КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Сатып алатын пәтері немесе үйі туралы мәліметтер
Ескерту: Сауалнама қарыз алушының несие-менеджерімен сұхбаттасуынан кейін толтырылып, оған оның қолы қойылады.
2-кезең. Клиенттің несиелік құжаттарына несиелік және заңи сараптамалар жүргізуді қамтиды. Несиелік сараптаманы несиелік сараптаушы жүргізуге тиіс. Несиелік сараптама нәтижесінде қарыз алушының төлем қабілеті мен несиелік қабілеті анықталады. Несиелік қабілеті бағалауда отандық банктер тәжірибесінде мынадай көрсеткіштер қолданылады:
1) Негізгі қарыз төлемінің айлық мөлшері (НҚАТ) = Несиенің мөлшері / несиенің мерзімі
2) Сыйақы мөлшерлемесі бойынша төлемінің айлық мөлшері (СМАТ) = Несиенің мөлшері * сыйақы мөлшерлемесі / 12 ай;
3) Негізгі қарыз және сыйақы мөлшерлемесі бойынша төлемінің айлық мөлшері (НҚСАТ) = НҚАТ + СМАТ
4) Таза табыс (ТТ) = Жалпы табыс – салықтық және басқа да төлемдер
5) Нақты несиелік қабілеті (ННҚ) = НҚСАТ / ТТ Нақты несиелік қабілетінің мәні жобамен 35-45%-дан төмен болмауы тиіс. Демек, осы көрсеткіштерді пайдаланып және несие алу үшін тапсырған құжаттарды пайдаланып, қарыз алушының төлем қабілеттігін анықтау тәжірибесіне мысал келтірейік. Ол үшін Б.Ж. Тасмағанбеттегі деген азаматтың айталық автомобиль несиесін алуға берген сауалнамасын пайдалану қажет. Ондағы сұралатын несие сомасы 2176000 теңге немесе 17000 АҚШ доллары (1 АҚШ доллары = 128 теңге), мұндағы жаңа автомобильдің нарықтық құны – 2 560000 теңгені (немесе 20000 АҚШ долларын) құрайды. Қарыз алушының қосатын бастапқы жарнасы 15 %, яғни 384 000 теңге немесе 3000 АҚШ доллар. Автомобиль несиесін 60 айға, 18 % жылдық сыйақы мөлшерлемесінде сұрап отыр делік. Ол кісінің жанұялық айлық табысы – 560 000 теңге және кепілге жылжымайтын мүлік қояды. Жоғарыдағы көрсеткіштер көмегімен қарыз алушы Б.Ж. Тасмағанбеттегінің төлем қабілетін бағалау нәтижесі мынадай:
Негізгі қарыз төлемінің айлық мөлшері (НҚАТ) = 2 176000 теңге : 60 ай =36267 теңге Сыйақы мөлшерлемесі бойынша төлемінің айлық мөлшері (СМАТ) = 2 176000 теңге * 0,18 : 12 ай = 32640 доллары Негізгі қарыз және сыйақы мөлшерлемесі бойынша төлемінің айлық мөлшері = 36267+ 32640 = 68907 теңге
Таза табыс (ТТ) = 560 мың теңге - 300 мың теңге = 200 мың теңге
Нақты несиелік қабілеті (ННҚ) = 68907 теңге : 200000 теңге = 0,34 немесе 34%
Сонымен, қарыз алушымыз төлем қабілеттігі жеткіліксіз, бірақ оған кепілге қоятын мүлкін ескере отырып, несие беруге болады. Несиелік сарапшы жоғарыдағы есептеулердің нәтижелері негізінде Несиелік комитеттің қарауына арналған несиелік сараптама қорытындысын жасайды. Несиелік құжаттарға заңи сараптаулар кезінде қарыз алушының азаматтығы, оның құжаттарының заңдылығы және кепіл затына құқық беретін құжаттардың шынайылығы мен қарыз алушының меншікі құқығын тексереді. Осы кезеңдегі келесі бір маңызды қадам кепілге қоятын затын бағалау. Кепіл затын бағалауды тәуелсіз бағалау немесе банктің өзінің бағалаушылары жүзеге асыруы мүмкін. Айталық, кепіл заты ретінде 2 бөлмелі пәтер ұсыналады. Бағалаушы бағалау нәтижесі бойынша төмендегідей нысанда Несиелік комитетке есеп беру құжатын даярлауды.
|