Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ипотекалық несиелеу нарығы




2005 жылдың 1 қаңтарындағы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, халыққа тұрғын үй салуға және сатып алуға берілген ипотекалық несиенің жалпы сомасы 99 364 млн теңге, ал, 2004 жылдың 1 қаңтарында 31 455 млн теңгені құрайды, соңғы жылдағы көрсеткіш 2003 жылғы 1 қаңтардағыдан 3 есе жоғары немесе ол уақыттағы ипотекалық несиелердің сомасы –7 632 млн теңге.

ҚР-ның аймақтары бойынша банктердің берген ипотекалық несиелерінің динамикасы 31-кестемен берілген.

31-кесте.

Аймақтар бойынша банктердің халыққа берген ипотекалық несиелері*

Аймақтар   01.2003ж. млн. теңге   01.2004ж. млн. теңге   01.2005ж. млн. теңге Өсуі, (2005/ 2004)    
Астана қаласы 14 820 3,4
Алматы қаласы 4 030 49 403 2,6
Акмола 3,1
Ақтөбе 3,1
Алматы облысы 4,5
Атырау 2,6
Шығыс Қазақстан 4,0
Жамбыл 2,0
Батыс Қазақстан 2,7
Қарағанды 4,5
Қостанай 2,1
Қызылорда 2,1
Маңғыстау 2,7
Павлодар 2,3
Солтүстік Қазақстан 3,7
Оңтүстік Қазақстан 5,0
Барлығы 7 632 31 455 99 364 3,1

* Көзі: ҚР Ұлттық банкінің статистикалық бюллетенінің мәліметтері негізінде құрастырылған

Жоғарыдағы кестеден соңғы екі жыл ішінде республика аймақтары бойынша банктердің берген ипотекалық несиелерінің көлемі өсіп отырғандығын көруге болады. Әсіресе, Алматы және Астана қалаларының үлес салмағы өте жоғары, айталық 01.2003 жылы Алматы қаласы бойынша 4 030 млн теңге, Астана бойынша 774 млн теңге ипотекалық несиесі берілсе, ал 01.2004 жылғы мәліметтер бойынша бұл несиелер көлемі артып, 15810 және 4 331 млн теңгені құрады. Ал аталған қалалар бойынша 01.2005ж 14 820 және 49 403 млн. теңге сомасында ипотекалық несиелер берілді.

ҚР статистика агенттігінің мәліметтері бойынша Астанадағы тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға мемлекеттік кәсіпорындар қаражаттары мен шетел инвестициялары пайдалануда. Ал Алматы қаласы бойынша құрылысты қаржыландыруға негізінен халықтың қаражаттары мен банктің несиелері себеп болуда. Сонымен қатар Алматы қаласы бойынша құрылысты қаржыландырудың белсенділік танытуы, ондағы халықтың 2 еседен жоғары өсуі ықпал етті.

Ең төменгі көрсеткіш Ақмола, Кызылорда және Алматы қалалары бойынша байқалады.

Әр аймақтың ипотекалық несиелеу көлеміндегі үлесінің әр түрлі болып келуі, біріншіден, ол аймақтағы халықтың санымен, екіншіден, ондағы коммерциялық банктердің немесе олардың филиалдарының қызмет етуімен сипатталады.

Осы берілген несиелерді валюта түрлеріне және мерзімдері бойынша арнайы 32-кестеден көруге болады.

32-кесте.

Банктердің халыққа ипотекалық несие беруі*

  01.2002ж 01.2003ж. 01.2004ж. 01.2005ж
Млн. тенге үлесі,% Млн. тенге үлесі,% Млн. тенге үлесі, % Млн. тенге үлесі, %
Барлығы, соның ішінде: 2 624 100,0 7 985 100,0 31 455   100,0 100,0
ұлттық валютада шетел валютасында       41,7   58,31   1 506   6 479     19,8   80,2   7 410   24 045   22,8   77,2   11 437   87 927   11,5   88,5
қысқа мерзімді ұзақ мерзімді 2 468 5,9 94,1 7 804 2,3 97,7 1,5 98,5 98 769 0,5 99,5

* Көзі: ҚР Ұлттық банкінің статистикалық бюллетенінің мәліметтері негізінде құрастырылған

 

Халыққа берілген ипотекалық несиелердің барлығын валюта түрлері және мерзімдері бойынша талдау жасайтын болсақ, 2002 жылдың 1-қаңтарына берілген барлық ипотекалық несиелердің жартысына жуығы 1 094 млн. теңгесі ұлттық валютада және 1530 млн теңгесі шетел валютасында, ал қысқа мерзімдісі 156 млн. теңге немесе 5,9% және ұзақ мерзімдісі 2 468 млн теңге немесе 94,1%, 2003 жылдың 1-қаңтарына берілген барлық ипотекалық несиелердің 1 504 млн теңгесі ұлттық валютада және 6 479 млн теңгесі шетел валютасында берілген, соның ішінде қысқа мерзімдісі 181 млн. теңге не 2,3 % және ұзақ мерзімдісі 7 804 млн теңге немесе 97,7%, 2004 жылдың 1-қаңтарына берілген барлық ипотекалық несиелердің 6 727 млн теңгесі немесе 22,8% ұлттық валютада және 22 782 млн теңгесі немесе 77,2 % шетел валютасында берілген, ал қысқа мерзімдісі 181 млн. теңге немесе 2,3 % және ұзақ мерзімдісі 7 804 млн теңге не 97,7%, 2005 жылдың 1-қаңтарына берілген барлық ипотекалық несиелердің 11 437 млн теңгесі ұлттық валютада және 87 927 млн теңгесі шетел валютасында, ал қысқа мерзімдісі 595 млн. теңге немесе 0,5 % және ұзақ мерзімдісі 98 769 млн теңге немесе 99,5% құрайды.

Соңғы жылдары ипотекалық несиелердің ұлттық валютаға қарағанда шетел валютасында өсу қарқынын көруге болады (21-сурет).


млн. тенге

1-баған ұлттық валютадағы 2-баған шетел валютасындағы

 

22-сурет. Қазақстандағы банктердің ұлттық және шетел валютасымен халықты ипотекалық несиелеу

 

Бұл ипотекалық несиелердің мерзімдерінің ұзаруымен тікелей байланысты болып отыр. Бұл жерде ипотекалық несиелердің шетел валютасындағы үлес салмағының жоғарылығын көруге болады, ол дегеніміз - біздің ұлттық валютамен ұзақ мерзімде несие беру тәуекелінің барлығын түсіндіреді.

2004 жылы Екінші деңгейдегі банктер мен ипотекалық компаниялардың халықты ипотекалық несиелеу жағдайы 33-кестеде берілген.

 

33-кесте.

Екінші деңгейдегі банктер мен ипотекалық компаниялардың халықты ипотекалық несиелеу жағдайы*

  03.2004ж 06.2004ж 09.2004 ж 12.2004 ж
Млн. теңге үлесі,% Млн. теңге үлесі,% Млн. теңге үлесі, % Млн. теңге үлесі, %
28-кестенің жалғасы
Барлығы, соның ішінде: 100,0 100,0 100,0 100,0
ЕДБ-дің несиелері     13,6   7 985   27,3   29 509   51,5     73,8
Ипотекалық компаниялар несиелері 16 657 86,4 21 337 72,7 27 778 48,5 35 306 26,2

* Көзі: ҚР Ұлттық банкінің статистикалық бюллетенінің мәліметтері негізінде құрастырылған

 

Жоғарыдағы кестеден халықты ипотекалық несиелеудегі 2004 жылдың басында Ипотекалық компаниялар үлесінің жоғары болып немесе 86,4%, кейіннен ЕДБ-дің берген несиелерінің 13,6%-дан 73,8% артып отырғандығын көреміз.

Сонымен қатар, 2004 жылғы Ипотекалық компаниялардың несиелік қоржынын жіктейік (34-кесте).

 

34-кесте.

 

Ипотекалық компаниялардың несиелік қоржын жіктелуі

кезең соңына

  03.2004ж 06.2004ж 09.2004 ж 12.2004 ж  
Млн. тенге үлесі,% Млн. тенге үлесі,% Млн. тенге үлесі,% Млн. тенге үлесі,%
Барлық несиелер   16 657 100,0 21 337 100,0 27 778 100,0 35 306 100,0
1. Стандартты 16 540 99,3 21 337 99,0 27 541 99,1 35 006 99,1
2. Күмәнді        
1-санатты күмәнді 0,0 0,0 0,0 0,0
2-санатты күмәнді 75,1 52,8 50,7 48,4
3-санатты күмәнді 0,0 0,0 0,0 0,0
4-санатты күмәнді 19,4 6,5 38,5 45,8
5-санатты күмәнді 5,5 40,7 10,8 5,8
Үмітсіз 0,1 0,1 0,1 0,2

*Көзі: ҚР қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігінің мәліметтері негізінде есептелді

 

2004 жылы ипотекалық несиелерден туындайтын зияндарды жабуға арналған провизиялар толық көлемде құрылған (35-кесте).

 

35-кесте.

Ипотекалық компаниялардың несиелік қоржындары бойынша нақты құрылған провизиялар

кезең соңына

  03.2004ж 06.2004ж 09.2004 ж 12.2004 ж  
Млн. тенге үлесі,% Млн. тенге үлесі,% Млн. тенге үлесі,% Млн. тенге үлесі,%
Барлық несиелер 100,0 100,0 100,0 100,0
1. Стандартты 0,0 0,0 67,9 65,4
2. Күмәнді 62,7 13,6 21,6 15,2
1-санатты күмәнді 0,0 0,0 0,0 0,0
2-сантты күмәнді 49,7 74,7 25,3 25,2
3-санатты күмәнді 0,0 0,0 0,0 0,0
4-санатты күмәнді 32,1 6,0 47,9 59,8
5-санатты күмәнді 18,2 74,7 26,8 15,0
Үмітсіз 37,3 11,1 10,5 19,4

*Көзі: ҚР қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігінің мәліметтері негізінде есептелді

 

Кестеден байқағанымыздай, ипотекалық компаниялардың берген барлық несиелері бойынша құрылған нақты приовизиялар сомасы мынадай: 03.2004 жылы 26 млн. теңге, соның ішінде: күмәнді несиелер бойынша 16 млн теңге және үмітсіз несиелер бойынша 10 млн теңгеде; 06.2004 жылы 73 млн. теңге, соның ішінде: стандартты несие бойынша 10 млн. теңге, күмәнді несиелер бойынша 55 млн теңге және үмітсіз несиелер бойынша 9 млн теңгеде; 09.2004 жылы 201 млн. теңге, соның ішінде: стандартты несие бойынша 136 млн. теңге, күмәнді несиелер бойынша 43 млн теңге және үмітсіз несиелер бойынша 21 млн теңгеде; 12.2004 жылы 303 млн. теңге, соның ішінде: стандартты несие бойынша 198 млн. теңге, күмәнді несиелер бойынша 46 млн теңге және үмітсіз несиелер бойынша 59 млн теңге мөлшерінде құрылған. Бұл жерде ипотекалық несиелер бойынша нақты құрылғын провизиялардың артуын тағы да сол күмәнді және үмітсіз несиелер үлесінің артуымен түсіндіруге болады. Нақты провизиялар сомасының артуы Ипотекалық компаниялардың несиелік қызметіндегі тәуекел мөлшерінің артуына, сондай-ақ олардың табыстарының азаюына әкелетінін айта кету қажет.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Жеке тұлғаларды несиелеу түрлеріне не жатады?

2. Тұтыну несиесінің қандай түрлері болады?

3. Ипоттекалық несие не үшін беріледі?

4. Ипотекалық несиелеу жүйесінің құрылымы неден тұрады?

5. Қазақстан Ипотекалық компаниясы не қызмет атқарады?

6. Тұрғын үй құрылыс банкінің қызметі немен сипатталады?

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 105; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты