден және кеңірек қолданылып келе жатқан инвестицияны бағалау әдістері қатарына жатады. Бұл қарапайым әдіс қосымша ақпараттар алуға көмек береді және сәтсіз ақшалай қаражат жұмсау тәуекелдігін төмендетеді. Инвестицияны бағалаудың ең басты қарапайым әдісі бұл инвестицияның өтеу мерзімін есептеу әдісі болып табылады. Бұл әдіс инвестицияның бастапқы сомаларын жабу үшін мерзімін анықтаудан тұрады. Инестицияның өтелу мерзімін (PP- payback perіod) есептеу формуласы келесідей:
PP = І0 / CFt(å) п PP (payback perіod) =- І0+CF1+CF2+CF3+….+CFt = - І0 + å CFt t=1 мұндағы, PP - өтелу мерзімі І0 – бастапқы инвестициялар CFt(å)– инвестициялық жобаны іске асырудан түсетін ақшалай түсімдердің жылдық сомасы Ішкі пайда нормасын есептеу әдісі. Ішкі пайда нормасы немесе инвестицияны өтеудің ішкі коэффиценті (ІRR – іnternal rate of return). ІRR – мәні жағынан инвестициялауға бағытталған қаражаттың өтелу деңгейін және табиғаты жағынан қаржылық менеджменттің басқадай аспектілерінде пайдаланатын пайыз мөлшерінің әр түріне жақын келеді. Экономикалық табиғаты жағынан, ішкі пайда нормасына ең жақыны: Банктердің өз жинақ шоттарына қоятын табыстылықтың нақты жылдық мөлшері, (яғни күрделі пайыздық есептеу сызбасы бойынша есептелетін, бір жылғы табыстылықтың номиналдық мөлшері). Күрделі пайыздық есептеу сызбасы бойынша бір жылға ссуда бойынша нақты пайыз мөлшері. ІRR – келтірілген пайданы келтірілген шығынмен теңестіретін дисконттық мөлшерлеме коэффицентін білдіреді. Бұл коэффицент таза келтірілген құныды нөлге теңестіреді. Бұл көрсеткіштің мәні инвестициялық жобаға жұмсалымның табыс деңгейінің шегін белгілейді. Егер ІRR-дің мәні r арқылы белгілесек, онда r-ді мынадай формуламен табамыз:
n CFt å---------- - І0 = 0 немесе NPV = 0 t=0 (1+r)t
Бұл көрсеткіштерді есептеуде арнайы калькуляторлар және кесте немесе график тұрғызу әдістері қолданылады. ІRR бойынша жобаны таңдау келесідей түрде жүзеге асырылады: а) егер ІRR > r – жоба тиімді ә) егер ІRR < r – жоба тиімсіз б) егер ІRR = r – жобаны қаржыландырудан таза пайда өзгермейді кез келген шешімді қабылдауға болады. Жобалық несиелеуге және оның тиімділігін бағалауға байланысты отандық екінші деңгейдегі банктердің бірінің “Сарыарқа” фирмасын несиелеу тәжірибиесін мысалға келтірейік. “Сарыарқа” фирмасының қызметіне сипаттама. Бұл жоба бойынша Германия “Mіchael Weіnіg AG” компаниясының толық өндірістік циклінің технологиялық желісі негізінде терезе және есік көсіктерін дайындайтын цех құру жоспарланған. Берілген жоба өзінің сапасы жағынан еуропалық стандартқа жауап беретін, ағаш терезелер мен ағаш көсіктерді өндіруді қарастырады. Жобаның іске асырылуы үшін 1575601 АҚШ доллары қажет, соның ішінде: - құрал-жабдық сатып алуға жасалған контрактіні төлеуге -796000 $; - қосымша құрылыс және монтаж жұмыстарына -150000 $; - тасымалдау, кеден алымдарын, бажын, ҚҚС төлеу шығыстары - 210942 $; - іске қосу мерзімінің шығындары - 100000 $; - көрінбейтін шығыстар - 30000 $; - айналым қоры - 260000 $; - банкке төлейтін комиссиондық ақы - 27659 $. “Сарыарқа” фирмасы 2005 жылдың екінші жартысынан бастап, аталған өндірісті құрумен айналысып келеді. 2005 жылы қараша айының 30-шы жұлдызында германияның “Mіchael Weіnіg AG” компаниясымен құрал-жабдықпен жабдықтау туралы контракті жасасады. Негізгі қызмет түрі: құрылыс-монтаждық жұмыстарды орындау (азаматтық-өнеркәсіптік құрылыс, жер жұмыстар, жол құрылысын салу), құрылыс бұйымдары мен конструкцияларды өндіру, автокөлік қызметін көрсету, қойма қызметін көрсету, туризм, күзет, коммерциялық, делдалдық қызмет, ақпараттық, заңи, кеңес беру және маркетингтік қызмет көрсету. Соңғы 2-3 жылдағы жылдық ақша айналым орта есеппен 4 млн АҚШ долларын құрайды. “Сарыарқа” фирмасыныңқаржылық жағдайы тұрақты, салық органдары, банктер және жабдықтаушы компаниялар алдында қарызы жоқ. Жеке немесе топтық тапсырыстар бойынша бағдарламасы бар, терезенің көсіктерін дайындауға мүкіндік беретін ЭЕМ-мен жабдықталған - “Униконконтроль-10/5” әмбебап станогының негізгі технологиялық желі болып табылады. Жобаның басты мақсаты әлемдік стандартқа жауап беретін жоғарғы сапалы терезе және есік көсіктерімен нарықты толтыру болып табылады. Республикадағы құрылыс материалдарының нарығын оқып-білу, республикалық кәсіпорындардан шығарылатын мұндай типтегі өнімдердің жоқтығын куәландырған. Бұл жоба республика тұрғындарының тұрғын үйге деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға және тұрғын үй құрылысын дамытуға бағытталған 2005-2007жж. ҚР-да қабылданған “Тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасының” міндеттеріне сәйкес келеді. Бұл фирманың нарықта аталған өнімді шығаруға байланысты бәсекелестері бар. Өндірілетін өнімнің 40 пайызға жуығын Қырғызстан мен Ресей елдерінде сатуға болады деп күтілуде. Өнімді негізгі тұтынушылар республика тұрғындары болып табылады. Төменде берілген 24- кестеде аталған фирманың жобалық құны берілген.
24-кесте . Жобаның құны (АҚШ долларында)
Жобаның құны біршама жақын жасалған. Мұндағы құрал-жабдықтар құны, қосу-құру жұмыстары және қызмет көрсететін персоналдарды оқыту шығыстары, 12.07.2005 ж. Германияның аталған фирмасымен жасалған келісім шартта анықталып, бағасы келісілген. Аталған жобаны қаржыландыру көздеріне қарай олардың өзара үлесін, оның ішінде банктің несиесінің үлесін анықтаудың маңызы бар. Ол туралы 25-шы кестеден көруге болады. 25-кесте. Жобаны қаржыландыру көздеріне байланысты бөлу* (АҚШ долларында)
7-шi кестеден көріп отырғанымыздай барлық жұмсалатын сома 1901957 АҚШ долларын құрайды. Оның ішінде: жобаны іске асырудағы “Сарыарқа” фирмасының жұмсалымы - 519015 АҚШ доллары немесе 27,3%-ті ал, несие жұмсалымы - 1382942 АҚШ долларын немесе 72,7%-ті құрайды. Соңғы көрсеткіштен несиенің аталған фирманың айналым капитал шеңберіне қатынасу үлесінің өте жоғарылығын көруге болады. Яғни, несие күрделі шығынға және айналым қорын толықтыру үшін 1382942 АҚШ доллары сомасында қажет. Ал, “Сарыарқа” фирмасының жобаланған цехының ғимараты бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары меншікті қаражат есебінен жүргізіледі. Жобаны қаржылық талдау несиенің басты қайтару көзі болып табылатын “Сарыарқа” фирмасының ақшалай қаражат ағымын талдаудан басталады. Фирманың балансы мен пайда және зиян туралы есебі берілген. Ақшалай қаражаттарды талдауға фирманың ақшалай қаражаттары қозғалысы туралы 5 жылға жасалған кестесі 26- кестемен берілген
26-кесте. “Сарыарқа” фирмасының ақшалай қаражаттарының ағымы (мың АҚШ доллары)
7-ші кестедегі мәліметтерден аталған фирманың ақшалай қаржаттар тасқынын есептеу үшін бес жылдағы ақшалай түсімдердің барлық сомасынан ақшалай жұмсалымдар сомасын шегеріп тастап, нәтижесінде мынадай көрсеткіштерге қол жеткіземіз, яғни ақшалай қаражаттар тасқыны: 1 жылы - 630 287 АҚШ долларын, 2 жылы - 222 287 АҚШ долларын, 3 жылы - 428 242 АҚШ долларын, 4 жылы - 423 056 АҚШ долларын және 5 жылы - 417 869 АҚШ долларын құрайды. Бұл кестені талдаудан Фирманың банктен алатын несиені қайтарудағы негізгі көзінің, яғни ақшалай қаражаттарының жеткіліктілігін байқауға болады. Дегенмен де, бұл ақшалай қаражатар тасқынының алдағы уақытқа байланысты жасалған болжау екендігін ескере отырып, оның алған несиені қамтамасыз етуін талап етеді. Несиенің кепілмен қамтамасыз етуі бұл екінші реттегі несиені қайтару көзін құрайды. “Сарыарқа” фирмасының жоспарланған несиелері мынадай кепілмен қамтамасыз етіледі : - баланстық құны 33977571 теңге немесе 536347 АҚШ доллары болатын “Сарыарқа” фирмасының 2005 жылғы 1-ші тамызға берілген баланс бойынша негізгі құралдардың құрамындағы 3 қабатты өндірістік-тұрмыстық ғимараты (2 қабаты - кеңсе және 1 қабаты- супермаркет); - баланстық құны 33113831 теңге немесе 522712 АҚШ доллар үлгілік типтегі өндіріс ғимараты; - құны 31081123 теңге немесе 490625 АҚШ доллары тұратын пластикалық терезелер мен есік өндіретін цехтың технологиялық құрал-жабдықтары; Осы негізгі құралдардың жалпы құны 98172525 теңгені немесе 1549684 АҚШ долларын құрайды. Бұл негізгі құралдар басқа кепілге берілмеген және оған ешқандай да іздестіру жоқ. Сонымен қатар, осы жоба бойынша сатып алғалы отырған, құны 750110 АҚШ доллары тұратын, кепіл баламасы 450066 АҚШ долларына тең құрал-жабдық кепілге берілуі мүмкін. Кепіл болатын мүліктің жалпы құны 1999750 АҚШ долларын құрайды. Бұл жобаның тиімділігін бағалауда да алдыңғы жобадағы пайдаланылған әдістер қолданылады. 1 .Банк несиесінің өтелу мерзімі (РР)*
Банк несиесінің өтелу мерзімі = 1 жыл + 752655/222287 = 3 жыл 4 ай
Мұндағы 1-ші жыл жеңілдікпен берілгендіктен жобаның мерзімін бағалау екінші жылдың табысы пайдаланылып және оның бастапқы инвестициялау сомасына қатынасы арқылы есептеледі. 1. Таза ағымдағы құн (NPV) *
Таза ағымдағы құн шамасы - 464344,63 АҚШ долларынатең. Бұл көрсеткіштің оң мәнге ие болуы жобаның тиімділігін көрсетеді.
3. Инвестиция рентабельдігі (РІ) *
Инвестицияның рентабельдігінің мәні - 0,34 -ке тең 4. Ішкі пайда нормасы (ІRR) *
Ішкі пайда нормасы 17%-ке тең
Жобаны несиелеу шарты келесідей: 1. Пайыз мөлшері – 5 % жылдық. 2. Несиенің берілу мерзімі -5 жыл. 3. Жеңілдік жылы – 1жыл.
Сондай-ақ банк несиенің және оған есептелетін қайтару пайыз сомасының қайтарылу графигін белгілейді. Оны 27-кестеден көруге болады.
27-кесте. “Сарыарқа” фирмасының несиені және пайызды қайтару графигі
|