Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Кепіл беруші: Кепіл берушінің аты-жөні




(бағалаумен келісемін)

3-кезеңде несиелік комитеттің оң шешімінің шығаруына байланысты қарыз алушы мен банк арасында несиелік және кепіл туралы келісім-шарттар жасалады. Несиелік және кепіл туралы келісімшарттарды банктің заңгерлері даярлайды. Онда қарыз беруші мен қарыз алушылардың құқықтары мен міндеттері, жауапкершіліктері және өзге мәселелер қамтылады. Қарыз алушы несиелік және кепіл туралы келісімшарттың шартымен келіскен жағдайда оған қолын қояды. Мұндағы несиелік келісім шарт 2 данада, егер жылжымайтын мүлік кепілге алынған жағдайда кепіл туралы келісімшарт үш данада жасалады. Несиелік келісімшарттың бір данасы қарыз алушыға беріліп, бір данасы банктегі клиенттің іс-құжатында тіркеледі. Кепіл туралы келісімшарттың бір данасы Жылжмайтын мүлікті тіркеу мекемесіне кепіл затына арест қою үшін тапсырылады.

4-кезеңде қарыз алушының атына ағымдық шот ашылып, ең басты оған бастапқы жарна мөлшері салынғаннан кейін барып, банктің беретін несие сомасы аударылады. Қарыз алушыға несиелік қызмет көрсеткені үшін банк белгілі мөлшерде комиссия алады. Қарыз алушы шоттағы соманы қолма-қол ақшаға айналдырған үшін банкке тиісті мөлшерде комиссия төлейді. Сонымен қатар, банк кепілге алынған мүлікті сақтандыруды талап етеді, және егер сақтандыру қызметі банк тарапынан көрсетілсе қарыз алушы тарапынан оған қосымша сақтандыру жарнасы төленеді.

5-кезеңде несиенің қайтарылуына мониторинг жасалады. Несиелік мониторинг несиені қайтару кестесі негізінде жүргізіледі. Несиені қайтару кестесі қарыз алушыға берілетін несиелік келісімшартқа қосымша бет ретінде тіркеліп беріледі. Несиелік мониторингті несиелік сарапшы жүргізеді. Несиелік мониторинг ағымдық және тереңдетілген болып келеді (ол туралы несиелік мониторингке арналған алдыңғы тақырыптан танысуға болады).

Тұтыну несиесін бір түрінежалақы несиесін жатқызуға болады.

Жалақы несиесі – карточкамен банктен жалақы алатын клиенттерге арналған ай сайын жаңартылып отыратын қысқа мерзімді несие.

Жалақы несиесін банкке бармай-ақ банкомат арқылы алуға болады. Жалақы несиесі сіздің карточкамен алатын жалақыңыздың 70%-ға дейін мөлшерде (әр банкте әр қалай) бекітілген лимит сомасында беріледі. Жалақы несиесін пайдаланбасаңыз онда ешқандай пайыз төлемейсіз. Ал егер жалақы алғанға дейінгі мерзім ішінде пайдалансаңыз сол пайдаланған сомаға және күнге банкке пайыз төлеуге тиістісіз.

Мысал. Сіздің жалақыңыз 30000 теңгені құрасын. Сізге карточкаңызға 70% несиелік лимит қойылған және ол 21000 теңгені құрайды. Егер сіз оның 15000 бір апта пайдалансаңыз, ал жылдық мөлшерлеме 25%-ды құраса, пайдаланған мерзім ішінде банкке төлейтін сомасын төмендегідей түрде анықтаймыз:

15000 * 25* 7 / 360*100 = 72 теңге 91 тиын

Банкоматтан сіздің карточкалық шоттағы қалдығы туралы мындай мәлімет беріледі:

Меншікті қаражат - 30000 теңге

Несиелік лимит – 21000 теңге

Қолжетімді қаражат – 51000 теңге.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 69; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты